Әлеуметтану сұрақтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛЕУМЕТТАНУ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ 2

1. Жаһандық перспективадағы білім беру.

Жаһандық перспективалар - Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты - білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту.

Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс оқушылардың мынадай дағдыларын дамытуды көздейді:

  • түрлі перспективалар мен көзқарастарды сыни талдай білу
  • ойлау және өз көзқарасын дәлелдей білу
  • өз көзқарасына рефлексия жасай білу
  • ғылыми зерттеу
  • коммуникативтік

Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды. Бұл оқу мақсаттары келесідей:

Сыни ойлау - қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді анализден өткізу.

Зерттеу - қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді дәлелдейтін информацияны анализден өткізу.

Рефлексия - зерттеудің адамның көзқарасына әсерін анықтау.

Коммуникация - перспективаны, информацияны және зерттеуді тиімді және сенімді түрде жеткізу.

Жаһандану үрдісінің білім беру саласына әсері

Мақсаты - бірегей әлемдік білім беру деңгейін құру. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Қазіргі уақытта шекаралар жойылған кезде қашықтықтар маңызды емес. "Жаһандану" термині "өзара тәуелділік" және "интернационализация" сияқты ұғымдарды алмастырды, экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы халықаралық қатынастар жүйесін дамытудың сапалы жаңа кезеңін сипатады. Жаһандану жан-жақты даму үстінде, адам қызметінің әлеуметтік және жеке өмірдің барлық салаларына, сонымен бірге білімгеде әсер етеді. Жаһанданудың басты артықшылығы-діндердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің, менталитеттің өзара байланысын қамтамасыз ету және осылайша адамды әлеммен таныстыру.

2. Білім әлеуметтік институт ретіндегі орны мен маңызы

Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру - міндетті екі субъектісі - мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін, әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.

Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол - өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т. б.

3. Білім институтының негізгі функциялары.

Білім беру функциялары

Білім беру процесі өте күрделі және көптеген компоненттерден тұрады. Сондықтан, тәрбиелеу функциялары әрқайсысы үшін өте көп және әртүрлі.

Жалпы педагогикадағы білім беру үрдісінің негізгі функциялары:

  1. Оқу үдерісінде мақсатты қалыптастыру үшін белгілі бір жағдайлар жасау, сондай-ақ қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын әрі қарай дамыту.
  2. Кейінгі ұрпақтар қабылдайтын мәдениеттің аудармасы арқылы қоғамның тұрақты өмірін қамтамасыз ету бірте-бірте жаңарып отырады.
  3. Қоғамның жекелеген мүшелерінің қарым-қатынастары мен әрекеттерін және оларды әрі қарай үйлестіруді ынталандыру.
  4. Қоғамның барлық мүшелерін үнемі өзгеретін әлеуметтік жағдайға бейімдеу.

Бұл жағдайда білімнің әрбір түрі өзінің жеке функцияларына ие, біз олардың тек кейбірін ғана қарастырамыз.

Отбасылық білім

Отбасы тәрбиесінің негізгі функциясы баланың «отбасы», «ана», «әкесі» ұғымдарының қалыптасуы және туыстық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту болып табылады. Отбасыда нәресте рухани және материалдық құндылықтардың алғашқы тұжырымдарын қалыптастырады, ал ата-аналар арасында басымдықтардың орналасуына әсер етеді.

4. Білім жүйесіндегі білім беру концепциялары.

Білім берудің консепциялары жалпы стратегияны анықтайтын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы, Мемлекеттік білім беру бағдарламасы, Жоғары білім беруге қатысты Лиссабон Конвенциясы және т. б. 1990 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

5. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифрализация.

Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын жайып, дамып келеді. Бүгінгі таңда кез келген салада оның араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ.

Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық пен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып келеді. БАҚ-тың атқаратын қызметі біркелкі емес, әркелкі. Оның ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамға аса маңызды оқиғалар мен процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Ал БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізді. Осыған орай, «Масс-медианың қоғамға қандай әсері тиеді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, масс-медиа халыққа ең қол жетімді құрал. Сондықтан да, біріншіден, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Екіншіден, халықтың ақпарат алу және оны талдау мүмкіндігі молайды. Сонымен қатар, БАҚ-тың қоғамға тигізетін әсерін зерттеген америкалық зерттеуші Г. Лассуэльді атап өту артық болмас деп ойлаймын.

Ол өз кезегінде, қоғамдағы коммуникацияның моделін 5 негізді ала отырып, ұсынған:

1. Коммуникатор (ақпаратты жеткізуші)

2. Информация (ақпарат)

3. Канал (ақпарат жеткізілетін жол)

4. Реципиент (ақпаратты қабылдаушы)

5. Эффект (ақпарат қабылданғаннан кейінгі әсер)

Бұқаралық сана -қоғамдағы қалың бұқараның деңгейіндегі идеялардың, көзқарастардың, сезімнің, көңіл-күйлерінің жиынтығы, ұжымдық топтардың қажеттері мен мүдделерін тұтас бейнелейтін, олардың өмірлік мұраттары мен тәжірибелерін талдап, тұжырымдайтын түсінік. Бұқаралық сана - қоғамда кең тараған идеяларды, көзқарастарды, ұғымдарды, әлеуметтік сезімдерді қамтиды. Онда қоғамдық сананың күнделікті психологиялық, теориялық-идеологиялық дәрежелері ұштасып келеді. Бұқаралық санада теориялық-идеологиялық элементтерінің болуы мен олардың үлес салмағы Бұқараның әлеуметтік субъект ретінде даму деңгейі, тарихи жағдайлармен байланысты. Сонымен бірге ол бұқараның тұрмыс жағдайларының әсерімен стихиялы түрде қалыптасады.

Дамыған Бұқаралық сана қоғамдық және мемлекеттік істерді реттеуге, демократияны жетілдіруге, елдің алдында тұрған жаңа міндеттерді талқылауға және шешуге көмектеседі. Бұқаралық сананың көріну сипаты, қоғамда атқарар қызметі түрліше.

Бұқаралық сана субъектісі - әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнына, көздеген мұрат-мақсаттарына қарай белсенді, прогресшіл немесе бейтарап, бейжай сипатта өріс алады. Топтық мінез-құлық арқылы адамдардың бірлестігін жетілдіру барысында Бұқаралық сана қоғамдық келісімді күнделікті тәртіпке, өмірлік салтқа айналдырады.

6. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.

Масс медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әрі кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі, қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады. Масс медиа және коммуникация қызметі - әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған үш тілді меңгеру, яғни қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін қазіргі заманғы «lingua franca» - халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы тілдің үштұғырлығы қағидатын орнықтыру міндеті - Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси және экономикалық бағыттағы үдерістерге еркін кірігуіне де негіз қалауда. Әрі әлемдік аренадағы көшбасшы елдердің тәжірибелері мен жүріп өткен жолдарын саралай отырып, тың идеяларға негіз қалау да мемлекетіміздің серпінді дамуына жетелейтіні анық аксиома. Сондықтан да заман талабы мен уақыт сұранысына орай үш тілді анықтамалық сөздіктер шығару да қазіргі кезеңнің талап-тілегі екені ақиқат. Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр. Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді.

7. Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.

Бұқаралық коммуникациялар - бұқаралық коммуникация құралдарымен (СМЖ) жаппай сананы өндіру және қалпына келтіру процесі - алдымен мерзімді басылыммен, радио мен теледидармен, содан кейін басқа да электрондық коммуникация құралдарымен. Жаппай коммуникация жаппай санаға есептелген хабарламаларды өндіруді және оларды тиісті техникалық құралдармен беруді көздейді. Бұқаралық коммуникация-бұл байланыс пен қарым-қатынастың ерекше түрі. Бұқаралық коммуникация құралдары жаппай қабылдауға есептелген, онда салынған құндылықтар бар барлық мүмкін болатын ақпаратты өндіру, сақтау және тарату тәсілін білдіреді.

Бұқаралық коммуникация қазіргі қоғамның экономикасы, саясаты және мәдениеті бар ажырамас бөлігі болып табылады. Бұқаралық коммуникация үшін революциялық маңызы оның Кері байланыс мүмкіндіктері бар интернеттің пайда болуы және оның адамзат өмірінің өндірістік, әлеуметтік-саяси, мәдени-идеологиялық салаларына артып келе жатқан әсері болады. Жаппай коммуникация барлық осы процестерге тікелей қатысы бар ғана емес, сонымен қатар, осыған байланысты барлық адамзат өркениетінің дамуы шешілуіне байланысты аса маңызды жаһандық проблемалардың бірі ретінде өзі де көрінеді.

8. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т. б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдер­дің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау сала­ларын қоса алғандағының алдын орайды.

Егер интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде «Google» және «Yahoo» іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз.

Масс медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әрі кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі, қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.

Масс медиа және коммуникация қызметі - әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған үш тілді меңгеру, яғни қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін қазіргі заманғы «lingua franca» - халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы тілдің үштұғырлығы қағидатын орнықтыру міндеті - Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси және экономикалық бағыттағы үдерістерге еркін кірігуіне де негіз қалауда. Әрі әлемдік аренадағы көшбасшы елдердің тәжірибелері мен жүріп өткен жолдарын саралай отырып, тың идеяларға негіз қалау да мемлекетіміздің серпінді дамуына жетелейтіні анық аксиома. Сондықтан да заман талабы мен уақыт сұранысына орай үш тілді анықтамалық сөздіктер шығару да қазіргі кезеңнің талап-тілегі екені ақиқат.

9. Тарихи перспективадағы экономикалық даму .

1. Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін және оны капитал ретінде өнеркәсіп орнына салу әрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін экономикалық жүйені атаймыз. Бұл жүйеде белсенділік пен бәсеке қабілеттілік бағаланады.

Өнеркәсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды. Өнеркәсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды талап етті.

Жаңа өнім түрлерін ендіру және белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кәсіпкерлер, банкирлер пайда болды.

Кәсіпкер-капитализм дамуындағы басты тұлға. Ол өзінің және басқаның капиталын игеріп, көбейтеді. Капитализм бастапқы дамуында үкіметке тәуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды және жеке меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. Капитализм дамуы аяусыз қанау мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті әлеуметтік төңкерістерге ұласты. Осыған сәйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады. Еуропа және американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына алынды. АҚШ-та салық жүйесін және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру арқылы кәсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары белгіленді. Өнеркәсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық (құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер бекітілді.

Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркәсіп орындары бәсекелестігін күшпен сақтауға тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.

Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.

1) Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке кәсіпкерліктің дәстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдері.

2) Үкімет субсидия жасап отыратын және дайын өнімді сатып алып отыратын жеке кәсіпкерлік жүйесі. Олар жеке болса да, оларға жоспарлаушы органдар белгілі бір деңгейде әсер етеді. Н. Смелзер мұның мысалы ретінде АҚШ қорғаныс өнеркәсібін атайды.

3) Баға сұраныс арқылы реттелетін мемлекеттік кәсіпкерлік. Әдетте мысал ретінде қазіргі Қытай, бірқатар ТМД елдері алынады.

4) Жоспарға қатал бағындырылған мемлекеттік кәсіпкерлік. Мысал ретінде Куба, Солтүстік Корея елдері алынады.

Еңбек және айырбас жағдайлары

Көптеген жағдайларда біз тек ақша үшін ғана еңбектенеміз. Біз тауар сол сияқты қызмет түрлерін де ақшаға алып пайдаланамыз.

Бірақ еңбектік қатынастарды ақшамен байланыстырмайтын қоғамдар да бар. Б. Малиновский Жаңа Гвинеядағы меланезий тайпасының экономикалық қарым-қатынастарын зерттеді. Олар бір-біріне тегін көмектесу арқылы өмір сүреді, яғни еңбек тек қана еңбекке айырбасталады.

Сол сияқты біздің өмірімізде де өнеркәсіп, тауар айналымындағы экономикалық емес факторлар өз ролін ойнайды. Мыс., сыйлық үшін ешкім оған эквивалентті ақша төлемейді. Сол сияқты бірқатар жағдайларда бір-бірімізге тегін еңбек етеміз. Әрине бізде мұндай жағдайларда ең басты рол атқаратын туыстық байланыстар.

Қазіргі қоғамдарды еңбек ролдерін бөлісуде жас айырмашылығы мен жыныстық айырмашылық та үлкен рол атқарады. Көптеген қоғамдарда жас балалар еңбегін пайдалануға тиым салынған, ал қарт адамдар экономикалық өмірге араласуды тоқтатады. Сол секілді көптеген еңбек түрлері (мыс., кеңсе жұмысы, медбике, бастапқы мектепте сабақ беру, балабақшада жұмыс істеу) тек қана әйел адам жұмысы болып саналады. Сол сияқты басқа еңбек түрлері (мыс. Қоғамдық тәртіп сақтау, қорғаныс, ауыр өнеркәсіп, шикізат игеру) тек қана ер адамдар жұмысы болып саналады.

Демалудың әлеуметтік контекстісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Сауалнама әдісі
Социология пәнінен дәрістер
«Әлеуметтану» дәрістер
Әлеуметтану бойынша материалдар
Жаһанданудың негізгі теориялары
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау туралы
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz