Фирмалардың экономикалық қызметтерінің мақсаттары


Фирмалардың экономикалық қызметтерінің мақсаттары
Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдардың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндіріс ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау болып табылады.
Қазіргі әлем әртүрлі ресми және ресми емес ұйымдар ретінде қарастырылады, яғни «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап, міндеттерді бөлу мақсатында біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; фирмалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер». Фирмалар мен ұйымдар тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып, әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамалаларға ие. Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек фирма ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қызмет көрсетеді, сонымен қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Фирма теориясы максимум пайда алуға деген ұмтылыс принципіне, яғни табыстар және шығындар арасындағы айырмашылықты ұлғайтуға негізделген. Максимум пайданы алуға деген ұмтылыс - бұл фирма тәртібін қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезең ішінде анықтайтын критерий.
Қысқа қезеңнің ұзақтығы салаларынан, технология және басқа себептерден байланысты болады. Мысалы, қысқа кезең металлургиялық салаларда жеткілікті ұзақ, ал балмұздақ өндіруде өте ұзақ емес. Бұрынырақ аталғандай фирма ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің барлық факторларының көлемін өзгерте алады.
Сондықтан олардың барлығы айнымалы болып табылады. Фирма бұл кезеңде еңбекті капиталмен ауыстыруға немесе керісінше ең жақсы түрде өнімдерді шығаруда аталған көлемін барынша азайту мақсатында факторларды араластыруға ұмтылады. Шығындар шамасы кәсіпорынды өндіру технологиясымен анықталады.
Фирма теориясы батыстың экономикалық әдебиеттерінде пайданы барынша көбейту принципіне құрылған. Алайда фирма қызметін дәлелдеудің басқа теориялары болады:
- біреуінде фирма мақсаты - пайданы емес, ал сату көлемін барынша көбейту мақсаты;
- басқа тұжырымдарға, авторы американдық профессор Г. Саймон болып табылатын, «қанағаттандыру» теориясына сәйкес, фирма пайданың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу үшін ұмтылады, әрі қарай оны барынша азайту үшін күштерді қабылдамайды.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші фирма қызметінің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты. Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып көретін болсақ, оның негізі ретінде фирма тұрады. Фирма деңгейіндегі үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтық және ведомстволық басқару екінші кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты басқару жүйесіндегі кез келген өзгерістер фирма қарекетіне жағымды әсері болмаса, оның қажеті шамалы-ақ.
Осылайша, фирманың мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын қарым-қатынас негізінде қалыптасады. Және де фирмалардың экономикалық қызметінің мақсаты - нарықтық шаруашылықтағы фирманың жұмыс пен қызметке қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған болып табылады. Фирма - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу мақсатында өнім өндіретін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз шаруашылық субъектісі. Фирма заңды тұлға ретінде елдің заңдар жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов. Экономикалық теория. Алматы 2014
- Г. К. Көшебаева. Микроэкономика. Қарағанды 2015
- https://kznews. kz/bilim/referat-firma-teorijasy-zhane-onyn-naryqtyq-jekonomikadagy-roli/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz