Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ
Чекетаева Роза Саркытбековна
Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор лекторы т.э.к
АхметбековаДана Қанатқызы
6B01602Сандық гуманитаристика 4курс студенті
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Казақстан, ahmetbekova-aida@mail.ru

Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі

Еліміз тәуелсіздік алып, жеке іргелі мемлекет болып жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын, оның белсенді қайраткерлерінің өмірін, қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеу үшін Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды. Жалпы Алаш тарихын зерттеу Қазақстандық тарихнамада ел танудың, замантанудың оңтайлы шарасы ретінде қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар, тарих ғылымында жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді. Ол қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды.
Түйін сөздер. Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы.

Мақалада тақырыптың өзектілін ашар бүгінгі тарихымыздағы маңызды үдерістер бойынша, өткенді кіріспеде байланыстырдық. Яғни, қазақ халқының бұрын-сонды тарихында Алаш ұлт-азаттық қозғалысындай қоғамдық құбылыс болған жоқ. Оның ең басты құндылығы - XIX ғасырдың аяғынан бастау алып, мәңгілік идеясы XX ғасырдың 90-шы жылдары еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі мұраттарымен ұласқанында болып отыр. Патшалық Ресейдің озбыр отарлық саясатының езгісінен арылу үшін ең бірінші ұлттың санасын, ояту, оны білім-ғылымға, мәдениетке үгіттеген, соның негңзңнде тұтас халықты бір тудың астына біріктіруге ұмтылған бұл қозғалыс Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның ұлы есімімен тығыз байланысты.
Бұл мақалада Кеңестік Қазақстандағы Алаш азаматының жасаған саяси реформасының дәрежесін бүгінгі күнге дейінгі айтылмай қалған және оның бір өз ерекшеліктерін байланыстыра отырып әр түрлі әдістері қарастырылды. Архивта қалған жазулар мен кітапханадағы деректер қарастырылды.
Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында атты кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болмады [1].
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес - деп жазды.
Яғни, бәріміз білетіндей Алаш азаматтарының жүргізген саясаттарының бағдарламасындағы пункттарының тармақтарында, білім жөнінде және еліміздің өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуын сұраған болатын, сол кездегі барлық мәселерді шешу барысында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан атамыздың Минскіде, жастарымыздың қара жұмыстан босатылып, қатардағы әскер қатарына алынуын сұраған болатын. Жоғарыдағы дерекетрге аргумент келтіретін болсақ аған дәлел, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі тұста Алаш зиялылары мен олардың қоғамдық, ағартушылық, саяси қызметіне қатысты ғылыми еңбектер жария бола бастады (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі Егемен Қазақстан. 12 мамыр. 2010). А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Т. Шонанов және т.б. ғалымдардың есімі ел арасында оралғаннан кейін олардың ғылыми еңбектеріне толымды баға беріле бастады.
Жоғарыдан айтып жатқан тарихи тұлғамыздың өміріне көз жүгірткен болсақ ол кісі, 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Токырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі жетінші ауылда дуниеге келген. Әлихан ататегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан Төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақ ханның баласы Бөкейхан казақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
Сондай-ақ, 1886-1890 жылдар аралығында Әлихан Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училещеде оқиды. Оны бітірген соң жас техниктің ерекше оқуы мен үлгілі тәртәбәне риза болған училище директоры оның қабілетіне сипаттама беріп және жоғарғы оқу орнына барғысы келетінін, сол үшін қазақ қауымдастығының стипендиясын жалғастыра беруді сұрап Қарқаралы уезінің бастығына өтініш хат жолдайды. Сөйтіп, Әлихан 1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс хатымен 200 сом стипендиясымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда шыңданып, терең білім алумен қатар сабақтан тыс кездері студенттердің әртүрлі бағыттағы үйірмелеріне қызу араласады. Жаңа ғасыр табалдырығын аттағалы тұрған Ресейдің ендігі дамуы қандай бағыт алуы керек деген түрлі пікір-таластардың куәсі болады. Ол бірте-бірте Ресей империясының отарлық езгісі мен қараңғылық шырмауындағы қазақ халқының ауыр тағдырын қатты ойлана бастайды [2, 56б].
Санкт-Петербургтегі оқуын ойдағыдай бітірген Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбыға келгенде экономист мамандығын алған ормантанушы ғылым ғана емес, Ресейдің отаршылдық саясаты туралы өзіндік саясаты бар, сол кездегі Батыс өміріне атыл ене бастаған марксизмнің экономикалық ілімін жақсы игерген білімді саясаткер ретінде қалыптасқан еді. Мұның саяси-әлеуметтік негіздері жеткілікті болатын. Біріншіден, азаттық пен еркіндік мазмұндық негізі болған қазақ эпостары, батырлық жырлар, халықтың бай ауыз әдебиеті болашақ ұлы күрескердің әлеуметтік көзқарасының, рухани байлығының бастауы болды. Ол орманшы-экономист болса да кейін Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Ер Тарғын сияқты жыр-дастандардың үлгілерін жинап, Қарақыпшақ Қобыланды, Батыр Бекет, Мырза Едіге сияқты қиссалар туралы зеттеулер жазуы, 1907 жылы орыс оқырмандарын тұңғыш Абай шығармаларымен танысуы, ал 1909 жылы ұлы ақынның шығармаларының Санкт-Петербургте жарық көруіне ықпал етуі кездейсоқтық емес болатын. Екіншіден, саяси сезімі сирек Әлихан Ресей өміріне енген капиталистік қарым-қатынастар жағдайында жұмысшы табы бірігіп, марксизм ілімі олардың идеологиялық ретінде насихаттап, орталық жерлерде ереуілдер бой көтеріле бастағанын байқады. Мұндай саяси жағдайлардан тыс қала алмаған ол студенттік қозғалыстарға белсенді қатысып, марксизмнің ілімі туралы қызу пікір-таластарда эеономикалық материализм қағидаларын қорғаған көрінеді. Бұлардың барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құрылымын, оның қазақ даласындағы отаршылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуге, саяси танымның қалыптасуына игі ықпал етті [3, 86б]. Үшіншіден, Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы әңгіме-аңыздардың әсері де аз болған жоқ. Осындай саяси дайындығы мол басқа да бостандық туралы мәселелер көтеріп, жергілікті тілдің құқығын шектеудің барлық түрін тез тоқтатуды ұсынудың осындай қағитты себептері болатын.
Қазақ халқының тағдыры үшін аса маңызды жер мәселесін Әлихан Бөкейханның тереңірек біле түсуіне Ақмола, Семей және Торғай облыстарын қамтыған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция жұмысына қатысуы ерекше ықпал етті. Оның кейін өз шәкірттеріне Ұлтқа пайдалы адам болғыныз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп, үйренуге тырысыңыз.Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді, - деп кеңес беруі жайдан жай емес [4, 77б].
Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамындағы жер мәселесінің үздік маманы, осы тақырыпқа қадам тартқандардың көш бастаушысы ретінде көптеген мақалалар жазды. Санкт-Петербургте шығатын Речь газетінің 1914 жылғы 23 қаңтарындағы санында басылған Мемлекеттік Дума депутаттарына ашық хаты қоныстану басқармасының қазақ даласының қазынағы қарайтын жерін әртүрлі топтарға - орыстың князьдары мен графтарына үлестіріп берумен ғана шектелмей, православие дінін қазақ жұртына сіңіру қамы да ойластырғандықтары айтылады. Сонымен қатар мақалада Орталық өкіметтің қоныстандыру жұмысын жүзеге асырушыға арналған арнайы орындалуға міндетті бұйрықтың дәлме-дәл мәтіні берілген. Басқарма осыларды мәлімдей отырып, қазақ пен орыстардың бірге қоныстануы басқа дінділерге де православиеге тартуға көмектеседі, осының негізінде Дала облыстары орыс мемлекеттілігі мен мәдениетіне жақындап, орыспен сіңісіпкетуіне көмектеседі деген пікір білдірген. Бұл тікелей орыстандыру саясатынан басқа ештене де емес еді [5, 43б].
Жоғарыда жарияланған хаттан кейін редакция оған түсініктеме артық дей отырып, бүгінгі қазақ халқының да, осы күнде қазақ халқының салт-дәстүрінің өзгертіп, тіпіті бір көңілді көтерген әдеті - қонақ күту де жылдан жылға бұрынғыдай болмай барады деп отаршылдықтың әлеуметтік зардаптарына ой тастай салды. Бұрын жолаушы кез келген үйге түсішу едіе және үй иесі қанша кедей болса да тамақ тауып беріп, сыйлайтын, мұндай іс-әркетті қазақ еш нәрсе ойламай, адалдығымен атқарған, сондықтан қонақтар да мейілінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
Абайтанудың негізін қалаушы
Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі
Пәндер