Математика пәні мұғалімі ретінде менің дидактикалық дайындығым қандай болу керек ( Блум таксономиясы негiзiнде)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіби бейімделген эссе

Тақырыбы: " Математика пәні мұғалімі ретінде менің дидактикалық дайындығым қандай болу керек?( Блум таксономиясы негiзiнде) "

Оқытушы:Жумашева С. С Студент:Қыдырбайқызы Аружан

Алматы 2021

Математика пәні мұғалімі ретінде менің дидактикалық дайындығым қандай болу керек?

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.

Осы “Блум таксономиясы” негізінде менің болашақ мұғалім ретіндегі дидактикалық дайындығым қалай болу керек?

Ең алдымен мен Дидактикадан нені білуім керек? Дидактика- бұл оқыту және білім беру теориясы. Дидактикадан мен алдымен Неге оқытамын? Кімді оқытамын? Не үшін оқытамын? осы сұрақтарға ең алдымен өзім толыққанды жауап бере алуым керек деп есептеймін. Дидактиканың қызметтерін яғни оқыту үдерісін және оның орындалу шарттарын сипаттау және түсіндіру; оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа оқыту техноло-гияларын құрастыру білуім қажет. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

-тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру. Міне, осының барлығы менің болашақ мұғалім ретіндегі міндетім. Осы міндеттерді атқару үшін мен алдымен дидактиканы білуім керек.

Мен оқыту барысында дидактиканың оқыту принциптерін және тәрбиелік пирнциптерін біліп, соны қолдана білуім қажет. Оқыту принциптері:

1) оқытудың ғылымилығы .

2) оқытудың тәрбиелілігі.

3) оқытудың көрнекілігі

4) оқудағы саналылық мен белсенділік

5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық.

6) оқытудың түсініктілігі .

7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі

8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас.

Педагог ретінде осы принциптерді біле отырып, оқытудың осы принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп, өзімнің мақсат-міндеттерімді іске асыра аламын деп ойлаймын.

Сондай-ақ, менің педагог ретінде “ Дидактикалық даярлығым ”, “ Дидактикалық қабілеттілік ”, “ Дидактикалық біліктілік ” менде болу керек деп ойлаймын.

Осының нәтижесінде ғана менің мұғалім ретінде сабаққа дайындығым басталады. Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз не? Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз ол-оқу материалдарын білу ғана емес, сонымен қатар оқушылардың тақырыпты игеру барысында туындаған сұрақтарына жауап бере алу, оны толық түсіндіріп бере алу.

Менің мұғалім ретінде сабаққа дайындығым 4 негізгі кезеңді жоспардан тұрады. Олар:

  • Қысқа мерзімді жоспар;
  • Ұзақ берзімді жоспар;
  • Оқулықтар;
  • Жиынтық бақылау жүргізу қоырытндыларын талдау.

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім ретінде материалды білуім, кеңінен, тереңінен түсінуім қажет. Бұл маған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Оқыту-ол екі жақты процесс. Осы процесс негізінде мен сабақ жүргізу барысында оқушыларды түсініп олардың жағдайын ұғынып тұруым қажет. Оқу материалын түсінгендіктің белгісі ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция - оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т. б. ) ;

Интерпретация - оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау - оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Сонымен қатар мен оқушылардың жас ерекшеліктерін қарай оқыту үдерісі де әрқилы болатынын түсініп, естен шығармауым қажет. Оқыту барысында мен жас ерекшеліктеріне қарай оқыту әдістерін, оқыту құралдарын қолдана білуім де маңызды. Бастауыш сынып оқушыларымен, жеткіншек шақтағы оқушылармен, жоғарғы сынып оқушыларымен оқыту барысындағы оқыту тәсілдері әртүрлі болады. Мәселен бастауыш сынып оқушыларының жастарына сай оқыту ол-ойын арқылы оқыту деп білемін. Оқытудың бұл әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:

- ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;

- ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады.

Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.

Тек ойын ғана емес, жас ерекшеліктеріне байланысты мазмұндама, шығарма жазу сонымен қатар оқушыларды ынталандыру мақсатында оқушыларды минутына сөз оқу әдісінде қолдануға болады. Сондай-ақ бастауыш сынып үшін кітаппен, оқулықпен жұмыс істеу әдісі сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар өз еркімен кітаппен жұмыс істеуге үйренеді.

Жалпы алғанда, оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сойлесу немесе басылым сөзі жатады) ;

в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады) .

Сөздік әдіс

1. Баяндау

2. Дамытыушылық әңгіме

3. Лекция

4. Кітаппен жұмыс

5. Әңгіме

Көрнекілік әдісі

1. Бақылау әдісі

2. Демонстрация

3. Бейне әдіс

Машықтық әдісі

1. Жатығу

2. Лабораториялық әдіс

3. Проблемалы Лабораториялық

4. Машықтық әдіс

5. Өзіндік оқу жұмыстары

6. Танымдық ойындар

7. Ситуациялық дәіс

8. Дискуссиялық оқыту

Оқыту тәсілдерінің осындай түрлерін мен өз сабағымда қолданып, сабақты әртүрлі деңгейде ұйымдастыра білу менің педагогикалық шеберлігім деп білемін!

Сабақты талдау. Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Мен мұғалім ретінде талдай білуім қажет:

-Элементтерді талдау,

-Қарым қатынасты талдау,

-Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;

- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

-Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Педагогикалық әдебиеттерде сабақты әр қырынан талдауға баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің іші-нен ең қолайлысы Т. А. Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Ол мұғалімге өз сабағын талдауға баға берудің 10 түрлі өлшемдерін бөліп қарастырады.

  • Сабақтың жалпы құрылымы;
  • Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру;
  • Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру;
  • Сабақ үдерісіндегі тәрбие;
  • Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау;
  • Оқыту әдістерін талдау;
  • Мұғалімнің сабақтағы жұмысы;
  • Сабақтағы оқушының жұмысы;
  • Сабақтың гигиеналық жағдайлары;
  • Кейбір арнайы тапсырмалар.

Өз жұмысымды талдау арқылы мен сабаққа дайындалғанда бәрін ескердім бе деп қарастырамын.

Сабақты жүйелеу және топтастыру:

  • оқушыларға істейтін жұмыстың мақсатын хабарлау;
  • ұсынылған тапсырманы орындау үшін оқушыларға білім, білік, дағдыларын ескетүсіру;
  • оқушылардың әртүрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы;
  • орындалған жұмыстарды тексеру;
  • жіберген қателерді талқылау және оны түзету;
  • үйге тапсырма (егер қажет болса) .

Келесі кезекте мен нені бағлауым керек, оны қалай жүргіземін деген сұрақтар туындайды. Енді бағалауға келсек, қалыптастырушы бағалау, бұл қазіргі кезде күнделікті сабақта қолданып жүр. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:

- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;

- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;

- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының маз-мұны негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды. Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz