Анимациялық өнер
Мультфильмдердің тарихы мен дамуы өте қызықты жайттан бастау алады. Алғашқы "аниматор" фотосуретке жан бітіріп, яғни, қимыл-қозғалысқа келтіріп жасады. Ол бельгиялық физик ғалым Жозеф Плато (1832 ж.). Плато бірнеше алғашқы жұмысын сурет жапсырылған дискіні жылдам айналдыру арқылы, қолын сілтеп жүгіріп бара жатқан адам бейнесін жасады. Ал 1877 ж. француз суретшісі әрі инженері Эмиль Рейно траксиноскоп арқылы суреттің қимыл-қозғалысын ұзартып, бейненің шынайы қозғалысын қалыптастырды. Сонымен қатар, жансыз бейнелердің қимылын музыка және әнмен сүйемелдеп, қызықты, әрі комедиялық таспа тізбегін жасады. Оның ұзақтығы 15-20 минутқа созылды.
1906-1908 жылдар аралығында тапқыр ғалым Стюарт Блэктон мен Уинзор Маккей (америкалық), Эмиль Коль (француз) т.б. суреттерді кадрлеп түсірудің жаңа жолдарын пайдаланып, мәнерлі жандандырудың құпияларын ашып, мультипликациялық киноның көшбасшысы атанды.
Әлемде алғашқы анимациялық кейіпкердің авторы - Уолт Дисней. Ол мультикті дамыту мақсатында өз қарамағына бірнеше елдің талантты суретшілерін қызметке алып, ширек ғасыр бойы шығармашылық және техникалық жетістіктердің иесі болып, анимация "корольна" айналды. Оның әйгілі Освольд (қоян), Микки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т.б. кейіпкерлері миллиондаған көрермендердің көңілінен шықты. Бірнеше серияны құрайтын қойылымдардағы қимыл мен сөздің дәлдігі, музыка, шудың қозғалыспен қатар естілуі үйлесім тапты.
Ал, қазақстандық мультипликацияның дамуына 1936 жылы құрылған ХХ "Союзмультфильм" студиясы зор ықпал етті. Әрі дамытты. Осы студиядан шыққан Вячеслав Котеночкиннің "Тұра тұр, бәлем!" (Ну погоди!) көп сериялы фильмі, режиссер Владимир Поповтың "Простоквашинадан шыққан үшеу" (Трое из Простоквашина), т.б. фильмдері миллиондаған жас көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мультипликациялық кино әрдайым жаңалықтар мен ізденістерді қажет ететін өнер. Онда суретшілердің, қолөнершілердің қолтаңбасы мен компьютерлік графика ісі басты қажеттілік болып саналады.
Міне, "Союзмультфильм" құрылуымен Қазақстандағы мультипликация өнері даму жолына түсті. Қазақ мультипликация өнерінің тұсау кесері 1967 жылы, "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты қазақ ертегісінің негізінде түсірілген туынды. Оның сценарийін, суретін өзі салған режиссері Әмен Қайдаров болды. Тұңғыш қазақ мультфильмі 1968 ж. Ленинградта (Санкт-Петербург) өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілуге жолдама алды. Одаққа танымал болған анимациялық туынды 1975 ж. Нью-Йоркте өткен мультипликациялық фильмдердің І кезекті халықаралық фестивалінде "Қола Праксиноскоп" жүлдесін иеленді.
Бұдан бөлек Ә. Қайдаров , Жошы хан - Ақсақ құлан күйі негізінде "Ақсақ құлан", халық ертегісі "Құйыршық", түркі халықтарына ортақ әзілкеш "Қожа Насыр - құрылысшы" атты фильмдерді түсіріп, қазақ мультипликациясын өз дәуірінің жетістіктер биігіне көтерді. Сөйтіп, қазақ анимациясының туындылары небәрі өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан-ақ Орта Азиядағы теңдесі жоқ жетекші өнерге айналды.
Қазақ мультипликаторлары өз өнерін дамытумен ғана шектелеген жоқ, қырғыз, түркімен және тәжік елдеріндегі тұңғыш мультфильмдерді жасауға атсалысып, шығармашылық қолдау көрсетті. Бұл кез, қазақ анимация өнерінің "алтын дәуірі" атанған. Яғни, қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзге жеткен ғажайып жетісіктің мезгілі еді. Олардың арасынан режиссер-суретшілер: Жакен Даненов пен Қыстауовтың "Алпамыс батыр", "Айдаһар аралы", Ерсайын Әбдірахмановтың "Тапқыштар", "Бозторғай", Бәйтен Омаровтың "Үш шебер", "Қаңбақшал",Тамара Мұқанованың "Жібек шашақ", "Қайшы", Қалдыбай Сейденовтың "Тігінші мен ай", "Қадырдың бақыты" атты мультфильмдері - қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармаларға айналды. Сондай-ақ, қазақ анимациясының дамуына Аманжол Әбілқасымов, Абай Тоқшабаев, Ұ.Бекішев және басқа да шеберлер зор үлес қосты.
Қазақ анимация өнерінің сардарлары шәкірт тәрибелеу, болашақ маман даярлау ісіне де бейжай қараған жоқ. Соның негізінде, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы суретші-мультипликаторларды дайындау орталығына айналды. Бүгінде аталған оқу орнын бітіруші түлектер ұлттық анимация өнерінің дамытушы күшіне айналды.
Әмен Әбжанұлы Қайдаров анимациялық фильмді 1967 жылы Қарлығаштың құйрығы неге айыр? атты халық ертегісінің желісімен түсірді. Автордың салған суреті бойынша Қазақфильм киностудиясы шығарды. Ұзақтығы 10 минутты қамтитын мультфильмді түсіруге бір жарым жыл уақыт кетіпті. Аталған анимация 1967 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде көрсетіліп, әлемдік биікке көтерілді. Сол жылдары Әмен Әбжанұлының анимациясы дүние жүзінің 48 елінде көрсетіліп, қазақтың есімін даңққа бөледі. Мультфильм 1968 жылы Ленинград қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ-жүлдені, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде Қола Праксиноскоп жүлдесін жеңіп алған.
Қазақ анимациясының даму жолы - Кеңес уақыты және тәуелсіз Қазақстан кезеңі деп екіге бөлінеді. Алғашқы негізін Әмен Қайдаров ағамыз бастаған қазақ мультфильмдерінің ардагерлері тұсындағы туындылар қалады. Тіптен, сол кезеңде жасалған мультфильмдер сапалық деңгейі, мазмұндық жағынан болсын бүгінгі өнімдерден ерекше дараланады. Әсіресе, "Қарылғаштың қанаты неге айыр?" мультфильмі көптің назарынан әлі күнге қалған жоқ. Әрине, ол дәуірдегі анимация қазіргі техникалық мүмкіндікті пайдалана алмағанымен, тәлім-тәрбилік тұрғыдан көшбасшылық рөл ойнап отыр.
Қарылғаштың құйрығы неге айыр? - қазақ мультипикациясында ойып тұрып орын алатын, қазақ анимациясының алғашқы қарылғашы еді. Ол халық арасына кең тараған аңыз-ертегі желісін басшылыққа ала отырып ұлттық бояуы қанық мультфильмді жарыққа шығарды. Әрине қазіргідей сандық технологияның көмегінсіз әр бір қимыл үшін бірнеше парақ сурет туындыларын салуға тура келетін. Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас, адам мен жан-жануар арасындағы селбестік, достық өте әсерлі түрде бейнеленіп, қазақтың "жақсы іске жақсылықпен жауап қайтаруға үндейтін" ұлы философиясын тұшымды түрде, қарапайым оқиға арқылы бере білді. Бұдан бөлек, адамзатты аң-құсты, табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға насихаттады. Әсіресе, қарылғаш құстың қадір-қасиетін арттырып, адамға етене жақын досы ретінде байне қалыптастырады. Қазақ анимациясының алғашқы қарлығашы күні бүгінге дейін бүлдіршіндер сүйіп көретін мультфильмдер арасында көш басында тұр.
Тәуелсіздік алғаннан кейін анимация саласы Қазақстанда кенжелеп қалды. Қазақстандағы анимация өнерi қазiргi күнi "Қазақфильм" АҚ-ның жанында шағын шығармашылық бiрлестiк ретінде жұмыс атқарады. Анимациямызды дамыту, қазақ мульткейіпкерлерін әлемдік кейіпкерлер дәрежесіне жеткізу ауыр жүк. Дей тұрғанымен, қазақтың халық ертегілерінде бой көрсететін Керқұла атты Кендебай, Ер Төстік, Желаяқ, Көлтаусар, Жезтырнақ, Мыстан кемпір сынды дайын кейіпкерлерді сәтті өнімге айналдыруды негізгі нысан етіп алып келеді. Бұған дәлел, Қазақстан аниматорлар қауымдастығының президенті Ғали Мырзашевтің Анимация атты көрме ашып, жұрт назарын аударуға тырысты. Аниматордың көрмесі Американың Нью-Йорк, Манхэттен сынды қалаларында, Ұлыбританияда дербес және өзге шығармашылық иелерімен де бірлескен топтық көрмелер өткізіпті. Көрмеде суретші Байқоңыр-ғарышкер, Монша күні, Жұмыртқа, Ер Төстік, Алтай, Кім ең мықты? сынды мультфильм кадрлары мен жеке туындыларын қойып, анимация өнерін насихаттады.
Отандық анимация - Тәуелсіздігіміздің бел ортасынан бері қарай қалыптасу кезеңін басынан кешірді. Бұған техникалық мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан дүниеге келген мультфильмдерді айтуға болады. Ал, бұлардың бағыты дерлік ұлттық мәдениетіміздің, әдебиетіміздің мәйегі болған, халықтың қазынасына айналған тарихи оқиғалар мен даңықты тұлғалар, қиял-ғажайып ертегілер негізінде түсіріле бастады. Тағы бір артықшылық ол - ұлттық болмыс пен жаңа заманауи технология жетістіктернің ұштасуы, анимациялық өнімде бой көтеруі деп атауға болады. Сондай-ақ, әлемге танымал, анимациясы қарыштап дамыған алпауыт елдердің, қазақ баласына тәрбие бере алатындарын іріктеп алып, дубляж жасап, қазақ көрерменіне ана тілінде ұсыну үрдісі басталды. Бұл өз кезегінде, орыс тілді анимацияға санасы байланған, шет елдердің тілдік, идеологиялық шырмауына шалдыққан қазақ баласына үлкен үміт сәулесін жақты. Еліміздегі кинотеатрларда қазақ тілді өнімдерге деген сұраныстың артуына үлкен ықпал етті.
Ал, аяғынан тік тұрып, даму қадамын басқан мультфильм саласындағы ендігі үлкен кезең, шығар белес, мызғымас мұраты - аниматор мамандарды тәрбиелеп, шеберліктерін шыңдау, бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу.
