ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
ӘОЖ 94(574)
Клара Саркенова
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы қаласы
E-mail: kla46@yandex.ru
ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
Мақалада кеңестік Қазақстанның ең күрделі кезеңі - 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы, оның ішінде түркі халықтарының демографиялық тарихы қарастырылды. Жан-жақты зерттеуді қажет ететін әлеуметтік аласапыран өзгерістер - ұжымдастыру, көшпелілерді зорлықпен отырықшыландыру салдарынан болған ашаршылық, эпидемия, т.б. этнодемографиялық үрдістер Қазақстанның тұрғылықты халқы - қазақ халқының 1920-1930-жылдардағы трагедиясы арқылы сипатталды. Қазақстанның ұйғыр, өзбек, татар, қырғыз, әзербайжан, т.б. қазақтан да басқа түркі халықтарының демографиялық тарихы 1920-1930-жылдардағы кеңес санақтары материалдары негізінде талданды.
Түйін сөздер: демография, түркі халықтары, халық санақтары, статистика, Халық шаруашылығы есебінің орталық басқармасы, көші-қон, жас-жыныс құрамы
Клара Саркенова
Тюркские народы Казахстана в межпереписный период (1926-1939)
В данной статье рассматривается самый сложный период советского Казахстана - 20-30-е годы ХХ века. Освещаются проблемы голода 1930-х годов, вызванные последствиями насильственной коллективизации, а также массового оседания казахов. Анализируются демографические изменения этого периода среди казахов и других тюркских народов по материалам Всесоюзных переписей 1920-1930-х годов. Особое внимание уделяется изучению изменений общей численности, половозрастного состава казахов.
Ключевые слова: демография, перепись населения, статистика, тюркские народы, миграция, Центральное управление народнохозяйственного учета (ЦУНХУ)
Klara Sarkenova
The Turkic peoples of Kazakhstan in between censuses of population (1926-1939)
This article discusses the most difficult period of the Soviet Kazakhstan - the 20-30-ies of the twentieth century. Highlights the problems of hunger 1930-ies, caused by the effects of forced collectivization, and mass settling of the Kazakhs. Examines demographic changes in this period, among the Kazakhs and other Turkic peoples according to the materials of the Union census of 1920-1930-ies. Special attention is paid to the study of the changes in total population, sex and age structure of the Kazakhs.
Key words: demography, census, statistics, Turkic peoples, migration, Central administration of national economic accounting (TSUNKHU)
Кеңестік Қазақстанның демографиялық тарихы (1917 - 1991) өте күрделі. Әсіресе ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарының қоғамдық дамудағы орны айрықша. Әлеуметтік аласапыран өзгерістер - ұжымдастыру, көшпелілерді зорлықпен отырықшыландыру салдарынан туындаған ашаршылық пен эпидемиядан халық санының азаюы, жасжыныс құрамдағы өзгерістер, жаппай қоныс аудару секілді этнодемографиялық үрдістер терең зерттеуді қажет етеді. 1980-жылдары зерттеушілерге мүмкіндік берген мұрағат материалдары бұл мәселені жан-жақты зерттеуге жол ашты. Әсіресе 1980-жылдарға дейін зерттеушілерге жабық болған 1937 және 1939 жылдардың санақ материалдарының орны ерекше. Ал 1930-жылдардың басындағы оқиғаларды Қазақстанның 1920-жылдардағы демографиясынан бөлек түсіндіру мүмкін емес. Біздің алға қойған мақсат - Қазақстанның осы уақыт аралығындағы демографиялық тарихын қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, қырғыз, әзербайжан, т.б. түркі халықтары шеңберінде қарастыру.
1926 жылы 17 желтоқсанда ерекше, кейін ешбір санақта қайталанбаған Бүкілодақтық халық санағы өтті. Ол Қысқа қорытындылар және Алдын ала берілген мағлұматтар атты көп томдық түрінде жарияланды. Бұл Кеңес Одағы аумағын түгел қамтыған тұңғыш санақ еді; санақта КСРО аумағында болған өзгерістер, яғни Одақтың құрамына жеке республикалар мен облыстардың алынуы немесе Финляндия, Прибалтика, Польшаның шығуы көрсетілді. 1926 жылдың санақ материалдары 56 том болып жарық көрді. Бұндай ауқымды материалдардың алғашқы томдары 1928 жылы жарияланып, 1935 жылға дейін созылған кей томдар болмаса, негізінен, 1932 жылы аяқталды.
1926 жылғы санақ Қазақ АКСР-інде 6 530 528 адам мекендейтінін көрсетті [1, 6 - 17]. Қазақ АКСР-індегі халық жасжынысы жағынан, шамамен, 100 әйелге - 104,92 еркек, қалада 100 әйелге - 99,20 еркектен келген. Оның ішінде қазақтарда ауыл-село халқы құрамында еркектері басым болған: бір жасқа дейінгілер арасында - еркектер - 54 441, әйелдер - 49 611; 8 - 12 жас аралығында - 173 344 еркек, 152 566 әйел; 13 - 18 жас аралығында - 243 364 еркек, 185 943 әйел; 30 - 39 жас аралығында - 293 510 еркек, 265 247 әйел; 55 - 59 жас аралығында - 64 927 еркек, 47 306 әйел [2, 42]. 1928 жылы 1 қаңтарда ҚазАКСР қала халқының ішінде қазақтар төмендегідей болды: бір жасқа дейінгілер - 2 060 еркек, 1 355 әйел; ал 13 - 18 жас аралығында - 7 307 еркек, 3 524 әйел; 30 - 39 жас аралығындағы - 7 179 еркек, 4 816 әйел.
Қазақстанның қала халқының орналасуы әртүрлі болды. ҚазАКСР қала халқының басым бөлігі еуропалықтардан тұрды, дегенмен, түркі халықтары ішінен татарлар қала халқының 71,8%-ын құрады. Қазақтардың қала халқындағы үлесі - 13,9% және олар Адай мен Қарқаралы округтерінде шоғырланды. Фортта қазақтар қала халқының 70,2%-ын, Қарқаралыда - 73,4%-ын құрады. Қарақалпақстан қала халқының 30,7%-ы қарақалпақтардан, 22%-ы қазақтардан, 15,1%-ы өзбектерден тұрды. Семей, Ақтөбе қалаларында татарлар, қазақтар мекендеген. Ақмола, Алматы, Қызылорда округтері қалаларында қазақтар сан жағынан екінші орында, ал Алматы округінің қалаларында екінші орында таранчалар (ұйғырлар) тұрды. Сырдария округі қалаларында қала халқының орналасуында түркі халықтарынан өзбектер 44,4%, ал қазақтар 15,3% болды [3, 23-, 25-26].
1926 жыл санағы бойынша, Қазақ АКСР-інде 20-дан астам этнос мекендеген. Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарының ережесіне сәйкес, халықтың 70%-ы бір халық өкілдерінен құралса, онда бұндай әкімшілік бір ұлтты деп есептелген [3, 8]. Бұл көзқарас тұрғысынан Адай (барлығы - 135 555, оның 131 476-сы қазақтар), Қарқаралы (барлығы - 183 089, оның 178 388-і қазақтар), Қызылорда (барлығы - 317 051, оның 276 483-і қазақтар), Гурьев (барлығы - 168 526, оның 138 656-сы қазақтар), Сырдария (барлығы - 885 280, оның - 643 763-і қазақтар), Орал (барлығы - 436 678, оның - 303 528-і қазақтар) округтері бірыңғай бір ұлтты болды. Бес мал шаруашылықты округ пен бір мал және егін шаруашылықты округ бірыңғай қазақтардан тұрды. Петропавл округіндегі 723 985 адамның 171 085-і қазақ болды. Қостанай (43,0%) және Павлодар (53,4%) округтерінде де қазақтар басым түсті. Қарақалпақ автономиялық облысында жергілікті ұлт өкілі - қарақалпақтар басым болды (барлығы - 304 541, оның 116 125-і қарақалпақ).
1928 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан түркі халықтарының сипаты төмендегідей болды: 57,7% қазақ, 3,5% өзбек, 1,9% қарақалпақ, 1,2% татар, 0,8% таранча, 0,2% қырғыз, 0,1% түрікмен [3, 10-11]. Демек, 1928 жылдың соңында түркі халықтары Қазақстан халқының 65,4%-ын құраған.
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы халықты есепке алу жүйесінің дұрыс жолға қойылғанын дәлелдеді. Бірақ шаруаларға қарсы бағытталған кейінгі шаралар елдің демографиялық жағдайын қатты өзгертті. Халықты есепке алу жүйесі дағдарысқа ұшырады. Соңғы сенімді ақпаратқа 1931 жылдың жазындағы материалдарды ғана жатқызуға болады. Статистиктер үшін 1926 жылғы санақтан кейін басталған жаңа серпін ұзаққа созылмады, 1930 жылы Статистика хабарламасы және Статистикалық шолу журналдары, Орталық статистика басқармасы жабылып, орнына 1931 жылдың аяғында Мемлекет жоспарының құрамындағы Халық шаруашылығы есебінің Орталық басқармасы (ЦУНХУ) құрылды. Бірақ ол Орталық статистика басқармасындағыдай дербестікке ие бола алмады. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды отырықшылыққа күштеп көндіру, кулактарды кәмпескелеу науқанының салдарынан туу мен өлім-жітімді жүйелі есепке алу қиындады.
Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасы халық және денсаулық сақтау секторы меңгерушісінің В.В.Осинский, Минаев, Поповқа жазған ресми хатында былай делінген: 1929 жылға дейін халықтың ағымдағы есебі халықтың табиғи қозғалысы статистикасымен ғана шектелді. Халық есебін жүргізетін ұйымды елдің шаруашылық мүддесіне қарай қайта құру керек. Әсіресе мигранттардың есебін дұрыс жолға қою керек. Елде жүріп жатқан орасан қоныс аударуды дер кезінде есепке алу әрі соған байланысты партия мен үкіметтің қабылдаған шараларын көрсету - халықтың механикалық есебін жүргізудегі басты міндет болуы шарт. Соңғы кезде өлімнің көбейіп, табиғи өсімнің азаюы, яғни халықтың табиғи өсіміндегі өзгерістер бұған статистиканың назарын көбірек аударуды қажет етеді... [4]. Көптеген республикаларда (Орта Азия, Кавказ және РКФСР автономияларында) халықтың табиғи өсімі саласы ақ таңдақ күйінде қалған [5].
КСРО Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасы басшыларына Халық және денсаулық сақтау бөлімі халық санағы аппаратын орталық пен жергілікті жерлерде нығайтуды бірнеше рет ұсынған. Бұл бағытта, - деп жазылған жоғарыда көрсетілген жазбада, - біз орталықта нығыз халық санағы ортасын қалыптастырдық. Курман, Песчанский, Соколов, т.б. жаңа адамдарды жұмысқа тарттық. Миграция, ағымдағы есеп, т.б. мәселелерді шешу, әсіресе қалалық санақтағы ағымдағы есеп пен халық санағын жолға қоюға қажетті бетбұрыс керек болды [6]. 1930-жылдардағы КСРО Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасы қызметкерлерінің халықтың ағымдағы есебін тәртіпке келтіруде нақты қызмет еткендерін жоғарыдағы мәліметтер көрсетіп отыр.
1928 жылғы Қазақстан халқының саны - 6 507 077 адам. Қазақстан Халық шаруашылығы есебі басқармасының мәліметтерінше, 1930 - 1936 жылдардағы Қазақстанның халқын (әр жылдың 1 маусымына сәйкес) төмендегіше сипаттауға болады: 1930 жылы - 5 873 000; 1931 жылы - 5 114 000; 1932 жылы - 3 227 000; 1933 жылы - 2 493 500; 1934 жылы - 2 681 500 адам; 1935 жылы - 2 926 000; 1936 жылы - 3 287 900 адам. Демек, 1928 жылдан Қазақстанда халық саны төмендей берген: 1928 жылғы 6 507 077 адамнан, 1936 жылы 3 287 900 адам ғана қалған. Айырмашылық - 3 219 177 адам.
Халықтың ең кему уақыты - 1932 - 1934 жылдар аралығы. Оның себебін Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасының Халық және денсаулық сақтау ісі бөлімінің бастығы Курманның 1937 жылғы 14 наурызда КСРО Мемлекеттік жоспары Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасының бастығы И.А.Кравальге жазған Екі санақ аралығындағы (17.12.26. және 06.01.37.) халықтың табиғи қозғаласы туралы баян хатынан байқауға болады: 1926 жылдың санақ деректері бойынша, КСРО халқы 147 млн.; 1937 жылдың санағынша - 162 млн. адам, яғни КСРО халқы екі санақ аралығында 15 миллионға өсті. Туу мен өлім-жетімді тіркеу мәліметтері бойынша, халықтың өсу қарқыны 21,3 миллион адам немесе 6,3 миллионға артық... әрине, егер он жылғы өлім-жітімді 40 миллион десек (1934 және 1936 жылдары шамамен 8 миллион), онда 7 жылдағы өлім-жітім 3,2 миллион немесе жылына орташа 4,5 миллионнан келеді, шамамен жылына 1 000 адамға 30 адамнан. Өлімнің бұндай коэффициенті КСРО жағдайында мүмкін емес, себебі ол еуропалық елдердегі өлімнен екі есе жоғары және Ресей империясы кезіндегі өлім-жітім көрсеткішімен сәйкес. Бұл сәйкессіздікті халықтың табиғи қозғалысынан ғана емес, сонымен қатар басқа деректерден де іздеу керек: 1) оған, біріншіден, осы аралықта халықтың кейбір бөлігінің КСРО-дан шет жерге кетуі жатады. Қазақстан Халық шаруашылығы есебі басқармасының хабарынша (1.1.1927 - 1.1.1937 аралығындағы ҚазКСР халқы санын есептеу туралы түсіндірме жазбадан), КСРО-дан шетке кеткен адамның саны (қайтып келгендерді есептегенде) 1930 - 1932 жылдары 1,3 миллион адам. Қайтып келгендерді қосқанда, осы кезеңдегі КСРО-дан тысқары кеткендер, шамамен 2 миллион адам. КСРО бойынша Түрікмен, Қырғыз, Өзбек республикалары халқының санында орташадан жоғары өсу қарқыны бар, яғни КСРО-ның басқа аудандарынан осы аудандардағы жаңа құрылыстарға мигранттар ағылған; 2) алшақтықтың екінші себебін 1926 жылдың халық санағынан іздеу керек... [7]. Демек, 1934 және 1936 жылдары КСРО бойынша, шамамен, 8 миллионға кем шыққан халықтың жоғын жоғарыда көрсетілген Қазақстан статистикасынан байқауға болады: Қазақстандағы 1931 жылғы 5 114 000 адамнан 1933 жылы 2 493 500 адам ғана қалған. Айырмашылық - 2 620 500 адам. Ал 1936 жылмен салыстырсақ, айырмашылық - 1 826 100 адам. 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағынша, КСРО-дағы қазақтың саны - 2 862 458 адам да, оның Қазақстандағысы - 2 181 520 қазақ. Демек, 1937 жылы Қазақстаннан тыс КСРО аумағында 680 938 қазақ өмір сүрген.
Бұл өте ауыр кезең, яғни жаңа экономикалық саясатқа, қала мен селодағы ауқатты адамдарға деген теріс көзқарас, ауыл шаруашылық тауарлылығының төмендеп, шаруашылықтардың ірілендіріліп, ұжымдастырылған уақыты. Ұжымдастырудың басталуымен жағдай өте қиындаған. Жаңа экономикалық саясаттың орнына азық-түлік салығы келіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт саласында еңбек өнімділігі төмендеген [8].
Зорлап ұжымдастырудан зардап шеккен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың жағдайы жоспарлы отырықшыландыру барысында одан әрі шиеленісіп, мал басын дайындау ауылда әскери коммунизм кезіндегідей төтенше сипат алған [9].
Қазақстан МТС саяси секторлары деректері бойынша, Өлкелік комитеттің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерінен 1933 жылдың басында Қазақстанның ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Әсіресе 1932 - 1933 жылдардың қысы өте ауыр соқты. Жаппай қоныс аудару, әсіресе қазақтардың арасындағы өлім-жітім, малды түгелге дерлік сойып алу, астықтың жоқтығы, мал азығының болмауы, қажетті дақылдың жетіспеуі салдарынан колхозшылар тау-тас, құм-шөлді жағалап, жабайы шөп тамырлары мен дәндерін теріп тентіреп, қалғандары аштықтан әлсіреп, аурудан жұмысқа жарамаған. Мысалы, Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан Мәскеулік Қызыл Крест өкілдері баяндамасында Торғай қазақтарының аштық пен эпидемияға ұшырағаны туралы жазылған. Торғай мен Бетпаққара аудандары жергілікті органдарының хабарлауынша, халықтың 20-30%-ы өлген, қалғаны көшіп кеткен. Шалқар ауданында және т.б. ауылдық кеңестерден 30-35% халықтың ауып кеткені белгілі болды. Жалпы осы аудандар құрамына кіретін Ақтөбе облысында облыстық атқару комитетінің төрағасы Иванов жолдастың Кеңестердің облыстық съезіндегі (1932 жылдың шілдесінде) баяндамасында көрсеткеніндей, 1930 жылғы облыстағы 1 012 500 адамнан 1932 жылы 725 800 адам ғана қалған.
Бірақ 1931 - 1934 жылдардағы үкімет орындарына жолданған телеграмма, көмек сұраған хаттардың бірде-бірінде аштық деген сөз кездеспейді, аштық және оның зардаптарымен күресу туралы арнайы үкімет органдары құрылмаған. Индустрияландыру саясатын іске асыру жолында ұжымшарлардан астықтың тартылып алынуы, ұжымшар құрудағы өктемшілдік, әсіресе аштықтың болуы ақылға симайды. 1932 - 1933 жылдардағы аштық сталиндік басшылықтың кеңес халқына қарсы жүргізген қылмысы деп бағалануы тиіс [10, 65].
Т.Рысқұлов: Қызылорда аудандық атқару комитеті төрағасының айтуынша, ауданның көптеген ауыл кеңестерінде небәрі 20% халық қалған. Балқаш ауданындағы (жергілікті ОГПУ-дің деректері бойынша) 60 мың халықтың 12 мыңы ауып, 30 мыңы қайтыс болған. Қаратал ауданында өткен қыста үш ауылды басқа жерге күштеп отырықшыландырудың нәтижесінде халықтың жартысына жуығы қырылған. Сол ауданда (жергілікті ОГПУ дерегі бойынша) желтоқсан айында және қаңтардың он күнінде (1933) 569 мың адам аштан өлген, осы уақытта Үштөбе станцасында, Қаратал құрылыс ауданында және күріш совхоздарында 300 адамның мүрдесі табылған. Шұбартау ауданында 1931 жылғы 5 300 шаруашылығынан, 1933 жылдың 1 қаңтарында 1 941 шаруашылық қалған. Қарқаралы ауданында 1932 жылдың мамырында 50 400 адам, ал қарашада 15 900 адам қалған, аудан орталықтарында да күніне 15-20 адамнан кеміп отырған (өлкелік атқару комитеті есебі). Қарағандыда өткен көктемде 1 500-ге жуық қазақ аштық пен эпидемиядан өлген. Сергиополь қаласында (Түрксіб) қаңтар айында 300-ге жуық адам өлген. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер тек ресми деректерден алынды. Қазақ халқының кейбір жерде аз және кейбір жерде көптеп кемуі республиканың басқа да қазақ аудандарына тән болды. Өлім, әсіресе балалар арасында жиі, - деп жазған еді [11].
КСРО Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) Мемлекеттік жоспарының төрағасы Вознесенский мен КСРО Мемлекеттік жоспары жанындағы Халық шаруашылығы есебінің орталық басқарма (ХШЕОБ) бастығы Саутиннің 1939 жылы сәуір айында БКП(б) ОК Сталинге және КСРО ХКК Молотовқа жазған құпия баянында: Қазақстанның кейбір облыстарында халық анағұрлым азайған: Павлодар облысында 67,6%-ға, Қостанай облысында 76,9%-ға кеміген, - деп көрсетілген [12].
Жоғарыда айтқандардан шығатын қорытынды: аштықтан қазақ халқы қатты зардап шекті: 1930 ж. 313 мыңнан аса адам, 1931 ж. - 755 мың, 1932 ж. - 769 мыңнан аса адам опат болған. М.Қозыбаев пен М.Хасанаевтың есебінше, аштық пен эпидемиядан 1 750 мың адам, немесе селолық жердегі жалпы халықтың 40%-ы жойылған [13]. М.Тәтімовтың есебінше, Қазақстаннан шет аймақтарға көшке, қайтып оралмағандарды қосқанда (15%), қазақтардың жалпы санының кемуі 2 635 мың адам. Бірақ, - деп жазады автор, - бұл орташа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz