Балаларды еңбекке баулу жолдары арқылы тәрбиелеу


Сулейменов Бахытжан Рамазанович
КММ Кішкенекөл №1 орта мектебі.
Уалиханов ауданы, Кішкенекөл селосы.
Балаларды еңбекке баулу жолдары арқылы тәрбиелеу.
Аннотация.
Бүгінгі ашатын тақырыбым: «Балаларды еңбекке баулу жолдары арқылы тәрбиелеу». Менің ойымша, қазіргі уақытта балаларды еңбекке баулу өте қажет, себебі қазіргі заманда балалар көбінесе ұялы телефон, интернет желілерде отырады. Сондықтан мектепте тек білім, тәрбие жағынан емес, тағы еңбекке баулу қажет. Мен өз сабақтарымда балаларды өзара қарым- қатынас жасауға, тіл табысуға, шығармашылық жігерін ашуға, шеберлік деңгейінің өсуіне, әр бастаған жұмысты соңына дейін жеткізуге уйретемін.
Сегодняшняя тема моей статьи «Воспитание детей путем приучения их к труду». По моему современные дети не приспособлены к труду, так как в основном они сидят в телефонах, в интернете, это во- первых. Во- вторых у всех дома современная бытовая техника, которая облегчила домашнюю работу. Поэтому в школе мы должны давать не только знания и воспитание, но и готовить их самостоятельно трудиться. Ведь труд облагораживает человека. Я на своих уроках учу детей находить общий язык друг с другом, к любой работе подходить творчески, начатую работу доводить до конца и делать это все аккуратно.
Today's topic of my article is "Raising children by teaching them to work. " In my opinion, modern children are not adapted to work, since they mostly sit on phones, on the Internet, first of all. Secondly, everyone has modern household appliances at home, which made homework easier. Therefore, at school we must give not only knowledge and education, but also prepare them to work independently. After all, work ennobles a person. In my lessons, I teach children to find a common language with each other, to approach any work creatively, to finish the work started and do it all carefully.
Қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды».
Бұл сөзден еңбек қолөнерді еш уақытта ескірмей, адамның өмірлік жолында пайдасы зор екнің байқаймыз. Қазақ елі еңбекті ерекше бағалап құрметтеген. Мысалға: Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті деген сияқты мақал мәтелдерінен, және тағы басқа қанатты сөздерінен байқауға болады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады.
«Технология. Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтыным, балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса, бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе, ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады?
Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал етеді.
Сондықтан, мен өз сабақтарымда балалардың алдында олардың қолдарынан келетін тапсырма беріп, түсіндіре отырып, көрсетіп, жеңіл тәсілмен орындауды үйретемін. Кез келген тапсырмаға қызығушылыққа баулимын. Әр орындаған тапсырмаға сөзбен формативты баға беремін немесе балалар өзара пікір алмасып, бір бірінің жұмыстарына баға береді. (Сөзбен көбінесе қолданылатын сөздер: жақсы, керемет, маған Аңсардың жұмысы ұнады, себебі…) Осындай жұмыстан кейін балалардың қызығушылығы өсіп, істеген жұмысын тиянақтап жасауымен тілдері дамиды.
Балалардың істеген жұмыстарын көрмегеге қоямын немесе әр турлі конкурстарға қатыстырамын. Мысалы менің оқушыларым Республикалық «Мир творчества», «Жарқын болашақ »конкурстарына қатысып жүлделі орын алды. Осылай балаларға ұсынылған жұмыстардың арқасында оқушыларымның байқағыштығын, ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерінің дамуына әрекет жасаймын, онымен қатар оқушылар табандылыққа, өз күштеріне сенімділік арттыратынын байқадым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz