АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу, есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу, питомниктерде көшет өсіру, суландыру, орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.

Республика аймағының көп бөлігін алып жатқан шұғыл-континенталды климат, орман өсіру, орман өндірісі мен ағаш егу шаруашылығына қатаң жағдай жасайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы республика аумағының 29423, 91 мың га немесе 10, 8% құрайды. Орман алқаптарымен жабылған жерлер жалпы орман қорының 12706, 8 мың га немесе 43, 2% құрайды. Республиканың орман-тоғайлы аумағы - 4, 7% құрайды. Орманмен көмкерілген алқаптар 12706, 8 мың га немесе орман қоры жалпы ауданының 43, 2%-ын құрайды. Республиканың ормандылығы 4, 7%-ды құрайды. Жеке орман қорының ауданы 695 га, орманды алқаптар жоқ. Мемлекеттік орман қорының басым бөлігі -77, 4%-ы облыстардың әкімдіктерінің иелігінде, 21, 8%-ы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) иелігінде. Комитетке бағынысты орман мекемелерінің ауданы 6427, 5 мың га құрайды, оның 6313, 1 мың га - заңды тұлға мәртебесімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келесілер жатады.

http://newecodoklad.ecogosfond.kz/2016/wp-content/uploads/2017/05/2018-04-14-1024x689.png

1-сурет. Қазақстан Республикасының орман қоры

Қазақстанда ормандар сәйкесінше біркелкі орналаспаған. Ормандардың өсімділігі табиғи аймақтардың әртүрлілігіне байланысты шартталған. Шөлді аймақта сексеуілді ормандар өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтайдың, Жоңғау және Іле Алатауының қара қылқанды екпелерімен көмкерілген. Далалы және орманды далалы жазықтықты бөлігі қайыңды-теректі шоғырлы ормандармен, қарағайлы ормандармен, Ертіс маңы жолақты қарағайлармен берілген.

Қазақстанда ормандар сәйкесінше біркелкі орналаспаған. Ормандардың өсімділігі табиғи аймақтардың әртүрлілігіне байланысты шартталған. Шөлді аймақта сексеуілді ормандар өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтайдың, Жоңғау және Іле Алатауының қара қылқанды екпелерімен көмкерілген. Далалы және орманды далалы жазықтықты бөлігі қайыңды-теректі шоғырлы ормандармен, қарағайлы ормандармен, Ертіс маңы жолақты қарағайлармен берілген.

Ормандар және өзге де орман көмкерген жерлер туралы деректер БҰҰ ЕЭК экологиялық көрсеткіштерінің бірі (D18) болып табылады, жыл сайынғы деректері Статистика комитетінің сайтында қол жетімді.

Орман құрамның 48, 9%-ын сексеуілдер, шөлді және далалы аймақтардың 23, 2%-ын бұталы екпелер мен орманды аудандар алып жатыр. Біршама құнды қылқанды екпелер 13, 6%, ұсақ жапырақтылар 12, 1% қатты жапырақтылар 0, 8%. Ағаш қоры жалпы көлемінің барлық құрамының орманды түрлері сексеуілдің биологиялық ерекшеліктерімен шартталған, орман қорындағы сексеуілдің 1 га үлесі 3, 4% (15, 03 млн м 3 ) .

Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4, 2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%) .

Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:

  1. Шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман) ;
  2. Солтүстіктегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы) ;
  3. Оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
  4. Оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Stacking_logs_on_forest_track_-_geograph.org.uk_-_996727.jpg/220px-Stacking_logs_on_forest_track_-_geograph.org.uk_-_996727.jpg

2 - сурет. Орманды пайдалауну

Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, «Қызыл жиде» республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны («Казгипролесхоз»), «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны», Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, «Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, «Аңшылық зоокәсіпшілік» ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.

Қордың басым бөлігін қылқанды ағаштар құрайды 61, 9 % (255, 23 млн м 3 ), қарағай 42, 3% (108, 03 млн м 3 ) сонымен қатар, ұсақ жапырақтылар 33, 7 % (138, 76 млн м 3 ), негізгі орманқы құрайтын түрлері қорының 21, 4%-ын (91, 11 млн м 3 ) жұмсақ жапырақты қайыңдар құрайды.

Республиканың ормандары климатты, ортаны қалыптастырушы алағды және қойнауды қорғаушы, су қорғау және санитарлы-гигиеналық маңызды қызметтерді реттейді және елдің биологиялық биоәртүрлілігінің 86% табиғи резерваты болып табылады.

Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, соның ішінде: сүтқоректілер 178, құстар, Қазақстанда ұя салатын 489 (оның 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары қыста ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып кетеді), бауырмен жорғалаушылар - 49, қосмекенділер - 12, 104 - балық және балық сияқты, 3 - дөңгелек ауыздылар. Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мыңнан кем емес түрі мекендейді.

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СИПАТТАМА

  1. Әлемнің және оның басты өңірлері мен елдерінің орман қоры

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2011 жылды халықаралық Орман жылы деп жариялады. Адамзат жаратылысы, оның өсіп-өнуінің ғажайып қыр-сыры әлі күнге дейін шешімі табыла қоймаған күрделі жұмбақ.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы тарихи мәлі­меттерге сүйене отырып, дүние жүзінде 8 млрд. гектар орман болғанын, олардың өткен ғасырдың сексенінші жылдарына қарай 3, 6 млрд. гектары, ал қазіргі кезеңде тек 3, 2 млрд. гектары ғана қалғанын анықтаған. Әсіресе, соң­ғы екі ғасырда орман өртінің және оны жаппай кесудің салдарынан жер жүзі ормандарының 40%-ы жоқ болып кеткен.

Бұрын адам аяғы баспаған тропикалық ормандардың соңғы 35 жыл ішінде бестен бірі жойылған. Ал қазір дү­ние жүзіндегі орман қоры жылына шамамен 17 млн. гектарға азайып отыратыны ащы шындық. Бұл мәліметтерден жер бетіндегі орман қорының жанашырлары мен қорғау­шы­лары болмады деген ой тумауы керек. Дүние жүзінде орман қорғау мен орман шаруашылығы ертеден ұйымдас­тырыл­ған істердің бірі. Кейбір мемлекеттерде орман шаруашылығын жүргізу жүйесі бұдан 4-5 ғасыр бұрын қалыптаса бастаған. Мысалы, Фран­ция, Германия, Австрия және Скандинавия елдерінде орман шаруашылығын ұйым­дастыру негіздері 15-16 ғасырларға барып тіреледі. Кейін ол мемлекеттердегі жүйелі орман ісі Ре­сейге тарап, онда классикалық орыс орман­шы­лығы қалыптасты. Оған бұдан 13 жыл бұ­рын Ресей Федерациясы бойынша бірінші рет Орман департаментінің (1798 ж. ) құрылғанына 200 жыл толуы кеңінен аталып өткені айғақ. Әрине, орманның пайдасын жете түсіну және орман шаруашылығын ұйымдастыру әр елдің даму деңгейіне, орманның халық өмі­рін­де, оның тыныс-тіршілігінде алатын орны мен ерекшелігіне тығыз байланысты.

Жалпы, білімі мен ғылымы, экономикасы мен мәдениеті жо­ғары әрі орман қоры көп мемлекеттерде орман шаруашылығы анағұрлым ерте дами бастады да, кешеуіл қалған елдер кейінгі уақытқа дейін орман шаруашылығын ұйымдастыру әдістерін ойластырған жоқ. Оның сыртында жеке мемлекеттердің ор­ман шаруашылығы ғасырлар бойы олардың өз ерекшеліктеріне ғана байланысты дамыды. Көп­ке дейін олар бір-бірінің орман шаруа­шы­лығын жүргізу жүйесін зерттемеді. Сондықтан олар бір-біріне ешқандай әсер етпей келді. Тек соңғы ғасырда ғана кейбір мемлекеттер басқа елдердің орман шаруашылығын жүргізу жүйе­сіне көңіл аударып, олардың жақсы жақтарын өз орман шаруашылығында пайдаға асыра бастады. Қазақстан жерінде орман басқару ісі Ресей үлгісімен ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде бас­талды. Ол алдымен жақын орналасуына байла­нысты еліміздің батыс аймағына, одан соң оңтүстігі мен солтүстігіне тарап, кейін жан-жақ­ты дамыған орман шаруашылығына ай­налды.

Республикамыз биыл 20 жыл толатын тәуел­сіздік дәуірін де қарқынды даму жолына түсірді. Ол бүкіл экономикасын нарықтық қа­тынастарға көшіруде үлкен табысқа жетіп, тек Орталық Азия емес, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Экономиканың орман шаруашылығы сала­сы да осы негізде дамуды басшылыққа алып, нарықтық ортада жүргізіле бастады. Бірақ бізде нарықтық жағдайда орманшылық жүргізу тәжірибесі әлі жетімсіздеу. Онда шетелдерде пайдалы деп бағаланған орманшылық жолдары да осы күнге дейін жөнді қолданылмай келеді. Осының салдарынан Қазақстан орманшылығы тұрақты даму сатысына әлі көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біздің елге әлемдік орман­шылық қағидалары мен тәжірибелері ауадай қажет. Олар ұлттық орман саясатын ұтымды құрып, орманшылық саласының басым бағыт­тарын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Орман шаруашылығы бойынша еларалық тәжірибе алмасу және орман қорының мемле­кетаралық маңызын насихаттау дүниежүзілік орман конгрестерінің (ДОК) шешімдерінен бастау алды. Оларды өткізу Халықаралық ауыл ша­руашылығы ұжымының Бас ассамблея­сы­ның 1924 жылғы шешімі арқылы жүзеге асырылды. Бірінші дүниежүзілік орман конгресі 1926 жылы Римде (Италия) өтті. Одан кейін 1936 ж. Будапеште (Венгрия), 1949 ж. Хельсинкиде (Финляндия), 1954 ж. Дехрадунда (Индия), 1960 ж. Сиэтлде (АҚШ), 1966 ж. Мадридте (Испания), 1972 ж. Буэнос-Айресте (Аргентина), 1978 ж. Джакартада (Индонезия), 1984 ж. Мехикода (Мексика), 1991 ж. Парижде (Франция), 1997 ж. Анталияда (Түркия), 2003 ж. Квебекте (Канада), ал 2009 жылы екінші рет Буэнос-Айресте (Аргентина) өткізілді.

Соңғы 60 жыл бойы орман конгрестері әр 6 жылда жүйелі түрде бір өткізіліп тұратын бол­ды. Алғашқы кездерде өткізілген орман конгрестері ағаш материалдарының шаруашы­лықтағы маңызын, ор­ман қорын сақтаудың келешек үшін қажет­ті­лігін, олардың су саласы мен ресурс­та­рын қал­пына келтірудегі мә­нін, топырақ пен жер­дің құнарлы қабатын су шайып, жел ұшы­руын болдыр­май­тын бір­ден-бір құрал екенін кеңі­нен көрсете бастады. Дегенмен, көпке дейін орман конгрестері дүниежүзілік дең­гей­де өткізілуіне қара­май, тек мамандандырылған жиналыс қал­пында қалып жүрді. Оларға негізінен орман ғылымымен айналысатын оқымыс­тылар мен жеке мемлекеттердің орман шаруа­шылығын басқаратын мекемелерінің басшы­лары қаты­насушы еді. Сондықтан, көп жағ­дайда дүние­жүзілік орман конгрестері тек ор­ман проб­лемалары мен орман шаруашылығын дамыту мәселелерінің төңірегінде шектеліп отырды. Басқаша айтқанда, бұл конгрестердің дү­ние­жүзілік деңгейі көпке дейін бір ғана орман шаруашылығы саясатынан аспады. Әрі оған қатысушы ғалымдар мен мекеме басшы­лары­ның конгресте алынған шешімдерді өз елдерінде толық жүзеге асыруға мүмкіндіктері болма­ды. Өйткені, олар жеке мемлекеттер деңгейінде іске асырылуы қажет, ал ол үшін сол елдің үкіметі арнайы шешім қабылдауы керек. Бірақ уақытында осындай шешімдер қабылдатуға көп орманшы ғалымдар мен осы саланың бас­қарушыларының құзыры жете бермеді. Сон­дықтан, көп халықаралық шешімдер қағаз жүзінде қалып жүрді. Бұл бағыттағы жұмыстар бір топ мем­лекеттің орманшылық және балықшылық сала­лары бойынша халықаралық мамандандырыл­ған ұйым құру жөнінде 1943 жылғы АҚШ-та өткізілген бір жиналыстағы ұсынысы 44 елдің қолдауын тауып, Азық-түлік және ауылша­руа­шылық ұйымы (ААҰ-ФАО) құрылғаннан кейін жандана түсті.

Бұл ұйым өз бағытына байла­нысты мамандандырылған 8 комитет құрып, тұрақты түрде қызмет атқара бастады. Солар­дың бірі болып табылатын Орманшылық ко­мите­тінің бастамасы бойынша ААҰ 1947-1959 жылдар аралығында өткен конференция­ларында дүние жүзінің аймақтары бойынша осы істі жүргізетін 6 комиссия құрды. Дегенмен, ормандар мен орман шаруашы­лығының халықаралық маңызы Біріккен Ұлт­тар Ұйымы құрылғаннан кейін ғана күрт артты. Оған дүниежүзілік орман конгрестері­нің шешімдеріне БҰҰ-ның және оның құрамына кірген Азық-түлік және ауылшаруа­шылық ұйымының ерекше көңіл бөле бастауы себеп болды. Мысалы, БҰҰ өзіне қарайтын ААҰ арқылы кейінгі кезде қабылданған дүние­жүзілік орман конгрестерінің ең маңызды шешімдеріне байланысты атқарылатын істердің бағдарламасын жасатып, оны жүзеге асыруды және қаржыландырып отыруды арнайы құрыл­ған БҰҰ-ның Даму бағдарламасына тапсырды. Бұл шешімдер орман мен орман шаруашы­лығы мәселелерін дүниежүзілік орман кон­грес­терінің ауқымынан шығара бастады. Олар кейде аймақтық әртүрлі мәжілістерде де қарала­тын болды. Осындай шараларға, мысалы, Еуропа елдерінің орман шаруашылығына жауап­ты министрлерінің конференцияларын және жеке тақырыптық дүниежүзілік немесе аймақ­тық конференцияларды, форумдар мен симпо­зиумдарды қосуға болады. Мұндай жиналыс­тардың ауқымы кейінгі кездерде едәуір кеңейе түсті. Олардың күн тәртібіне орман мен орман шаруашылығына тығыз байланысты басқа да көлемді мәселелер қойылып отырды. Мысалға 1972 жылы өткен халықаралық Стокгольм кон­ференциясын алуға болады. Онда қоршаған орта проблемалары жан-жақты талқыланып, олардың жаһандық мәселеге айналғаны, эко­номикалық даму алға кетіп, экологиялық жағдай күрделенгені, алдыңғы қатарлы елдер мен кешеуіл дамыған елдер арасындағы қайшылықтар көбейе түскені баса көрсетілді. Бұл конференция қоршаған орта проб­лемаларын дүние жүзі деңгейіне көтерді. Онда әлем елдерінің басшылары пікір алмасып, жаһандық деңгейде экологияға жанашырлық қажет екенін мойындады. Сондықтан Стокгольм конференциясы қоршаған орта жағ­дайын талқылаған бірінші форум аталып, онда БҰҰ-ның «Қоршаған орта бағдарламасы»» (UNEP) құрылды. Бірақ бұл конференциядан кейін де эко­номикалық саясат экологиялық саясаттан ба­сым бола берді. Қоршаған орта проблемалары­ның шешімдері кешіге түсті, ал қабылданған шаралар айтарлықтай нәтиже бере алмады. Сондықтан кейінірек осы тақырыпқа дүние жүзінің тағы бір көңілі аударылды. Ол үшін БҰҰ арнайы комиссия құрды және оған сол кездегі Норвегия премьер-министрі Гру Харлем Брундтланд ханымға басшылық етуді тапсырды. Бұл ханым өз халқының «ұлт анасы» деп атап кеткен, осыдан шамалы уақыт қана бұрын терроршы Андерс Брейвиктің атып өлтіргісі келген Норвегияның көрнекті мемлекет қайраткері болатын. Брундтланд ханымның комиссиясы «Қорша­ған орта және даму» ұранымен жұмыс істеп, осы мәселе бойынша «Ортақ келешегіміз» атты баяндама дайындады. Онда өзекті мәселе ретінде орман жағдайы қаралды.

Әлемде орманға қысым көбейе түскені, оларды жаппай егіс алаңдарына айналдыру етек алғаны және оның келешегіне қауіп төнгендігі, бұл қауіп қоршаған ортаға, адам баласының өміріне төнген қауіппен пара-пар екені ашық та батыл айтылды. Оның сыртында бұл баяндамада даму үдерісі тепе-теңдікте болуы қажеттігі және оның кейінгі ұрпақ тағдырын ескеретін «тұрақты орманшылық»» принциптері арқылы жасалуы керек екені атап көрсетілді. Осыдан кейін «тұрақты орманшылық»» деген термин қолданысқа еніп, олар кейін «тұрақты даму»» ұғымының пайда болуына әсер етті. Бұл ұғымға заңды жол осы уақытқа дейін дүниежүзілік мәні мен маңызы әрі жеке мемлекеттерге әсері жағынан бірінші орында тұрған Рио-де-Жанейро конференциясында (1992) ашылды. Ол «Қоршаған орта және даму» «UNCED» девизімен әлемге мәлім болды. Оны ерекше маңызына байланысты басқаша «Рио шыңы» деп те атап жүр. Өйткені, оған 150-ге жуық мемлекеттердің президенттері мен королдері, үкімет басшылары, қоршаған ортаны қорғау немесе орман шаруашылығы салалары­ның министрлері қатысты. Бұрын-соңды әлем­нің осынша көп жоғары дәрежелі басшылары мұндай жиынға қатысып көрмеген болатын. Олардың қараған мәселелері де, алған шешімдері де тың және батыл болды. Мысалы, бұл конференцияда «Қоршаған ортаға қайшы даму немесе дамуға қайшы қор­шаған орта болмауы тиіс» екендігі ашық ай­тыл­ды. Осы себептен орта мен даму үдерісі тең дәрежеде қалыптасуын қолға алатын мез­гілдің жеткендігі негізгі шешім ретінде қабыл­данды. Орманды жерлердің көлемі индустрия­лық өркендеуден азая түсіп, тіпті жойыла бастағаны қоршаған ортаға төнген қауіптің ең зоры және ең қатерлісі екені мойындалды.

Рио конференциясы талдаған сұрақтар да, ол қабылдаған құжаттар да алуан түрлі, ал олардың орман мен орман шаруашылығына байланыстылары мыналар:

1. Рио декларациясы. 27 бөлімнен тұратын бұл құжатта бірінші рет әр мемлекеттің қорша­ған орта мен дамуға байланысты мүмкіндіктері мен міндеттерінің сыртында, олардың саяси жауапкершіліктері көрсетілген. Сондықтан ол жоғарғы дәрежедегі әлемдік ортақ саяси жетістікті көрсететін алғашқы маңызды құжат болып саналады.

2. Орманшылық қағидалары. Онда орман мен орман шаруашылығына байланысты бар­лық басқару, қорғау және сақтау мәселелері 15 бөлімге бөлінген 42 қағида түрінде бекітілді. Олардың бастылары мына бағыттарды қам­тиды: - жер шары ормандары бүгінгі және келер ұрпақтардың әлеуметтік, экономикалық, эколо­гия­лық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін дәрежеде басқарылуға тиіс; - әлемдегі орман қорын қорғау жауапкершілігін барлық мемлекеттер біріге атқарысатын болуы керек; - әр елдің ұлттық саясаты мен стратегиясы орман қорының жаңғыру процесі арқылы көбейе түсуіне мүмкіндік беруі қажет; - барлық мемлекеттер, мекемелер мен ұжымдар орманның және оның алуан түрлі байлығының дұрыс дәрежеде бағалануына, орман мен орманшылыққа байланысты жоспарлардың халықаралық деңгейде қаралып, шешімін табуына жәрдемші болулары керек.

3. ХІХ ғасыр - күн тәртібінде. Бұл құжатта мемлекеттер мен халықаралық даму ұйым­дарының үстіміздегі ғасырда қоршаған орта мен дамуға байланысты атқаратын 4 тараудан тұратын шаралары белгіленген. Олар 45 бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке-жеке талқыға түсті. Олардың ішінде 11-ші бөлім тұтасымен орманшылыққа арналды және «Ормандардың жойылуымен күрес»» деп аталды.

4. Шөлге қарсы күрес туралы келісім. Бұл келісім жерлері шөлейттену үдерісі күшейген мемлекеттерге шөлмен күресу және олардың да­муын жақсарту мақсатында көмек көрсету үшін жасалды. Онда жер құнарлылығын арт­тыра түсу, топырақ эрозиясын бәсеңдететін әдістер қолдану, су қорларын үнемді пайдалану, жергілікті халықтың өмір деңгейін және әлеуметтік жағдайын көтеру секілді шаралар белгіленген.

5. Климаттың өзгеруі туралы келісім. Онда атмосфераның құрамына және ауа райына тікелей әсер ететін газдардың көбеюіне тосқауыл қою, ол үшін жеке мемлекеттерге қаржы бөліп, өндіріс процестерін жаңа технологиялармен алмастыру қажет екендігі көрсетілді. Осы мақсатта кейбір елдерге халықаралық көмек көрсету де ойластырылды.

6. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау ту­ралы келісім. Бұл келісімнің мақсаты өте зор. Ол жер бетіндегі тірі организмдердің әртүр­лілігі келешекте тұрақты дамудың кепілі екендігін анықтап берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Қазақстандағы орман шаруашылығы мен орманды аймақтарда мемлекеттік тілдің қолданылуы: әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық қырлары
Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus) таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуы
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Орман шаруашылығы туралы
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz