Тұлға туралы жалпы түсініктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дайындаған: МФ 20к тобының студенті Есетов Айдархан
Тақырыбы: Тұлға туралы жалпы түсінік.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлға, сондай - ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие. Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен-жүйе немесе жай ғана Мен деп белгiлейдi. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. Жеке тұлғанын ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттер мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бiр адамды баскa адамнан, бiр тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады. Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бір ұғым - индивид. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасииеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т.б.). Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі - сараптама туралы ақпарат
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Үздіксіз экологиялық тәрбие
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Композиция ұғымы
Пәндер