Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Д.Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1. Д.Исабеков шығармаларының ерекшеліктері
1.1 Дулат Исабеков шығармаларындағы кейіпкер характері
1.2 Дулат Исабеков шығармаларындағы сатираның ауыспалы қызмет атқаруы 2. Д.Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
2.1 Д.Исабеков шығармаларындағы əйел концептісінің ауыспалы мағынаның берілуі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ әдебиетіндегі адам мен қоғам, табиғат арасындағы қарама-қайшылық пен үндестік қазақ жазушыларының шығармаларында әсіресе, проза жанрында кең көрініс тапты. Қазіргі таңда көптеген прозалық кітаптардың, драмалық шығармалардың сонымен қоса, әңгімелердің, жүздеген мақалалардың авторы болып табылатын қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тұлғалардың бірі - Д.Исабеков.
Біз қарастырып отырған, жазушы шығармаларындағы сатира мәселесі ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы. Ғылыми жұмыста негізгі нысанға алынған қазақ әдебиетіндегі көрнекті қаламгер Д.Исабековтің әңгіме жанрындағы сатира мәселесі.
Д.Исабеков өз шығармаларын жазу барысында қым-қиғаш сюжет, елден ерек кейіпкер іздеп әуреленбеген. Әдеттегі өмірдің өзіндей, айналадағы күнде көріп жүрген кұбылысты өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, қарапайым тәсілдерімен тамаша етіп бейнелеп береді. Сол себепті де, оның шығармалары мен ондағы кейіпкерлер адам жанына неғұрлым жақын, күнделікті өмірде өзімізбен араласып бірге жүргендей шынайы, табиғи қасиетке ие болып келеді.
Оралхан Бөкеев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин тағы басқа суреткерлердің шығармашылығы бүгінге дейін зерттеліп, өз бағасын алып та жатыр. Алайда Д.Исабековтің шығармаларындағы сатира мәселесі қызметін жеке алып зерттеу, әдебиетте неғұрлым тереңірек зерттеуге, жаңаша қырынан келуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының алдына төмендегідей мақсат-міндеттер қойылды:
- ХХ ғасырдың 70-90 жылдарында қазақ прозасында өзіндік жазу ерекшелігімен көрінген Д.Исабеков шығармашылығының идеялық, тақырыптық ерекшелігін сипаттау;
- образ болмысын танытудағы стильдік ізденістер өз нәтижесін беріп, кейіпкер жан-дүниесін бейнелеуде Д.Исабеков суреткерлік шеберлігін көрсетті;
- Д.Исабеков шығармашылығындағы адам мен қоғамның ара-қатынасы, қоғамдағы адамның орны, қоғамдық құбылыстар, табиғат пен адам арасындағы байланысы туралы сөз қозғап, олардың өзіндік ерекшеліктерін саралап, екшеуге тырыстық.
- ХХ ғасырдың жетпісінші-тоқсаныншы жылдар прозасы ерекше назар аударуға негіз бола алатын күрделі проза. Осы жылдар әдебиетінің көрнекті өкілі Д.Исабеков шығармашылығындағы адамның рухани әлемі мен оларды жеке тұлғалар арқылы жеткізу жолдарын саралап, екшеу әдебиетіміздің күрделі дәуіріндегі тарихын зерделеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Осы ғылыми жұмысты зерттеу барысында қолданған, қажет те құнды материалдар, ғылыми жұмыстың негізгі тұжырымдары мен айтылған ойлары, қорытындыланған, жүйеленген нәтижелері бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің сауатты жас буынына, көзі ашық оқырмандарына, мектеп, жоғарғы оқу орындарында, басқа да мақала, жинақтарға керек дерек көзі болып табылады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі 2 тараумен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Дулат Исабеков шығармаларындағы кейіпкер характері
Дулат Исабеков есімі аталғанда, оқушылар қауымының есіне "Ата үміті", студенттер қауымының ойына "Қарғын" романы түсері сөзсіз. Тілі майда, сөзі ірі жазушылардың алдыңғы шебінен орын алатын Дулат Исабеков шығармашылығы қазақ әдебиетінде ешқашан қайталанбаған тың туындылар.
Жазушының халық сүйіп оқыған шығармалары өте көп. "Мазасыз күндер", "Тіршілік", "Сүйекші", "Гауһартас" сынды повестерінен кейін халықпен етене араласқан жазушы қиялынан "Қарғын" романы туды.
"Қарғын" - сай-сайдан, жылғадан аққан құм тасы аралас жауын суы, тасқын.
Роман неліктен бұлай аталды?! Адамдар арасындағы ең керемет қарым-қатынас - махаббат. Ұлы дүниелердің барлығы дерлік осы ұлы сезімнің нәтижесінде өмірге келеді. Ең таза жер - жүрек, ең кіршеңі - көңіл. Махаббат мәселесінде екеуіне де дақ түсуі мүмкін. Екеуі де кірлейді. Сезімнің сергелдеңінен түскен сызатты ешқандай тасқын су да тазарта алмасы анық. Романның басты кейіпкерлері - Бағила мен Жасын. Қазақ шығармаларындағы оқыған, көзі ашық, биік интеллект типаждардың ішінде Жасын бейнесі оқ бойы оза шауып, алда жүретіні айқын. Неге?! Себебі, жазушы Жасын бейнесі етіп алған протатиптің өзі өмірде өте жоғары талғам иесі болғандығы анық байқалады. Автор Жасын бейнесіне "қазақ арасында сирек кездесетін эрудит" деп баға береді.
Екі адамның ең шынайы, кіршіксіз махаббаттары суреттелетін Қарғын романы көпшілікке жаңаша үлгіде, тың туынды ретінде таралды. Оның алдындағы көпшілік шығармаларда баяндалатын махаббат хикаясы ауыл тұрмысын, қазақы қоғамдағы әйелдің бас бостандығын айтудан арыға аспайтын. Қарғын желісі өзгеше өрілген, қала мәдениеті мен адамдар арасындағы ішкі арпалыс, сезімге тұсау салу, шынайы ғашықтық, өзін-өзі алдау сынды психологиялық құбылыстар әр кейіпкердің бойынан табылған. Образ ашу барысында автор кез келген кейіпкерін шынайы суреттеген. Әр кейіпкер өз болмысының сан қырында сөйлейді.
Дулат Исабековтің махаббат тақырыбындағы қалам тартқан туындысы "Қарғын" болса, қу тіршіліктің базарында қауға басын сүйреп жүрген пенде тарихын өзге шығармаларда тіпті бөлек баяндайды. Бұл - "Тіршілік" повесі хақында айтылар әңгіме. Киеван шалдың қитұрқы әрекетінен бұрын өмірге деген көзқарасы құндырақ. Жазушы өзінің жанрлық талғамында жаңылысып көрген емес. Жазушы мен журналист екі бөлек дүние. Ең бастысы, Дулат Исабеков екеуін де ажырата білді.
Оның жазған шығармаларының шытырманы аз. Десе де, адам жан-дүниесінің арпалысы, өмірдің біз біле бермейтін құбылыстары, ар тазалығы, жан тазалығы кез келген туындысында көрініс табады. Кезекті шығармасы "Сүйекші" повесіндегі басты философиялық ой - қауқарсыз жалғыздық. Кедей отбасында өмірге келген Тұңғыштың ештеңеге ұмтылмай, ешқандай мақсатсыз өмірден өтуінің сыры неде? Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдың адамзат әлеміне соншама қасірет әкелуінің себебі бар ма? Жазушының тақырып таңдау болмысы да өзгеден тым бөлек. Не үшін сүйекші? Қазақта көр қазушылық кәсіп болған ба? Жазушы ұғымындағы кейіпкерлер жан-жақты. Тіршілік пен Сүйекші сарындас шығармалар. Екі повесті оқи отырып жазушының әр детальді тиімді пайдалана білгеніне қуанамыз. Астарлы әзілмен, жеңіл юморлы штрихтармен-ақ кейіпкер психологиясын өте жақсы талдаған.
Дулат Исабеков махаббат, өмірлік күрес тақырыптарынан өзге екі адамның түсінбестік теориясына да өте жақсы қалам тербеген. Оған дәлел - "Гауһартас". Екі әлемнің бір-біріне ығыса алмай өмір сүруі қандай күрделі. Ыбыш пен Салтанат образдары да осы тұрғыда жақсы суреттелген. Жасын мен Бағила жаңа заманның ернеуіндегі кедергілерден қосыла алмай азап шексе, бұл екеуі түсінбестік теориясының шырмауындағы ескіліктің еншісіндегі кейіпкерлер. Бұл повесть желісі бойынша кино да түсірілді. Жазушы өз лабораториясында кейіпкер характерін ашу үшін не істемейді. Кейіпкерді жалғыз сөйлетуі мүмкін. Оның іс-әрекетіне қажет емес деталь қосуы мүмкін. Тіпті, қиял штрихтерін да қосып жатады. Алайда, Дулат Исабеков қарама-қайшы екі кейіпкердің болмысын ашу үшін жай ғана қарапайым диалогтың өзін ұтымды пайдаланған. Өзге жазушылардан ерекшелігі де сол. Оның қандай шығармасы болмасын, қандай тақырып алмасын, қандай тағдырды талдаса да оқырманның жүрегіне жол тауып сендіре алады. Жазушының жетістігі де осында.
Дулат Исабеков ішкі толғаныстан ғана қалам тербейтін бірден-бір жазушы. Жазушы қаламының қырағылығы да, қасиеті де - адами шындықты ашып жазуы. Оның туындылары оқырманға сонысымен де құнды.
1.2 Дулат Исабеков шығармаларындағы сатираның ауыспалы қызмет атқаруы
Эстетикалық мәдениетке жұртшылықты тәрбиелеу барысында жағымды образдармен қатар жағымсыз образдар да белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратыны белгілі. Жаман қылықтарды сықақ, келемеж арқылы әшкерелеп, адамдар мінезіндегі сорақылықтар мен сұрқиялықтарды мінеу, мазақ ету адебиетте сатиралық образдар арқылы көрініс табады. Сатиралық образға ғалым З.Қабдолов мынадай анықтама береді: Сатиралық образ ‒ ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелген құбылыс ‒ керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына ‒ көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік пен мансапқорлықты, әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз күреске үндейді, сөйтіп ілгері басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады[1.133].
Сатира образы туралы әдеби сыншы Т.Тоқбергенов анықтамасына тоқталар болсақ: Сатира - күлкі жанры. Күлдіре отырып, күйдіре сынайтын жанр.
Әсілі, өмірде көргеннің бәріне күле қарауың керек пе, әлде ойлы көзбен өткеріп, сабыр қалпыңда сақтауың керек пе? Бәріне күле қарасаң - жеңілтексің, ой басты боп қарасаң - күйгелексің деп жүрмей ме? Ойлы көзбен өткерудің өзін дұрыс ұғып жүрміз бе, әуелі? Күле қараған кісіде ой жоқ деп, күлкі шақырған жайт ойсыздықтан туған деп кім айта алар? Бәрі шартты. Бәрі кереғар. Және бір қызығы, сатира аталмыш жанрға тек күлкі ғана тән бе екен! Аңлағанға сол сатираның өзінде күлкі мен қасірет қатар қонған ауылдай. Ендеше, бір қарағанға жеңілтек саналатын күлкінің өзінде айтып біткісіз ащы шындық пен ауыр салмақ бірге тоғысқан[2,167].
Жазушы Д.Исабековтің жеңіл сатира мен юморға құрылған шығармаларындағы күлкі осының айғағы. Жазушы қаламынан туған бірнеше әңгіме, повесть, роман, пьесалары жарық көрді. Шығармашылық жолының басынан бастап, бүгінге дейін толассыз жазып келген туындыларының біршамасы мысқылмен түйрей отырып, оқырман қауымын сол қылықтардан бойын аулақ ұстауға шақырады. Қаламгердің юмор мен кекесінге толы көрініс беретін туындысының бірі ‒ Социализм зәулімі атты әңгімесі. Әңгімеге бәрімізге белгілі көп ұлттылық арқау болған. Әңгіме Мәскеуден Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты жою керек деген қаулының шығуынан басталады. Қазақстанның бір түкпіріндегі Коммунизм колхозының Социализм бөлімшесінде бұл қаулыны жүзеге асыру бірден қолға алуы. Бөлімше мүшелерінің ойлана келіп бір тоқтамға келіп, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық ‒ көп қабатты үйлерге байланысты деген қорытынды жасауы арқылы әңгіме желісі өрбиді.
Бөлімше құрамындағылардың алдындағы ендігі мәселе ‒ бес қабатты үй салу. Бұл көтерілгелі жатқан үйдің басты ерекшелігі ‒ көп ұлттардың бірлесіп салуы болатын. Сонымен бөлімшеге үй салу үшін жан-жақтан адамдарды жинай бастайды. Үй салуға жұмылдыратын жүз елу ұлттың құрамын түгендеп жүрген бөлімше прорабы Сепентай адамдардың арасынан жүз он екі ұлтты жұмысқа қабылдап, бөлімше меңгерушісі Пашатқа енді сегізін қайдан табамыз? ‒ деп қобалжи бастайды. Ақыры сегіз ұлтты бұлар дәлізде жұмыс іздеп келіп отырған адамдар арасынан іздей бастайды:
‒ Араларыңда шүршіт барма? ‒ деді.
‒ Жоқ.
‒ Пүшту бар ма?
‒ Жоқ. Олар Ауғанстанда тұрады.
‒ Қап, бір шүршіт пен бір пүшту керек еді... Ал сендер кім боласыңдар?
‒ Кім болушы ек, қазақтармыз.
‒ Бізге қазақтардың керегі жоқ, қайта беріңдер.
‒ Ойбай-ау, қазақ қалаған там құлап қалады дейсіңдер ме? Қайда барсақ та қазақтардың қажеті жоқ дейді, енді біз қайда барып күн көреміз?
‒ Онда менің шаруам жоқ. Маған десең Магаданга кет. Шүршіт керек, шүршіт немесе эскимос.
‒ Ойбай, ондай ұлт жоқ болса өлеміз бе енді?
‒ Табыңдар, табыңдар[5,194]!
Автордың жеңіл кекесінімен қолданылған диалогтарында үлкен бір астар жатқаны мәлім. Ол қандай астар? Кекесінге жеңдіре отырып жеткізген шағын әңгіме астарындағы жағдай ол ‒ еліктегіштік. Қазақтың қазақ бола тұра өз тілінде сөйлеуінен, қазақ бауырларының кеудесінен итеруі сол кездегі қазақ жұртының басындағы үлкен бір қайғы екенін жазушы осы диалогтар арқылы жеткізіп отыр. Оған мысал ретінде әңгімеде Сепентай мен Пашат көп қабатты үйге адамдарды орналастыру туралы ордерлерді толтыруда алдымен өзге ұлтты бірінші қабылдап, солардан артылған пәтерлерді қазақтарға бөліп беруі еді. Сонымен қатар, әңгімедегі мына сөйлемдер:Жиналыста отырғандар жиырма бір адамның бәрі қазақ, қазақ болғанда да көпшілігі орысша білмейтін, білсе де суды уада дейтін қазақтар еді, соған қарамастан Оспан ойын түп-түгел орысша айтып шықты. Сөз орысша айтылған соң жұрттың бәрі ұйып тыңдады..., Олар Южказэлеваормелснабсбытстройдың сәулетші жігітімен екі күн бойы келіссөз жүргізді, - деген жолдар арқылы ұлттық болмыстың бір қырын көрсете отырып, даралана бастаған адамзат санасының өзгеріп бара жатқандығын автор осындай детальдар арқылы ашып көрсете білген.
Д.Исабеков шығармалары туралы зерделі сыншы Т.Тоқмағамбетов былай дейді: Исабековтың кейін Тіршілігі жарық көрді. Сонда біз Дулатты өзгелерден бөлектейтін де осы үш хикая (Дермене, Сүйекші, Тіршілік) демекпіз. Бұл хикаялардың ортақ тақырыбы - жақсылық пен жамандық. Адам баласының мәңгі тақырыбы. Ал тақырып дегеніміз, М.Горький айтқандай идея ғой. Осыны Дулат жақсы қабылдаған. Түсініп қабылдаған. Ол шығармаларында жақсылық пен жамандықтың күресін лирикалық-психологиялық тұрғыдан нәзік қайырып жеткізеді... [3,98].
Тіршілік повесі арқылы жазушы өткен күндер зардабынан зар шеккен мұңлы жандар жайын көз алдымызға алып келеді. Ата˗анадан ерте айырылып, ауылдың бел баласы болған көкнәрші Молдарәсіл мен оның үндемес әйелі Қыжымкүл де дараланған характерлер.
Тіршілік әңгімесіндегі Киеван шал өмірден алынған кейіпкер. Ол туралы жазушы: Бала кезімде жалғыз үйде отыратын көкнәрші Дәулет деген шал болды, Дәрікүл деген кемпірі де бар еді. Жалғыз балаларын әскерде болатын. Мені ертіп алып Қарасапан базарынан көкнәр іздейтін, өзі ұзын, тұтқыштай қара еді. Адымы ұзын, оның соңынан жүгіріп отырамын. Табаныма қиыршық тас бітіп, талай жылап едім. Ол жылағаныңа қарамайды. Қолымнан жетелеп алып желіп отырады, қасымыздан вилосипедшілер зулап өтіп жатады. Мен қызыға қараймын. Көкнәр тапқан күні ол ерекше қуанышты болатын. Ешкім туса лағын саған бәсіреге беремін. Шібіш болғанда сатып, осындай шайтан арба аласың - деп, бала қиялымды байытып тастайды. Кейінен оны Тіршілік повесіндегі Киеванның прототипі етіп алдым - дейді, автор өз шығармасының жазылу тарихы туралы.
Жазушы жеңіл юморлы штрихтармен˗ақ характер психологиясын аңғартады. Жазушы Киеван шалды даралау үшін көбінесе көкнәрді деталь ретінде алады. Уақыт ағымын бағалай алмаған көкнәрші шалдың күлкілі халі, әрекеті мен тұрмысы оқырмандарын бір сергітіп алары анық. Автор екі қарттың бір˗біріне сай тірлігін, болмысын тұспалдарлықтай ұтымды детальдар арқылы дәл көрсете білген. Мысалы, ауыл˗ауылды аралап әрең тауып алған көкнәрін үйіне әкеліп, езіп ішіп алған шалдың рахатты кәйпін кемпірі абайсызда бұзып алады. Оқыс дыбыстан шалының ұратынын алдын˗ала сезуі, тіпті төрт рет ұратынын білуі, бұл жолы осыны білгендіктен бесінші таяқты жеуі, көкнәр күйігінің шалына қалай батарын кемпірдің сезінуі...бәрі˗бәрі шалының қасиетін білгендігінде...
Тіршілік повесіндегі басты кейіпкерлер шетінен дәрменсіз, шетінен бейшара жандар. Олардың бойында күресуге деген жігерлік рух жоқ, керісінше, өшуге айналған шырақтың әлсіз жарығы ғана бар болатын. Повестегі Молдарәсіл көкнәрді барлығынан жоғары қоятын, болашағы үшін күресе алмаған дәрменсіз кейіпкер. Ол повестегі мына жағдайлар арқылы айқын көрінеді:
− Е, Молдарәсіл атқа мініп қайда барып жатыр. Мінем десе осы ауылдың бүтін тұяқтың бәрі сонікі емес пе. Одан да оған жарты қап көкнәр беруі керек деп ауыл жігіттерінің кекетуі. Оған Молдарәсілдің не дерін білмей төмен қарап қызаруы. Жанындағы жігіттеріне басы бүтін ат беріп жатқанда, Молдарәсілге жарты қап көкнәр беріп шеттетпей, бір қап көкнәрді арқалатып жіберуі. Жолдастарының қалжың аралас кемсітуі. Осының барлығы оның ойынан, көңілінен кетпей қояды. Ақыры мұның бәріне шыдай алмаған Молдарәсіл көкнәрді өзіне серік етіп, ішіп, ес˗түссіз талып қалады[4,331].
Тіршілік повесі арқылы қарапайым қазақ әйелінің тағдыр жазғанына көнгіштігі, айналаға үнсіздігі, шалына момындығы, зіл батпан қайғыны көтерген төзімділігі суреттелген шығарманы оқи отырып, әр адам бұл дүниеге келіп, тіршілік кешіп, қайтпас сапарға аттанатынын біліп ойланасың. Өмір қысқа... Көзді ашып˗жұмғанша зу етіп өте шығады. Осы қысқа өмірі мәнді етіп өткізуге тырысу керек!
Дулаттың Ескерткіш әңгімесіне тоқталатын болсақ, ол да бір өз атына сай жөні бір бөлек дүние. Біз бұл әңгімеден жеңіл күлкі іздестіре алмаймыз, керісінше, сол кездегі қазақ халқының өмір сүрген заманын, олардың бір орталыққа бағынудағы салдарын оқи отырып ызалана күлеміз. Әңгіменің құндылығы да сонда кешегі қазақ бауырларымыз мал бағып, тері илеп, өз күндерін өзі көріп жүрген болса, енді сол қазақ жандары жаңа бұйрыққа, жүйенің дегеніне көніп, шөлмектің досы соның құлы болып, тірі ескерткішке айналғанын жазушы шебер шыншылдықпен жаза білген. Әңгіме қарапайым еңбек адамын асқақтантып, мерейін асырамыз деген мақсатпен тері өңдеу өнеркәсібінің алдына ескерткіш орнатамыз деп жоғарыдағылардың бір шешімге келуінен өрбіген болатын. Әңгімедегі сантехник Әштеннің аяқ астынан ауылдағы ең аты˗шулы адамдардың біріне айналып, алғашқы тері илеушіге қойылатын ескерткіштің түпнұсқасымен амандасқысы келетін адамдар саны күннен күнге көбейе түскендігін байқайсың. Тіпті, онымен қатар жүріп арақ ішіп, дүкенде бір кезекке тұрғандарының өзіне мақтанушылар саны арта түсті. Осылайша арақ үшін бәріне дайын Әштен бір күндері сол ескерткіште өзі тұруға да келіскен. Әңгімеге тоқталсақ: Ағылшын тері илеушілерімен облыстық хатшысы келген кезде ағаш діңгекті алып тастап, оның орнына Әштеннің өзін қоя тұрайық. Сарыағаштың (арақ) суын жарты жыл бекер ішті ме, жарты сағат тұра тұрсын. Одан Әштеннің түгі кетпейді деп Әштенді ескерткіш болып тұруға көндіріп алған болатын. Әңгіме соңы Әштеннің ешкімге керексіз болып қалуымен, осы жағдайдың бәрін айтып қоймас үшін аупарткомның шофері оған үш күнде бір рет Сарыағаштың суын апарып беріп тұруымен аяқталады. Сол бір келеңсіз қасиеттерді жазушы ұтымды деталь, сәтті ситуациялар арқылы әжуалап, келеке кейіпте көрсетеді. Автор бұл әңгімесі арқылы жалғандық пен өтірік топырағында өсіп˗өнген, тіршілігі азып˗тоза бастаған қоғам болмысын ашып береді.
Д.Исабековтың қайбір шығармасын алсақ та, әрқайсысының басталуы мәнді, белгілі бір мақсатты көздеп тұратынын аңғарамыз. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы мен идеясы - адам баласының қоғамдағы орны. Автор өз шығармаларында адам психологиясын зерттей отырып, өз заманының қарапайым адамдарын яки қор болған жандар өмірін суреттеп, оқырманға ойлы жеткізуді көздеген. Оған мысал: Ескі үйдегі жаңа қоныс әңгімесі. Жазушы бұл әңгімесі арқылы қоғамның күлкілі жағдайын, қазақ ұрпақтарының бір шөлмек арақтың құлы болып бара жатқандығын, бөлімшедегі ең беделді адамдардың біріне айналып келе жатқан Есіркептің арақ ішіп өз замандастарына күлкі болуын әңгімеде шыншылдықпен суреттеген: Кешке Есіркептің үйінде үлкен той болады. Төртеуі қайта-қайта кешірім сұрады. Енді әзілдесек тілімізге қотыр шықсын десті. Көздеріне жас алды. Теріс қарап Есіркеп те орамалымен жасын сүртті. Арақ құйылды. Ат басты Тәшкенбай стаканды қолына алып:
- Қоныс құтты болсын! - деп ыржиып.
- Иттер, - деді Есіркеп еріксіз езу тартып [5,109].
Жазушының жеңіл юморға құрылған Жүз жылдық арман әңгімесінде өзекті жер мәселесі әңгімеге арқау болады. Қазақ қауымының енжарлығы, жалқаулығы мен берекесіздігін автор юморлық, күлкілі штрихтармен дәл бере білді. Колхоз экономикасы қайтсе көтеріледі - деп ауыл ақсақалдарының тәуіпшілдікпен айналысатын Азнабайды Австрияға жіберуі, болашақты болжатуға кеткен Азнабайдың Австрия емес Австралияға өтіп кетуі сәтті қолданылған юморлық деталь десе де болады. Австрияға барамын деп, Австралияға өтіп кеткен Азнабай сол жақта өзіне кездескен қазақ жігітіне өзіне берілген тапсырманы баяндауы, көріпкелдің қағазға жұмыс істеу керек деп жазып беруі, бастықтың сонау жердің түбіне барып алып келген ақылың осы ма?, - деп ашулануы тағы да қазақи мінездің айғағы. Қоянды колхозында жалпы жиналысқа шақырылған президиум мүшелерінің қалғып, бастарының кегжеңдеп отыруы, президиумға арт жақтан лақтырылған кәмек қауынның шатақ шалдың басына тиюі, шалдың колиган, экістремис деп арттағы он шақты жігітке айғайлауы алғашында еріксіз күлкі шақырса да, ұйықтап жатқан намысыңды қытықтап оятар хал-күйге түсіреді. Автор көздеген мақсат та осы болатын, қазақ жастарының, қазақ қауымының азғындалып бара жатқандығын көрсетуі еді. Немесе, колхозды сақтап қалу жөніндегі мәселені қозғаған Мәулен ақсақалдың: Бұл ел ел болмас, - деді ол өз-өзіне күбірлеп. - Көкіректерінде саңылау жоқ, істеген ісінде береке жоқ. Ақырға айдасаң тақырға қашатын мақұлықтар!..Мына түрімен өзін-өзі орға жығады ғой бұл жұрт. Жықты деген осы емес пе? Бұл жұртқа не болған?.. көзіне жас алуы арқылы автор күйінішін, қаупін байқауымызға болады. Ол қауіптің басы қандай болатынын автор көзге шұқығандай етіп көрсетіп бере білді. Басқа шығармаларында ой қорытындысын оқырманға қалдыратын автордың бұл жолғы шығарманы осылай қорытындылауы сананы сансыратқан қауіп екендігінде сөз жоқ.
Біз өз жұмысымызда әдебиеттің проза жанрында өз сүрлеу-соқпағы, белгілі биігі бар Дулат Исабеков шығармашылығындағы ізденістерді жүйелі түрде зерттеп, оның жазушылық шеберлігі мен қаламгерлік машығына баса назар аударып, сол арқылы көркем шығарма табиғатын талдап таразылап, идеялық-көркемдік ізденістері арқылы әдеби процестің жалпы сипаты мен даму ерекшелігін айқындауға тырыстық. Жазушы туындыларының көркемдік- идеялық сипатына, автордың тіл қолданысына, құнарлы образ сомдау ерекшелігі мен ол жасаған кейіпкердің таным-түсінігінің, адами болмысының, адамгершілік қадір-қасиетінің, азаматтық тұлғасының ашылуына айрықша көңіл бөліп, көркемдік тұрғыдан тұжырымдауға талаптандық.
Қазақ әдебиетінде өзіндік үнімен көтерілген жазушылардың бірі ‒ Дулат Исабеков. Дулаттың әңгімелері туралы сөз болғанда алдымен, назардан тыс қалмайтын нәрсе бар. Ол автор әңгімелерінде әзіл-қалжың, кекесін кулкі, мысқылдардың мейлінше көп қолданылуы. Алайда, автордың сол күлкілердің, мысқылдардың астарында бір ой жасырып жатқаны мәлім. Автордың Социализм зәулімі, Ескерткіш, Жүз жылдық арман, Тіршілік т.с.с әңгімелері еріксіз езу тартқызғанымен, оның астында ашылмай жатқан жазушы идеясы әр оқырманның көңілін біресе толқытып, біресе ренжітіп, намыстандырып, оқырманды беймаза бір күйге салады.

2. Д.Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері

2.1 Д.Исабеков шығармаларындағы əйел концептісінің ауыспалы мағынаның берілуі

Көркем мəтін -- аяқталған күрделі ойды білдіретін, бір-бірімен өзара тығыз байланысты горизонтал (лингвистикалық) жəне вертикал (экстралингвистикалық) контекст негізінде туындайтын, полисемантикалы, біртұтас коммуникативтік-прагматикалық ашық жүйе, демек, ол қажеттілікке қарай өзектеніп, əр ұрпақ одан өз бетінше дербес ақпар ала алады, жаңа мəн-мағына таба алады. Көркем шығарманың вербалды құрылымы бір тақырыптық өріске қатысты мағыналық ұйытқы сөздермен беріліп, олардың парадигматикалық жəне синтагматикалық қатынастарын қамтиды да, мазмұндық-нақты ақпарды түзеді. Мəтіннің осы лингвистикалық контексі мен вертикал контекст бір- бірімен ұштаса, сабақтаса келіп, өзара диалог құрайды, яғни көркем мəтіннің мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды ақпарын қалыптастырады.

Жекелеген көркем мəтіндердің құндылығы оқырмандардың бірнеше буынының сынына төтеп беріп, уақытқа тəуелді болмайды, қоғамдағы əр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырып идеяға тартылған жол
Мағыналас фразеологизмдер
Оралхан Бөкей шығармашылығы
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Салыстыру демеулік шылаулары
Д Исабековтің Қырғын романындағы синонимдердің қолданысы
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Пәндер