Қазақ анимация өнерінде тоқсаныншы жылдардан бастап тоқырау болғаны бәрімізге белгілі. Тәуелсіздікке дейін біз жылына 4-5 мультфильм түсірдік, бірақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көршілес Тәжікстан мен Қырғызстан сияқты елдермен салыстырғанда анимация саласына елімізде мемлекеттік қолдау танытылмады. 1990-1993 жж. Г.Бекішев, А.Тоқшабаев, Г.Садықова, Н.Намазбеков, К.Сейданов т.б. мультипликаторлардың Сиқырлы айна, Мүшел, Тігінші мен ай сынды тың дүниелерінен кейін жеті жыл көлемінде ешқандай туынды жарыққа шықпады. Соңсыз қалған Қадыр ағашы (2000ж. реж: К.Сейданов, В.Чугунов) анимациясынан кейін Дүние кезек (2005ж. реж: Ж.Дәненов), Басып кіру (2006ж.), Алпамыс (2008ж.), Қаған (2006ж. А.Тоқшабаев), Колорадтық қоңыз бен құмырсқа (2007ж. реж: А.Мұратбеков), Шырақ (2008ж. реж:Қ.Қасымов) сынды он жыл көлемінде кішігірім студиялар жылына бір ғана туынды шығарумен шектеліп жүрді. Тек 2009 жылдан бастап қазақ анимациясын аяғына тұрғызу туралы шешім қабылдаған үкіметтің шешімі бойынша жұмыс атқарыла бастады. Режиссер-аниматорлар, көбінде толық метрлі фильмдерге негіз қойып, отандық тұңғыш 3D форматындағы толықметрлі Ер төстік және айдаһар (2013ж. реж:Ж.Даненов) аталатын анимациялық фильмін экранға шығады. Сонымен қоса, 85 сериадан тұратын Алдар көсенің көңілді оқиғалары (2009-2011жж. реж: Артур Краус) сияқты көп бөлімді туындылар дүниеге келді. Қазақстандық анимацияның даму барысында Animator PRO (Алматы), Astana жастар студиясы (Астана) және Сақ (Шымкент) студиялары Қазақфильммен бірлесіп жұмыс істейді. Осы бағытта жұмыс істейтін жалпы студияларды үш бөлімге бөлуге болады. Қазақфильм және Сақ, Жебе, Гүршік, Көкшеуниверситет, Astanafilm жастар студиясы, Animator-pro, ASU anima, Asia animation, Анимастер, жас студия QAZART media секілді т.б. ұжымдар еңбек етуде. Мұнда 350-ге жуық жеке студиялар мен студенттер шығармашылығы бар. Мультфильмдер, тақырыптық ізденістер, технологиялық әзірлемелер және осы топтар жасаған жанрлық бағыттар қазақстандық анимациялық өнерді жандандыруда. Бүгінде бұл студиялардың әрқайсысының өзіндік стилі мен қолтаңбалары бар.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің негізгі бастауы болып саналатын ертегілері - бүгінгі қазақ әдебиеті ғылымының бір саласы ретінде зерттелді. Сол ғылыми тұжырымдамалар негізінде ертегілер әлемі - ұрпақ тәрбиесі мен төл мәдениетімізді дәріптеудің, ұлттық рухымызды қайта жандандырудың құралына айналды. Яғни, бүгінгі таңда ең үздің идеология құралы болған кино, тедедидар, анимация мен театр өнері осы ертегілердің желісімен үздік туындыларды өмірге әкеліп жатыр. Әсіресе, балдырғандар мен жасөспірімедер тәрбиесі, ұлттық сананы қалыптасырудағы таптырмас құралға айналды. Міне, қазақ мультфилімі бұл тұрғыдан кенже қалған жоқ. Тіптен, анимацияның үздігі үш өлшемде, толықметражды туындыларды да өмірге әкелді.
Қазақ анимациясы қалыптасу кезеңін бастан өткерді, даму бағыты да айқын. Сондықтан, ендігі қадам - мультифильмдерді жетілдіруге бағытталу керек. Бұл үшін не істеуіміз керек?
Бірінші: Мемлекеттік деңгейде, қазақ анимациясын қадағалап, қаржыландырып отыратын арнайы үкіметтік мекеме құрылуы шарт.
Екінші: Шығармашылық топтарға қолдау, яғни, жекелеген студиялардың басын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыру. Яғни, біріздендіру қажет.
Үшінші: Мамандар тәрбиелеуге көп назар аудару. Яғни, "Болашақ" бағдарламасынан грант тағайындап, шетелде білім алуға жол ашуға тиіспіз.
Төртінші: Жаңа өнімді көрерменмен таныстыру ісін жүйелеу қажет. Себебі, кинотеатрлардағы қазақша өнім мен оған деген сұраныс жоғары болса да, көрсетелім уақыты (сеансы) дұрыс орналастырылмайды.
Қазіргі отандық анимация өнері үш негізде жұмыс атқаруда. Мемлекеттік тапсырыспен түсіретін Қазақфильм студиясы мен Сақ, Жебе, Гүршік, Көкшеуниверситет, Astanafilm жастар студиясы, Animator-pro, ASU anima, Asia animation, Анимастер, жас студия QAZART media секілді т.б. 350-ге жуық жеке студиялар және студенттік шығармашылықтар. Осы топтардың шығармашылықтарындағы тақырыптық ізденістері мен жанрлық бағыттары қазақ анимация өнерін қайта жандандыруда. Тәуелсіздік жылдары тоқырау кезеңімен тұспа тұс келгендіктен отандық анимацияда кішігірім студиялар жұмысы жылына бір мультфильм шығарумен шектелді.Тек 2009 жылдан бастап қазақ анимациясын аяғына тұрғызу туралы шешім қабылдаған үкіметтің бастамасы бойынша жұмыс атқарыла бастады. Осы жылдан бастап бүгінге дейінгі аралықты алып қарайтын болсақ, әр студиялардың жұмысы түрліше сипат алуда. Әсіресе мемлекеттік тапсырыспен түсіріп жүрген студияларымыз ұлттық құндылықтарымызға: соның ішінде фольклорға мән беруде. Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы - эпостық жырлар. Осындай жыр-дастандарымызды дәріптейтін мультфильмдер 2004 жылы құрылған Azia animation студиясының өндірісінен шыға бастады. Артур Краустың жетекшілігімен жүргізілген бұл студия Қозы көрпеш Баян сұлу, Қыз Жібек секілді махаббат дастандары, Тотамбай, Ермағамбет, Қайсар мен Кәрім т.б. халық ертегілері, Ер тарғын, Ер төстік және Қамбар батыр, Алпамыс батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр т.б. 10 сериялы батырлар жыры секілді қазақ эпосы желісінен құралған 80-нен астам мультфильмдер жинағымен толығады. Azia animation студиясы өндірістік мультфильмдердің саны жағынан барлығынан көшбастап тұр. Әр халық өсіп келе жатқан ұрпағын, олардың жүрегіне жететін бірден-бір жол фольклор, халық ауыз ертегілермен сусындатады. Бүгінде, фольклорлық шығармаларды қолға алған студияның еңбегіне қолдау білдіргенмен, ақсап тұрған тұсы жоқ емес, әсіресе сөздің көп қолданылуы. Осы ретте есімізге қазақ анимация атасы Әмен Хайдаровтың: Меніңше, фольклормен өзіңді шектеп қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын. Керемет болса да, бұл аз. Мен мәтіннің кішігірім, ал суреттің көп болғанын қалаймын. Анимация - ең алдымен ісәрекеттен тұрады. Қазақ мультипликациясында бүгінде драматургия жетіспейді - деген сөзі оралады. Расыменде әрекеттен гөрі сөз, кадр сыртындағы мәтіндер басым түсуде. Ал, кино өнері баяндауды қажет етпейтін бейнелік өнер. Кино өнерінің бір саласы болып табылатын анимация өнері технологияның барлық мүмкіндіктерін қамтиды.
1991 жылы тәуелсіздік алған тұста анимация саласы мүлдем тоқтады. Cонда, 2005 жылға дейін анимация болған жоқ деп айтуға болады. Ешқандай, тек жанкешті аниматор ағаларымыз ғана өз күшімен тірнектеп бірдеңелер жасап жүрген. Бұл үрдіс 2008 жылға дейін келді. Арада он сегіз жылдай анимация болған жоқ. Осы аралық қатты соққы болып тиді. Себебі, келе жатқан мектеп қартайды. Шығармашылықтан айырылды. Басқа салаға кетіп қалды. 2009 жылдан бастап қазақ анимациясының жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Содан бері қазақфильм жиырмадан артық анимациялық фильм шығарды. Оның бәрі он минутан тұратын қысқа метражды фильмдер. Үш жылдың ішінде Ертөстік және Айдаһар деген қазақ анимациясында тұңғыш үлкен туынды жасалды. 67-жылдан бері мұндай болған жоқ. Ертөстік жаңа технологияны пайдаланып, Уолт Диснейдің деңгейінде түсірілді. Сондықтан, анимация тоқтап тұрған жоқ, ілгерілеушілік бар.
Бүгінде қазақстандық телеарналардағы анимациялық өнімдердің саны артып, тілі қазақшалана бастады. Бұл үрдіс - қазақ тілді көрерменді қуантты. Себебі, кез-келген анимациялық өнім - қазақ баласының ана тілін жетілдіруіне, қолданыс аясын кеңейтуіне түрткі бола алады.
Бүгінде еліміздегі республикалық, өңірілік, қалалық арналарда САҚ киностудиясы түсірген қысқа метражды мультфильмдер көрсетіле бастады. Олар Алдар көсе мен шайтандар, Түлкi, кене және тасбақа, Құмырсқа мен алақоңыз, Аңқау қасқыр, Қауiпсiздiк әлiппесi және Адасқан тағдыр т.б еді. "Сақ"-тың жасаған өнімдері сапалық деңгейді көрсете алмаса да, көркемдік, стильдік ерекшеліктерімен көзге түсті. Мәселен, "құмырсқа" көрерменді еңбекқорлыққа, талмай ізденіс жасауға, бақытты тұрмыс кешіру үшін жалқаулықтан арылып, еңбекқор болуға баулиды. Ал, Алдар көсе мен шайтандар - тіптен қызықты. Атыс-шабысқа құмар жас көрерменді, ерлік жасау - бейкүнә әлсіз адамдарды зар жылату, алдау емес, адамды алдап соғатын, үнемі азғырып жамандыққа бастап жүретін "шайтан" сынды жат ниетті, арам пиғылды күштермен күресуге күндейді. Сондай-ақ, бір сериясында көрерменді күлкіге бөктіреді. Мультиктегі құйындатып келген шайтандардың бірі ағашқа соғылып әрең тоқтайды. Сонда бірі, "айттым ғой, асыққан шайтанның ісі" деп, шайтанның аузынан осы мәтелді айттырып қояды. Бұл, тапқырлық. Шайтандардың бір-біріне "асыққан шайтанның ісі" дегені қазақ даналығын, жын-жыбырлар да мойындайды, түйінді сөзіне тоқтайды деген әзіл араласқан шындықты ұсынады. Әрине, әрбір көрермен осы диалогтан-ақ шағын мультфильмнің "ішіне кіріп" кетеді. Сонымен қатар, екі шайтан (кейіпкер) батыстық музыканың әуеніне билеп жоғалады. Бір-бірінен қалыспай әнге басады. Жұлқына билеп, асыр салады. Бұл да рухани жұтаңдыққа ұшырап, батыстық әуенге бой алдырған жас ұрпаққа "шайтанның" ісі екенін ұқтыра алады.
Тағы бір көріністе шайтандар ұзын шыбық, ал Алдар көсе қысқа таяқ таңдап алады. Тар үйдің ішіндегі ұрыста, қолайсыз сырық ұстаған шайтандар таяқ жейді. Ал, қысқа таяқ ұстап төбелесеміз деген шайтандардың ақылына Алдар, "үйдің іші тар екен, сыртқа шығып шайқасайық" деп сыртқа алып шығады. Әрине, қысқа таяқты шайтандарды қанша талпынса да, Алдар ұзын сырыққпен "бірлігі жоқ" шайтандарды сұлатып тастады. Бұл, жас көрерменнің, ақыл-ойы толысып келе жатқан балалардың қарапайым логикалық ұғымдарды түсінуіне жетелейді. Және осы қиын сәттегі ерлік пен айланың қатар сынға түсетіндігі - Алдар образы арқылы көрерменге білектің күші тек ақыл-айламен тоғысқанда ғана нәтиже беретіндігін аңғартады. Алдар айласы кімде-кім берекесіз болса - әлсіз дұшпанға оңай олжа, ал бірлікті, ынтымақты болса алынбас қамал екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz