Педагогика саласынындағы Жас маманға кеңес

Жас маманға кеңес
Құрметті жас маман! Мұғалім мамандығын таңдап шәкірт тәрбиелеймін деген қадамыңа сәттілік тілеймін. Сен таңдаған бұл маман туралы былай дегім келеді.
Мұғалім - оқушы мен өмірдің ақиқатының арасындағы дәнекер деп бастамақпын бұл мақаламды. Себебі өмір сүру дағдыларының сара жолын меңзеуші, мұғалім. Әрбір адамзаттың жүрегінде өз мұғалімінің бейнесі айқын сақталғаны сөзсіз. Сақталу формасы ұстазының ұстанымына байланысты болары анық. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген екен Мәлік Ғабдуллин.
Қазір таңдаулы мамандықтың бірегейі мұғалімнің болу себебі, өзге маман иесі болуға жолдама алатын алғашқы баспалдақтардың ірісі. Анығырақ айтсақ, бала болашағының бастау - бұлағы мектеп. Ал, Ыбырай атамыз айтқандай, сол мектептің жүрегі - мұғалім. Өмір сүру заңдылықтарының ережелерін оқушы, мектеп қабырғасында - ақ іргетасы қаланады. Оның шебер қалаушысы - мұғалім. Демек, іргетасының қалану ісі мұғалім шеберлігіне тиесілі. Құрылған жоспарының ізгі мақсаттары педагогикалық қызметінің барысында меңгеріледі. Мұғалім - белгілі бір тұлғаның бойына білім нәрін қалыптастырушы жан . Өз ұстанымына берік бола отырып, көздеген мақсатқа жету жолында өз білгенін аямай, өзгенің баласын аялай жүріп білім шыңына жеткізуші. Бұл жерде мұғалімнің де мұғалімі бар екенін ескерген абзал. Оқушыны баурай жүріп, білім көгіне еркін қанат жайып, самғай алатын шәкіртті баулу өте күрделі жұмыстың жемісі болмақ.
Педагог, педагогикалық әлемдегі жаңашылдықтардың бастаушысы бола жүріп, білімді меңгерудің тиімді әдістерін таба білу, көзге көрінбейтін аса қажетті заңдылықтарды анықтауға жетелей білуді және зерттей отырып маңыздысын табуға іздендіру сияқты фактілерді ұдайы талап ететін маман. Мұғалім адам жанын өзінің тұлғасымен, өзінің білімімен, махабаттымен, өзінің өмірге деген көзқарасымен тәрбиелейді.
Мұғалім алдынан біріне-бірі ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшілігі бар мыңдаған шәкірт өтеді. Жаңа өмірге деген құлшынысты жігерлендіруші мұғалім, өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған аманатқа адалдықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттері бар мұғалім ғана лайықты бола алады. Мұғалім балалардың бойындағы дарындылықты таба біліп, үйренсем деген үміткер жастың маздаған үміт отын мезгілінде маздатып, дұрыс бағыт-бағдар беріп, талабын білім нұрымен нұрландыруда асқан шеберлікпен жүзеге асыра білуі қажет.
Мұғалім деген адам жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға болуы қажет. Мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін жетілдіріп, үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білсе ізгі. Қазіргі таңда, әлемді ғаламдану үрдісі өте тез жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағынына ілесу аса қырағылықты қажет етеді. Сен жетелеген жеткіншек қазіргі технология дамыған заманда алған білімін кез келген жерде еркін қолдана алатын қырағы бола білуі міндетті. Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс - тәжірибеде шәкірттердің жалпы білімдік біліктілігі және дағдысымен қатар креативтіліктің де қалыптасуына назар аударуды қажет етеді.
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, шебер, іскер болуы тиіс
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан -жақты инновациялық білімге қызықтыру. өзгеріс енгізуге құмар ету, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Атақты Аристотель айтылатын сөздің үш элементтен құралатынына - яғни шешеннің өзі, ол тілге тиек етер негізгі нысан және тыңдаушылар екеніне ерекше мән берді. Бүгінгі таңда шешен ретінде - мұғалім, тыңдаушы ретінде - оқушы, ал тілге тиек етер нысан - пәндік бағдарлама, оқулық мазмұны болмақ. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне баса мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
-Дүниетаным қабілеті жоғары;
-Дарынды, өнертапқыш;
-Ізденімпаз, талапты;
-Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz