Саясаттану ғылымы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе____________________________ __________________________3
Негізгі бөлім______________________________ _________________4-7
Қорытынды__________________________ ________________________8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_____________________________ ___9

2
Кіріспе
Мақсаты: Қазіргі қоғамнының саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мақсаты.
Өзектілігі: Оның атқаратын басты қызметімен түсіндіріледі: бірінші, қоғамды жалпы ұйымдастырушы ретінде және екінші, қоғамды реттеуші-бақылаушы құрал немесе адамдардың, қоғамдық топтардың, ұлттардың, халықтар мен елдердің, өмірін, қызметін, қатынастарын бағыттаушы жүйе, сала ретіндегі басты қызметімен байланысты. Сонымен, саясаттану - мемлекетті басқру механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.

3
Негізгі бөлім
§Саясаттану ғылым ретінде: Саясаттану сөзі ("политология") гректін, политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер -- Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
4
§Cаясаттанудың пәні және обьектісі: Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз - қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану - саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені , ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біді түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.
Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді.
Саясаттану объектісі-қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саяси ғылымның пайда болуы
Саясат тарыхы
Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Социалогия ғылымы
Пәндер