Медициналық бетперде қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамда бетпердеге қатысты пікірталас көп. Әркім әртүрлі болжамдар жасайды. Бәріміз бір қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, заң, талап бәрімізге ортақ. Заң мен тәртіпке бағыну - бәріміздің міндетіміз. Бес жасқа дейінгі балалар, жаттығу жасаушылар және аллергиясы немесе басқа да тыныс аурулары бар азаматтарға көшеде бетперде тақпауға рұқсат етілген. Бірақ, мамандар оларға көп адам жүретін жерлерге бармауға кеңес береді.
Дүкендердегі лимон, сарымсақ, имбир өнімдерінің қорғаныстық қабілеттері болғанымен, нақты инфекциядан қорғайды дей алмаймыз. Бірақ жалпы иммунитетті көтеретін болғандықтан, вирустық инфекцияларға төзімділігін арттыру үшін пайдалануға болады.
Коронавирус инфекциясы респираторлы вирус болғандықтан, вирустың ауа тамшылары арқылы жұғу қаупі бар. Бетперде, қолғап сынды қорғаныш құралдарының вирустан қорғау қасиеті бар. Қорғаныш құралдары сапалы болуы және тәртіпке сай қолданылуы шарт. Бетперденің қорғаныштық қабілетін жете меңгеріп, оны тиімді қолдану жолдарын танып білу - зерттеуіміздің өзекті мәселесі болып табылады.
Әлемді дүрліктірген коронавирус ауруынан үрейленбеген жан жоқ шығар. Аталған пандемияның басталғанына да жарты жылдан астам уақыт өтті.
Соған қарамастан технологиялары қарыштап дамыған бірде-бір ел бүгінгі таңда вирусқа қарсы вакцина ойлап таба алмай жатыр. Елімізде де карантиндік шектеулер күн санап күшейтілуде. Осындай жағдайда әр адам өзіне, жеке басына жауапкершілік ала білуге тиіс. Бүкіл дүниежүзі болып пандемиямен күресуде төмендегідей сақтық шараларын басты назарға алып отыр. Яғни, өзіңізді көпшілік ортаға көп шығудан тию, қолыңызды күнделікті сабынмен жуу арқылы, сонымен қатар қорғаныс үшін медициналық бетперде тағу арқылы сақтана аласыз.
Сонымен, басты назардағы бетперденің пайда болу тарихы қандай, оның бізді қорғаудағы қауқары қаншалықты деген сұрақтарға жауап іздей бастадым.
Дәрігерлер әртүрлі сыртқы жағдайларға байланысты бетпердені 2-6 сағат ішінде киюді ұсынады.
Дегенмен, дәрігерлер медициналық маска адамды инфекция жұқтырған ауадан толықтай қорғай алмайды, себебі ол теріге тығыз тиіп тұрмайды, яғни инфекция өткізу ықтималдығы бар.
Қыс пен көктемде қала тұрғындарының көбі жедел респираторлық вирусты жұқпаларға жиі шалдығып, кей жағдайларда оның соңы тұмауға жалғасып жататыны бар. Республикалық Тұтыну - шылар құқын қорғау комитетінің мәлімдеуінше, елімізде тұмаудың алдын алуға қажетті іс-шара - лардың барлығы қарастырылғанмен, өткен жылдың қазан айынан бастап жаңа жылдың қаңтар айына дейінгі мерзімде ЖРВИ-ге шалдыққан 229 мың адамның арасынан 270 адамның тұмау жұқтырғаны зетртханалық зерттеулердің нәтижесінде анықтал - ған. Тұмау мен ЖРВИ-ге шалдыққандардың 70 пайызын он төрт жасқа дейінгі балалар құрайды екен.
Қазір бүкіл әлемде бетперденің жетіспеушілігі анық байқалуда. Тіпті осындай қиын жағдайда қолдан тігіп, екі есе бағада сатып пайда тауып жүргендер де жетерлік. Қазірше біздің қолымыздан келері бетперде тағу ережелерін сақтап, вирустан сақтану ғана. Сондай-ақ, бетпердені қолдан тігіп алу жолдарын қарастыру да пайдалы болмақ.
Зерттеудің мақсаты: Медициналық бетперде турады танып-білу, оның вирустан қорғаудағы қорғаныштық қызметі және сақтық шараларын сақтаудағы маңыздылығын ақындау.
Зерттеудің міндеттері:

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Медициналық бетперденің (масканың) пайда болу тарихы

Қазіргідей уақытта үйден медициналық бетперде тақпай шығу қауіпті жағдайға алып келу. Бүгін біз сол бетперде қалай, қайдан шықты? дейтін көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап іздеп, тарихына тоқталайық.
Біздің әрқайсымыз ауыз бен мұрынды жауып, инфекцияның ауадағы тамшыларын азайтуға мүмкіндік беретін, оған тосқауыл жасайтын медициналық бетперде сияқты қорғаныс құралдарымен таныспыз. Қазір бұл қорғаныс құралдары Қытайдағы жаңа коронавирустық инфекция туралы жаңалықтар аясында өте өзекті болып отыр.
Алғашқы медициналық маскалар қашан пайда болғанын және олар бұрын қалай көрініс тапқанын білдіңіз бе? Осы мәселелерді шешейік.
Ортағасырлық Еуропада, туберкулез обасы өршіп тұрған кезде, жұқтырған адамдарды емдейтін дәрігерлердің санаты пайда болды. Адамдар оларды "Оба дәрігері" деп атады.
Ең алғаш адамзат арасына оба індеті тарай бастағанда көптеген емшілер сақтық шараларын қарастырады. Осылайша, он бесінші ғасырда індет шарықтаған тұста науқастармен жиі қарым-қатынасқа түскен емшілер шет-шетінен өздері де жұқтырып алады. Сол кезде туындаған жағдайға байланысты қорғаныш құралын тек қана екі ғасыр өткеннен кейін, яғни он жетінші ғасырдың басында ойлап табады. Францияның танымал дәрігері Чарль Лорм бетпердені ең алғаш ойлап тапқан адам. Ах халатты жан тек қана бетперде емес, өз заманында қолғапты да, ерлерге арналған қалпақты да, пәлтені да, құстың ұзын тұмсығы тәрізді бетпердені да бәрінен бірінші қолданысқа енгізген.

Дәрігерлердің өздерін оба инфекциясынан қорғау үшін француз дәрігері Шарль де Лорм құс тұмсығына ұқсас "мұрын" маскасы бар былғары костюм ойлап тапты. Анығын айтсақ, алғашқы бетперде құстың тұмсығы тәрізді пішінге ұқсас еді. Ол тұмсықтың ішкі қабатын бос қалдырмай, әртүрлі дәрілік шөптермен толтырған. Бұл құрылғы дәрігерді дененің терінің қорқынышты иісінен қорғады. Сондықтан оба дәрігерінің тұмсығы бар маска медициналық масканың прототипі болды деп саналады.
19 ғасырда дәрігерлер Йоханн Микулич-Радецки мен Пол Бержер бір уақытта бізге таныс медициналық бетпердені ойлап тапты. Йоханн Микулич-Радецки науқастармен байланыста болған кезде бетіне дәке таңғышын киді, ал Пол Бержер кисейдің алты қабатынан жасалған таңғышты қолданды.
Дәл қазіргі уақытта пайдаланып жүрген медициналық бетперделер он тоғызыншы ғасырдан бері қолданыла бастаған. Тарихта оны ойлап табушыларға қатысты бірнеше дау-дамай туындаған. Айталық француздар бетперденің жетілген түрін Поль Бержер шығарған десе, поляктар өздері жақтан Ян Микулич-Радецки ойлап тапқан деп жүр. Бірақ екі ғалымның да ашқан жаңалықтарының уақыттар шамалас. Сондықтан дәл мына ғалым ашты деп айту қисынға келмейді. Десе де, екі ғалымға бетпердені жетілдіруге шабыт берген бір оқиға екені айқын.
Жетілдірілген бетперде дайындардың алдында неміс азаматы, микробиолог Карл Флюгге адам сілекейін зерттеп жүреді. Ақыры сілекей құрамында патогендердің бар екенін ашқан. Осылайша, ота жасаған кезде дәрігерлердің бір-бірімен сөйлесу барысында немесе түшкірген кезде науқастың ашық органына сілекей тамшысы түсе қалса, аурудың одан әрі асқынатынын білген. Сондықтан, дәрігерлер аузын арнайы бет пердемен тұмшалауы керек деп шешеді. Ақыры 1897 жылдан бастап Карл Флюгге оталардың барлығын медициналық бетперде тағып жасай бастайды. Нәтижесі де адамдарды таңқалдырған. Бір жыл ішінде бетперде киіп жасаған оталардан инфекцияның таралуы да айтарлықтай азайған. Екі жылдан кейін дәрігер Парижде өткен медицина мамандарының отырысында жаппай бетперде тағып ота жасауды ұсынады.
Ал поляк дәрігері Ян Карлдың бұл бастамасын ары қарай жалғастырушы. Ол тек бетперде тағып қана қоймай, ота кезінде қолға арнайы қолғап та киген екен.
1918-1919 жылдары бүкіл Еуропада испан тұмауы етек жая бастады. Эпидемиядан сақтану үшін қарапайым халық беттеріне медициналық бетперде тағуға кірісті. Ал осы дәуірде бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылған химиялық қарулардың исінен қорғану үшін әскери адамдар да бетперде таққан деседі.
20 ғасырда олар мақта сүзгілерінің маскаларын қолдана бастады. Олар әсіресе "испан індеті" деп аталатын індет кезінде өзекті болды. Сондықтан, 1920 жылдан бастап медициналық мекемелердің барлық қызметкерлері бетіне дәке таңу керек болды.

Бүгінде медициналық бетпердені әр адам ерікті түрде өздері таға береді. Әсіресе, Оңтүстік Корея, Жапония және Вьетнам елдерінде адамдар сәл тұмауратып қалса болды міндетті түрде бетпердемен жүруді дағдыға айналдырған. Бұл өз бойындағы ауруды өзгеге жұқтырмас үшін қорғанған үлкен жауапкершіліктің белгісі. Сондықтан да, қазіргі таңда аталмыш елдерде карантин жарияланбай отыр. Көбінесе вирус адамдар ашық түшкірген немесе жөтелген кезде ауаға жайылып, жақын тұрған адамдарға жұғып жатады. Медициналық бетперде тағу - микробтар санын айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті, пандемия кезінде өзгелер ескертпесе де медициналық бетперде киіп жүру үлкен жауапкершілік пен өз өміріңізге деген сақтықтың белгісі.

2. 2 Бетперденің құрылысы мен түрлері

Ал бір реттік медициналық бетперделер 20 ғасырдың соңында полимерлі-талшықты мата емес материалдардан жасала бастады.
Қазіргі заманғы маскалар екі негізгі түрге бөлінеді: процедуралық (күнделікті, бір реттік) және мамандандырылған (хирургиялық). Сондай-ақ, маскалар стерильді емес (күнделікті) және стерильді(операциялық бөлмелер мен зертханалар үшін).
Медициналық бетпердені жасау үшін бастапқы кездерде жұқа материалдар пайдаланылып келген. Уақыт өте келе сүзгіштік қасиеті жоғары, талшықты және полимерлі маталардан тіге бастады. Көпшілікке арналған дәріханаларда сататын бетперделер үш қабаттан тігілсе, дәрігерлердің ота жасағанда тағатыны төрт немесе одан да көп қабаттан тұрады.
Мата емес материалдардан жасалған бетперделер бірнеше топқа жіктеледі. Олар күнделікті қолдануға арналған процедуралық және дәрігерлерге арналған хирургиялық. Процедуралық бетперделер мата емес материалдардың үш қабатынан жасалады. Әдеттегі медициналық бетперделердің құрылысы: ортасында сүзгілік бөлімі, екі жақ сыртында қорғаныш қабатынан тұрады.
Бетперде өлшеміне байланысты ересектерге және балаларға арналған деп бөлінеді. Ересектерге 175х95 мм болса, балаларға арналған бетперделердің өлшемі 140х80 мм болады. Хирургиялық бетперделер төрт қабатты болып келеді. Онда фильтрден және сыртқы екі қабаттан басқа, хирургиялық операциялар жүргізу кезінде биологиялық сұйықтықтардың түсуінен бет терісін қорғауды қамтамасыз ететін сұйықтыққа қарсы қабат орналасқан.
Қатардағы дәріханадан алған арзан бетперделерді екі немесе төрт сағат қана пайдалануға болады. Ал егерде сіз мекендеген аймақ пандемияның ошағы болса, онда инфекционист-дәрігерлер аталған бетпердені екі сағат сайын ауыстырып тұруға кеңес береді. Сонымен қоса ауа райы ластанған ортада тіршілік етсеңіз, түтін мен ыстан қорғану мақсатында бес-алты сағатқа дейін қолдануға болады.
Жауын-шашын көп жерлерде бетпердені ұзақ уақыт бойы тағып жүруге болмайды. Себебі ылғалды ортада оның қорғаныштық қасиеті төмендеп, вирус адам ағзасына тез түсе алады.
Қытайдағы коронавирусқа байланысты маскалар кию мәселесі қазақстандықтар арасында ерекше өзекті болды. inAlmaty.kz ол маскалардың қандай түрлері әсіресе тиімді және оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін айтады.

Дәкеден жасалған.
Дәке маскалары бірнеше жыл бұрын танымал болған. Мұндай маскалар бактериялық инфекциядан қорғағанымен, бірақ вирустық емес, өйткені вирустар өте кішкентай және осы тосқауылға оңай енеді.

Тоқылмаған
Тоқыма емес маскалар жұқа құрылымға ие, бұл бактерияларды жеткілікті мөлшерде ұстауға мүмкіндік береді. Бұл маскаларда арнайы полимерлі талшықтар қолданылады. Мұндай маскаларда екі-төрт қабат болуы мүмкін, оларда резеңке құлақ ілмектері және мұрын қысқышы бар.

Мамандандырылған
Бұл маскалардың төрт қабаты бар және хирургияда қолданылады. Олардың дизайнында екі сыртқы қабат және бетті сұйықтықтардан қорғау үшін қажет сұйықтыққа қарсы қорғаныс қабаты бар.

Бұрышты
Бұрышты бетперделер арнайы сүзгі қабатынан тұрады, ол тіпті микробөлшектерді де кешіктіреді. Бұл бетперде шаң мен химиялық заттардан қорғауға өте ыңғайлы.

Респираторлық бетперделер
Ал заманауи бетперденің келесі түрі респираторлықты тақсаңыз оның бетте орнықты тұрғандығына көз жеткізген абзал. Мамандардың айтуынша, ер азаматтар мұндай бетпердені қырынып барып таққаны дұрыс екен.
Бқл бетперде көбінесе өндірісте тыныс алу жолдарын қорғау үшін қолданылады. Мұндай маска үш қорғаныс қабатынан тұрады. Сыртқы биологиялық сұйықтықтардың шашырауынан қорғайды, орташа -- сүзгі, ал ішкі -- ылғалдан. Екінші түрі неғұрлым күрделі, сапалы және қымбат: мұндай модельдер арнайы шармен немесе картриджмен жабдықталған, химиялық реакция жұмысшыға ауа береді.
Респираторлық бетперделер дәрежесіне қарай бірінші, екінші, үшінші деп бөлінеді. Оның шаңға немесе газға арналғанын өзіңіз қалауыңызбен таңдауға болады. Ал қазіргідей пандемия кезінде респираторлардың екінші және үшінші дәрежесін қолданған жөн. Бұларды медицинада FFP3 және FFP2 деп атайды. Ал бірінші дәрежелі респиратор FFP1 деп аталады.
Ендігі кезекте респираторлық бетперденің белгіленуі мен ерекшеліктеріне тоқталайық. Егер R белгісі жазылған болса, онда бұл бетпердені сіз бірнеше рет таға аласыз. Бірақ максимум үш-ақ күн тағуға болады. NR таңбаланған болса, бір рет қана, шамамен он бес-он алты сағат пайдалануға болады. D әріпі белгіленсе, сегіз сағат қана қолдана аласыз. Сонымен қатар, қақпақты және қақпақсыз түрлері де бар. Санаты мен дәрежесі жоғары бетперделер қақпағымен болады.

Балалар маскалары
Балалар маскалары тоқыма емес және дәке болуы мүмкін. Олар үш жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. Басқалардан жалғыз айырмашылығы - бетперделерде баланың қызығушылығын тудыратын суреттер қолданылады. Сондай-ақ, арнайы анатомиялық пішін оны баланың бетіне оңтайлы етеді.
Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі бетперделерді таңдау және пайдалану бойынша ұсыныстар жариялады. Қоғамдық орындарда бетпердені кию міндетті. Егер сіз үйде, көшеде, адамдар көп жиналатын жерлерде және жақсы желдетілетін жерлерде болсаңыз, бетперде киюге болмайды. Адамдар жақындағанда, дереу киюіңіз керек. Егер сіз жөтелгенде немесе түшкіргенде клапаны бар респираторларды пайдалансаңыз заң бұзғандық болып табылады. Өйткені, сіз бетпердеде орналасқан қақпақша арқылы инфекцияланған аэрозольды құрғатасыз және басқаларға жұқтырасыз. Осы себепті және бір реттік бетперделерде тыныс алу оңай болғандықтан, олар респираторлардың орнына ұсынылады. Егер сіз коронавирус жұқтырған адамдар бар жоғары қауіпті аймаққа кірсеңіз, N95 респираторларын қолдану ұсынылады. Жақын туысыңыз коронавируспен ауырып қалса, онда сіз клапыны жоқ бір реттік бетпердені киюіңіз керек, себебі сіз де ауырып қалуыңыз әбден мүмкін және басқаларға жұқтырмағаныңыз маңызды.
Бетпердені тағу ұзақтығы сыртқы жағдайларға байланысты 2-ден 6 сағатқа дейін өзгереді. Эпидемия кезінде немесе емдеу мекемелерінде бетпердені екі сағаттан артық емес пайдалану ұсынылады. Егер ол қандай да бір техногендік факторлардан, мысалы, түтіннен қорғау үшін пайдаланылса, онда кию уақыты 6 сағатқа дейін болуы мүмкін.

2. 3 Бетперденің (масканың) пайдасы

Вирустардың мөлшері бетперде немесе респиратор кигеннен ешқандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Жаңа коронавирус инфекциясы (COVID-19) ауруының белгілері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
Медициналық әртүрлі құралдар
Күнделікті және ақтық тазалық жұмыстарының нұсқамасы
Короновирус кезіңдегі психиканың реакциясы
Пәндер