Қайың ағашының пайдасы мен емдік қасиеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қайың ағашының пайдасы мен емдік қасиеттері»

Пәндік байланыс : Жаратылыстану, дүниетану

Орындаушы:

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі :

Мазмұны

I Кіріспе:

1. 1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.

ІІ Негізгі бөлім:

2. 1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

2. 2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

ІІІ Зерттеу бөлімі:

3. 1. Қайың ағашының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.

ІҮ Қортынды

Ү Пайдаланылған әдебиеттер:

I КІРІСПЕ

Зерттеудің мақсаты -қайыңның ерекшеліктерін анықтау. Қайың ағашының пайдасын зерттеу. Тұрмыстық жағдайда қайыңнан емдік сусындар, қажетті заттар тәжірибесін жасау.

Зерттеудің міндеті -қайыңның емдік қасиетін халықтық медицинада қолданылғандығы туралы материалдар тауып және талдау

Зерттеу өзектілігі :тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі . Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі арттады.

Болжам -қайыңның шырынын, қабығын тұрмыстық жағдайда, емдік мақсатта қолдануға болады.

Қайың ағашына жалпы сипаттама.

Бүршігімен қабығы - ем, шырыны бар,
Қасиетін қайыңның ұғыныңдар.
Теңеп оны сыланған сұлу қызға,
Сусын жасап ішеді шырынын бал.

Сұлу ақ қайыңдар талай ақын - жазушылардың өлең - жырларына арқау болған. Қайың ағашы басқа ағаштарға қарағанда, кереметтей нәзік, әдемі көрінеді. Оның адамға әсері, емдік қасиеті және эстетикалық ләззаты ұшан - теңіз. Қайың ағашы біздің өлкемізде көп таралған өсімдіктің бірі. Біздің ауылымызда, мектеп ауласында тіпті кейбір үй аулаларында да өсіп тұр. Маған өсімдіктердің барлығы да ұнайды. Мен кішкене кезімнен-ақ табиғаттағы өсімдіктерге қызығып қарап, суретін салып жүретінмін.

Мектепке келгеннен кейін өсімдіктер туралы көп білім ала бастадым. Өсімдіктердің түрлерінің өте көп екенін, олардың пайдасын оқып білдім. Біз мектеп ауласындағы өсімдіктерге бақылау жасап жүреміз. Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты табиғатта көп өзгерістер болады. Әсіресе көктемде ағаштар ерекше құлпырып кетеді

«Қайың» - деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған тіп-тік өскен ақ қайыңдар бейнесі елестейді. Қайың - жалпақ жапырақты діңі тік өсетін ағаш. Діңінің қабығы ақ, себебі онда бетулин(латынша «бетула» - қайың) деген бояғыш зат болады. Қайыңдардың барлық түрінің қабығы ақ емес, сарғыш, қоңыр, қара қабықты қайыңдар да кездеседі. Қазақстанда қайыңның 17 түрі өседі. Гүлдері сырғагүл деп аталады, желмен тозаңданады. Жемісі майда жұқа қанатшасы бар жаңғақша жеміс. Діңі түзу, бұтақтары төмен қарай иіліп тұрады, жарық сүйгіш. Қабығы өте жұқа, тез сылынады. Биіктігі 25-30 метр. Аталық гүлдері мен аналық гүлдері бір ағашта дамиды. Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерінде де тез өсіп-өнеді. Қайың өзі тез өседі. Ширек ғасыр ішінде, әсіресе, дымқыл топырақта, бес қабат үйдің биіктігіндей болады. Осы жерден ол жаздың жылы кезінде тәулігіне қырық шелекке дейін ылғал тартады.

Қайыңды орман - басқа ормандарға қарағанда, кереметтей нәзік, әдемі көрінеді. Сондықтан да оның адамға әсері, эстетикалық ләззаты ұшан - теңіз. Сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі саналатын ақ қайыңның құрылысының маңызын былай қойғанда, одан алынатын шипалы шырыны жайлы жеке әңгіме етуге болады.

Қайың ұшқыш зат (фитонцид грекше «фитон» - «өсімдік», «цадере» - «өлтіру») бөледі, ол зиянды микробтарды өлтіреді. Қайың орманының арасында ауа ерекше таза болады.

Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпыртқы мен сыпырғыш жасайды.

Қағаздай жұқа қабаттарға ажырайтын қабығынан халық шеберлері саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер теретін себет, әртүрлі ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пешке тамаша маздап жанады.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

Қайың - ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Қайыңдар тұқымдасы - шамшаттар қатарына жататын бір үйлі, жапырақ тастайтын, желмен тозаңданатын өсімдіктер. Олардың биіктігі 15 кейде 25 - 30 метрдей болады.

Қайың шырыны - көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алуға болады. Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады

scale_1200 http://i.kz-info.ru/u/e8/87a6ea2c6211e69f4b87f79a63b291/-/%D0%91%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B9%20%D1%81%D0%BE%D0%BA.jpg

Табиғи таза шырын қант пен консерванттар қосылған

Бұл тез өсетін бағалы ағаш (10 жылдық ағаш биіктігі 10 метрге жетеді. 300 жыл тіршілік етеді. Тұқымы арқылы өседі. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Жапырақтары үшбұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Қайың сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері сырға секілді. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады. Қайыңның барлық түрі өте тез өседі және оңай жерсінеді. Гүлпаздар қайыңды «Саябақ ағашы» деп атайды. Әдемілігіне бола жолдың екі жағалауына, тіпті бақ ішіне қатар-қатар бірнеше түбін бірден егеді.

Қара қайың 2007 жылы Солтүстік Қазақстандағы қайыңды ормандардың арасынан бұрын белгісіз болып келген қайыңның жаңа түрі. Ғылыми деректер бойынша мұндай қара қайың тек Америка мен Ресейдің Қиыр шығысында өсетіні белгілі болатын. Жалпы қара қайыңдар топтанып өспей жеке дара өсетіні белгілі және қара қайың ағашы ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегені де белгілі. Енді қара қайыңды зерттеу қазақстандық ғалымдардың үлесіне де тиіп отыр.

Қазақстанның Тобыл - Есіл, Ертіс бойында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өсетін 15 түрі бар. Ең көп тараған түрі - сүйелді Қайың (B. pendula) . Оның биіктігі 20 (кейде 30) метрдей, діңінің диаметрі 60 - 80 сантиметрге дейін, қабығы ақ түсті. Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады. Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді. Жемісі - ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1, 5 - 4 милиметр) . Тұқымы тамыз - қыркүйекте піседі. Сүйелді Қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін және елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді.

Қазақстанда өсетін жуансырға Қайың (B. crassіjulіs), қызыл Қайың (B. kіrghіsorum), талас Қайыңы (B. talassіca) және Ярмоленко Қайңы (B. jarmolenkoana) - эндемиктер, соңғы 3 түрі өте сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

2. 2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

Қайың жапырақтары, қайың шырыны, қайыңның қабығы мен қайың бүршігінің адам денсаулығына деген пайдасы толассыз. Қайыңның діңінен,

бүршігінен және жапырағынан медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрілер жасайды. Халық арасында да дәріге кең пайдаланады.

Сүрегінен медицинада күйікке, жараға жағатын дәрілер жасайды. Сүрегі

құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде

өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Парфюмерия кәсібінде қайыңның сөлінен ласьон, сондай - ақ түрлі косметикалық заттар жасайды. Тамақ өнеркәсібінде одан кондитерлік бұйымдар үшін қамыр дайындайды. Қайыңнан жоғары сапалы шаңғы мен шере жасалынады. Тез шіріп кететіндіктен құрылыста аз қолданылады. Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.

Соңғы жылдары ғалымдар қайыңның қабығын кәдеге асыру жолдарын да қарастырып, битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін ойлап тапты. Одан вирустық және склероз ауруларына және өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын дәрілер жасауға болатынын анықтады. Парфюмерия кәсібінде де қайыңның сөлінен ласьон, сондай - ақ түрлі косметикалық заттар жасайды. Тамақ өнеркәсібінде одан кондитерлік бұйымдар үшін қамыр дайындайды. Қайыңның сөлінің осыншалық көп қасиетке ие болуы - қазіргі кезде оған деген сұранысты барған сайын арттырып отыр. Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал, қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады.

https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/472427/26c6d234-a76d-4a24-a19d-b87b609baf18/s1200

Сондай-ақ қайыңның сығындысындағы бетулин мен лупеол регенерациялау процессіне жауапты ақуыздардың белсенділігін арттырады екен. Осы орайда, ғалымдар бұл жаңалық проблемалық терілерді емдеуге қажетті косметикалық өнімдер жасау кезінде септігін тигізеді деп отыр. Аллергия, безеу сияқты түрлі аурулар терінің регенерациялануын талап етеді. Бұл ретте қайың қабығының құрамындағы табиғи қоспалардың көмегі зор.

Қазақстанның ғалымдары қайыңның қабығынан битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін дәлелдеді. Қайыңның қабығынан вирустық және склероз ауруларына, СПИД дертіне қарсы дәрілер жасауға болады.

Қазақстанның ғалымдары қайыңның қабығынан битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін дәлелдеді. Қайыңның қабығынан вирустық және склероз ауруларына, СПИД дертіне қарсы дәрілер жасауға болады. Ал сіз қайың жапырақтарының емдік қасиеті жайында не білесіз? Қайың жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар.

Қайың жапырағының көмегімен жарақаттарды тазартады, ревматизм, құяң, артритті емдейді. Тек жапырақтарды жасыл күйінде пайдалану керек. Жасыл жапырақты ауырып жатқан жеріңізге басасыз да, бір сағаттан аса уақыт ұстап тұрасыз. Тағы да айта кетерлік жайт, бұл шипаны жасау үшін мамыр айы мен маусымдағы жапырақтарды пайдалану керек. Жаз ортасында жапырақтар өздерінің емдік қасиетін жоғалта бастайды.

Сонымен қатар, қайың жапырақтарынан жасалған тұнбамен шаш жууға да

болады. Ол шаштың ұзын болып өсуіне және қайызғақтан құтылуға көмектеседі. Қайың жапырақтарының тұнбасын ваннаға қосып суға түссеңіз, айтарлықтай тынығып қаласыз.

Қайыңның жапырағында С дәрумені болғандықтан дәруменді шырын дайындап тістің қызыл еті қабынғанда, демікпеге, ісінгенді басу үшін ішеді. Қолдан шырын дайындау үшін 100 грамм жапырақты ұсақтап турап, азғана тұз, сірке суы, лимон қышқылын қосады.

Қоспаға 2-3 стакан суытылған қайнаған су құйып тұндырады. 2-3 сағаттан соң тұнбаны сүзіп зәр жүргізу үшін пайдаланады. Жапырақтарын жазда жинайды. Адамдар қайыңнан жасалған бейнекпен моншада шабынатынын бұрыннан білетінмін. Моншаға неге қайың сыпырғышы қолданылады? Себебі қайың ағашы ауру туғызатын бактериаларды өлтіреді және теріні жұмсартады. Одан «фитонцид» бөлінеді, зиянды микробтарды жояды.

Ол өте жұмсақ, әрі терең әсер береді, теріні жақсы тазартады, ағзадан қоқыстарды шығарады, бүйректі сауықтырады және көңіл-күйді көтереді. Қайың сыпыртқысы астматиктер мен темекі шегушілер үшін орын алғысыз. Осындай сыпыртқыны қолданып, моншаға түскеннен кейін ұсақ ауатамырларды кеңейтеді, қақырық түседі, өкпенің желдетілуі жақсарады.

Қайыңның бұдан басқа да көптеген пайдасы бар. Одан тұрмысқа қажетті пайдалы заттар жасалынады. Мысалы ойыншықтар, ыдыстар, домбыра, шана, шаңғы, мылтық жасайды.

Қайыңның бұдан басқа да көптеген пайдасы бар. Одан тұрмысқа қажетті пайдалы заттар жасалынады. Мысалы ойыншықтар, ыдыстар, домбыра, шана, шаңғы, мылтық жасайды.

Қайың шырыны - көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Көктемде қайыңның шырынын алу үшін төменгі жағына шеге қағасыз. Сол шеге тескен жерінен мөлдір тамшылар тама бастайды. Қаққан шегеңізді суырмайсыз. Өйткені тамшылар сол шегенің бойымен жабыса ағып келіп сіздің банкаңызға тамуы керек.

Орта есеппен алғанда 3 секундта бір тамшы тамады. Енді есептейік. Отыз секундта 10 грамм. Бір минутта 20 грамм. Бір сағатта 200 грамм. Он сағатта 2 литр. Біз үш литрлік банканы қойып кетіп, ертесі күні түс қайта келеміз. Бетімен бет болып толып тұратын. Банканы әншейін қоя салмаймыз. Бетіне әппақ дәке жабамыз. Құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей түспес үшін. Және банканының түбін жерге тигізіп қоятын едік. Ол біріншіден қайыңның шырыны

тез тамуы үшін. Екіншіден жерге тиіп тұрған банканы ұқыптап былтырдан қалған жапырақтармен жауып тастаймыз. Басқа жұрттың көзіне түспес үшін. Осылай көктемде шырын алуға болады.

Қайыңнан бөлінген шырынның шипалық қасиеті қазақ балгерлеріне ертеден белгілі болған. Кезінде оны басы айналып, көзі қарауытқан қаны аз адамдарға қан толтыру үшін берген. Тамақты сіңдіріп, ауруларға дәрі есебінде қайыңның сөлін ішкізген. Қазақ балгерлері ысталып, исі кеткен торсықтарды қайың ағашының діңіне жапсыра іліп, көктем кезінде торсық - торсық сөл жинап алатын болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Гомеопатиялық препараттарды дайындау әдістері
Бастапқы ағаш материалдар, олардың түрі және қасиеттері
Қарағайдың сиқырлы қасиеттері
Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы
Қарағайлы орман зиянкестері
Жаңғақ жеген жан суықтамайды
Жөке агашы
Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz