Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру- Мәңгілік Ел идеясының негізі


Ғылыми жетекші : Кожекенова Самал Рамазанқызы
Петропавл қаласы -2021 жыл
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ПЕТРОПАВЛОВСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ МАГЖАНА ЖУМАБАЕВА
Тақырыбы: Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру-«Мәңгілік Ел» идеясының негізі.
- Аңдатпа : Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жыл мерей тойы, көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастырып, ХХІ ғасырда кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі екенің түсіндіру.
- Зерттеу мақсаты: Ұлтаралық ынтымақтастық пен ұрпақтар сабақтастығы тарихи жағдайында көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру стратегиясын нақтылауда педагогтер мен ғалымдардың тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылау.
- Зерттеу міндеттері: ХХІ ғасыр білімді де білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Елбасы 2014 жылы «Мәңгілік ел» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды.
- Нәтиже:
«Сeндeр, тәуeлсіз қaзaқ eлінің білімді жaстaры, өз соқпaқтaрыңды сaлып, оны eлді дaмуға бaстaйтын дaңғылғa aйнaлдыруғa тиіссіңдeр!»
Н. Назарбаев
Көпмәдениетті және көптілді тұлғаны қалыптастыру-еліміздің болашағын алға қарай өрлету, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. ХХІ ғасыр бәсекеге қабілетті, көп тілді меңгере білген тұлғаны, өзге тілді де біліп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны қалыптастыру. Халқымыз білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін кейінгі ұрпағына үнемі айтып отырған. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық - рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім - тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Н. Ә. Назарбаев ең алдымен елге терең білім, үш тілді білу-заман талабы керек екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Көптілді білім- көпмəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, көпмəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру.
«Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей биыл тұғырлы да қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл мерей той . Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Сөзіме мына менің мән бер елім,
Халықпыз қастерлеген тектілерін.
30 жыл Тәуелсіздік құтты болсын
Қазақстан мәңгілікке тұғырлы елім, - деп өзім жырлап жазғандай, Мәңгілік ел болу үшін қазақ деген мәдениетімізді сақтап, өзге тілдің бәрін біліп, көптілді тұлғаларды қалыптастырып, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізеді. Елбасы 2014 жылы «Мәңгілік ел» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Сонымен қатар, Мәңгілік ел идеясы жүзеге асыру үшін, көпмәдиенетті тұлғанын даорны ерекше.
Көпмәдени тұлға - түрлі мәдениеттер арасында ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға. Білімі жоғары, құзыретті тұлға. Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып:
- адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, икемделуін;
- адамдардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады. Ал, көптілді тұлға- бірнеше тілдің иесі.
Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде де қолданылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл саясаты» қазіргі таңда жүзеге асырылауда. Қазақ мектебінің балалары білімді ана тілі - мемлекеттік тілде алса, сонымен қатар орыс, ағылшын, неміс тілдерін де сол деңгейде меңгеруде. Көптілді тұлғаны қалыптастыру, «Үш тұғырлы тіл» саясаты - елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл - ақылдың өлшемі, ұлттың жаны» -деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ, елдің елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екендігі
белгілі. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлтаралық қарым-қатынас, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары - олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады.
Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген еді. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты: «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол - біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz