Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
"Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер"

1. Ұлттық бірегейлік пен тарихтағы, қоғамдағы тұлғалық бірегейлік ел мен жеке адам болмысына ұлттық сана арқылы келеді. Қоғамда ұлттық сана арқылы сақталады (орнығады). Ұлттық сана қашан да ел өмірінде тарихи сана (тарих білімі) негізінде қалыптасып, нығайып отырған. Тарихи сана адамның өз тарихын толық білуінен, дәстүрді иеленуден, мәдениетінің құндылықтарын игеруден және білімді болудан, адамгершіліктен шығады, ұлттық сана осы принцип арқылы адам бойында қалыптасады.
Қазақтың ұлттық тарихының тағылымын баяндайтын дүниелер өскелең ұрпақтың (жастардың) өзіндік санасын тәрбиелеудің тәсілі, осыдан шыққан дүние, сананы тарих өрісіне, ұлттық мүдде деңгейіне көтерудің тетігі, негізгі тәсілі және дұрыс жолы. Яғни, қазақтың ұлттық руханияты әрдайым ұлттық бірегейліктің ұйытқысы болып отырған. Ұлттық бірегейліктің негізгі бел­гілері ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, ата діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа, тарихтағы ата-баба дініне деген құрмет, ұлт мәдениетінің әлеуметтік өрісіне айналған шешендік, ұлттық өнер түрлері, туысқандық дәстүр, тәртіп, тазалық, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың тегістей сақталуы, заман талабына сай бейімделу, білімді болу, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасын ел болып бағалау, ұлттың дербес шаруашылығының болуы және оны уақыт талабына сай нығайта білу. Ұлттық бірегейлікке күш беретін зиялылардың тұлғалық бірегейлігінің негізгі белгілеріне тоқталар болсақ, олар ұлттық сана, ұлтжандылық, елдік, ауызбіршілік, ержүректілік, батырлық, төзімділік, сауаттылық, шынайылық, туралық, адалдық, тазалық, тәртіптілік, қабілет, білік, естілік, кісілік және т.б. Жоғарыда айтып өткеніміздей ұлттың да, зиялылардың да тұлғалық қалып­тасуында тарихты, тарих тағы­лымын, тәжірибесін білу, ұғыну бар. Тарихсыз бірегейлік болмайды, мемлекеттің негізгі құндылықтары ғасырлар бойы қалыптасатын дүние, оның бойында тұлғалық қасиеттер, ұлттық құндылықтар тұрады. Ұлттық бірегейлік қазақ қоғамында әр адамның осы құндылықтарды бойға сіңіруінен шығып отырған.
2. Ұлтаралық келісім - Қазақстан Республикасындағы демократия мен тәуелсіздікті нығайту негізі.
Ұлтаралық келісімнің қалыптасуы мен дамуы ұлттық мәселені ғылыми түрде шешумен органикалық байланыста. Мұндай келісім ұлттық, жалпы адамзаттық бірліктің негізінде мүмкін болады. Әлбетте, әрбір ұлттың сана-сезімі, өздері жасаған материалдық және рухани құндылықтарға деген ұлттық мақтанышы бар. Яғни, жалпы адамзаттық мазмұнға ие бола отырып, ұлтаралық келісім ұлттық негізде дамиды, өйткені, түпкі ұлттық мүдделер, сонымен бір мезгілде түпкі жалпы адамзаттық мүдделер де болып табылады. Ұлтаралық келісім тек әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар дамуының маңызды факторы ғана емес, сондай-ақ, қоғамның кемелділігі өлшемдерінің бірі де болып табылады. Ол - қоғамның консолидациясының басты бағыты және тату-тәтті тірлік кешкен халықтар арасындағы қажетті берік байланыстардың тұрақты болуының негізі.
Сөйтіп, ұлтаралық келісім әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың, жалпы адамзаттық өркениеттің дамуын айқындайтын маңызды белгілердің бірі болып табылады. Сонымен қатар - адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық халықтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Ол - демократиялық қоғамның баға жетпес байлығы. Сондықтан да біздің тәрбие жұмыстарымыздың бүгінгі міндеті - ұлтаралық келісімді әрбір азаматтың өмірлік серігі ету. Демографиялық ахуалдың өзгеруі. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді миграциялық үрдістер басталды. Қазақстан Республикасында Көш-қон туралы арнайы заң қабылданды.Сан жылдар бойы республиканың ұлттық құрамы кірмехалықтардың есебінен мүлде азайып кетуімен ерекшеленетін. Мәселен, 1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағының деректері бойынша Қазақстандағы байырғы тұрғындар өз жерінде не бәрі 36%-ды құраған. Ал бұндай көрсеткіш Өзбекстанда 68,79%, Әзербайжанда 79,196 ал Тәжік КСР-інде 59,89% құраған
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша республика тұрғындарының саны - 16 004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8 %-ды құрап, республика халқының саны - 1 052, 1 адамға өскен. Нәтижесінде, қазақтардың үлесі 63,1 %-ды, орыстар 23,7 %-ды, өзбектер 2,8%-ды, украиндар 2,1 %-ды, ұйғырлар 1,4 %-ды, татарлар 1,3 %-ды, немістер 1,1 %-ды және басқа этностар 4,5 %-ды құрады. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының саны
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
ТМД елдері халқына сипаттама
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер (контент-анализ)
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Пәндер