Меншік құқығын қорғау туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Меншік құқығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Меншік ұғымы және түрлері.
2. Меншік құқығының мазмұны.
3. Меншік құқығын алу және тоқтату тәсілдері.
4. Меншік құқығын қорғау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Меншiк құқығы әрбiр құқықтың жүйесiнде орталық орында тұрады. Сонымен ол құқықтың басқа тақырыптарын анықтайтын көзi болып шығады. Ежелгi Рим заманынан бастап бiздiң нарықтық экономикалық заманымызда бүкiл қоғамдық-экономикалық қатынастар меншiк қатынастарға негiзделедi.
Ежелгi Римде меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рим мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рим азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер - жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) - 29, 63 см болған. Футты римдіктер Рез деп атаған). Сонда осы екi югерге рим азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.
Меншiк құқығына римдіктер Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының римдегі толық атағы "Dominium ex juris Quritum" болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы рим азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium-нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген.
Заттың иесi тек қана иелену емес пайдалану және иемдену құқығымен пайдаланған. Сонда меншiктiң мазмұны иелену мазмұнынан кем болып шыққан. (Рим классикалық құқығы бойынша меншiк құқығы тұлғаның заттарға толық, шектелмеген және толық, қорғау төтенше үстемдiгi болды. Сатып алу, сатып беру, айырбастау, тастау құқығының иесi заттарға толық билiк болса, сол заттармен не iстесе де заңды бұзбай, жою т.б.). Бiрақта шектелмеу деген құқықта ешқашан толық болмайды. Өйткенi бiр азамат өзiнiң құқығымен пайдаланса, заң бойынша оның құқығы басқа азаматтардың құқығына зиян келтiрмеуі керек. Мәселен, жер бөлімінің иесi сол бөлiмде көпшiлiктiң жолы болса, басқа азаматтарға сол жолмен пайдалану рұқсат берілу мiндеттi етілген. Сол сияқты шектер меншiк құқықты заң бойынша көп келтiрiлген.
Меншiк құқығы жоғарыда айтылғандай иелену, пайдалану және иемдену құқықтарынан құралған. Оларды jus posessio (иелену құқығы), jus utendi (пайдалану құқығы) және jus abutendi (иемдену құқығы) деп атаған. Осы үшеуіне төртiншiнi қоссақ рим құқығы бойынша меншiк құқығының мазұмын табамыз. Төртiншiсi - jus fruendi болған. Jus fruendi рим құқығында құқықтардың ерекше түрi, содан соң бiр сөзбен осы терминдi аударуға болмайды. Қысқаша айтқанда jus fruendi заттардың пайдалану, иемдену, құқыққа ие бола отырып жемiсті пайдалану. Мәселен, жер біреудің заты болса сол жерден шыққан өсiмдiктерді пайдалану, мал болса малдың төлiн пайдалану.
Сонда өсiмдіктің жемiсiн, малдың төлiн римдіктер fruit деп атаған. Осыдан jus fruendi - жемiсті пайдалану құқығы болып шықты, ал жемiс "фрукт" түрiнде бiздiң тiлiмiзге де кiрген.
Меншiк құқығының ұғымын, әсiресе мазмұны бойынша тағы бiр анықтамасын беруiмiз керек. Ежелгi римдiк классикалық заңгерлер осы ұғымға бiрдей қараған жоқ. Мәселен Павел меншiктік құқықтан пайдалану құқығын және жемiсті пайдалану құқығын бөлiп шығарса Ульпиан оған қарсы болатын, меншiк құқығы ешқашан бөлiнбейдi деп айтқан.
Меншiк құқығының түрлерi:
Меншiк құқығының түрлерге бөлінуi рим құқығының жүйелерге бөлінуімен байланысты. Рим құқығы үш жүйеге (цивилдiк, преторлық, халықтар) бөлiнгенiн ескертейiн. Сонымен тарих бойынша меншiк құқығы да үш түрлi болатын. Алдымен цивил құқығы бойынша цивил меншiгiнiң ұғымы шыққан. Оны квиритердiң меншiк құқығы деп атаған. Dominium ex iure Quritum алдында аталды. Бұл меншiк құқығымен түрi басқа түрлерден бiрнеше белгiлермен ажыраған. Бiрiншiсi квирит меншiгiне тек қана квирит (Рим қаласының ерiктi және ius commercii-ге қатысқан байырғы азаматы) ие болуы мүмкiн.
Екiншiсi - квирит меншiгi тек қана манципация бойынша сатып алынып берiлетiн. МАНСИПАЦИЯ (лат. mancipium) - рим құқындағы сату тәсілі, бұл бойынша 5 куәнің қатысуымен зат қолға алынып қатаң анықталатын формулалар келтірілетін. Салт мінезін құраған, оны сақтау рәсімі затқа деген жағдайы квириттік (цивильдік) құқыққа әкелген.
Үшiншiсi - квирит меншiгiнде сол манципация бойынша алынған манциний заттар ғана болатын. Квирит меншiгiнiң қатынастары XII тақтадағы заңдармен бекiтiлген. Сонымен осы меншiк құқығын латиндер, перегриндер пайдаланған жоқ.
Рим қаласы, сонымен рим мемлекетi өскен соң квирит меншiгi, сол меншiктің құқығын пайдалану өте қиын болып шықты. Рим құқығы цивил құқығынан претор құқығына айналған соң, меншiк құқығы да квирит меншiгiнен преторлық меншiгiне айналды.
Преторлық меншiктің басқа атағы - бонитарлық меншiк. Бонитарлық bonus - мүлiк, әлде bona - жақсы деген сөзден шықты.
Преторлар азаматтың iстерін шешкенде тек қана қатал құқыққа қарамай кейбiр iстерге жақсы ниетпен (bona fidei) қарастырып меншiкке басқаша қараған. Ендi преторлық құқық бойынша мүлiктi тек қана манципация бойынша емес, басқа тәсiлдермен - traditio жай (әдет) бойынша сатып алуға болатын. Традиция бойынша алынбаған заттар талапты қорғаумен пайдаланбаса да преторлық басқа қорғау тәсiлдермен пайдаланған, әсiресе интердиктермин. Манципий емес, заттар тұтас мүлiкке, манципий заттарына қосылатын. Сонда bonus жай мүлiк емес тұтас мүлiк (манципий және манципий емес, заттары бiрге) деп есептелген. Бiрте-бiрте Римде квирит және преторлық меншiктiң түрлерi араласып бiр түрге айналған, оған бонитарлық меншiк атағы қойылған. Бiрақ қалай айтсақ та, квирит және преторлық меншiк құқықтарына тек қана Римдiк ерiктi азаматтар ие болған.
Латиндер және перегриндер, жоғарыда айтылғандай, халықтардың құқығын (jus gentium) пайдаланған. Халықтар құқығында меншiк құқығының екi түрi болатын. Сонда оның бiреуi- провинциялық меншiгi, екiншiсi - перегриндердiң меншiгi. Провинциялар дегенiмiз Италия елiндегi аймақтар. Солардың iшiнде Лациум, Сицилия, Генуя, Этруссия, тағы басқалары.
Провинциялардағы жер бөлiмдерi жеке меншiкте емес. Рим халқының меншiгiнде есептелген. Осы жер бөлiмдерi латиндерге тек пайдалану құқығымен берiлетiн. Содан соң пайдалану үшiн латиндер және басқа провинциялдар Рим қазынасына ерекше төлем төлеген. Сол төлемнің атағы stipendium әлде tributium болған. Жер бойынша келiсiмдер цивиль құқығымен емес, халықтардың құқығымен өткiзiлетiн. Ал провинциялар Рим азаматтығына жетсе, олар әрине, цивиль әлде квирит құқығымен пайдаланылатын (Mancipatio, traditio).
Бiрте-бiрте тарих бойынша меншiк түрлерiнің бар айырмашылықтары жойылған. Квирит преторлық провинциядан және перегриндердiң меншiктерi бiр түрге бiрлескен. Сондай бiрлесу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Меншік құқығын тану
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау
Пәндер