Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары атты еңбегінің маңыздылығы

Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп
отыратын халық -- қайырымды халық.
Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне
көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол - философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Оның атақты "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фараби туындыларының ішіндегі рухани айналымға көбірек түскені - Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат.
Әбу Насыр әл-Фараби осы кітапты жазуды Бағдадта бастаған еді. 330 жылдың соңында кітаптың қолжазбасын өзімен бірге Шамға (Сирия) алып келеді. Кітапты 331 жылы Дамаск қаласында аяқтайды. Тексеріп шығады. Нұсқаға тағы бір көз жүгірте отырып, оған әбуәб (тараулар) қосады. Кейін келе адамдардың сұрауы бойынша кітаптың мағынасын білдіретін фусул (бөлімдер) және қосады. Бұл бөлімдерді ол 337 жылы Мысырда аяқтап, кітабына қосымша енгізеді. Ол алты бөлімнен тұрады (Ибн Әби Усайбиа .`Уйуну-л әнбә 'фи табақати-л атиба'. Каир, 1882 ж.).
Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындары ғалымның шоқтығы биік шығармаларының қатарына жатады. Кітап алғаш рет 1895 жылы Лейденде (Бирбил баспасы) басылып шықты. Нұсқаны баспаға әзірлеген арабтанушы ғалым Фридрих Дитрици (Fridrich Dieterici) (1821-1903) екені ғылымда белгілі жайт. Ғалым бұл кітапты Британия музейінде сақтаулы тұрған 4253 нөмірлі (жаңа каталог бойынша - №7518) қолжазба мен Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорындағы №1203 нұсқа негізінде баспаға дайындаған.
Әбу Насырдың әлем ойшылдарының ерекше назарында болып келе жатқан әйгілі Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары трактатының Әбу Усайбиа арқылы жеткен алты бөлімінің (фусул) жалғыз қолжазбасы 1961 жылы табылған. Трактаттың қолжазбасы туралы алғаш рет түрік ғалымы Ахмед Атеш (Аһmеd Атеş) (1917-1966) Фараби шығармаларының библиографиясы (Fârâbî‟nin Eserlerinin Bibliyografyası) атты библиографиялық көрсеткішінде (1961) атап өтеді.
Трактаттың қолжазбасы Түркияның Стамбул қаласындағы Сүлеймения кітапханасында 674 инвентарлық нөмірімен сақталған Қалаж Әби Паша нұсқасы. Қолжазба алпыс бес беттен тұратын (көлемі 11*19 (12) см) жинаққа (мұнда өзге де ойшылдардың еңбектері қамтылған!) енген қара сиямен, кейбір жерлері қызыл сиямен хатқа түскен көне нұсқа. Қолжазбаның атауы - Фусул мәбәди 'әрә' әһл әл-мәдинәти-л фадилати (Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары негіздерінің бөлімдері) деп жазылған.
Әбу Насыр әл-Фарабидің Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары атты трактатының ғылымға өткен ғасырдың соңғы ширегінде (1961 ж.) келіп қосылған бұл бөлімдерінің (фусул) қазіргі заманға сай ең алғашқы нұсқасын әзірлеген араб ғалымы Мұхсин Махди (1924-2007). Көне қолжазба толық өңдеуден өткеннен кейін 1968 жылы Ливанның Бейрут қаласында М.Махдидің басшылығымен тұңғыш рет басылып шықты.
Ұлы ғұламаның Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатын парақтай отырып, бір сәт ХХІ ғасырда бақытқа жету жолында, қайырымды қала тұрғындары атану үшін нені меңгермек, нені игермек қажет деген сұрақтарға жауапты ғұламаның еңбегінен іздеуді жөн санадық.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Бұл кітаптың маңыздылығы - автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.
Иә, адамзат тарихында меншік пайда болуымен мемлекет құрылып, оның өзіне тән сипаттары туып қалыптасқаны белгілі. Мемлекеттер өзінің құрылымы, басқару формасы, ұстанымы, күш-қуаты тұрғысында қаншалықты сан алуандыққа ие болса, олардың тарих сахнасындағы жетістіктері мен өзіндік ішкі қайшылықтары да соншалықты әрқилы болады. Адамзат баласы әрқашанда басқару механизмі барынша жетілген, мемлекетті құрушы барша халықтың көңілінен шығатын мемлекет құруға әрдайым талпынумен болды. Бұл тұрғыдағы әрекеттерге ой жүгірте отырып алғашқы ой-пікірлер білдіріп, зерттеу жүргізген - антикалық дәуірдің ойшыл-философтары болды. Атап айтқанда грек философтары Платон, Аристотельдер мінсіз де ізгілікті қоғам құру жолдары туралы өз идеяларды ұсынып, трактаттар жазды. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда жасаған грек ойшылы Платонның Республика еңбегі мен қытайдың философ ақыны Тао Юаньминнің Шабдалы қайнары атты туындылардында қайырымды қоғам мәселесі көтерілді. Дегенмен, мұны біз ізгі қоғам құру жөніндегі адамзат ойының бастаулары деп қарастыра алмаймыз. Себебі, мұндай ой-арман адамзат қоғамындағы алғаш мемлекет қалыптасқан кезден-ақ пайда болғанына еш күмәніміз жоқ.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби өзіне дейінгі грек философтарының идеал мемлекет туралы идеяларын дамыта отырып, өзіндік тұжырым-қорытындыларын ұсынады. Ғалым қайырымды (ізгі) қала тұрғындары қалай болуы керек, оның жағымды-жағымсыз, дарынды-дарынсыз басшысына тән сипат-белгілер қандай т.б. жайлы жан жақты талдау жасайды. Біз бұл турасында төменде кеңінен тоқталатын боламыз. Және де Қайырымды қала тұрғындары туралы кітапта жазылған ой-тұжырымдарды біз бір қырынан алып қарағанда, орындалу мүмкіндігі бар, шынайы теория деп қарастырамыз. Және сонымен қатар, Әбу Насыр әл-Фарабидің бұл ой-пікірлерінің орындалуы еш мүмкін емес қиял-ғажайыпқа толы жазба ретінде де қарастыра аламыз.
Жалпы алғанда, адамзат баласының ең ұлы арманының бірі де осы қайырымды, идеал қоғам ғой. Дүниежүзіндегі барлық дерлік халықтардың фольклорында, әсіресе, ертегілері мен аңыздарында мәңгілік бақытқа кенелген ел мен жер суреттелетіні - санадағы осы аңсар күй, асқақ арманның сөзбен жасалған сұлу суреті екендігі анық.
Түркілік таным аясындағы қазақ әдебиетінде де осы сипаттағы аңыздар мен ертегілер, кейіпкерлердің шоғыры қомақты. Мәңгілік өлмейтін қалып күйді іздеп сар далада тентіреп мәңгіліктің күйін тартқан Қорқыт, жерінің түгі кілемдей, күн райы жыл бойына қоңыржай, жігіті мәңгі жиырма бесте, қызы мәңгілік он сегізде болатын, жастықтың қуаты сөнбей маздаған Жерұйықты желмаясына мініп алып желіп жүріп іздеген Асанқайғының арманы мен ілкідегі Әл-Фарабидің ізгі қоғам құру туралы ойлары - айналып келгенде сол баяғы адамзат қоғамының бақытты тұрмыс кешуі жолындағы ізденістер емес пе?
Әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды қоғам құрудың қолайлы жолдарын іздейтін алты бөлімді Қайырымды қала тұрғындары туралы трактаттар кітабының әр бөлімінде не туралы қарастырылатынын бір-бір сөйлеммен айтып өтелік.
Бірінші бөлімде Алла-Тағаланың болмысы және оның сипаттары, есімдері туралы қарастырылады.
Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы қарастырылған.
Үшінші бөлімде аспан денелері мен ғаламшарлық материалдық денелердің өзара байланысы туралы айтылады.
Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары, еркек пен әйел және олардан жаратылатын баланың морфологиялық, физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері туралы қарастырылады.
Бесінші бөлімде адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер мен адам қоғамы және оған не қажет, осы қоғамның жіктелуі т.б. жағдайларға сипаттама беріледі. Қайырымды қала тұрғындары кімдер, бұл қаланы құрайтын адамдардың ерекшелігі туралы айтылған.
Алтыншы, соңғы бөлімде надан көзқарастар мен қоғамдар, надан қалалар мен надан басшылықтар, олардың іс-әрекетінің салдарлары туралы баяндалады.
Ұлы ғұлама осы саяси-әлеуметтік трактатында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Оның пікірінше, әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала қайырымды қала. Қайырымды қаланы дені сау, мінсіз адам бейнесінде сипаттайды. Себебі, оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Қала тұрғындарының қызметі мен қоғамдағы орнына сәйкес өзара айырмашылықтары болады. Әрбір орган белгілі бір қызмет атқаратыны сияқты, адам денесінің ең басты мүшесі жүрек ең жетілген, дамыған, бәрінен жоғары тұратын мүше. Адам организміндегі басты орган ретінде жүрек қандай қызмет атқарса, қала басшысы да қаланың өркендеп гүлденуі жолында қалған органдармен бірге белгілі тәртіппен үйлесімді жұмыс атқарады. Сондай-ақ, жүрек организмдегі орын алған кез келген жөнсіздіктердің барлығын жоюға ұмтылатыны секілді қала басшысы да қаладағы көрініс берген келеңсіздіктерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz