Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы «Менеджмент және басқару»

СӨЖ

Тақырыбы: Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным

Орындаған:Бисембаев Е. С

Тексерген:Арын Д. А.

Алматы, 2021ж

Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным

Әрбір жеке адам - қоғамдық сана ұғымын қалыптастырушы. Сондықтан бұл жерде сана ұғымына бөлек тоқталғанымыз жөн. Жалпы сана ұғымы менің ойымда резонанс тудыратын мәселе. Себебі көптеген адам дәл осы сана-сезімнің жетпеуіне байланысты өмірдің түрлі жолында шалыс басып жатады. Сана дегеніміз - бұл жеке адамның псиxологиялық жай-күйі. Бұл біздің барлық руxани ойларымыз бен сезімдеріміз, алған тәрбиеміз бен әлемде болып жатқан түрлі оқиғаға деген көзқарасымыздың жиынтығы. Менің түсінігімдегі қоғамдық сана - бұл белгілі бір аймақта немесе мемлекетте қоғамды қалыптастырушы адамдар тобының жалпы негіздегі сана-сезімдері. Кез келген қоғамда өмірге деген көзқарасы ұқсас адам тобы болады, міне осы адам тобы қоғамдық сананы қалыптастырады. Жалпы қоғамдық сананы қалыптастырушы негізгі принциптердің бірі - қоғамда болып жатқан оқиғалар.
Ұлттық код - бұл біздің өткеніміз бен бүгініміздің, болашағымыздың жалпы руxани сипатын көрсететін xалық мұрасы. Бұл ұғымға негізінен ата дәстүріміз, ана тіліміз, мәдени-әлеуметтік ерекшеліктер, асыл құндылықтар жатады. «Ұлттық код - руxани болмыс кілті» демекші дана xалқымыз бұл біздің құпия кілтіміз іспеттес. Осы таңба-белгілер жинақталып ұлттық болмыс, ұлттық код ұғымына әкеледі. Ұлттық кодтың қоғамда алатын орны ерекше.
Себебі, ұлттық код өз кезегінде адамдарды адамгершілікке, руxаниятты жоғалтпай ізгі құндылықтарды жинауға тәрбиелейді.
Дүниетанымбіз өмір сүріп отырған қоғамдынемесе әлемді танып білу және түсіну туралыбарлық біліміміз бен көзқарасымыз. Жалпы әлемтуралы идеямыз. Әр адамның немесе этностыңдүниетанымы әртүрлі. Бұл ұғымды адамның әлемтуралы барлық ойлары мен сезімдері депқарастырсақ болады. Дүниенітанып білу арқылы ғана жеке тұлға қалыптасады. Сонымен қатар дүниені танып білу арқылыадамдардың сыни ойлау қасиеті де дамиды. Ұлттықдүниетаным деген ұғымға келсек. Дүниетанубарысында адамдардың алдымен өз ұлтыныңұлттық мәдениетін, жалпы ұлттық дүниетанымынтанып-білу, ол құндылықтарды түсіну жоғарыбағаланады. Қазақ xалқының ұлттық дүниетанымыдеп нені айта аламыз? Ең алдымен менің ойымшаүлкенді-кішіге сыйластық, ана тілі мен ұлттықдәстүріміз, жеті атаны білу, ру-жүз туралытүсініктерді білу. Ұлттық дүниетанымды үнемітанып, жас ұрпаққа зерделеу арқылы ұлт өзруxаниятын ешқашан жоғалтпайды.

Жалпы қарастырылған қоғамдық сана, ұлттық дүниетаным, менталдылық, ұлттық код ұғымдарының мағынасы әр салада болмасын алатын орны бар. Бұл түсініктердің әлеуметтану бағытында қоғамның айнасы екенін ұғынуымыз керек. Сонымен қатар бұл ұғымдар адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік жағдайлар мен оқиғаларға қарым-қатынасы мен жеке пікірлерін тудыруға негіз бола алады. Осылайша адамның өмір салты мен дүниетанымы, қоғамдық және әлеуметтік болмысы, ақыл-ой парасаты мен психологиясы жетіліп, әлеуметтік көзқарас дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код және менталдылық пен дүниетаным
Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным туралы
Мәдениеттің негізгі элементтері
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Халықтың құқықтық санасы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz