С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
С.Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1. Сәбит мұқановтың жалпы шығармалар сипаты
1.1 Сәбит мұқановтың поэма жанрындағы ізденістері
1.2 Темірғали Нұртазин С. Мұқановтың романдары туралы
2. С.Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
2.1 С.Мұқановтың шағын прозалық шығармаларына талдау
2.2 Омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс табады . Әр халықтың өзіндік салт-санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі - оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған "тіл мен ұлт біртұтас" немесе "адамды тіл әлемі арқылы тану" деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [Амангелдіқызы А.А. І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні. 3 бет].
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал [Мұқәддәс Мирза Қазақ - ұйғыр мақал-мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі.3 бет].
Жұмыстың нысаны Жазушы Сәбит Мұқановтың шығармаларындағы омонимдерді талдау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
Шығарма тіліндегі омоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
Омонимдердің жасалу жолдарын зерттеу.
Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

ХХ ғасырдың бас кезі қазақ халқының патша отаршылдығына қарсы күресінің ұлғайып, Абай негізін салған әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыттың өріс ала бастаған тұсы болғаны аян. Абайдың өлеңдер жинағының басылуы (1909), А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының азаттық сүйген жырларының халық ішіне жайылуы, татар ақыны Ғ.Тоқай шығармаларының кең тарауы жүдеу халықтың рухани өміріне демеу бола бастады. Сәбит те осымен әсерленіп, оқуды, ақын болуды армандады. Осы кезде Қазақстанда орнаған Кеңес өкіметінің жетім-жесірлерге, өмірден қағажу көргендерге қамқор болуы жетім Сәбит Мұқановтың ізденісіне жол ашты. Ол ауылдағы кеңес шараларына қатыса бастайды. 1918-1919 жылдары Омбы қаласында ашылған мұғалімдер курсында оқиды. Оның ақындық жолға шындап ұмтылуы да осы кез.
С.Мұқанов - шығармашылық өмірін ақындықтан бастаған қаламгер. Оның алғашқы өлеңдері өзі туған, өскен ортаның - қазақтың жалшы шаруаларының көңіл күйін, тағдыр ауыртпашылықтарын суреттеуге құрылған. Көңілім, Неге тудым?, Жалшының зары (1917) атты өлеңдерінде жас ақын кісі есігінде күн кешкен жетім баланың сезімі арқылы кедейдің ауыр бейнетін, аянышты халін өткір бейнелейді. Ол өмірге неге келдім? - деп назаланады.
Туған күннен төсегім шоқпыт болды,
Көрген күнім үнемі жоқтық болды [1: 13], - деген жолдарда қоғамдық әділетсіздіктің, теңсіздіктің сырлары танылады. Ақын ыстық күнде, аңызақ жел астында шаршаған, оның үстіне ораза ұстап, таңдайы кепкен жалшының жұмысын үзуге мұршасы жоқтығын суреттейді. Осылардың өзі-ақ алғашқы ақындық әсерді Сәбит Мұқановтың өзі өскен орта шындығынан алғанын байқатады. Алайда, ақынның лирикалық кейіпкерінде өмірден түңілу, қажу байқалмайды. Ол көңіл сырын шерте отырып, даладағы өзгерістерге елегзиді.
Қой, сен бүйтіп қамықпа, Ілгері ұмтыл, талап ет.
Шығуға айдай жарыққа
Қайраттанып, бол өжет [1: 17], - деп өзіне-өзі қайрат береді.
Сәбит Мұқанов - қазақтың поэмасына да елеулі үлес қосқан ақын. Ол поэмаларды көп жазды. Кеңес дәуірінде осы жанрдың тууы мен қалыптасуы тарихына Сәкен, Ілияс, Иса сияқты ақындармен қоса, Сәбит Мұқанов та көп еңбек сіңірді. Оның поэма жанрындағы ізденістері де, көркемдік ұғымтүсініктері де әрқилы. Өлеңдеріндегі сияқты ақын поэманы да ауыл батырағының қанаудағы өмірі мен көрген қиыншылықтарын суреттеуден бастады. Схемалық сюжетке құрып, оқиғаны суреттеуден гөрі баяндау көбірек берілсе де, Жұмаштың өлімі (1919), Құрдас (1923), Жайлау үстінде (1923), Альбом (1924), Пионер (1925), Наурыз күні (1925) сияқты поэмалар Сәбит Мұқановтың тынымсыз ізденісін танытады. Алғашқы екі поэмада ол бар қайратты өмірін кісі есігінде сарп еткен жалшының өмірден жақсылық көрмей, қорлықта өлгенін суреттей отырып, олар көрген әділетсіздікті еске алады. Ақын енді өмір жаңарып, кедейлерге теңдік тиді деп қуанады. Таптық сезім ояна бастайды. Альбомда жасынан бірге өскен кедей мен бай балаларының идеялық жағынан бірге өскен кедей мен бай балаларының идеялық жағынан ажырауын көрсетсе, Жайлау үстінде поэмасында бұрынғы, бүгінгі жайлау өмірін салыстыра отырып, елді еңбекке, еңбекшілдікке үндейді. Қалада оқып келген пионердің (Пионер) орыс тілі туралы әңгімелері арқылы кедейдің қара лашығына жаңа заман идеясының ене бастағанын бейнелейді. Бұл шығармалар поэма жанрындағы ақынның алғашқы тәжірибесі есебінде бағалы. Оларда тақырыпты таңдауда ғана емес, оның идеялық-көркемдік ізденістерінде де біркелкілік байқалмайды. Кейде ол заман беталысын (тенденциясын) сыңаржақ түсінетінін танытып алады. Жайлау үстінде поэмасында еңбекті мадақтай отырып, оны жайлау өміріне, жайлаудағы елдің көңіл күйіне, ойын-сауығына, жалпы ел дәстүріне қарсы қойып алатыны да бар. Мұндай біржақты ұғым оның сол кездегі өлеңдерінде де кездескен. Ол адамның қоғамдық қызметіне оның жеке өмірін, махаббатын қарсы қойып та өлең жазған. Көптің игілігі үшін жеке өмірдің рахатынан безуді ұсынған.
Сәбит Мұқановтың жанрындағы сәтті ізденісі Жетім қыз (1926) поэмасынан басталады. Бұл - қазақ-қалмақ жаулаушылығы заманындағы аңыздық сюжетке құрылған поэма. Онда бір соғыста жеңген қалмақтардың Күнайым атты қазақ сұлуын алып кетіп, ханына тарту еткені айтылады. Зорлықшы әрі кәрі ханға тиюден қашып, өз басын өлімге қиған қыздың мұңы қазақ арасына күй болып тараған. Сәбит Мұқанов осы күй оқиғасын өлең өрнегіне түсіріп суреттеген. Оқиға сарыны баяндауға құрылса да, қыз мұңын шерткен домбыра үнін өлең ырғағына келтіре суреттеу поэманың елеулі табысы болып саналады. Ақын тенденциясы таптық, рулық, хандық құрылыс озбырлықтарын әшкерелеу сарынынан байқалады.
Осы жылдары Сәбит Мұқанов қазақ кедейінің жаңа өмірін суреттеуге арналған бірсыпыра поэма жазды. Олардың елеулілері - Батырақ (1926), Қаңды көл (1926), Балбөпе (1927), Октябрь өткелдері (1927), Құланың құны (1928-1929) т.б.
Батырақ әуелде Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы деген атпен жарық көрген. Онда қазақтың жалшы батырағының кешегі, бүгінгі өмірлері салыстырылып көрсетіледі. Ақын бүгінгі жалшылардың оянып, сырын түсіне бастағанын суреттеуге ұмтылады. Кешегі жалшының өмірін ол негізгі кейіпкердің (Қозыбақтың) әкесі Қарашұнақ тағдыры арқылы ашады. Өмірі кісі есігінде жалшылықта, қорлықта өткен Қарашұнақты байдың бурасы шайнап өлтіреді, шешесі Күңшаш сүзектен өледі. Жетім қалған Қозыбақ жеті жасынан қозы бағып, таз қойшы атанады. Осы кезде төңкеріс болып, қазақ кедейлерін біріктіретін Қосшы атты ұйым құрылып, Қозыбақ солар арқылы теңдік жолын ұғынады. Байдан ақысын даулап, бай тоқалы Гүлжанмен көңіл қосады. Сол кездегі қазақ кедейінің өмірін суреттеудегі елеулі шығарма есебінде Сәбит Мұқанов поэмасы қазақ әдебиетіне өзіндік жаңалықтар әкелді. Мұнда жаңа дәуір кейіпкерлерінің туып келе жатқанын көрсетеді. Олардың өмір бойы қорлықта, жоқшылықта өткен, сезілген, тұрпайы кейпін сырт жылтырақтыққа бармай, дөрекі қалпында бейнелеуге тырысты. Қарашұнақтың:
Сақал-мұрты жабағы,
Түксие біткен қабағы,
Бұқа мойын, шоң желке,
Тырысып жатқан тамағы [2: 110], --
деп суреттелетін портреті әдейі баттиған күйінде көрсетілген. Ақын оны әсірелеп әдемілемей, табиғи, өзі көрген, таныған қалпында суреттейді. Кезінде адамды бұлай суреттеуді натурализм деп сынаушылар болған. Бірақ Сәбит Мұқанов ізденісті әдебиет дәстүрінен сырт құбылыс емес еді. Орыс мұжығының жыршысы болған Н.А. Некрасов та Ресейде кім жақсы тұрады? поэмасында өз кейіпкерлерін осындай құж-құж, жалба-жұлба күйінде суреттеп көрсеткен. Бұл - заманның әділетсіздігінің, онда өмірден қағажу көрген топтың барын, олардың тұрмыс күйін таныту ниетінен туған. Қазақтың кедейбатырақтарының ортасынан шыққан Сәбит Мұқанов та өзі таныған кейіпкерді осылай бейнелеу жолын ұстанды. Оның Қарашұнағы да, Қозыбағы да үстібасын күс басқан, қолдары қарғаның тұяғы сияқты күйінде әдебиетке енді. Бала Қозыбақтың:
Бұл секілді жетім көп.
Безге толған тамағы,
Сасық болып ағады,
Сап-сары ала қанды ірің Сауыс қылып жағаны [2: 120],- деп келетін портреті де осы тенденцияны айқындайды.
Ақын сырт бейнесін осылай дөрекі күйінде баттита суреттегенмен, олардың бойында адамдық сезімдердің молдығын, қайырымдылықты, еңбекқорлықты баса көрсетеді. Ұзақ уақыт үйлене алмай жүрген Қарашұнақтың жар сүюі, бала көруі, оларға деген адал көңілі мен сүйіспеншілігі жылы суреттелген. Баласы да сезімтал болып өседі. Ән айтады, күй тартады, оның Гүлжанға деген махаббаты да адал, тұрақты көрінеді.
Поэмада белгілі дәрежеде дәуір талаптарына жауап беруден туған асығыстықтың, схематизмнің ізі бары байқалмай қалмайды. Ақын о баста кейіпкерлер тағдырына көбірек тоқталып, оларды езуші, қанаушы дегендерді нақтыламайды. Онда нақты бай, оның қатыгездігін көрсететін оқиғалар көрінбейді. Сондықтан да поэма, негізінен, кедейшіл тенденциясымен бағалы саналады. Оның қазақ жалшыларына деп аталатын кіріспесінде ақын жазған: ...Мен сендерді басқадан бұрын көрем, Мен қолымды сендерге бұрын берем. Сендермен кеп алысар жау табылса, Мен бәріңнен қолында бұрып өлем.
Сен жыласаң, көзімнен қан ағызам, Сен қуансаң, тілімнен бал тамызам.
Егер сенің өзегің талып кетсе,
Басқадан бұрын саған нәр тамызам [2: 109] -
деген өлең жолдары Сәбит Мұқановтың өзі шыққан тапқа деген көңіл күйін, өзімен тағдырластығын, әдебиетте оны жырлау мүддесін биік ұстанғанын танытады.
Осы ақындық тенденция оның Балбөпе атты поэмасында да айқын көрінеді. Онда әйел жалпы Күңшаштың тағдыры мен аянышты өлімі оның қызы Балбөпенің алпыстағы шалға тоқал боп баруы мен кеңес тұсында азаттық алуы суреттеледі. Күңшаш портретінде де Батырақ кейіпкерлерімен ұқсастық бар.
Сіркеге толып бұрымы,
Қырық тесіліп шұлығы,
Жылтырайды аяғы. Көйлек, жаулық құрымдай,
Қырық құралған жырымдай,
Битке қап қой баяғы [2: 80].
Бұл поэмалар қазақ кедейі мен жалшы әйелдің кешегі мен бүгінгі өзгерістерін қадағалай жазуда Сәбит Мұқановтың басқа ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін байқатады. Ол өзі өскен орта шындығын терең білді, жақсы түсінді.
1927 жылы Қазан төңкерісінің он жылдығына арнап жазған Октябрь өткелдері атты поэмасында Сәбит Мұқанов әдебиет үшін маңызды жаңа бір тақырыпты көтерді. Ол - Ресейде төңкеріс жасаушы жұмысшы табы тақырыбы. Оның басты кейіпкері - сол төңкеріс жолындағы күрестің куәгері қазақ жұмысшысы Теміртай. Оның прототипі Мұқатай Жәнібеков - Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсенді қатысқан, аты Угар деген бүркеншік есіммен белгілі, 1937 жылы халық жауы боп атылып кеткен тарихи қайраткер. Поэмада Теміртайдың басынан кешкен оқиғалары арқылы кейіпкердің төңкеріс жолына келуі, күрескерлігі суреттеледі. Ол Каспий теңізі бойында балықшы, Омбыда теміржолда жүк тасушы, Лена алтын кенінде шахтер, Спасскіде зауыт жұмыскері болып, тұрмыс тауқыметімен тұрақтамай, қашқынды-қуғынды өмір кешеді. 1912 жылғы атақты Лена қырғынына қатысады. Ақыры жұмысшылармен бірге төңкеріске, Қазақстандағы кеңестік шараларға араласады. Тіршілік тауқыметімен қаңғыған Теміртай тағдырын ақын тартымды бейнелейді. Күрес қазанында қайнап, өмір өткелдерін өтіп келіп, саналы күреске араласуы нанымды суреттелген. Теміртайдың саяси сауатын ашуға көмектескен орыс жұмысшысы Иван бейнесінде де заманның шынайы шындығы бар. Поэманың композициялық шашыраңқылығы, шұбалаңқылығы байқалды. Теміртайдан басқа кейіпкерлер эскиздік баяндаулармен жасалады, жанды бейнеге айналмайды. Поэма - қазақ поэмасында жұмысшы тақырыбын көтерген алғашқы туындылардың бірі.
Қанды көл, құланың құны поэмалары да қазақ ауылыңдағы әлеуметтік теңсіздік пен оған қарсы күрес мәселелерін қозғайды. Оларда бай мен кедей арасындағы жер үшін, мал үшін талас-тартыс кейін қоғамдық мән алып, таптық тартысқа негізделіп өрістейді. Ертеректе бір жұт жылы ауыл малы ашығып, Әлім бастаған оншақты кедей Күйгенкөлден шөп шаба бастайды. Бұларға көлді иемденіп отырған бай баласы Алтынсары қарсы шабады. Оны кеудесіне бұрыннан кек қатып жүрген Әлім ұрып өлтіреді. Малдыбай бай баласының кегін алып, Әлімді өлтіреді. Көл Қанды көл атанады. Кейін кеңес өкіметі жылдары Әлімнің әйелі Жаңыл баласы Әбілмен бірге даулап, Қандыкөлді кедейлер иелігіне алады.
Күйген көл Әлімді алған Қандыкөлді, Қанды көл екендігі мәлімді елге.
Бір кезде Қандыкөлде құл шалынса,
Ие жоқ бүгінде оған құлдан өңге, [2: 152] --
деп аяқтайды автор поэмасын.
Құланың құнында Болат деген жігіттің бәйге атын атаққұмар болыс Қара ұрлатып алдырады да, иіссін жала жауып жер аудартады. Болат сол жақта орыс большевигімен танысып, азаттық жолындағы күрес жайын естиді. Өзі қашып кеп, болыстың баласын өлтіріп, атын тартып мінеді де, сол күрес жолына аттанады. Болат бейнесі, оның портреттік суреті, психологиялық мінездемесі тәп-тәуір берілген. Ол намысына берік, дұшпанға кекшіл жігіт болып көрінеді. Алайда басқа кейіпкерлер эскиздік күйде қалып, поэманың оқиғасымен тартысы белгілі жүйемен дамымай, жеке эпизодтық қана сипат алады.
Қорыта айтқанда, Сәбит Мұқановтың ақындық жолы кеңестік дәуірдегі әдебиеттің тууынан қалыптасып, өркен жаюына дейінгі ұзақ мерзімді қамтиды.
Осылардың бәріне де қатыса отырып, ақын дәуір талабы дәрежесінде болуға тырысты, көп ізденді, үздіксіз тәжірибе жинақтады. Оның едәуір өзгешеліктеріне лайық жаңа мазмұн, түр табуды үнемі мақсат тұтқанын көреміз. Бұл салада қолы жеткені де, жетпегені де бар шығар, ең бастысы - ақын өзі өмір сүрген кезеңдердің бәріне лайық образ жасау жолына ғұмырын арнады. Оның кең арналы ізденістері әдебиеттің басқа да жанрларында жазған шығармаларынан көрінеді.

С. Мұқановтың сансалалы шығармашылығын мұқият зерттеуге 1945 жылдан кіріскен ғалым 1951 жылы С. Мұқанов шығармашылығы деген көлемді монографиясын жариялады. Осы еңбекті 1958 жылы Сәбит Мұқанов атты сынбиблиографиялық очеркке айналдырып, тың қорытынды лар жасады. Ал 1960 жылы Жазушы және өмір атты бағалы монографиясы мен Халық жазушы сы деген еңбегін оқырман қауымға ұсынды. Сондайақ көп еңбектеніп, өндіре жазатын қаламгер дің жаңа шығармалары туралы өзінің ойпікірлерін алғашқылардың бірі болып айтып отыруды да зерттеуші жадынан шығарған емес.
Кеңестік дәуірде ұлттық әдебиетіміздің іргетасын қаласқан, оның өсіп, өркен жаюының басықа сында болған С. Мұқанов сол әдебиетпен бірге өсіп, бірге дамыды. Жазушы өткен шығармашылық жолды белгілі дәрежеде бүкіл қазақ кеңес әдебиетінің даму жолы, өсу кезеңдеріне теңеуге болады. Осы жылдарда қаламгер әдебиеттің барлық жанрларында оқушы қауым сүйсініп оқитын кесек те көркем дүниелерді өмірге келтірді. Әсіресе, оның романдары өз тұсындағы бүкіл кеңес оқырманда рының игілігіне айналып, көптеген шетел тілдеріне аударылды.
Мақалада белгілі ғалым, сыншы, жазушы Темірғали Нұртазиннің қазақ әдебиетінің көрнекті өкі лі С. Мұқанов романдарын зерттеуі қарастырылады.
Белгілі ғалым Т. Кəкішев зерттеушінің Жазушы жəне өмір монографиясы жайлы пікірінде: Т. Нұртазиннің тек С. Мұқановтың жазушылық қайраткерлігіне талай рет оралып, тиянақты зерттеп отыруының өзі оның оқымыстылық парасатының, ғалымдық мұратының дəйектілігін аңғартады. Осының айқын дəлелі - қазақ əдебиеттануына үлес болып қосылған Жазушы жəне өмір атты күрделі монография - өзінің идеялық дəрежесі, ғылыми парасаттылығы жағынан биік деңгейдегі туынды [1, 251], - деп жазса, сыншы А. Нұрқатов осы еңбек туралы:
Оның бұл тақырыпқа арналған кітабы орыс тілінде осыған дейін екі рет басылып шыққан-ды. Зерттеуші сол тақырыбына қайта оралып қазақ тілінде көлемді еңбек жазған. Бірақ бұл еңбек автордың орыс тілінде шығарған монографияларының аудармасы да, көшірмесі де емес. Сыншы бұрыннан мол баурап, жете игерген фактілері мен материалдарын пайдалана отырып, тың зерттеу жасаған [2], - деп дұрыс көрсетті.
Бұрынғы еңбектерінде ғалым С. Мұқанов шығармашылығын бүкіл əдеби үрдіспен бірге, тұтас түрде алып қарамай, жеке зерттесе, Жазушы жəне өмір монографиясында ол суреткердің ұлан-ғайыр шығармашылығын, қаламгерлік өсу сатыларын дара түрде бөліп-жарып қарамай, оны қоршаған əдеби ортамен, шығармашылық үрдіспен жанды байланыста алып саралайды.
Бұл жайлы əдебиеттанушы-ғалым С. Қирабаев: Т. Нұртазин С. Мұқановтың творчестволық табыстарын қазақ совет əдебиетіндегі жанрлардың қалыптасуы, дамуы процесімен тұтастықта зерттейді. Жаңа əдебиетте жанрлардың қалыптасуы қандай жағдайда өтті, жалпы əдебиетте қай жанрдың қандай ішкі ерекшеліктері болады деген мəселелерді көтеріп, ол осы жанрда С. Мұқанов қалай қызмет етті, оны қалай меңгерді деген сұраққа жауап беріп отырады [3], - деп жазды.
Құнды еңбек болып табылатын Жазушы жəне өмір атты монографияның кіріспесінде автор С.Мұқанов шығармашылығының зерттелуіне жəне өзінің алдына мақсат етіп қой ған негізгі міндетіне қысқаша тоқталғаннан кейін жазушының өмірбаянына шолу жасап, одан əрі нақты шығармашылығын зерттеуге ден қояды.
Зерттеуші бұған дейін шығармашылық талантын поэзияға жұмсап жүрген С. Мұқановтың 1922 жылы баспасөз бетінде тұңғыш жарияланған Түсімде жəне 1924 жылы жазылған
Әсия атты əңгімелері мен Совет Хұкметі һəм қазақ əйелі деген кітабынан бастап осы кезде жазылған тағы басқа бірсыпыра прозалық туындыларына қысқаша тоқталады.
Бұлар əлі көркемдік дəрежесі ойдағыдай емес, алғашқы тəжірибе сатысындағы шығармалар болатын. Сондықтан бұл туындыларда схематизм жиі ұшырап, жазушы нысан етіп алған күрделі мəселелерін күнделікті өмірмен байланыста суреттеп, табиғи көрініс жасауға машықтанбағаны байқалып тұратын. Сыншы алғашқы кезеңдегі жазушы шығармашылығының осындай олқы тұстарын жіті аңғарып, орынды ескертулер жасайды.
С. Мұқанов 20-жылдарда проза саласында жинаған азды-көпті тəжірибенің нəтижесінде
Адасқандар романын жазды. Мұның жекелеген тараулары 1929 жылы Жаңа əдебиет журналында жарияланып, 1931 жылы кітап болып шықты.
С. Мұқановтың Қазақтың көркемдік жағынан толысқан романын жасап, зор табысқа жетуіне себеп болған төмендегідей бес жағдай:
1) советтік алып күнделіктің эпикалық масштабы роман жасауға жетеледі; 2) эпикалық дəстүр қазақтың ауыз əдебиетінде мол еді. Жазушы соны игерді; 3) С.Мұқанов орыс прозасын творчестволықпен үйреніп, қаруланды; 4) жазушы бірсыпыра прозалық шығармалар жазып (əңгіме, очерк, повестер), қаламы төселді; 5) 20 жылдардың ақырына қарай қазақтың проза жазушылары прозалық көптеген туындылар берді. Соның барысында қазақ совет əдебиетінде прозалық дəстүр құралды [4, 169], - деп атап көрсетеді Т. Нұртазин.
Қоршаған əдеби ортаның, прозалық дəстүрдің жазушыға əсері, маңызы зор екені сөзсіз. Ол ортасыз, ол дəстүрсіз Адасқандар романының тууы да неғайбыл болар еді. Осыны ескерген сыншы С. Мұқанов замандастарының проза саласындағы тəжірибесіне, ізденістеріне, табыстарына, мүдірістеріне шолу жасайды. 20-жылдардағы Е. Бекенов, С. Шəріпов, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Б. Майлин шығармашылықтары сөз болады.
20-жылдардың аяғында көлемді романмен үлкен прозаға келген С. Мұқанов Теміртас, Есіл, Ботакөз, Өмір мектебі, Сырдария, Балуан Шолақ, Мөлдір махаббат, Тыңдағы толқындар романдарын, Достар, Бақташының баласы повестерін жəне бірсыпыра əңгімелерін жариялады.
30-жылдардағы С. Мұқановтың роман саласындағы қадамы Теміртастан басталды. Бұл - көлемі 544 бетті құрайтын үлкен роман. Сыншы романдағы шабындық, егіндік жерді бөлісу төңірегіндегі таптық күрестер, саяси тартыстар секілді күрделі мəселелерге, сол тартыстарда көрінетін адамдар бейнелеріне көңіл аударады. Әлеуметтік көзқарастары бір-біріне қарама-қарсы, ымыраға келмейтін конфликтілерге негізделіп құрылған романның композициясы, сол тартыстарда көрінетін бас кейіпкер Теміртас, алаяқ қу, шонжар бай Түлкібай, партия қызметкерлері Мұрат, Қозыбақ, мінезі ұр да жық Жауқашар бейнелері жан-жақты талданады. Романның сюжеттік түйіндерінің дамымауы, кейіпкерлер характерлерінің терең ашылмауы, композицияның қобыраңқылығы секілді кемшіліктерді көрсетуде де сыншы білімдік, алғырлық танытады.
Зерттеуде саяси-моральдық мəселемен байланысты бір топ адамның зұлымдығын əшкерлейтін Достар повесі, азамат соғысының оқиғаларын сипаттайтын Есіл романы қысқаша сөз болады.
С. Мұқановың ең құнарлы шығармасы саналатын Ботакөз романы бірінші рет 1938 жылы Жұмбақ жалау деген атпен басылып шықты. Зерттеуші кітапта нақты деректерге сүйене отырып романның жазылуынан, автордың өмір материалдарын жинап сұрыптап алуының ұзақ тарихынан, əдеби кейіпкерлердің жасалуына негіз болған адамдардың өмірінен мол мағлұмат береді. Осының бəрі сыншының көп жылғы қыруар еңбегінің, төгілген маңдай терінің нəтижесі екенін айта кету орынды.
Жазушы Ботакөз романында 1905 жылғы орыс төңкерісінен кейінгі қазақ өмірін, ондағы тарихи ірі оқиғаларды сюжетке арқау етіп алады да, ауылды, бүкіл Қазақстанды төңкерістік даму жолында суреттеп, Қазан төңкерісінің нəтижесінде кеңес тəртібін орнатқан жаңа дəуірге жеткізіп тоқтайды.
Зерттеуші романның басында сюжетке арқау болған тап қайшылықтары мен колониялдық қайшылықтардың төңірегіндегі егестер, патша əкімдері мен ауыл кедейлерінің арасындағы қақтығыстар, əкімдердің залымдығы; екінші бөлімдегі қазақ еңбекшілерінің өмірі, 1916 жылғы оқиғаға қазақ бұқарасының араласуы; үшінші бөлімдегі төңкеріс жеңісімен Қазақстанға кеңес дəуірінің келуі секілді іргелі, күрделі оқиғаларды көрсетудегі жазушы талантының қыр-сырларын ашуға ұмтылады.
Сюжетке арқау болған өмір қайшылықтарын өзара қиюластырып, қызғылықты композиция құруда, жеке адамдардың тағдырын қоғамның тағдырымен диалектикалық сабақтастықта алып тұтас суреттеуде жазушының дүниежүзілік озық əдеби тəжірибеге сүйеніп шығармашылық ізденіс танытқандығы сөз болады. Сондайақ əр түрлі қоғамдық топтардың шынайы сырын шыншылдықпен ашу арқылы танылатын жазушының идеялық позициясы, еңбекші бұқараның жақсылықты аңсаумен ғана тынып қоймай, жақсы өмірді өз қолымен жасайтын заман туғанын сезінуін бейнелейтін романдағы соны көріністер де ғалымның назарынан тыс қалмаған.
Өмір күресінде қатып-пісіп төңкерістік жолға түскен Ботакөз, қалың бұқараның мүддесін көздейтін Асқар, батыл мінезді Аман тай, үстемдердің күштісі Итбай, патшашыл шенеунік Алексей Кулаков, ескішіл Құзғынбаев т.б. кейіпкерлердің бейнелерін жасаудағы жазушы машығы, олардың мінездерін сипаттауда қолданған көркемдік тəсілдер, портрет жасаудағы тапқырлықтар арнайы қарастырылады. Сонымен қатар зерттеуші табиғат көріністерін суреттеудегі сараңдық пен кейіпкердің психологиясын берудегі кемшіліктерді ескертеді. Сюжет дамытуға қатысты бұл тəсілдердің ұтымдылығы мен əлсіз жақтарына тоқталады. Романға байланысты пікірін сыншы: Ботакөз - көркемдігі жағынан да келісті жазылған роман. Кітап шыққаннан кейінгі жиырма жылдан астам уақыттың ішінде роман жөнінде санқилы сын болды. Соның басым көпшілігі Ботакөз идеялық мəні терең, аса көркем, оқушыға тартымды, қызықты, халықтық шығарма деген пікірге келіп түйіседі [4, 227], - деп қорытындылайды.
Монографиядағы ең басты проблемалық мəселелердің бірі - эпопея жайына байланысты. Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиетінің аса ірі туындыларына талдау жасай отырып автор біздің əдебиеттану ғылымымыз үшін тың мəселелер қозғайды. Заңғар жазушымыз М. Әуезовтің Абай жолы романы эпопея деп мейлінше дұрыс аталып жүрсе де, осы шығарма жайлы қалам тербеген сыншылардың бұл мəселені əлі толық ашып бере алмағандығын айтады. Осы тақырып төңірегінде едəуір ізденіп, көңілге қонарлық пікірлер білдіреді.
Ол эпопеяға тəн біраз белгілердің Ғ. Мүсіреповтің Оянған өлке, Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романдарында бар екенін атап көрсеткен. Автордың салыстыру үшін Л. Толстойдың Соғыс жəне бейбітшілік, Эмиль Золяның Тас талқан, Ромен Ролланның Жан Кристоф, Голсуорсидің Фортсайт, М. Горькийдің Клим Самгиннің өмірі мен Артамоновтардың ісі, М. Шолоховтың Тынық Дон, Т. Манның Буденброктары, Т. Драйзердің Талаптар трилогиясы мен тағы басқа əлемге əйгілі қаламгерлердің шығармаларын келтіруі, өз тарапынан айтқан теориялық пайымдаулары оның білімінің жан-жақтылығын аңғартады.
Сондай-ақ зерттеушінің жаңа тақырыпты қозғау проблемасына арнайы тоқталуы да құптарлық іс. Бұл тарауда ол С. Мұқановтың шығармашылық ізденісін С. Ерубаевтың Менің құрдастарым, Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты, Ғ. Мұстафиннің Қарағанды, Шығанақ, Миллионер, Х. Есенжановтың Ақ жайық, З. Шашкиннің Ұядан ұшқанда, Тоқаш Бокин атты роман, повестеріндегі суреткерлік тəжірибелермен сабақтастыра талдай отырып, осы тың мəселеге, яғни қазіргі заман тақырыбын игеру проблемасына байланысты, көптеген байсалды ой-пікірлер айтқан.
Көркем туындыларда замандас бейнесін жасау мəселесін тек принцип тұрғысынан сараламай, аталған авторлардың шығармаларындағы көркемдік шеберлікпен сюжет өрбіту, өмірдің өзінен алынған шынайы тартысты дəйекті түрде дамыту, пейзаж, портрет жасау, шығарма құрылысының бекемдігі, тіл шұрайлылығы сияқты мəселелермен байланысты қарап, бағалы тұжырымдар жасаған.
Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиетінде кенже қалған сала - өндіріс тақырыбы еді. Халқымыздың ғасырлар бойы негізінен мал шаруашылығымен айналысып, өндірістен, техникадан алыстау болғаны белгілі. Жаңа дəуірде қазақ халқы елдің болашағы озық техникамен, ірі өндіріспен байланысты екенін ұғынды. Осыған орай өндіріс өмірі, техника адамдары əдебиетіміздің сала-саласында ара-тұра көріне бастады. Бірақ тақырыпты жете білмей, терең сезінбей жазылған алғашқы шығармаларды сыншы əлі пісіп жетілмеген дүниелерге балайды.
Зерттеуші С. Мұқановтың Сырдария романын жаңа дəуірді, еңбек тақырыбын жыр ететін шығармалардың қатарына қосады. Романның бірінші нұсқасы 1948 жылы шықты. Алғашқы басылымында роман бірсыпыра сынға ұшырайды. Соны ескере отырып жазушы романды біраз өңдеп, 1951 жылы екінші рет шығарады. Роман бірнеше тілдерге аударылды.
Сыншы ғасырлар бойы ырық бермей келген Сырдарияны жуасытып, сабасына түсіріп халықтың игілігіне қызмет еткізуді, сол ұлы мақсатқа жұмылған адамдарды көрсетуді; ғасырлар бойы əр түрлі қоғамда өмір сүрген халықтың күші келмеген нəрсе кеңес адамдарының қолынан келді деген тұжырымды романның басты тақырыбы ретінде қарайды. Романның басты пафосы да осы мəселенің бағытына арналған деген ой түйеді.
Роман кейіпкерлерінің күш-қуатын халықтың тапқа бөлінген кездегідей өздерінің ішіндегі əлеуметтік күреске шығындамай, бүкіл қоғамды көркейтер игілікті іс-əрекетке жұмсауын зерттеуші жазушының үлкен табысы деп есептейді. Романда кездесетін аңызға ұқсас ғажайып оқиғаларды ғалымның орыс жазушысы Лесковтың Солақай əңгімесіндегі сюжетпен салыстыруы да қызғылықты.
Кейінгі жылдары С. Мұқанов өзінің Өмір мектебі, Адасқандар романын жаңартып, көп түзеген. Аталған кітаптардың біреулері түгелдей дерлік жаңаланған, біреулерінің көп жерлеріне толықтырулар, өзгертулер енгізілген, енді бірі редакциялық өзгерістерге ұшыраған.
Бұл секілді түрлі дəрежеде өзгерту, жаңалау қазақ жазушыларының (М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б.) бірсыпырасының шығармашылығында бар екендігін атап көрсетеді сыншы. Рухани, мəдени өсумен байланысты жазушылар өздеріне идеялық-көркемдік жаңа талаптар қояды. Зерттеуші жазушылардың бірсыпыра жағдайда бұрынғы шығармаларына жаңа тараулар қосып, жаңалап толықтыруын олардың жауапкершіліктерінің артып, көркемдік талаптарының күшейе түсуінің нəтижесі деп санайды.
Жоғарыда аталған С. Мұқановтың жаңарған, жаңғырып толыққан романдарын ғалым бір топқа қосып талдаған, олардың соңғы нұсқаларын алғашқы нұсқаларымен салыстыра отырып зерттеген. Жазушының жұртшылыққа кең танылып, жоғары баға алған шығармаларының бірі Өмір мектебі алғаш 1930 жылы Жаңа əдебиет журналының 3, 4, 5 сандарында, 1940 жылы орыс тілінде Литература и искусство Казахстана журналының 1, 2, 3, 4 сандарында Менің мектептерім деген атпен повесть ретінде үзінділер болып жарияланды.
Т. Нұртазин С. Мұқановтың Менің мектебім романының жазылуына М. Горькийдің Детство, Мои университеты шығармаларының əсері болғанын дəлелдеуге тырыс қан. 1941 жылы кітап болып басылып шыққан Менің мектептеріме (бірінші кітап) жазушы елуінші жылдары қайта оралып, бірінші кітапты толықтырып жəне екіншісін жазып бітіріп, 1955 жылы Өмір мектебі деген атпен роман ретінде таңдамалының 1, 2 томы ретінде жариялайды.
Зерттеуші шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның бірінші жариялануындағы повесть, толықтырылып басылуында роман болып аталуының дұрыстығын теориялық тұжырымдарға сүйене отырып дəлелдеп шыққан. Автордың көзімен көрген, басынан өткерген, жанымен сезінген материалдарға сүйене отырып жазған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz