ШОҚАН – ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Чернышевскйи жалпы

білім беретін мектебі

8 сынып оқушысы

Сериков Бислан

ШОҚАН - ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМЫ

Білген адам білімді өмір бойы іздейді
Иүгінеки Ахмед

Қазақтың ұлы ғалымы, ойшылы, біздің мақтанышы болып келетін жерлесіміз Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.

Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым. Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін дәлелдей аламыз. .

«Өзіндік ізденіс - білім негізі» айдарында Ш. Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы еңбектері зор екенін көріп тұрмыз.

Шоқан - ағартушы - демокра т XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ

даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты

өкілдерінің бірі.

Шоқанның демократиялық идеясының қалыптасуына бірден-бір себебін тигізген Кадет корпусы, досы Потаниннің айтуынша, Шоқанның ой-пікіріне көбірек әсер еткен Гонсевский және Костылецкий мұғалімдері болған.

Шоқан - филолог.

Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір

мәселелерімен де шұғылданды, қазақ поэзиясының

жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін

ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең,

қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т. Н. Потанин: «қазақ

халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының

данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін

өркендетуге негіз сала алар еді»- деп айтқан еді. Шоқан

әдебиет теориясын үш түрге бөлді:

1. Поэзия жанры, түрі.

2. Өлең құрылысы.

3. Аңыз-әңгімелер.

Шоқанның жазып қалдырған еңбектері біз үшін

алтын тұғырмен тең, теңдесі жоқ қазына, атап айтсақ:

“Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде”.

“Қазақ шежіресі”.

“Сот реформасы жайында хат”.

“Қырғыздар туралы жазбалар”.

“Іле өлкесінің географиялық очерктері”.

“Ұлы жүз туралы”, т. б.

Шоқан - аудармашы.

Шоқанның ғылым саласындағы тағы бір қыры - аудармашылығы

Мәселен, ол қырғыз халқының “Манас”, “Семетей” туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады.

География ғылымына Шоқанның қосқан үлесі, саяхаттары туралы ізденіс жұмысын жүргізген. Қашқария сапарының нәтижелі жемісі - Ш. Уәлихановтың “Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы” атты еңбектерінде жан-жақты мәлімделді. Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек, Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі.

Шоқан - тарихшы.

Шоқан тарихи маңызы бар мақалаларындағы негізгі тақырып Абылай ханның жүргізген саясаты мен қазақ және жоңғар қарым-қатынасы төңірегінен шығады: себебі Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) - Шоқанның туған атасы болатын. Оның «Абылай», «Шуна - батыр», «ХVІІІ ғасырдағы батырлар жөніндегі тарихи мұра» және тағыда басқа мақалалары қазақ-жоңғар қарым-қатынасында және тарихтағы Абылай ханға деген көзқарастарда жаңа бетті ашқандай болды.

Шоқан - құқықтанушы, реформатор.

Шоқанның қарапайым халықтың ел құқығын қорғаушы реформатор екенін болды. Ш. Уалихановтың саяси, құқықтық көзқарастарын ашып көрсеткен еңбегі «Сот реформасы жайындағы жазбасы». Бұл еңбегінде автор отаршыл билік тарапынан үстем таптың мүдесін қорғайтын, оларға ерекше қолдау көрсеткен мемлекет заңы жобасының реакциялық мазмұнын ашып, ұсынылып отырған сот реформасы жобасының мән-мағнасы кемшіліктерін талдап, келісті ойлар айтады.

Шоқан - этнограф

Ең алдымен, туған халқының тарихын зерттеуші, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенез мәселелеріне көңіл бөлді. Қазақ халқының шығуы туралы, «қазақ» этнонимі туралы ең алғаш дұрыс болжам жасады.

Ш. Уәлиханов Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі халықтардың этникалық тарихы мәселелерінің дұрыс шешілуі үшін әртүрлі деректерді жан - жақты пайдаланды. Қытай, шығыс және еуропалық жазбаша деректердің зерттеулерде кеңінен қолданылып, ал халық ауыз әдебиеті туындылары (ертегілер, дас

тандар, аңыз әңгімелер т. б. ) осы уақытқа дейін «ешкім тимеген қалпында» екендігін атап көрсетті.

Ш. Уәлиханов Қазақстанды халықтың құрамына енген: өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен т. б. да көптеген ежелгі түркі тілдес тайпалардың тарихын қарастырды.

Шоқан - археолог.

Шоқан - қазақтың тұғыш археологі.

Шоқан өз саяхаттарында зерттеу жұмыстары барысында археологиялық қазба жұмыстарымен де айналысқан.

ол «жолда кездескен тау жыныстарының коллекциясын жасап, Жаркент маңындағы Мирджай тауларында және Қарақас өзенінде алынатын нефрит бөліктерінің, болорлық яшманың, мәрмарды, хрустальді, Керия өзенінің құмды алтынын жинады». Өкінішке қарай, бұл сирек кездесетін коллекция сарапталмай жатып жоғалып кетті, қалай болса да, мен қанша іздесем де, оны таппадым.

Алтышарды сипаттағанда Уәлиханов мырза әртүрлі минералды заттардың бар екенін қысқаша айтып өтеді, олар аз зерттелгенімен, Керия ауылында алтынның көп мөлшерде жуылып алынатыны соншалық, тұрғындар салықты (Қытайға) осы металмен төлеп, оны жеке адамдарға сата алады. Хотаннан сарайға жыл сайын 80 ланға дейін алтын жөнелтіледі. Бірақ алтынның көп мөлшері лазурит, феруза, лағылмен бірге Памир, Қаратегін және Болорда өндіріледі.

Шоқан - суретші.

Ғалымның бай мұраларының бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс - салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Өз еңбектерін суретпен толықтырып отырған, көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Суретшілік өнерді арнайы үйренбесе де оның суреттерінде кәсіби шеберлерге тән өзіндік қолтаңбасы бар. Бұл ғалымның табиғи дарынының ерекше бір

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Әлкей Марғұлан
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz