Түркеш және қарлұқ қағанаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ДИО-11К тобы
Картаев Абылай Манасұлы

Семинар 5. Түркеш және қарлұқ қағанаттары

1.Үш Елік қаған. Арабтармен, қытайлықтармен күрес.

Үшлік хан (т. ж. б. -- 708) -- 699 -- 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі. Түргештер 6 ғасырдан бері Жетісудағы Шу мен Іле өзендері аралығын мекендеп, кейіннен Батыс Түрік қағанатының құрамына енген. Қағандықты қытайлар талқандағаннан кейін, бұл өңірлерде Ашина әулетінің Қытай берілген өкілдері билік жүргізді. 7 ғасырдың соңында болған Шығыс Түрік қағанаты мен Қытай арасындағы соғыстар және Қытайдың қол астындағы көшпелі тайпалардың көтерілістері нәтижесінде Жетісуда түргеш тайпалары күшейді. Үшлік ханның түргеш тайпаларының көсемі және Қытай үкіметі бекіткен тархан-кеңесші деген атағы болды. Ол 699 ж. Ашиналық Хусэлоны Жетісу ығыстырып, өзін хан етіп жариялады. Үшлік хан мемлекетте әкімш. реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды. Ол елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 әкімш. аймаққа бөлді. Хандықтың астанасы болып Шу бойындағы Суяб қаласы таңдалды. Үшлік ханның екінші жазғы ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік хан 8 ғасырдың басындағы Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. 708 жылға дейін Үшлік хан Жетісудағы барлық ұсақ тайпаларды бағындырып, әскер санын 200 мыңға дейін жеткізді. Ол 708 ж. қыс айларының бірінде қайтыс болған. Тағына үлкен ұлы Саға (Сақал) отырды.
Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал-қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға тан әулетенің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жөңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі.
Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді.
Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп турды.
Сұлық қаған Тохарстандаға арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға Сүзеген деген ат қойған.
Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды.
Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт-шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді.
Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді.
Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.
Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас - тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.

2.Талас шайқасы. Қарлұқтар.

Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.

Қарлұқтар. Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) Олар (қарлұқтар) - көне түркілер деп жазды.
VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.
Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.
Орталық Азияда жаңа мемлекет - Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты.
ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.
Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.
VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған деп келтіріледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіреттіү
Қарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.
Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.
Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.
Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.
Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді. Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.

3.Саяси тарихы, мемлекеттік құрылысы, шаруашылығы.
Сұрақты түсінбедім, бұл сұрақ түргештерге қатысты ма, алде қарлұқтарға қатысты ма?

Тапсырма:
1.Түркеш қағанаты кезіндегі халықаралық жағдайда болған саяси өзгерістер.

Жауап:

Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.

Халқының құрамы түркітілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін ескерткіштерінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.

Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оны Шығыс Түркі қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты.

Сұлу қаған (715-738 жж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді. Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түркі қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді.

Ендігі мәселе батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан.

Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған.

Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған сүзеген, мүйізді қаған деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасы болған Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір-екі жылға созылған.

Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады.

751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.

Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, керісінше бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан-жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді.

Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.

2.Сұлық қағанның белсенді жүргізген сыртқы саясатына тоқтала отырып, араб жаулаушыларының не себептен оны Абу Музахим Сүзеген деп
атағанына тоқталу.

Сұлық Түргеш қағанатындағы қара түргештерден шыққан әскербасы болатын. 710 жылы Сақал қаған шығыс түріктерге тұтқынға түскеннен кейін, қара түргештер мен сары түргештер арасында билік үшін күрес өрбиді. 715 жылы Сұлық қаған қарсыластарын жеңіп, билікке келеді. Сұлықтың билікке келген кезеңі Түргеш қағандығының ішкі-сыртқы саяси жағдайының шиеленісіп тұрған тұсы еді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейіп тұрса, екіншіден, шығыста Қытай мемлекеті үлкен қауіп төндірді. Ал үшінші жағынан, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сондықтан Сұлық қаған өз мемлекетінің тәуелсіздігін сақтау үшін үш жақты саясат ұстануға мәжбүр болды. Ірі саясаткер шығыстағы ахуалды әскери келісімшартпен шектелмей, құдандалық арқылы да шешуге тырысқан. Осы тұста қаған 717 жылы Тан империясына барып қайтады. Ол қауіп төндіріп отырған көреген Шығыс Түрік қағаны қызына өз ұлын үйлендіріп, өзі Тибет патшасының қызына үйленеді. Қолбасшы, әрі саясаткер Сұлық қаған 716 - 719 жылы Қытаймен достық қатынас орнатады. Император Сұлық қағанның билігін мойындайды. 720 - 738 жылы Сұлық қаған мемлекеттің бар күшін Орта Азияға ене бастаған арабтарға қарсы бағыттайды. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдаған. Мәселен, Самарқан, Бұхара қалаларының тұрғындарымен бірлесіп, ол қалалардан арабтарды қуып шыққан. Сұлық қағанның олжа бөлісуде енгізген өзгерістері оның беделін ұлғайтты және бүкіл түргештердің қолдауына ие болғызды. Өз кезегінде араб халифы Хишам да (721 - 743) Сұлу қағанға елшілік жіберіп, оған ислам дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ Сұлық қаған бұл ұсыныстан бас тартып, Орта Азияда арабтарға қарсы күресін жалғастырады. 724 жылы соғдылықтардың арабтарға қарсы көтерілісіне Сұлық қаған әскери көмек береді. VIII ғасырдың 30-шы жылдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Ежелгі Оғыз мемлекеті
Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Түркеш қағанатының құрылу тарихы
Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы, Оғыз наме )
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
Ұлы Түркі қағанаты
Пәндер