Қарым-қатынастың тұлға қалыптасуы мен психикаға әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі

Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Жазған: Абдулла Аяулым Бақытқызы

Жоспар:

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
  2. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы.
  3. Қарым-қатынас процесінде адамның қоршаған ортаны қабылдауы.

Адам өмірінде қарым-қатынас процесі үздік жүріп отырады. Тіпті біз дүниеге келген кезден бастап анамыздың бізге қамқорлығы, сөйлеп, еркелеткені бәрі қажетті қатынастарға жатады. Егер анасы сәбиімен қарым-қатынас орнатпаса, баланың психологиясы дұрыс қалыптаспай, қатігез әрі тас жүрек болып өсуі әбден мүмкін. Осыдан қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі алатын орнының маңызын байқамаймыз.

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Өзге адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады.

Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсі мәлімет алмасу ол өте қажет, алайда бұл жерде де қарым-қатынасқа түсетін адамдардың өздеріне тікелей байланысты, яғни дұрыс мәліметтерді қабылдап, бұрысын ысырып тастай алу керегін таңдай алу қабілетінің болуы да өте маңызды.

Жоғарыда келтірген мысалдардан, өзіміз көріп отырғандай, қарым- қатынас тек коммуникативті құрал ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасуында, ой өрісінің дамуында, көкжиек танымының шыңдалуында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.

Адам - әлеуметтік жаратылыс. Ол тамақтану, көбеюмен қатар тілдесуді қажет етеді. Қарым - қатынас арқылы ақпарат алмасып, таным аясы кеңейеді.

Адамзат қоғамының қалыптасуы.

Қарым-қатынас болмаса, адамзат қоғамы болмас еді, осының арқасында жеке адаммен тіпті бүкіл адамзат арасында байланыс орнайды. Қызметте, жалпы өмірде кез келген сала қарым - қатынассыз өтпейді. Егер адам өзі қаламағанның өзінде, өмір сүру үшін тілдесудің маңызы өте зор.

Алғашқы қауым адамдары қалауын ым - ишара арқылы білдіреді, кейінірек ол сөйлеудің дамуына әсер етіп, ұғым пайда болады да, белгілі бір заттардың атауы туады. Қарым-қатынас - қоғамның өзегі болып табылады. Тап сол қарым-қатынастың арқасында адам психикасы мен мінезі қалыптасады, жеке тұлға ретінде дамиды. Тілдесу - адамды жер бетіндегі басқа жаратылыстардан ерекшелейді. Осыдан адамдар бір-бірін ұғысады. Тілдесу - байланыс орнату мен ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызады. Осы арқылы, адам өзіне тәжірибе жинақтайды немесе бөліседі.

Адам баласы қоғамнан тыс жеке өмір сүре алмайды. Себебі адамның психикасы тек қоршаған ортамен, яғни айналасындағылармен қарым- қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мысалы, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалады.

Орыстың атақты ғалымы М. В. Ломоносов «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: «…Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік …». Яғни бұл сөздерден адамның іс-әрекетінде, жалпы өмірінде қарым-қатынас үлкен рөлге ие екенін анық байқаймыз.

Адам баласы кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, осыған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Жалпы, қарым-қатынас психологиясында мынандай құбылыстар болады: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.

Яғни, өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынасқа түсу арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ, онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

Қарым-қатынас тек адамның рухани дүниесіне ғана әсер етіп қоймай, оның таным көкжиегіне, айналасына бейімделуіне де оң әсерін тигізетін фактор.

Мысалға, біз басқа адамдармен экономика мәселесі жайлы сөйлесіп тұрмыз делік, олар осы салаға қатысты түрлі пікірлерімен, өз ойларымен және елдегі хал ахуал жайлы бір-бірімен бөліседі. Сол кезде бізде экономика жайлы басқа адамдардың пікірінен ой түйеміз, не болмаса бұрын соңды білмеген тың ақпарат аламыз. Сол арқылы сәлде болсын таным көкжиегімізді кеңейтеміз.

Басқа мысал алып қарастырайық, біз шет елге саяхат жасадық, сол елдің тілін білеміз, алайда мәдениеті жайлы бізде мәлімет аз. Егер басқа елдің мәдениетін, сенімін я болмаса тұрмыс-тіршілігін білгің келсе ең дұрысы сол елдің адамдарымен қарым-қатынас орнату, себебі басқа елдің адамдары өз дәстүрі, салт-санасы жайлы басқа ақпарат көздеріне қарағанда анағұрлым сенімдірек әрі нақты айтып бере алады. Басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқан сайын, бізде қоршаған ортамызға жаңаша көзқараспен қарай бастаймыз. Адам өз білімін жетілдіріп, танымын, сана сезімін үнемі байытып отырса онда ол бір затқа, я болмаса туындаған проблемаға бір жақты ғана емес сан қырынан қарап, талдап, анализ жасауға үйренеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік қарым-қатынастың тұлға дамуындағы рөлі
Тұлға және қарым-қатынастың психологиялық негіздері
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі
Тұлға мен топ: даму және өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық аспектілері
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік қарым-қатынастың тұлға дамуының негізі
Жеке тұлға: құрылымы, бағыттылығы және тұлғаралық қарым-қатынастың психологиясы
Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым-қатынастың дамуы: тұлға, топ және қарым-қатынас мәдениеті
Отбасы тәрбиесінің рөлі мен қазіргі проблемалары: баланың тұлға болып қалыптасуы және отбасылық қарым-қатынастың психологиясы
Оқу-тәрбие үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Қарым-қатынастың бала дамуындағы рөлі және А.В. Петровскийдің тұлға қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz