Отбасындағы гендерлік рөлді ( іскерлік ойын әдісін пайдалана отырып ) талқылау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Отбасындағы гендерлік рөлді ( іскерлік ойын әдісін пайдалана отырып ) талқылаңыз

Орындаған: Ерсін Ақжол
Тексерген: Омарова Әсем Турдыбековна

Гендер - бұл әлеуметтік рөлдердің жинағы. Жыныс емес гендердің өзі әйелдер
мен еркектерде психологиялық қасиеттермен, қабілеттермен, қызмет, мамандық
және іс түрлерімен қамтамасыз етеді.
Гендер әйелдер мен еркектер арасындағы табиғи, биологиялық және болмысты
болып табылмайтын айырмашылықтарды тудырады. Гендерлік теңсіздік отбасында,
достық қарым-қатынаста, қоғамдық немесе қауымдық өмірде (мысалы, еркектіңұлдың
абыройлы мәртебесі) орын алады.
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ер адамдар мен әйел адамдардың отбасындағы
және күнделікті өмірдегі мәртебесінде, бір-біріне және балаларға қатынасы бойынша
олардың міндеттері мен құқықтарын түсінуінде айтылып өтті. Отбасылық өмірдің аясы
еркектер мен әйелдердің рөліне заманауи және дәстүрлі көзқарастарға оқыс қарсыласу
орны болып табылады. Отбасында гендерлік рөлдердің өзгеруінің мысалы бойынша,
қоғамдық санада патриархалдылықтан заманауи әйел кейіпіне ену қадамдарына
жылжығандықты айқын байқауға болады.

Әйелдің әлеуметтік дәстүрлі рөлі - бұл ана мен жардың рөлі. Осы тұрғыдан оның
гендерлік мәртебесі - үй бикесінің, ошақ қорғаушысының, балалардың қамқор және
эмоциялы тәрбиешісінің және т.б. мәртебесі. Еркектің мәртебесі керісінше, балалармен
айналыстпайтын, тек отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін үй қызметтерін
тұтынушы, табыскердің, іскердің рөлін көрсетеді.
Қоғам мен мемлекет отбасы саулығына мүдделі, олар бірігіп қызмет атқарады,
өзара байланыста және бір-біріне өзара әсер етеді.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындығына орай, әсіресе, жас балалы
отбасыларда әйелдердің қолында үй шаруаларын басқару (отбасының басқа мүшелері
арасында міндеттерді бөліп беру, қаржыны басқару) және қоғамдағы әйелдің рөлін
күшейтудің арқасында отбасын басқару рөлі феминизацияланады (әйелдер рөлінің
артуы).

Сонымен қатар, бұл отбасылық рөлдерді дәстүрлі түрде бөлу көптеген
отбасыларда үйлеседі: ері (әкесі) - табыс табушы және асыраушы, әйелі (анасы) - үй
бикесі және балалардың тәрбиешісі. Әкенің рөлін көтеру отбасында ер адамның билігін
мықтап құрады, ол болашақта отбасы рөлдерінде ұл балалардың бағдарларын күшейтуде
байқалады.

Отбасындағы әке мен ананың рөлі
Барлық уақытта да ана мен әкенің рөлі ұлы және ештеңемен теңеспейді.
Табиғатынан және қоғамда әйел адам - ана мен жар болуға дайындалған сияқты, әрбір ер
адам да ері, әкесі болуға дайындалады.
Некеге отырған соң ер адам өзіне үлкен жауапкершілік алады - әке болып,
отбасында тірек болады. Бірақ, шындығында қаланың өмір салтының таралуына орай,
көбіне отбасылық өмірді әйел-зайыбы, ана басқарады. Заманауи пәтерлерде барлығы бар,
сол себепті, балалар әкесінің еңбектену үлгілерін жиі көре алмайды. Оның еңбегі
толығымен отбасынан тыс қалып қояды. Ана - бұл басқа іс. Ол өндірісте жұмыс істесе де

үйде де оның жұмыс күні бар. Дегенмен, әке бәрібір - тұрмыстық мәселелерде күш, ақыл
және отбасының тірегі болып табылады.
Әкелік ету - ер адамның әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан пісіп жетілуіне
емтихан болып табылады. Некеге отырып алып әке болуға дайын емес жастар әрқашан
кездеседі. Бала - отбасының мықтылығына арналған үлкен сынау.
Біздің уақытымыздағы балалар бақшасында және мектептерде негізінен әйел
адамдар жұмыс істейді, ер адамардың балаларға әсерінің жоқтығы білінеді. Сол себепті,
әкелер отбасылық қатынастарда өзінің әсерін толықтырып отыруы қажет.
Балалардың бос уақытын, ата-аналарға көмек көрсету бойынша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау
Жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне жетекшілік қызметтің әсері
Қарым - қатынас мәдениеті арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бағдарламасы
Толық емес отбасынан шыққан бастауыш сынып балаларының сипаттамалары
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Пәндер