Ғылыми білімнің даму заңдылықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1. Ғылыми білімнің даму заңдылықтары

Ғылым - уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет.

Сөйтіп, ғылым, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі - білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.

Жаңалықтардың арқасыңда антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар жасап, физика, биология және т. б. болашақ ғылымдар үшін құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері анықталды. Ол ерекшеліктер:

  • ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;
  • ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;
  • ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс;

2. Ғылым және қазіргі заманға білім беру жүйесі.

Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пәндер туды: ғылымтану, ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды.

Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының түрлі кезеңдерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық (тиімді) әдістері мен нормаларын табады. Алайда ғылым тарихшыларының мұқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Соңдықтан ол бұл жерде ғылым тарихшыларының көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ғылыми білімнің өсуі мен дамуын аса маңызды проблемаға айналдырып отыр. Осыған байланысты ғылымды дамытудың көптеген түрлі жолдары мен концепциялары ұсынылуда. Солардың ішіндегі бір аса маңыздысы интерналистік деп аталатын, яғни ғылыми білімнің өсуінің ішкі себептері мен мүмкіндіктеріне, факторына негізделген концепциялар ерекше орын алады. Көптеген ғалымдар ғылым прогресі ең алдымен объективтік ақиқатты іздеумен және оған жетудің рациональдық (тиімді) әдіс-тәсілдерімен анықталады деген көзқарасты ұстанады. Алайда кейбір философтар ғылымның прогресін дүние жайлы объективті ақиқат білімнің өсуінен гөрі, нақты ғылыми проблемаларды шешуге ғылымның қаншалықты тиімді екендігімен түсіндіруге тырысады. Ал проблеманың тиімді шешілуі теорияның дамуымен қаншалықты байланысты екендігін еске алсақ, олардың арасындағы әлгіңде келтірілген қарама-қарсы қоюдың қисынсыздығын байқау қиын емес. Міне сондықтан да ақиқат білім ғылымның ең негізгі құндылығы болып табылады. Олай болса, ғылыми танымның бүкіл қызметі ақиқатты іздеуге және негіздеуге бағытталуы тиіс.

3. Орта ғасырдығы Шығыс ғылымының еркшелігі

Шығыс араб елдерінде өз заманына сай дамыған философия қалыптасты. Араб әлемі өзінің жаратылыстану саласындағы жетістіктерімен әйгілі болған.

Араб философиясының бастапқы негізін материя жайлы ілімді дамытушы Аль-Кинди қалаған. Аль-Кинди идеясын жалғастырушы - ғылымдардың жіктелуін ойлап тапқан XI ғ ірі ойшылы Әл-Фараби.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Әдістеме - таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
Ғылым жетістіктерің философиялық тұрғыда тұжырымдау
Оқыту теориясы
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы. Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz