Қазақ шежіре жырларының поэтикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ шежіре жырларының поэтикасы

Егер де эпостағы шежірелік арқауларды жинақтап, даралай қарастырсақ, генетикалық эағынан халықтың өсіп-өркендеуін тарзылар едік. Эпостағы тарихилық жағынан талдауға да шежіренің таразыдағы басы салмақтырақ. Бұнда ұлттық, ұлтжанды өнерді жасаушылардың шеберлігі көрінеді. Дәуірлік шоғырланған эпостағы шежірелердің ішінде тарихи жырлар мен шежіреде сәйкестік (конгенальность) бар, мұнда бұрынғы эпостағыдай қырық құрау кездейсоқ қосынды (конгломерат) жоқ. (Б. Рахимов)

Қазақ эпосының поэтикасына қатысты зерттеулер жүргізіп, ондағы уақыт пен кеңістік дәуір мен дәстүр, тарихи шындық пен көркемдік шешім, сюжет пен бейнелеу тәсілдері сияқты поэтиканың толымды мәселелерін біртұтас жүйемен қараған белгілі ғалым Ш. Ыбыраевтың еңбегі бізге үлкен ой салып тарихи эпостың табиғатына үңілуге жетелеген еді. Поэтика бағытындағы зерттеулерді жан-жақты саралаған еңбекте соңғы нүкте тарихи поэтикаға қойылған. Сөйтіп, көлемді монографиялық еңбегінде ғалым фольклор шығармасын тарихи поэтиканың мәніне қарай екі деңгейгк бөліп, төмендегіше жіктеп көрсетеді.

  1. Поэтикалық тіл.
  1. Көркем сөз ажарлау, құбылту, айшықтьау, машықтар, т. б.
  2. Өлең өрнегі ырғақ, ұйқас, өлшемдер, т. б.
  3. Стиль.
  1. Жанр поэтикасы.
  1. Көркем уақыт пен кеңістік
  2. Сюжет пен мотив
  3. Композиция

Көркем образ жинақтау, даралау, тартыс, т. б. (Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырлары­ның поэтикасы. -Алматы: Ғылым, . 1993. 58 б. )

Поэтиканың жанр деңгейіне қатыстылығына байланысты М. Бахтиннің: «Жанр нақтылы өмір сүреді, өзінің өткенін, өз бастауын әрқашанда түсіндіреді» деп тұжырымдайды (Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского. М. 1979. С. 121. ) . Жанрға қатысты Б. Н. Путиловтың пікірлері де бағалы. Ғалым: «Чтобы понять поэтику данного жанра в целом и в ее элементах, нам совершенно необходимо провести сравнительный историко-типологический анализ, найдя для него материал как в фольклоре того же народа, так и за его пределами» (Путилов Б. Н. Современные проблемы исторической по­этики фольклора в свете историко-типологической тео­рии. /Фольклор. Поэтическая система. М. 1977. С. 16.

Тарихи өлеңдердің нақты оқиғаларға қатысты болатындығын мүмкіндігіміз жеткенше баяндадық. Ендігі мәселе - шежіре жырлардың поэтикалық болмысына назар аудару. Академик М. Әуезов: «Тарихи өлеңдердің авторлары - көбінесе сол оқиғаларды көрген тұстастары» - деп жазады. Сөз жоқ шежіре жырлардың композициясына үңілгенде онда эпикалық ерекшелік барлығын байқаймыз. Бірақ ондағы бастан өтіп жатқан қым-қиғаш оқиғалар, ел мен жердің тағдыр-талайларының бәрі - өлеңді айтушы ақын атынан баяндалады.

Шежіре жырлардың әр кезеңде туып, бастан кешкен түрлі оқиғалардың дерегін берерлік туындылар екені мәлім. Жырда қай кезең оқиғаларына қатысты туғандығын көбіне ондағы сөз өрнегінен, оның атқарып тұратын қызметінен танимыз. Туындыдағы адам аттары, жер есімдерін былай қойғанда, жаңа сөздердің де жасалып жатқанын аңғарамыз. Жалпы қазақ өлеңдеріндегі «қазақ» деген ұлттың есімін ерекшелеп, айдар таққан аталмыш тарихи өлеңдер екені талассыз. Керек десеңіз, бұрынғы «Алпамыс», «Қобыланды», «Қорқыт жырлары», «Қырымның қырық батыры» жырларының өзінде қазақ сөзі бірен-саран ғана кездесетіндігі біз ашқан жаңалық емес. Тарихи өлеңдердегі «ұлт» атауына қатысты мәселені былайша жинақтасақ түсінікті болар: «қазақ сүйегі», «қазақтың айбалтасы», «қазақ елі», «руы қазақ еді, руы алаш», «өскенбіз қазақ ұлы бір ұядан» т. б. ұлт туралы ұғымды дамытып, көлемді эпикалық жырларға арқау еткен жырлар болып табылады. Бұл пікірді толық түсіндіруде тарихи өлеңнің бертінде туған мына бір үзіндісін алып көрелік:

«Суреткердің сөз қорын молайтып, тілін байытар тағы бір қайнар бұлақ - неологизм (грекше neos - жаңа, logos - сөз) - жалпы қоғамдық дамумен сабақтас тыңнан туған соны мағыналы сөздер» (Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: Қазақ Университеті, 1992. - 379 б. -92б. ) дейді академик З. Қабдолов. Шежіре жырлардағы Бұзаубай шежіресіндегі архив, история, шірет, Америка, Азия т. б. бірнеше жаңа атауларды ұшыратсақ, онда тарихи өлеңнің қызметінің аясының кеңдігіне көз жеткіземіз.

Бұл жерде өлеңнің қоғам дамуының әр кезеңінде өзін түлеп, елдің ғажайып естелігіне айналуында екендігі даусыз. Шежіре жырларда кездесетін бейнелі сөздер мен сан алуан жаңа сөздерді жасаудағы ерекшеліктерді ескерсек, ең алдымен туындайтын келесі бір сауалдар өлеңдегі ырғақ, ұйқас, буын, бунақтар болып табылады. Ырғақ туралы сандаған әдебиет теориясында пікірлер қалыптасқан. Айталық З. Ахметов: «Ырғақ - өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты» () десе, әдебиет теориясының негізін салушылардың бірі, академик З. Қабдолов: «Ырғақ, яки ритм - қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы» (Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: Қазақ Университеті, 1992. - 379 б. -248 б. ) деп жазады. Шежіре жырлардың ырғағын білу үшін ондағы шумақ, тармақтар мен бунақтарға мән берейік.

Мысал:

Тарихи өлеңдерге тән ерекшеліктердің бірі - осы. Мына өлең шумақты, төрт тармақты, он бір буыннан тұратын дәстүрлі қара өлеңді еске түсіреді.

Бұрынғыдай жайың бар ма? /8/

Мінетұғын тайың бар ма /8/

Жылағанда дайын тұрған /8/

Қарындағы майың бар ма? /8/

Төрт тармақты, сегіз буынды өлең. Келесі

8

7

8

7

7

7

Жоғарыдағы екі өлеңнің екеуі де буын саны әртүрлі. Екінші өлеңнің алты тармақты, 7-8 буынды өлең екендігін танимыз. Екі өлең де анасының баласына айтқан зары болса, екінші өлеңде елді билеп, зарлатып, жүргендердің іс-әрекетін ақын күйзелісімен баяндайды. Бұл дәстүрдің көне дәуірлерден желі тартып, оның қаймағы бұзылмағандығын көреміз:

Тоңа қазақ болды ма, /7/

Жебір жалған қалды ма? /7/

Тағдыр өшін алды ма /7/

Енді жүрек жыртылар. /7/

Осының бәрі силлабикалық өлең екендігін қоса, қазақ өлеңінің қадір-қасиетін арттыратын буында жатыр. Дәстүрдің беріктігі де осыдан туындайды. Өлеңнің әр сөзі ырғақты болып, толқу, тебірену, күңірену бәрі қалыпты ырғаққа бағынады.

Тарихи өлеңде көбіне төрт-бес, жеті-сегіз кейде одан көп тармақтар болса, жоқтау, азалы жайларға қатысты бірнеше тармақтар болып кете беруі де мүмкін.

Ғалым Ш. Ыбраевтың эпос тарихилығын ғылымның бүгінгі жетістіктері тұрғысынан зерделей отыра жасаған: «Қай заманда да халық тарихының ауқымы тарихи құжаттардан, жазба деректерден, шежіре аңыздардан анағұрлым кең. Ауызша, жазбаша мағлұматтар тарихтың толық объективті шындығын бере алмайды.

Себебі, олар айтқан, не жазған адамның, асып түскенде, тұтас бір топтың түсінігінен, болған оқиғаға деген концепциясынан туындайды. Іс жүзінде қандай тарихи деректі алсақ да, ол тарихтың дәл өзі емес, оның бағаланған, көзқарас сүзгісінен өткізілген бейнесі» - деген қортындысы да қазақ жырларының ел тарихын қалпына келтіру ісінде құнды дерек көзі бола алатынын ұқтырады (Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1995. 149 б, ) .

Ғалым Қ. Сыдиықов: «Халық таланттары өздерінен бұрынғы ақын, жыраулар мен шешен-дәлмарлар сөзін қадір тұтып, жаттап, соларға еліктей өскен. Қажет жерінде оларды дайын құралдай қолма-қол пайдаланып, ағытып айтып отырған. Сөйтіп, ақылға үндер асыл сөздерді қисындырып айтушылар халықтың қадірлі адамына айналған. Ал, ақындық таланты барлары сұңғыла сөздердің кейбіреулерін бағзы, бастапқы күйінде хабарлап қана қоймай, оны сол тұстағы белгілі жағдайға, өз идеясына лайықтап, өзіндік өрнегімен дамыта, ұстарта толғаған» (Сыдыиықов Қ. Ақын-жыраулар. Алматы: Ғылым, 1974. 239 бб- 209 б)

«Ру, жер, туыстық мәселесі - ең алдымен уақыт пен кеңістік мәселесі» Б. Майтанов. (М. Әуезов - суреткер. 41б)

Шежіре жырларда ата-тек таратумен қатар, алуан түрлі этногенеалогиялық және тарихи-ақпараттық сюжеттер мен мағлұматтар тоғысып жатқандықтан, оның жанрлық болмысы да күрделі болып келетіні айқын. Міне, осындай ерекшеліктерді ескере отырып, шежірелік жырларды жалпы сипаты бойынша үш топқа жіктеуге болады.

Жалпы адамзат баласы туралы шежіре жырлар. Адам атадан бастап дүние жүзі халықтарының шежіресін таратады.

Мұнда жалпы әлем дүниесінің жаратылуы, тіршілік иелерінің, соның ішінде Адам әулетінің пайда болуы, адамзаттан әртүрлі ел-жұрттың таралуы, сол ел-жұрттар аясынан ру-тайпалардың өрбуі, кейбір ру-тайпалардың қалай аталу себептері сияқты сюжеттер мен мотивтер негізгі мазмұндық желіні құрап отырады.

Бұл аңыздық мазмұндағы шежірелік деректердің ең басты ерекшелігі - кез келген құбылыс пен жаратылыстың қалай пайда болу себептері баяндалады. Яғни, шежірелік деректердің себеп-салдарлық мазмұны оның аңыздық сипатын айқын айғақтап отырады. Осы орайда, аталған мазмұндағы шежірелік жырларда дүние тіршіліктің біртұтастықта баяндалып, адам мен жан-жануар атаулының өзара тілдес-тағдырлас болып отыратынын негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде атап өткен жөн.

Сонымен қатар, аңыздық мазмұндағы шежірелік жырларға діни таным-түсініктермен астасқан оқиғалар мен дүние-тіршіліктің жаралуына, түрлі ел-жұрттардың пайда болуына қатысты айтылатын мифтер, аңыздар, әпсаналар, хикаялар негізгі арқау болып отырады.

Мысалы: « Түрік тайпалары және қазақ үйсіндер» атты шежіре жырды ақын Төлтай Меңлібайұлы ел аузынан жазып алып, 1960 жылы ӘӨИ-дің қолжазба қорына өткізген [Қ. 1076. 1-дәп. ] . Жыршысы белгісіз.

Жыршы шежіреде адамзаттың тарихын Адам атадан бастап түгел қамтып, қазақтың үш жүзге бөлінетін құрылымына дейін таратып жырлаған. Асан ата шежіресіне сүйене отырып ежелгі тайпа, ру, жер атауларын көптеп пайдаланған. Шежіре аңыздың тағы бір ерекшелігі - жырлаушының тарихи деректер мен оқиғалардан жан-жақты хабардар болуы. Өйткені мұнда тек қазақ рулары туралы ғана емес, өзге де халықтардың шығу төркіні жан-жақты сөз болады.

. . . Нұхтан басталады тарих басы,

Адам мен алшақ жатыр екі арасы.

Мұрсалдан үш пайғамбар өтсе керек,

Төртінші пайғамбар дүр айналасы.

Нұхтың заманында тасқын болып,

Адамның ғарық болды әм баршасы.

Белгілі бір жағдайда себеп болып,

Жасаған жаратқанның бәһанасы.

Хам мен Сам және бірі Япыс атты,

Болыпты бұл кісінің үш баласы.

Сондай-ақ жыршының грек (мәтінде иунан), қытай ғалымдары мен М. Қашқаридың еңбектерімен таныс болғанын:

Жайларды бұл айтылған дәлелдейді

Шежіре Қашқаридың намасында, -

деген жолдардан айқын аңғаруға болады.

Ал, «Сатыпалдин Файзолла қаридың өлең шежіресі» атты жырда дүниежүзі халықтарының түп төркіні Нұх пайғамбардың үш ұлынан таратады. Аннас сахабаның тегі түрік екенін, Мәдина қаласына көшіп барғанын, сол Аннастың үшінші әйелінен Азия халықтарының өсіп-өнгенін айтады.

Нұх нәби түп атамыз саналады,

Үш нәсіл үш ұлынан таралады.

Есімі Хам, Сам, Япыс - үш ұлының

Жер жүзі халықтардың бабалары.

Қаптаған жердің жүзін болған топан,

Кемемен сол апаттан қалған аман.

Таралып үш ұлынан барлық халық,

Сондықтан деп атаймыз - екінші адам.

Шежірені жырлаушы - Сатыпалдин Файзолла. Қолжазбаны жазып алған - бұрынғы Торғай облысы, Амангелді ауданы, А. Иманов атындағы совхоздың тұрғыны Әмірхамзин Ғазиз. Қорға 1983 жылы түскен.

Жалпы адамзат туралы шежіре жырлардың көркем үлгісіне Б. Жайлаубайұлының «Адам атадан бергі шежіре», Ш. Жәңгірұлының «Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі», Б. Орынбекұлының «Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре» т. б. туындыларды атауға болады.

2. Қазақтың ру-тайпалары туралы шежіре жырлар. Өз руынан бастап жалпы адамзатқа ортақ шежіреге ұластырады.

Осы кезеңге дейінгі жарияланған шежіре жырлардың басым көпшілігі қазақ халқын жасақтаған ру-тайпалардың қалай пайда болғаныын, қалыптасқанын, нақтылы қандай тарихи тұлғалардан өрбігенен баяндайды. Яғни, Қазақ хандығы тұсынан бергі ру-тайпалардың жай-жапсары, белгілі бір ру-тайпа құрамындағы аталар мен кіші рулардың қалай сіңісті болғандығы іргелі рулардан кіші рулардың енші алып шығуы сияқты оқиғалар шежірелік деректердің негізгі арқауы болып отырады. Байырғы тайпалардан (үйсін, арғын, алшын, қаңлы, қыпшақ, қоңырат, найман т. б. ) тікелей өрбіген деп келетін аталар мен рулар туралы айтылатын жырлар қиял-ғажайып оқиғалармен астасып, аңыздық, әпсаналық, кейде мифтік, хикаялық сипат алып басталады да, ондай оқиғалар берідегі нақтылы рулар жайына ойысқанда шындыққа ұласып жатады. Мұндай шежірелік деректерден ел-жұртты ұйыстыруға бағытталған пиғыл-ниет байқалып, ұлттың ұлы бірлік идеясы айқын аңғарылып отырады. Осы орайда, Қазақ хандығы жасақталу барысында қалыптасқан берідегі аталар мен рулар туралы шежірелік деректердің тарихи шыншылдығы және өзгермей айтылатындығы айрықша назар аудартады.

Қазақ ұлтының шығу төркіні туралы жырларды шежіре деректері бойынша бірнеше топқа бөлуге болады:

1. қазақты арабтан Аннас сахабадан

2. түріктен

3. Өзбек ханнан

4. Алаш (Алаша) ханнан

5. Шыңғыс ханнан таратады.

Қазақ халқының тарих сахнасына шыққанан бергі бес-алты ғасырлық тарихын арқау ететін мұндай шежірелік мағлұматтардың тарихи деректемелік мән-маңызы айрықша зор. Мысалы: Қарақалпақстан Республикасының Қоңырат ауданының түрғыны, шежіреші, жыршы Төлепұлы Жақсылық жырлаған «Қазақ шежіресі» атты жырда қазақ халқының тарихы, оның ХV ғасырға дейінгі тұрмыс-тіршілігі, моңғол, қалмақ, өзбек халықтарының ұлт болып қалыптасу тарихы суреттеледі. Мәтінде жеке бір жүзді, не руды ғана таратпай, тек қазақ халқының ұлт болып қалыптасқанға дейінгі кезеңі сөз болады [ОҒК:Қ. 560] .

Ал М. Байбатыров жинап, Қолжазба қорына тапсырған «Үш жүздің шежіресі» атты жырдың басты айырмашылығы - жырдың толғаумен, үгіт-насихат айтумен басталуы және жеке бір ру тарихына тоқталмай, үш жүзді түгел қамтуы. Жыршы үш жүзді үш салаға, әр жүзді жеке-жеке руларға бөле отырып, көркем жырлаған [ӘӨИ:Қ. 356. 2-дәп. ] .

Ұлы жүздің саласы

Ұлы жүз деп айтады Ақарысты,

Үлкен үйдің иесі - Ақарыс-ты.

Ақарыстан Түменбай, онан Кейкі,

Тілеген әуелден-ақ адал істі.

Кейкі бидің баласы Төбей екен,

Білгенің шежірені қараңызшы.

Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр дер

Төбейдің төрт баласы тараңызшы . . .

Орта жүздің саласы

Жанарыс Орта жүздің аймақтары,

Ел билеп, ереже айтқан саңлақтары.

Қыпшақ, Қоңырат болғанда, Керей, Уақ,

Арғын, Найман - осы алтау тармақтары . . .

Кіші жүздің саласы

Үш жүзде кімдер өтті өнегелі,

Өнер мен өрнектеген дөдегені.

Еншіні үш жүз болып үлескенде,

Ұлы жүз алған шаңырақ-керегені . . .

Кіші жүзде Әйтекеге кім таласар,

Түсінбеген айтты деп неменені.

Әбілмансұр қазаққа хан болғанда,

Үш жүзді бақ-дәулетке бөлегені.

Б. Аязбайұлы жырлаған «Сарыүйсін шежіресі» атты жырда Ұлы жүзден тараған Сарыүйсін руының шежіресі кеңінен жырланады. Бәйдібек байдың үш әйелі болғаны, оның бәйбішесі Сары бәйбішенің тоқалы Домалаққа көрсеткен зәбірілігі туралы да айтылып өтеді. Сарыүйсін руының неге аз өніп-өскенінің себебін атап көрсетеді. Елге белгілі Домалақ ана туралы аңыз бұл шежіреде көркем жырланады. Шежіренің басқа шежірелерден ерекшелігі: үш жүздің аталарын Байшора, Қарашора, Жаншора деп көрсетеді [ОҒК:Қ. 750. 1-дәп. ] .

Сонымен қатар, ұлы жүз Суан руынның тарихы туралы «Шежіре-дастан» атты жырда Бәйдібектің үшінші әйелі Жезбикені «Домалақ» деп атаған десе, төртінші әйелі Нұриланы да Домалақ ана деп көрсетеді.

Орта жүз Найман руының аталу, шығу тарихы туралы аңызды жырлаған шежірелер көптеп саналады. Атап айтсақ: «Өлең шежіре» (1937 жылы Досымбет, Бекберді ақындардан жазылып алынған), «Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең-шежіресі», «Қабыл Қамзаның өлең шежіресі», «Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы», «Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз», «Көкжарлы мен Бура» т. б.

1889 жылы Итжемесов Демеубай «Дала уәлаяты» газетінің 28-30 сандарында жариялаған «Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз» атты жырда ХV ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Найман руынан шыққан атақты адамдар туралы сөз болады. Патша заманында шен алған, болыс атанған кісілердің есімдері аталады

Ал, «Көкжарлы мен Бура» атты жырда Найман руынан тарайтын Көкжарлы және Бура руларының аталу тарихы сөз болады. Бақана мен Бақанастың күндестіктің салдарынан өзбектерге сатылып, ағайыны Саржомарттың көмегімен еліне оралып, ұрпақтары өсіп-өнеді. Бұқар қаласының хәкіміне көкжал ат пен қара бураны тарту етіп, екі баланы азат еткені үшін азан шақырып қойған есімдерін көкжарлы мен бура деп атанып кеткені туралы аңызды жырға айналдырған.

. . . Шығыпты Арғын, Найман, Керей, Уақ,

Басты ру Орта жүздің бөлігінде.

Арғын көп, Найман аздау кездері екен,

Басы Сыр, аяғы Алтай жүрген кезде.

Найманның бір руы - Көкжар-Бура,

Естуші, зейін қойып сөзім тыңда.

Ескілік, өркөкірек, надандықтың,

Қараңыз, алмастық сорлығына.

Шежіре жырлардың ішінде кіші жүз рулары туралы жырлар көптігімен мен әрі көпнұсқалығымен ерекшеленеді. Атап айтсақ, Жақсылық жыраудың шәкірті Қылышев Қартбай жырау «Адай шежіресінде» Адай руының қонақжайлылығы, кеңпейілділігі айтылады. Жыршы Адай руынан шыққан беделді адамдарды айта келіп, Бекет атаның қасиеттеріне арнайы тоқталады [ӘӨИ. Қ:920/32] . Ал, белгілі ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші, ғалым Қ. Саттаров жинап, қорға тапсырған кіші жүз рулары туралы «Өлең-шежіре» жырының бірнеше нұсқалары бар екеніне көз жеткіздік. Бұл аталған жырда Әнес сахабадан бастап таратып, кіші жүз руларына кеңінен шолу жасайды. Сонымен қатар «Адай шежіресі», «Адайлар жайында» жырлары кіші жүз ішінде Адай руының тарихы туралы айтылады [ӘӨИ:Қ. 920/68] .

Кіші жүздің арғы атасы Жанарыстан бастап, бергі ұсақ руларға дейін тарататын «Кіші жүздің шежіресі» атты жырда ру атауларын қарасөзбен тізбектеп те тарататын тұстары бар. Сонымен қатар жыршы тарихи деректерге сүйене отырып, үш жүздің басы қосылып хан, би сайлаған оқиғаларды да сөз етеді. Шығармада ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи кезеңдер көркем суреттеліп, қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке төбе билерінің халық алдындағы беделі мен көрегендік әрекеттері жан-жақты жырланады. Әйтеке бидің әділдігі мен шешендігі, данышпандығы айырықша дәріптеледі. Кейбір оқиғалар бөлімдерге бөлінген. Ру атауларының әр түрлі, жаңсақ аталатын тұстары да жиі ұшырасады [ОҒК:Қ. 1118] .

3. Белгілі тарихи тұлғаларға қатысты шежіре жырлар. Жеке өз руының тарихын, не сол рудан шыққан атақты адамның шежіресін тарқату.

Уақыт тұрғысынан алып қарағанда нақтылы тұлғалар туралы айтылатын қазақ шежіресіндегі деректердің тарихи ауқымы мейлінше кең. Белгілі ғалым, зерттеуші А. Янушкевич: «Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп, дүниенің басынан - Адам ата мен Хауа анадан түсіп, мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей, аты шыққан арғы аталардың әрқайсысын бір-бір көтеріп тастады. Содан, Нұх кемесіне мініп топан судан өтті де, Арараттың биігінен бүгіл інжіл тарихын шолып өтті. Жолшыбай барық оқиғаларды, тіпті, Вавилон Навуходоноссорын да, Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап, Ниагар сарқырамасындай арындап келіп, ақыры ол аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-ау. Соңғы он ғасырды құшағына алып дуылдатқан бұл жыр исламизм қаһармандарының басына құйылып, бүкіл қазақ даласына толықси жайылар ма еді…» (А. Янушкевич. Күнделіктер мен хаттар. - Алматы, 1979. 83-бет. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай тілінің зерттелуі
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Көне эпостың жанырлық - сюжеттік сипаты
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Лиро - эпостық жырлар
Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар
Ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи жырлар
Дәстүрлі ғашықтық эпос
Қазақ батырлар жырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz