ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Ғылыми зерттеудің өзектілігі:

Бұл жұмыста “оқытудың ақпараттық технологиясы”, “ оқушылардың жаңа АТ қолдану біліктілігі”, ұғымдары анықтап, “ оқушылардың компьютерлік немесе ақпараттық сауаттылығы” ұғымдарына анықтама беріледі.

  • «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білім алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу». Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесін әлемде болып жатқан жаңалықтармен ұштастырып оқыту мақсатына байланысты еліміздің білім беретін орындарының алдына білім сапасына өзгерістер енгізу мәселесін міндеттейді.
  • Ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық үдеріс. Сонымен бірге, ақпараттандырудың педагогикалық үдеріске де тікелей қатынасы бар, өйткені білім алушылардың ақпараттануы, олардың білім, біліктіліктерінің құзыреттілігін құрайды.
  • Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, физикалық есептерді шығару. Зерттеу мақсаты:Оқушылардың білімін жақсарту үшін физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда білім сапасын арттыру.

Зерттеу гипотезасы мұндай жағдайларда болды:

  • - жаңа ақпараттық технологияларға оқушылардың назарын арттыру, физиканы оқуға қызығушылықты жандандыру, зерттеу қабілеттерін дамыту құралы ретінде қарастыру
  • -жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдану әдістемесін ақпараттың артықтығы, білім алушылардың білім сапасын арттырудың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы негізінде жасау.
  • - білім алушылардың ақпараттық технологиялар арқылы дидактикалық шарттарын қалыптастырудың әдicтемесін дайындау және тәжірибелік-эксперимент арқылы оның тиімділігін тексеру, ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы-бұл:

• Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану үшін қажетті бағдарламалар іріктеліп, олардың жұмыс істеу принциптері анықталды;

• Қазіргі таңда өзекті болып отырған Web-сайттарды, электрондық оқулықтарды құруда кең түрде қолданылып жүрген Macromedia Flash бағдарламасының негізінде қозғалыстарға арналған бірнеше есептерге бағдарлама қарастырылды.

  • Жалпы физика курсының пәндерін оқыту үшін ашық бағдарламалық-әдістемелік негізінде құрылған оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі анықталды.
  • Педагогикалық оқу орындарында жалпы физика курсының пәндері бойынша сабақтарда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесінің элементтері әзірленді.
  • Оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың бағдарламалық-әдістемелік негізінде құрылған шарттары анықталды.

Жалпы физика курсының пәндері бойынша физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технология

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Ақпараттық технология дегеніміз ақпаратты іздеу, өңдеу және компьютерде білім алу технологиясын түсінеді. Ақпаратты өңдеу барысында жаңа өнім алынады. Ақпараттық технология ең соңғы инновациялық технологиялық жетістіктерден, сондай-ақ компьютерлік технологиялардан тұрады. Қазіргі таңда қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Ғылыми жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешілді:

1. Физиканы оқытуда әзірленген сабақтарды қолдану, эксперимент нәтижелерін талдау қорытынды жасауға мүмкіндік береді: физиканы оқытуда ЖАТ құралдарын пайдалану оқушылардың білім деңгейін жақсартады және оқушылардың физикаға қызығушылығын арттырады және оқушылар үшін қосымша мотивация болады. Интерактивті компьютерлік симуляторларды жасау және жетілдіру және оларды физиканы оқытуда пайдалану әдістемесі бойынша жұмысты жандандыру қажет.

2. Зертханалық жұмыстардың симуляторларын қолдана отырып, сабақ сценарийлері әзірленіп, ұсынылды.

Ғылыми жұмысты орындау барысында Физиканы оқыту процесінде ЖАТ пайдалану:

- сабақтардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді, олардың өзіндік жұмысының және жалпы оқу процесінің тиімділігін арттырады;

- оқыту процесін даралау және саралау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді;

- интерактивті компьютерлік симуляторларды пайдалану есебінен білім беру мазмұнына енгізілуі мүмкін оқу міндеттерінің шеңберін едәуір кеңейтеді;

- оқу зертханаларының мектеп жағдайында эксперименттер мүмкін болмайтын процестер мен құбылыстардың интерактивті компьютерлік симуляторларын пайдалану арқасында оқу экспериментінің құрамы мен мүмкіндігін арттырады;

- жаңа педагогикалық әдістер мен тәсілдерді дамытуға әкеледі;

  • Бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет».

Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын» деп, қазіргі таңдағы білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологиялар мен ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет ететінін атап көрсеткен. Демек, оқу-тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдар коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ЖАТ құралдары:

Интерактивті тақта;

Мультимедия;

Интернет кеңістігі;

Электронды оқулық.

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:

Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

Ақыл - ойын дамытады;

Шығармашылық белсенділігін арттырады;

Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

Жаңа ақпараттық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютер - мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал. Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.

Интернет желісімен жұмыс жасағанда:

- Жобалардың презентацияларын дайындау.

- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.

- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.

- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.

- Өзін - өзі бағалау мүмкіндіктері беріледі.

Интерактивті тақта - басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;

- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

- Сабақта Activ Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

- Activ Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.
Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасып, болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Физиканы оқытудағы интернет-технологиялар білім ортасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға, оқыту процесіне қатынасын өзгертуге, өзін-өзі тану және өзін өзі-дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Білімнің жоғары деңгейге шығуы қоғам үшін де, қоғамның мүшесі болып саналатын оқушы үшін де аса маңызды болып келеді. Жаңа білімді тиімді іс-әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым-қатынас жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін дамытуға болады. Мұның бәрі ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты ұғыну жолдарын іздеуге, оған сыни тұрғысынан қарауға, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын да дамытуға бағыт береді.

Физика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету - әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығартып, оны талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Физиканы оқытудың әдістемесіне қойылатын жалпы талап дамыту
мақсатындағы оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың физикалық ойлауын дамыту. Дамыту мақсатындағы оқытуда сабақтың негізгі қағидаларын түгелдей айтып шығу мүмкін емес, жаттап оқытуды төмендету қажет. Оқытудың дедуктивтік, индуктивтік тәсілдерін қолдану жеткіліксіз.
Оқушылардың ойларын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен
шығара білуін қалыптастыру үшін жүйелеп оқыту әдістерін қолдану қажет.
Оқушы жаңа есепті өзінде бұрын бар біліммен шығарады. Есеп шығару кезінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асырады. Оқытудың алғашқы сатысында, оқушылар оқулықтардағы берілген есептер мен жаттығуларды орындай отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдылануы қажет.
Есептерді шығаруға оқытудың түрлерін пайдалану, оқушының танымдық
қызығушылығын арттырады. Ол үшін есептің мазмұнын дұрыс таңдай білу керек.
Тарихи мазмұнды есептерге, экспериментті есептерге, сурет бойынша берілген есептерге, өлшеуіш приборлармен жұмыс істеу есептеріне ерекше мән беру керек. Оқушыларға алдымен ізделінетін шаманы теорияда анықтап, есептеу нәтижесін тәжірибе жүзінде тексеретін есептер пайдалы, қызықты іске
асырылады. Сапалы есептер шығара отырып, оқушы математикалық есептеулерге көңіл бөлмей, құбылыстардың физикалық мәніне ой жібереді, ойды дамытады, жауабын дәлелдейді. Сапалық есептерді материалды пысықтаған, қорытындылаған кезде, талдау жүргізіп орындаған жөн.
Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар арқылы оқушыларды ғылымдағы зерттеудің эксперименттік әдістерімен таныстыру, эксперименттік шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілетін жұмыстар оқушының
физикаға деген сүйіспеншілікті дарытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша әдебиеттер оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін және алған мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын баяндамалар, хабарламалар
жасайтын, әзірленген приборларды демонстрациялайтын оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу керек.

Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке
пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика
мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді
тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін
анықтау.

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара
жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық
шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз
практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік
ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ,
жаңашыл физик - мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада
жүзеге асырып келеді.

Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі
жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік
ебедйлігіне байланысты екендігі даусыз. ¤йткені, физиканы оқыту үрдісін
жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалім болып саналады.
Сабақтың жүргізілу барысы оның педегогикалық шеберлігі мен шығармашылдық қабілетіне байланысты. Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Мұның негізін салған атақты чех педагогі - Я. А. Коменский. Бұл соңғы төрт ғасыр ішіндегі ашылған ең ірі, әрі маңызды педегогикалық жаңалыққа саналады.

Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:
сыныптағы оқушылардың жасы бірдей, және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынандай бірнеше түрлері болады:
1. жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;
2. есеп шығару сабағы;
3. зертханалық сабақ;
4. қайталау және қорытындылау сабағы
5. оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы;
6. оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы;
7. оқушылардың білімдерін тексеру сабағы;
8. барлық мақсат біріктіріліп қойылған кешенді сабақ;

Мектеп практикасынан белгілі мұндай әр түрлі сабақтардың жеке дара
күйінде өтуі сирек кездеседі. Көп жағдайларда олардың 3 -5 түрін
біріктіріп, бір сабақта аралас сабақ түрінде өткізеді. Себебі, бір сабақтың
өзінде жаңа материал түсіндіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, зертханалық жұмыстар орындаттырады, есеп шығарып үйретеді. Сондай-ақ, сыныпта өткізілетін сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болу керек. Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, формулаларды қорытып шығаруда, теңдеулерді түрлендіруде, құбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстылыққа анықтауда өткізіледі.

Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынандай бөліктерден тұрады:
1. кіріспе түсінік немесе жаттығу;
2. келелі жағдайлар туғызып, оны шешуді ұйымдастыру;
3. бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар
арқылы зерттеу;
4. алынған нәтижелерді талдау;
5. жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру;
6. үйге тапсырма беру.

Өзінше ерекше қиыншылықтары көп сабақ - оқушылардың жалпы еңбектік, оқу ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру, не дамыту сабағы. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика пәнінің оқу бағдарламасының соңында көрсетілген сабақтың түріне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады. Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен тарауды немесе бөлімді
қайталау және қорытындылау сабақтары. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Бұл сабақ жеке оқушыдан немесе сынып бойынша есеп шығару, физикалық диктант, тест арқылы, реферат-баяндама жасау, сын жұмысын алу сияқты программаланған тәсілдермен жүргізіледі. Мұндай сабақтың құрылымдық бөлігі мыналар:

1. бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме,

2. оқушылардың шығарған есептері мен тестік жұмыстарына түсінік
беру,

3. оқушылардың жазған рефераттарын немесе баяндама хабарларын тыңдап, талдау,

4. диа-кинофильм немесе телевизиялық хабарды көрсету

5. мұғалімнің қорытындалуы,

6. үйге тапсырма беру.

Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс
орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе
сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Экскурсия
оқуды өмірмен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың практикада
қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын,
техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бағыттайтын кез екенін, оның
дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі айтып, түсіндіріп
отырғаны жөн.

Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де негізінен, мынандай 6 кезеңге бөлінеді:

1. ұйымдастыру кезеңі (2 - 3 мин) ;

2. үйге берілген тапсырмаларды сұрау (10 - 15 мин) ;

3. жаңа тақырыпты түсіндіру (15 - 20 мин) ;

4. көрнекілік пен әдістерді қолдану (10-15)

5. жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3 - 5 мин) ;

6. рефлексия, үйге тапсырма беру (1 - 3 мин) .

Физикадан өткізілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік
мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік, практикалық
тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

Физиканы оқытудағы қазіргі ақпаратты - әдістемелік кешен. Физиканы оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық
технология бұрынғы оқыту процесінің құралдарының рөлін алмастырды, ал
замандас ақпараттық техникалық құралдарын қолдану оқу процесі болып жатқан ортаны өзгертеді. Қазіргі заманғы сапалы да жаңа оқыту құралдарын құруға мүмкіншілік жасайды. Сонымен ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталған физиканы оқыту құралдарының айқын жүйесі құралды. Оқыту құралдарының осындай жүйесі электрондық сандық
сақтаушылардағы оқу - әдістемелік әдебиеттермен бірге жалпы білім беретін
мектепте физиканы оқытуда физика мұғалімнің ғылыми еңбек ұйымдарын (ҒЕҰ) және оны оқушыларға ақпараттық - әдістемелік кешенді (АӘК) құрастырады. 1 - суретте ақпараттық - әдістемелік кешен құрастырушы кампоненттер келтірілген. АӘК - ға кіретін кампоненттер құрамын және олардың физика бойынша оқыту процесіндегі функционалды рөлін қарастырайық. АӘК кампоненттерінің барлық жинтығын шартты түрде үш модульге бөлуге болады: электронды оқу - әдістемелік әдебиеттер, оқыту құралдарының жүйесі және ғылыми еңбек ұйым құралдарының жүйесі.
Қазіргі заманғы физиканы оқытуды оқулықтар, анықтамалар,
дидактикалық материалдар, есеп жинақтары, конспектілер және сабақ
жоспарлары, ғылыми және педагогикалық әдебиеттер, техникалық әдебиеттер, физика тарихы бойынша әдебиеттерсіз және т. б, елестету мүмкін емес. Барлығы қазіргі заманғы ақпарат сақтаушы құралдарда көрінуі мүмкін (магиттік тегеріштерде, оптикалық тегеріштерде, электрондық флэшь карталарда жән т. б, ) . Бұл физика бірінші модулін құрастырады.

Оқыту құралы жүйесінің екінші моделіне теориялық материалды
зерттеуге арналған және физикалық тәжірибелерді орындауға араналған қажетті дидактикалық ақпараттық құралдары қосылады. Теориялық материалдарды зерттеу үшін арналған дидактикалық ақпараттық құралдарды былай бөлуге болады: Баспалы ақпараттық әдебиеттер - әртүрлі физикалық таблицалар, плакаттар, студентер; дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар- диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, обьектілер, дыбысты материалдар; жаңа дидактикалық ақпараттық құралдар - диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, кампьютерлік слайдтар және слайд - фильмдер (презентация), электронды сандық оқытушы және бақылаушы бағдарламалар, мдльтимедиалар.

Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдардың жетіспеушілігі
олардың қажетті кезде тексере алмауына, оқу материалын түсінбеу және
оқылатын жауаптардың көшірілмеуіне әкеледі. Дәстүрлі дидактикалық
ақпараттық құралдардың қолданылуы мұғалімге жүктелген функция және көп
еңбекті талап етеді. Оған бұқаралық білім қиындықтары байланысты, әрбір
оқылатын материал әр оқушы үшін дарабақылануы қажет. Бұл талапқа жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдармен оқытылатын елдерде сәтті болмай жатыр.

1-сурет. Ақпаратты - әдістемелік кешеннің блок - схемасы.

Дәстүрге қарағанда жаңа (компьютерлік) дидактикалық ақпараттық
құралдар оқылатын жауаптарды қабылдау қабілеттілігіне және оларға
артықшылық болып табылады. Ол физиканы оқыту процесін басқару функцияларын жаңа дидактикалық ақпараттық құралдарға орындауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдарыды жаңамен
бітіреттіндеп аухтыруы мультимедиалық жүйені қолдану физика бойынша оқу
ортасында жаңа бағыт болып табылады. Қазіргі кезде оқу - әдістемелік кешен
құрастыруда әліде дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар сақталуда,
сондықтан жаңа деңгейге жету бірте - бірте орындалып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Компьютерде өткізілетін сабақ
Молекулалык физика пәні
Компьютерлік сабақтардың түрлері
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері. Оқытудың компьютерлік технологиясы
Компьютерде өтілетін сабақ
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz