Экономикалық теорияның негізгі ұғымдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік тілге аударылған әлемдік ғылыми әдебиет экономикалық мамандықтарда да белсенді түрде қолданылуда. Еліміздегі көптеген ЖОО оқытушылары бакалаврдан бастап, докторантура сатысына дейін қазақ бөлімінде оқитындарға «Экономика негіздері мен қағидалары», «Экономикалық теория», «Микроэкономика» және «Макроэкономика» пәндерін оқытуда Г. Мэнкью мен М. Тейлордың «Экономикс» оқулығын қолданады.

Сіздерге қосымша оқып, игеруге осы бағыттағы кейбір дәрістерді жіберіп отырмын

Тақырып: Экономикалық теория

1. Экономикалық теорияның зерттеу әдiстерi.

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебi, адамдар өмiр сүру үшiн алдымен материалдық, рухани игiлiктер өндiруi қажет. Басқаша айтқанда өмiрге қажеттi азық-түлiк, киiм, тұрғын үй, отын, т. с. с. тұтынуға жарамды заттар өндiрiлуi керек. Осыған орай не өндiру, қалай өндiру, кiмдер үшiн өндiру деген сұрақтар адам баласының әрбiр жеткiншек буындарының алдында тұрған көкейтестi мiндет. Бұл мiндеттен ешбiр қоғам құтыла алмайды. Өмiр сүру үшiн тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтатылмаса, өндiрiс те солай тоқтамауы қажет. Сайып келгенде өндiрiс қоғамдық өндiрiс болып саналады. Себебi, жеке өнiм өндiрушiлер өздерiнiңқажетiн өтеп қана қоймайды, сонымен қатар қоғам мүшелерi үшiн де қызмет атқарады.

Қоғамның өндiргiш күштерi даму барысында алдымен адамдардың еңбекке қабiлеттерi өсуiне байланысты алғашқы қауымның өзiнде қосымша өнiм пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тiкелей өнiм айырбасы, кейiннен ақша арқылы айырбас жүргiзiлiп экономикада тауар-ақша немесе нарық қатынасы пайда болды. Бұл нарықтық, тауар-ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгiлi. Мысалы, экономика жөнiнде алғашқы ғылыми мәлiметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерiнде кездесдi. Бiздiң дәуiрден бұрын 995-935 ж. ж. өмiр сүрген Ксенофонт «Экономикс» (грек тiлiнде «шаруашылық туралы заң» деген ұғым бередi) атты еңбегiнде сол заманғы құл иеленушi үй шаруашылығын басқару жөнiнде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуiрде көпшiлiк елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзi «Ойкономия» - «шаруашылық және басқару» сөзiнен алынып, француз экономистi Антуан Монкретьеннiң «Политэкономия трактаты» деген еңбегi арқылы бекiдi. Сонымен ХVII ғасырдан қазiргi уақытқа шейiн «политэкономия» деген ғылым қалыптасты.

Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы ролi ерекше. Экономикалық теорияның ғылым ретiнде қалыптасуы мен оның даму кезеңдерi тарихи бiрнеше бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, меркантелизм, физиократия, классикалық саяси экономия, марксизм, маржинализм. Экономикалық ой-пiкiрлердiң қазiргi кезеңдегi негiзгi бағыттарына тоқталсақ, олар: неоклассикалық, кейнстiк, институционалды-социологиялық.

Қазiргi экономикалық теория пәнiнiң негiзгi мақсаты - болашақ мамандарды қоғам өмiрiндегi экономикалық проблемалармен терең таныстырып, егемендi мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын құру мен оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiлiгiн дамыту.

Экономикалық теория болып нарықтық шаруашылықты талдау табылады. Экономикалық теория экономикалық ресурстарды зерттемейдi, керiсiнше, ол адамның экономикалық iс-әрекеттерiн зерттейдi. Сондықтан да, экономикалық теория техникалық емес, гуманитарлық ғылым болып табылады.

Экономикалық теория шаруашылықты тиiмдi жүргiзу заңдары мен шаруашылық жүргiзушi тұлғалардың әртүрлi деңгейлерi мен әрқилы тарихи кезеңдердегi әрекеттерiн ұғымдар мен категориялар жүйесi арқылы зерттейдi.

Осылайша, экономикалық теория бiрiншiден, экономикалық заңдарды айқындайды. Екiншiден, ол әртүрлi шаруашылық деңгейлерiндегi экономикалық категорияларды зерттейдi.

Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әртүрлi формалары мен әдiстерiн (ғылыми абстракция, логикалық, позитивтi және нормативтi, экономикалық эксперименттеу, экономикалық-математикалықмоделдеу), функцияларды (танымдық, критикалық жағдай, болжамдық, прагматикалық) қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмiрдi зерттеу әдiстерiнен тұратын ғылыми-методологияны құрайды.

Экономикалық теория негiзiнде экономикалық саясат анықталады. Оның мәселесi - экономикалық мәселелердiң шешiлуi механизмдерi мен варианттарын табу.

Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа сатыға көтеретiндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.

Ғылыми абстракция әдiсiнiң мәнi талдау барысында барлық кездейсоқ жағдайларды елемейтiн және зерттелiп отырған объектiдегi үнемi кездесетiн тұрақты және мәндi құбылыстарды айқындауда жатыр.

Логикалық әдiстер негiзiнен ой-пiкiрлердiң түрленуiне негiзделген әдiстер.

Позитивтi талдау әдiсi экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарын ешбiр бағалаусыз, талдаусыз, қандай кұйiнде болса сол қалпында зерттеуге негiзделген. Ал, нормативтi талдау әдiсiнде бағалау, талдау жүргiзiледi.

Экономикалық эксперименттеу әдiсi теориялық көзқарастардың, жоба мен гипотезалардың оңды және терiс жақтарын айқындауға көмектеседi.

Экономикалық-математикалық моделдеу әдiсi экономикалық құбылыстар мен заңдылықтардың өзгеру себептерiн және олардың салдарын зерттеуге және оларды болжауға негiзделген.

Әрбiр елдiң экономикалық жүйесi бар. Бұл жүйе бiр-бiрiне тәуелдi әртүрлi компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Экономикалық жүйе көп факторлы болып келедi.

Қазiргi заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесiнiң нәтижесiнде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердiң болуымен сипатталады. Оларды қандай да бiр критерий негiзiнде топтастырып, жiктеуге болады.

2. Қоғамдық өндiрiс - қоғам дамуының негiзi. Өндiрiс теориясы.

Адам мен қоғам өмiрiнiң негiзiнде шаруашылық қызмет, өндiрiс жатыр.

Өндiрiс - бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi және де адамдардың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мақсатты iс-әрекеттерi. Ал, өндiрiс нәтижесi болып адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын материалдық және материалдық емес игiлiктер табылады.

Өндiрiс процесiнiң заңдылықтарын жақсы түсiну, ұғыну үшiн қажеттiлiк, игiлiк және өндiрiс факторлары категорияларын толығырақ зерттеп, танысуымыз қажет.

Қажеттiлiк - бұл адамның жоюға тырысатын (немесе ұмтылатын) қанағатсыздық немесе мұқтаждық жағдайы. Мiне, дәл осы қанағаттанбағандық сезiм адамды белгiлi бiр iс-әрекеттерге талпындырады, итермелейдi. Қажеттiлiктердiң түрлерi әртүрлi болуы мүмкiн. Көптеген экономист - ғалымдар оларды «реттестiруге» тырысып баққан. Мысалға, Альфред Маршалл қажеттiлiктi - абсолюттi және салыстырмалы, жоғары және төменгi, тiкелей және жанама, сол мезеттегi және келешектегi деп бөлген.

Негiзiнен, қажеттiлiктердi жiктеу шартты түрдегi құбылыс және де ол әрбiр адамның жекедара көзқарасына байланысты. Өйткенi, бiреулерге кiтап оқу алғашқы қажеттiлiк болса, екiншiлерi үшiн-керiсiнше болады.

Адам қажеттiлiгi адамзат цивилизациясының дамуымен қатар үздiксiз өзгеруде.

Игiлiктер деп қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Игiлiктер өндiрiсi, бiрiншiден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын; екiншiден, өз шаруашылық қызметтерi барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өзара қарым-қатынастың бiрiншi типiн өндiргiш күштер деп, ал екiншiсiн - экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.

Экономикалық ғылымда қоғамдық өндiрiс факторларының келесiдей түрлерi кездеседi: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк.

Маркстiк теорияда өндiрiс факторлары өзгеше сипатталады: заттық факторлар (өндiрiс құралдары) мен жеке фактор (жұмыс күшi) . Марксизм үшiн бұлайша бөлу аса маңызды, өйткенi, ол барлық заттық факторлар қосымша құн (пайда) өндiрмейтiндiгiн, ал тек жеке фактор - жұмыс күшiнiң құн, қосымша құн өндiретiнiн көрсетедi.

Өндiрiстiң дамуының әрбiр жаңа кезеңiнде оларсыз өндiрiс жемiстi түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазiргi заманғы өндiрiстi, мысалы, кәсiпкерлiк, ақпарат, технология, экология және т. с. с. факторларсыз елестету қиынға түседi. Алайда жүйенiң негiзiн құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Қоғамдық өндiрiстiң қазiргi заманғы құрылымы материалдық және материалдық емес өндiрiс болып екiге бөлiнедi. Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiнде қоғамдық өнiм экономикалық айналымға (қозғалысқа) түседi: өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну.

Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiне ғылыми-техникалық революцияның ықпалы өте зор. Ол өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырады, өндiрiстiң экономикалық дамуына технологиялық көзқарасты алмастыру принципi негiзiнде өндiрiс факторларын өзара үйлестiрудi жүзеге асырады.

3. Меншiк және экономикалық жүйелердi ұйымдастыру үлгiлерi.

Қоғам өмiрiнде меншiкке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды роль атқарған. «Меншiк» белгiлi бiр затты жеке мүлiк ретiнде адамның иеленуiнен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негiзгi бастауларға жатады. Сондықтан да, кез келген үкiмет меншiк туралы заңдар шығарады.

Меншiк құқықтық мағынасында мүлiктiк қатынастарды бiлдiредi. Меншiк иесiне заңмен алдын-ала белгiленген мүлiк қана тән.

Меншiк категориясының экономикадағы орны мен ролiн, мәнiн түсiну үшiн материалдық игiлiктердi өндiруге мүмкiндiк беретiн өндiрiс тәсiлдерiне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндiрiс тәсiлiнде екiжақты зерттеу жүргiзiледi. Атап айтқанда,

1) Өндiргiш күштер. Ол материалдық игiлiктердi өндiруде қолданылатын адам күшi мен өндiрiс құралдарын қамтиды.

2) Өндiрiстiк қатынастар. Бұл өндiрiс процесi кезiндегi адамдар арасында туындайтын байланыстар.

Экономикалық қатынастардың iшiнде шешушi рөлдi меншiк қатынасы алады.

Меншiк - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншiк ретiнде кез келген тұлғаның затты (объектiнi) пайдалануына байланысты құқығы көрiнедi. Меншiк объектiлерi болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т. с. с. табылады. Ал, субъектiлерi ретiнде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады.

Экономикалық мағынасында меншiк бүкiл шаруашылық процесiн қамтып, пайдалы игiлiктер мен қызметтердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын бiлдiредi. Басқаша айтсақ, меншiк - бұл адамдар арасындағы өндiрiс факторлары мен нәтижелерiн иемденуге байланысты объективтi қатынастар жұйесi. Иемдену - әрбiр қоғамдық өндiрiс әдiсiнiң негiзi болып табылады.

«Меншiк» пен «иемдену» тұсiнiктерiн теңестiруге болмайды. Өйткенi, «меншiк» - анағұрлым абстракциялы, ал «иемдену» нақты ұғым. Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдiсi.

Меншiк - бұл адамдардың тек затқа ғана қатынасы емес, сонымен қатар адамдардың арасындағы заттарды иелену бойынша қатынастары. Бiрақ та, меншiктiң экономикалық мәнiн ашу үшiн материалдық игiлiктiң бiреуге тиесiлi болғандығы жеткiлiксiз. Мәнiн ашу үшiн қоғамдағы барлық өндiрiстiк қатынастардың жиынтығын талдау керек.

Меншiк пен иемденудiң iшкi заңдары бар. Олар екеу. Бiрiншiсi - өз еңбегiнiң өнiмiн иемдену, меншiктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек - бастапқы иемдену әдiсi. Бұл заңдар жай тауарлы өндiрiске дейiнгi кезеңдерге тән.

Еңбектiң жеке меншiктiң капиталистiк болып өзгеруi бiрiншi меншiк заңының екiншiсiне - бөтен бiреудiң еңбегiнiң өнiмiн меншiктеу заңына ауысуының негiзiнде жүредi. Оған ендi, басқаның еңбегiн иемдену заңы сәйкес келедi.

Меншiк қатынастарын дамытудың бiрден-бiр жолы болып жекешелендiру табылады. Оның нарық қатынастарын қалыптастырудағы рөлi өте үлкен. Қазiргi таңда нарықтық экономикаға өтудiң маңызды шарттары болып мемлекет иелiгiнен алу және мнонополия күшiн әлсiрету табылады. Осы бағытта көптеген әдiстер қолданылады, саясат қалыптасқан, арнайы ережелер бекiтiлген.

Экономикалық жүйенiң пайда болуында меншiк қатынасы ерекше орын алады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Қазiргi таңда экономикалық жүйенi анықтаудың келесiдей бағыттары бар: құрылымдық-басқарушылық (Нойбергер, Даффи), технологиялық; уәждемелiк, яғни мотивациялық - Бекингей, Ландауэр; институционалды - социологиялық (Гросман, С. Кузнец) .

Экономикалық жүйе - бұл өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың өзара бiрлiгi.

4. Тауарлы өндiрiс және оның түрлерi. Ақша және оның қызметтерi.

Егер адамдардың экономикалық әрекетiне ретроспективада қарайтын болсақ, онда шаруашылық жүргiзу формаларының қалай өзгеретiнiн байқауға болады.

Өндiрiстi экономикалық ұйымдастырудың тарихи типi 2 түрлi болып келедi:

1) натуралды өндiрiс;

2) тауарлы өндiрiс.

Натуралды өндiрiстiң (шаруашылықтың) байлығының негiзгi түрi болып белгiлi бiр тұтыну құны бар натуралдық өнiм, яғни материалдық игiлiк, табылады.

Натуралды өндiрiс әмбебап қол еңбегi негiзделген, анағұрлым таза түрiнде қоғамдық еңбек бөлiнiсiнен хабары жоқ және өнiмдерiн өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өнiм жеке тұтыну мақсатында өндiрiлдi. Өндiргiш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды. Мұнда «не өндiру керек?», «қалай өндiру керек?» және «кiм үшiн өндiру керек?» деген мәселелер оңай шешiлдi. Ал, тауарлы өндiрiс натуралдыққа қарағанда анағұрлым күрделi және дамыған болып келедi.

Тауарлы өндiрiс деп пайдалы өнiмдер нарықта сатылуы үшiн өндiрiлiп, ал өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегiмен жүзеге асырылатын шаруашылықты ұйымдастырудың типiн айтамыз. Осыған сәйкес экономикалық ұйымдастырудың негiзгi мәселесi (ненi? қалай? және кiм үшiн?) нарық талабына сай шешiледi.

Тауарлы өндiрiстiң пайда болуының қажеттi шарты - нақты бiр өнiм шығаруға өндiрушiлердiң мамандануын бiлдiретiн қоғамдық еңбек бөлiнiсi. Тауарлы өндiрiстiң пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың (б. э. д. 7-8 мыңжылдық) ыдырауымен сәйкес келедi. Оның даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты. Әрбiр нарықтың үлгiсiне (реттелген, еркiн, т. с. с. ) тауарлы өндiрiстiң ерекше моделi сәйкес келедi (жай тауар өндiрiсi, нарықтықэкономика, реттелетiн және деформацияланған нарықтық тауарлы өндiрiс) .

Тауарлы өндiрiстiң екi трi болады: жай тауар өндiрiсi және капиталистiк тауар өндiрiсi.

Тауарлы өндiрiстiң бастапқы нүктесi, шешушi категориясы, оның «экономикалық клеткасы» болып тауар табылады. Сондықтан да, тауарлы өндiрiстi зерттеу тауарды зерттеуден басталады.

Тауардың 2 қасиетi бар, ол - тұтыну құны мен өлшемдiк құны. Өйткенi, оған сiңген еңбек те екi түрлi: жеке (пайданы) және қоғамдық (жалпы адамдық) .

Барлық нарық өнiмдерiнде бiрдей және ортақ болатын не? Ол - құн.

Құн - бұл тауардың табиғи қасиетi емес, ол қоғамдық қасиет. Құн - адамдар арасында бiрлесiп еңбек етудiң салдарынан және нарықта еңбек өнiмдерiнiң айырбасталуы кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастардың көрiнiсi.

Құнның келесiдей тарихи даму формалары бар: жай немесе кездейсоқ формасы, толық немесе кең көлемдегi, жалпыламалы (эквиваленттiлiк) және ақшалай формасы.

Құнның мөлшерi ақшалай көрiнiс табады. Ақша ежелгi заманда пайда болған. Ол тауарлы өндiрiстiң дамуының бiрден-бiр шарты болып табылады.

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасында белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн экономикалық категория және де абсолюттi икемдi айырбас құралы болып табылады.

Ақшаның атқаратын келесiдей қызметтерi болады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау (немесе қорлану) және дүниежүзiлiк ақша қызметтерi.

Тауарлы өндiрiстiң негiзгi экономикалық заңы болып құн заңы табылады.

Құн заңы - бұл тауар өндiрiсiнiң дамуын басқаратын баға заңы. Оның негiзгi атқаратын функциялары мынадай: тауар өндiрiсiн реттеу, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыру, тауар өндiрушiлердi дифференциалдау.

Қазiргi таңда қағаз ақшаларға қарағанда несиелiк ақшалар көптеп қолданылады. Өйткенi, олар өте икемдi әрi тиiмдi.

Ақшаның ролi әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Құн формасының ақшалай түрге көшуiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Әр түрлi халықтарда ақша ретiнде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылған. Олардың құны тұрақты деп есептелген. Олар мал, қолөнер бұйымдары, маталар, терi, жүн, қару-жарақтар және т. б. болған.

Ақшаның пайда болуының зерттелуiнде екi көзқарас бар: субъективтi және объективтi.

Субъективтi көзқарас кезiнде ақша адамдар арасындағы сапалы, тиiмдi келiсiмнiң нәтижесiнде пайда болады деп есептеледi. Ал, объективтi көзқарас кезiнде ақшаның жалпы эквивалент ролi бекiтiлген, көптеген тауарлардың iшiнен бөлiнiп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесi екендiгi айқындалады.

Осы теорияларға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты болады.

5. Капитал теориясы. Капиталдың мәнi, түрлерi және қорлануы.

Бүгiнде Қазақстанда болып жатқан өтпелi кезең капиталдың алғашқы қорлануымен теңестiрiледi. Алайда, осы процесстердiң арасында толық сәйкестiк жоқ, сондықтан да ұқсастық шартты түрдегi құбылыс. Капиталдың алғашқы қорлануы түсiнiгi ең бiрiншi А. Смит еңбегiнде кездескен, кейiннен К. Маркстiң «Капиталында» зерттелген.

Оның алғашқы мағынасы феодализмнен капитализмге өтудiң материалдық жағдайларын дайындауда болады және де былай айтылады:

1) тiкелей өндiрушiлердiң (ең алдымен шаруалардың) өндiрiс құрал-жабдықтарынан (жерден) ажырауы және олардың жалдамалы жұмысшыларға айналуы;

2) қоғамдық құралдар мен ақша капиталдарының буржуазия қолдарына көшуi.

Әрбiр экономикалық мектептерде капитал әртүрлi түсiндiрiледi. Бiрақ ең басты бағыттары төмендегiлер болып табылады:

- заттық немесе натуралдық концепция;

- ақшалай немесе монетарлық концепция;

- «адам капиталы» теориясы.

Натуралдық концепция тұрғысынан капитал - өндiрiс құрал-жабдықтары немесе сатуға арналған дайын тауарлар. А. Смит капиталды заттардың қорланған запасы ретiнде, ол Д. Рикардо - өндiрiс құрал-жабдықтары ретiнде түсiндiредi. А. Маршалл теориясында - ол өндiрiс алғышарттарын жинайтын заттар. Монетарлық теория тұрғысынан, капитал-пайыз әкелетiн ақша немесе оның ауыстырушысы - несиелiк ақша.

«Адам капиталы» теориясы ХХ ғ. 60-шы жылдары ҢТР жағдайында адам факторының рөлiнiң артуымен байланысты пайда болды.

Капиталдың жүйелi түсiндiрмесiн К. Маркс жасаған. Ол бiр жағынан капиталдың мәнiн, екiншi жағынан - оның пайда болуының нақты формаларын зерттейдi:

- өндiрiс құрал-жабдықтары тұрақты капитал ретiнде көрiнедi;

- жұмысшы күшi - айнымалы капитал ретiнде;

- ақша - ақша капиталы ретiнде;

- тауар - тауар капиталы ретiнде.

Капитализмде жұмысшы күшi тек өз құнына тең құн ғана шығармайды, сонымен қатар өз құнынан артық құн немесе қосымша құн өндiредi.

Капитализм тұсында жұмыс күнi 2 бөлiктен тұрады: қажеттi және қосымша уақыт. Қажеттi уақытта жұмысшы өзiнiң жұмыс күнi құнының мөлшерiне тең құн жасайды. Ал, қосымша уақыт iшiнде жұмысшы капиталистке тегiн еңбек етiп, қосымша құн өндiредi. Жұмысшының бiр кұн iшiнде жұмсайтын еңбегi -қажеттi және қосымша еңбек болып бөлiнедi.

Сонымен, қосымша құн дегенiмiз - жалдамалы жұмысшының төленбей қалған еңбегi, капиталисттiң тегiн иемденген құны және де өндiрiсте өздiгiнен өсетiн құн.

Капитал - жалдамалы еңбектi қанау арқылы қосымша құн әкелетiн құн. Капитал қосымша құн өндiру сипатына байланысты екi түрге бөлiнедi: тұрақты және өзгермелi капитал (немесе айнымалы) .

Қосымша құн өндiру әдiстерi үшке бөлiнедi: абсолюттiк, салыстырмалы және артық қосымша құн. Жалдамалы еңбектi қанау дәрежесiн көрсететiн шама, ол - қосымша құн нормасы. Ол қосымша құн мөлшерiн өзгермелi капиталға пайыз арқылы бейнелеу арқылы анықталады.

Қоғамдық ұдайы өндiрiс, негiзiнен, капиталдың ауыспалы айналымынан басталады.

Капиталдың ауыспалы айналымы дегенiмiз өндiрiс факторлары құнының нәтижесiнде оның үш сатыдан өтетiн және өндiрiстiк, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндiрiстiк және айналым сфералары арқылы қозғалысы.

Өндiрiстiк капитал - бұл тұйық ұдайы өндiрiстiк циклде қызмет ететiн құндық формада көрсетiлген өндiрiс факторлары.

Пайдаланатын өндiрiстiк капитал құнының жасалған тауар құнына өту әдiсiне байланысты ол екi топқа: негiзгi және айнымалы капиталға бөлiнедi.

Негiзгi капитал - өндiргiш капиталдың бiр бөлiгi және де ол ¶Ұнын өндiрген өнiмге тозу дәрежесiне сай бiртiндеп сiңiредi. Оған ғимараттар, құрал-жабдықтар, машина және т. б. жатады.

Айнымалы капитал толық пайдалнылады және де құнын бiр өндiрiстiк циклда бередi. Оған шикiзат, ресурстар, отын, жұмысшы күшi құны жатады.

6. Нарықты экономиканы ұйымдастыру, оның мазмұны мен құрылымы.

Нарық, айырбас, айналыс - бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиi теңестiрiледi. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әртүрлi тарихи сатыны бiлдiредi.

Нарықтың қалыптасуы еңбектi қоғамдық бөлудiң пайда болуымен тiкелей байланысты. Еңбектi бөлудiң кұшейуi, оның дифференциалдануы(бөлiнуi) мен мамандануы тек қана қоғамдық өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектiң өнiмдерiн мiндеттi түрде айырбастауға да әкеледi. Мұндай айырбас бiрте-бiрте кұшейе түсiп, қазiргi таңдағы нарыққа дейiн жетiлдiрiлдi. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түстi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық
Абстракциялықтан нақтылыққа көшу
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымы жайлы
Ғылым философиясы мен тарихы
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Ықтималдықтар теориясының өмірде қолданылуы
Математиканың негізгі ұғымдары
Макроэкономикалық теорияға негізделген фишердің теориясы
Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz