Латын графикасына ауысудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Латын графикасына ауысудың тиімділігі
Зерттеу мақсаты мен міндеттері:
Қазақ тілінде жаңа графикамен жазу және ісқағаздарды жаңа әліпбимен жүргізу мемлекеттік тілдің мәртебесін бекітетіні және қазақтілді тұлғаның беделін арттыратыны туралы идеялармен қаруландыру. Үйренушілердің жаңа әліпбимен жылдам жазу және жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру. Тақырыптарды жеңіл әрі тез үйрету.
:: Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын айтып жеткізу;
:: Сауатты жазу және қарқынды оқу дағдыларын қалыптастыру

Зерттеудің өзектілігі:

Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік-деген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін бүкіл халық болып қолдап, оның, шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы ерекше екенін түсіндік. Өткенімізге үңілсек, ата-бабаларымыздың бір жылдары латын әліпбиін пайдаланғанын білеміз. Бұл - біз үшін тосыннан келген жаңалық емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында: Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деген болатын. Қазіргі таңда латын әліпбиін үйрену заман талабы болып отыр.

Зерттеу объектісі:
1929-1940 жылдардағы латын графикасы, 2021 жылғы ақпандағы латын графикасының жаңа емле жобасы

Зерттеу болжамы:
Егер латын графикасына негізделген емле-ережелер сараланып, арнайы жаттығулар жүйесі әзірленетін болса, латын графикасына көшу жеңіл әрі тиімді болар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Әліпбидің соңғы жобасына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
Студенттер мен мектеп оқушылары үшін әзірленген жаттығулар жинағы графиканы игеру үшін тиімді болмақ.

Ғылыми жобаның құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлім 3 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Мазмұны:

Кіріспе

I. Негізгі бөлім:

Латын графикасына ауысудың тиімділігі
1.1. Латын графикасының қолданылу тарихы
1.2. Жаңа қазақ жазуын оқыту процесіне еңгізу әдістемесінің интерактивтік моделі
1.3. Бір дыбыс - бір әріп принцип жүйесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Латын графикасының қолданылу тарихы:
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар.

Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру мəселелері
Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар, тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп, əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: Латын əліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мəселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын əліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын əліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мəселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын əліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ, - деп бастама көтерсе, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады, - деп атап көрсетті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сəуірдегі Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы жəне Таяу жылдардағы міндеттер арқылы болашаққа қадам басудағы бірнеше сатыларды қамтитын рухани құндылықтарымызға байланысты мəселелер Елбасының көзқарасы ретінде сараланған. Соның бірі - латын əліпбиіне көшу.
Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мəселеге неғұрлым дəйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз жəне оған кірісуге Тəуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің əліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер, - дей келіп, қазақ жазуының тарихына байланысты біраз мəселелерге тоқталған Елбасы жақын арада қолға алынатын іс-шараларды көрсетіп берді.
Жиырмасыншы жылдары араб жазуын жетілдіру не өзге графикаға алмасуы мəселесі тек жалғыз Қазақстанда емес, бүкіл түркі тілдес республикалар көлемінде қозғалды [1].
Жазу тарихы бірнеше кезеңдерді бастан өткерген түркі халықтарының ішінде, ілкі кездерден латын графикасын пайдаланатын Түркия мемлекетін қоспағанда, Түрікменстан, Əзербайжан, Өзбекстан Республикалары кириллицадан латын əліпбиіне көшкеніне біраз уақыттың жүзі болды.
Бізден бұрын латын графикасын қабылдаған түркі тілдес халықтардың тəжірибесі де көп сараланды [2, 3].
Түркияның министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында Алфавит жөніндегі комиссия құрып, ол 8 жəне12 шілдедегі отырысында латын графикасына негізделген жаңа түрік əліпбиін қабылдайды.
1991 жылы Əзербайжанда түрік тілінің нұсқасындағы əліпби қабылданды. Процестің аяқталғанының белгісі ретінде Республика Президентінің 2001 жылдың 9 тамызындағы Əзербайжан тілі мен əзербайжан əліпбиінің күнін өткізу туралы Жарлық қабылдады.
1993 жылы 2 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Латын графикасы негізіндегі өзбек əліпбиін енгізу туралы Заң қабылдады. Өзбекстан Республикасы мəжілісінің 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылдаған Мемлекеттік тіл туралы Өзбекстан Республикасының Заңын жүзеге асыру тəртібіне қатысты Жарлығы бойынша Өзбекстан Республикасының латын жазуына көшуінің соңғы кезеңі болып 2005 жылдың 1 қыркүйегі қабылданып, сонан соң 2010 жылға дейін созуды бекітті [2].
Латын əліпбиіне көшу жайлы алғашқы ресми пікір академик Əбдуали Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы Ана тілі газетінде жарияланған Латын əліпбиінің болашағы зор атты мақаласында бастау алған болатын. Осы кезеңдер ішінде еліміздің барлық аймақтарында қазақ жазуын латын əліпбиіне ауыстыруа байланысты əртүрлі дəрежедегі конференциялар, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді, латын əліпбиіне көшудің тиімді жақтары айтылып, əліпби нұсқасы жасалды. Əліпбидің бірнеше нұсқасы дайындалды, талқыға ұсынылды, тіпті ғаламтор арқылы да əліпби нұсқаларымен көпшілік қауым таныс болып отыр.
Латын графикасы негізіндегі əліпбиге көшудің ғылыми-лингвистикалық негіздері сараланып, əліпби жобаларының артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты таныстырылды [4, 5].
Аталған нұсқалардың ішінде латын əліпбиін негізге алғанымен, қазақтың төл дыбыстарының сипатын беруде диакритикалық белгілер, апостроф таңбасы немесе диграф арқылы таңбалаулар ұсынылды.
2017 жылдың 11 қыркүйегінде Парламент мəжілісінде тыңдауға ұсынылған латын жазуы негізіндегі қазақ əліпбиінің нұсқасында 25 əріп ұсынылып, ə, ө, ү, ғ, ч, ж, ш, ң əріптері диаграф арқылы, яғни əріп тіркестері арқылы, берілді.
Бұл əліпби нұсқасындағы көпшіліктің қабылдай алмаған мəселелерінің бірі де осыған байланысты болды, себебі бұл диграфтар арнайы таңбаны қажет етпегенімен, бір əріптің орнына екі əріп жазу арқылы мəтін көлемі ұлғаяды, əріптерді қабылдау қиындыққа соғып, сауатсыздық пайда болады деген пікірлер болды.
Ж, ш əріптерінің қос əріппен белгіленуі (zh, sh) бұрыннан өзімізге таныс болғанымен, Диаграфпен берілген ə, ө, ү, дыбыстарының таңбалары ae, oe, ue болып, негізгі əріпке қосымша дыбыстың мəні бар е əрпімен қатар тұрғаннан кейін қолдануда қиындық туғызатыны сөзсіз еді. Орыс графикасына негізделген құмық, қарашай-балқар, ноғай сияқты тілдердің əліпбилерінде төл дыбысты таңбалайтын əріптер ъ немесе ь белгісі арқылы берілгенімен (къ - қ, нь - ң, оъ - ө т.б.), жуандық, жіңішкелік белгілерінің дыбыстық сипаты жоқ.
Əліпбидің басқа нұсқаларында төл дыбыстарымызды диакритика, апостроф арқылы белгілеу туралы да ұсыныстар болған. Ондай таңбалар компьютер пернетақтасында жоқ əріпті керек етеді, бірақ дыбыстық ерекшеліктерді нақты көрсетуге, сол əріптерді адамның тез қабылдауына мүмкіндігі мол. Ноқаттың көптігі көруге кері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
БАҚ және саяси сана
«Түркі мемлекеттерінің латын графикасына көшу тәжірибесі және әліпби реформасының қазақстандық жолы»
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақ жазуының латынға келу тарихы
Пәндер