Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№11. Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті:

1. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.

2. Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары.

3. Қала мәдениетінің негізгі құндылықтары.

1. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау - стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселе. Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтарды, тарихи тәжірибе - ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп бастамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы қазіргі кезде көпшілік қауымның қолдауына ие болып отыр. Елбасы жалпы ұлтық деңгейде бағдарлама жасау туралы осыдан он жыл бұрын, 2003 жылдың сәуірінде өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бастама ретінде көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын.

«Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттың рухани ағартушылық және мәдени-интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең
ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрлерімен, жалпы адамзаттық
кұндылықтар мен идеялар рухында тәрбиелеуге бағытталған. Олай
дейтініміз, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи-мәдени мұралардың
халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен қазақ патриотизді
қалыптастырудағы рөлі аса зор. Аталмыш жұмыстың маңыздылығы да
осында. Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрді жаңарту мен дамытуға, соның ішінде мәдени мұраларды зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты мемлекеттің негізгі ұстанымдары мен бағыттарын белгілейді. Сондай ақ, бағдарлама тарих, этнография, фольклор, ежелгі жазба мұралар туралы еңбектерді, ғылыми-зерттеу және тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, сақтау және топтастыру, сол арқылы көпғасырлық ұлттық мәдениетімізді тиянақтау шараларын көздейді Кітап және кітап мәдениеті - бұл қоғамдағы рухани өмір көрінісі. Қазақ кітабы - қазақ тілі сақталуының кепілдігі, оның халықтың білім алуына, тіл мен әдебиетінің, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор.

1991 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - Қазақстан Республикасы деп аталды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көкейкесті реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғамды, айқын әкономиканы кұруға кірісті. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң ұлттық кітап ісінің дамуында жаңа кезең басталды. Қазақ кітабы жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.

Қазақ кітабының шығуы мен дамуы, көне қолжазбаларды және сирек кездесетін басылымдарды зерттеу, олардың қазақ тарихына қатысы мен байланысын анықтау, республикамыздағы қолжазба қорын тексеріп бағалау жолындағы машақаты көп, сонымен қатар қызықты да жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Кітап мұражайы, Кітап палатасы және т. б. мекемелер атқарады.

Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуге өз үлесін «Ғылым ордасы» атты республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) Сирек кездесетін кітаптар мұражайы да қосуда. Бұл мекемені 2010 жылы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ашқан еді.

Сирек кітаптар мұражайы - ақпараттық қызметтер саласының жаңа
түрі.

Мұражайдың мақсаты - Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін басылымдарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету. Мұражай қоры Орталық ғылыми кітапхананың көне қолжазбалары мен сирек кітаптар қоры негізінде жасақталды. Сонымен қатар, қорды толықтырудың басқа да жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, букинистік дүкендер, мұражай құндылығын қызықтап келушілер мен мұрагерлік жолмен иемденген азаматтардан сұрастыру арқылы жинақтау.

2. Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары.

Мұражай - әр елдің тарихын, салт -дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.

Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына бұрып тұр.
Астана қаласындағы маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек:

1. Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы.

1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 7 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.

Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.

Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады. Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.

3. Атамекен мұражайы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті туралы
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz