Әлеуметтік реформалар мен әлеуметтік жаңғырулар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
  1. Әлеуметтік реформалар мен әлеуметтік жаңғырулар.

1. Бiз неден бастадық?

Бiздiң өмiрiмiздi түбегейлi өзгертiп, Қазақстан тәуелсiздiкке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезiмнің шиеленiсi мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл бiздің мемлекетімiздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешiмдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бiр ғана бұрыс шешiм елiмiздiң жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулi өзгерiске ұшыратуы әбден ықтимал еді.

Бiздiң мақтан тұтарлық iстерiміз жеткiлiктi.

Бiз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегi бiздiң нақты мүмкiндiктерiмiз қандай едi?

Әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуал шын мәнiнде сын көтермес күйде еді . Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкiндiктерi сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз , қазынасы бос, саяси жүйесi балаң , Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмiр сүрiп жатқан, одан бар болғаны белгілi бiр әскери әлеует қана еншiлеген ел саналдық.

Былайғы дүние бiздi көзге де iлген жоқ, әлемдiк қоғамдастықты бiздiң ядролық қару-жарағымыз ғана алаңдатты.

Ендi 20-25 жылдан кейiн мемлекеттiк басқарушылардың жаңа ұрпағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясының" қорытындысын шығарып, бiздiң әуел бастағы әлеуетiмiздi және өзгерiстердің нәтижесiн елеп-екшер болса: "Шынымен, солай болды ма екен", - деп таң-тамаша қалары анық.

Сонда олардың бiзге қызыға қарарына көзім әбден жетедi. Бiздiң батылдығымызға, жiгерiмiзге, қабiлетiмiзге, сайып келгенде, еркiндiгiмiзге қайран қалары анық. Өйткенi, бүгiнгi күнi бiз жасаған дүниені рухы күштi жандар ғана жасай алатын едi.

Бiз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: бiз жақсы өмiр сүргiмiз келдi, бiз еркiндiкке ұмтылдық, бiз бәрiнен де бұрын балаларымыз бен немерелерiмiздің лайықты өмiр сүруiн қаладық . Бұған сiздер мен бiздер өз ғұмырымыздың бiраз жылдарын арнадық. Еңбегiмiз еш кеткен жоқ, бiз бүгiнгiдей биiкке көтерiлдiк .

Өзiмiздiң төл теңгемiз айналысқа енген, экономикалық тәуелсiздiгiмiз аныққа шыққан 30 жыл кезеңдi алайықшы. Бұл 30 жыл - елiмiздi тұрақты еткен, экономикамызды өркендеткен төл Конституциямыздың да мүшелдi мерекесi.

2. Бiз жалпы iшкi өнiмдi екi есе ұлғайтып, бiрлесiп тағы

да бiр Қазақстан орнататындай межеге жақындадық

2. 1. Бiз ойдағыдай жұмыс iстеп жатқан нарық экономикасын

құрдық

Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде нарықтық реформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк . Бүгiнгi таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс iстеп тұрған нарықтық экономика бар.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмiмiз жетi жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екi мың жетi жүз долларға жеттi, ендеше биылғы жылы бiздiң жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмiмiз ендi үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Бүгiн экономикалық өсудің негiзгi көзi елдің шикiзат әлеуетiн пайдалану болып отыр. Көмiрсутегi шикiзатын өндiру көлемiн 1985 жылмен салыстырғанда бiз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткiздiк, ал былайғы дүниеде ол небәрi 1, 3 есе шамасында ғана өстi.

Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тiкелей шетел инвестициясы тартылды . Бұл өте жоғары көрсеткiш. Бүгiнгi Қазақстанның тұрақты, тиiмдi әрі сенiмдi әрiптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян, ақиқат.

Қазақстанның қаржы жүйесi де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны жетекшi халықаралық сарапшылардың өздерi мойындап отыр.

Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелдi болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгiнгi күнi Ұлттық қорда 5, 3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, елiмiздiң алтын-валюта резервтерi, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түстi. Осыдан 30 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзi қиын едi.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйектi жүргізiп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемiнiң оң сальдосы 7 миллиард доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өстi деген сөз.

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында негізiнен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген бiздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түстi.

Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.

Осылайша бiз өзiмiздiң әлемдiк экономиканың бөлінбес бөлiгiне айналып, жаhандық бәсекелестiк арнасына еркiн енгенiмiзге анық көз жеткiздiк.

2. 2. Бiздiң өмiрiмiз жақсара бастады.

Бүкiл дүниежүзiлiк банктiң жiктемесi бойынша қазiргi уақытта Қазақстан кiрiсi орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi.

Егер өмiр сапасының негiзгi көрсеткiштерiн салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кiрiсi 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгi табыс мөлшерi 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшерi 4, 6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кiсiнiң жасайтын салымының көлемi тиiсiнше 35 және 37 есе өскенін көремiз. Биылғы жылы кепiлдi тегiн медициналық көмек көлемiне жұмсалатын мемлекеттiң шығысы 2003 жылмен салыстырғанда 1, 7 есе өстi.

Экономикамыздың қарқынды өсуi мемлекеттiк шығыстардың әлеуметтiк бағдарлануын едәуiр кеңейтуге мүмкiндiк бердi, мұның өзi экономикамыздың айтарлықтай бекемдiк деңгейiне жеткенiн айғақтайды.

Бiз айрықша қысқа мерзiмнің iшiнде елiмiздің дәл орталығында жаңа астанамызды тұрғыздық . Көрген жанның бәрi Астана көркiне тәнтi болып жүр. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

2. 3. Бiз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерiнiң

тәжірибесiн және өзiмiздiң көпұлтты әpі көп дінді

қоғамымыздың ерекшелiгiн ескерiп, Батыс демократиясының

қағидаттарына сай келетін тәуелсiз мемлекетiмізді

орнаттық

Бiз демократия жол басы емес, алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғамыз жоқ. Бiз демократияны декретпен енгiзуге болмайтынын, оны өз өзегiңнен өткiзу керек екенiн бiлдiк.

Қазақстан мемлекеттілігi бiржолата орнықты. Бiздiң елiмiз өз саяси дамуының үлгiсi жағынан Батыс демократиясына және әлеуметтiк iлгерiшiлдiгi мен саяси саналуандығы бүкiл әлемге танылған "жаңа" азиялық демократия дегенге де жақын.

Бiз саяси өмiрiмiздi ырықтандыру жөнiнде де айтарлықтай табыстарға жеттiк. Бұл тұста мыналарды айтсақ та жеткiлiктi:

- Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйектi жүргiзiлiп келедi; еркiн демократиялық сайлаулар үнемi өткiзiледi; тежемелiк әрi тепе-теңдiк негiзiнде билiк тармақтарының ара-жiгiн ажырату қағидаты жүзеге асырылып жатыр;

- Қазақстанда саяси саналуандық және көппартиялылық орныққан; кез келген қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бiрлестікке еркiн кiре алады;

- 5 мыңнан аса үкiметтiк емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам институттары мен құрылымдары жасақталып, жұмыс iстеуде;

- Қазақстанда тәуелсiз сот жүйесiнiң негiздерi қаланып, заңның үстемдiгi дәйектi қамтамасыз етiлiп келедi. Бiздiң қоғамда сот жүйесiне деген сенiм барған сайын арта түсiп отыр;

- Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етiлген, цензура жоқ; мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс iстеуде. Осы орайда бұрынғы шақырылған Парламентте БАҚ еркiндiгiн шектеу әрекетi байқалғанын, сонда мен дүдәмал заң жобасына тоқтау салғанымды естерiңiзге сала кеткiм келедi, сөйтiп мемлекет өзiнiң баспасөз бостандығы жолындағы бағытының мызғымайтынын тағы да қуаттап бердi;

- Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, елеулi нәтижелерге қол жеттi; Адам құқықтары жөнiндегi Уәкiл институты құрылды; Қазақстан адам құқықтары жөнiндегi халықаралық конвенцияларға қосылды. Құрамы жөнiнен көрнектi әрi беделдi Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi Ұлттық комиссия жұмыс iстейдi;

- Қазақстанның кез келген азаматы елден шыға да және қайтып орала да алады;

- бүгiн кез келген қазақстандықтың өзiнiң қалауына қарай қызметпен шұғылдануға құқығы бар;

- әркiмнің өз балаларын тиiмдi деп тапқан жерлерде оқытуға құқығы бар;

- әрбiр қазақстандықтың сайлауға және сайлануға құқығы бар;

- Қазақстан дiни сенiм-наным бостандығын қамтамасыз етiп, конфессиялар аралық келiсiм мен дiни теңқұқылық саясатын дәйектi жүргiзiп келедi. Бiзде түрлi конфессиялардың бейбiт қатар өмiр сүруі қамтамасыз етiлген әрi дiни экстремизмге қарсы дәйектi күрес жүргiзiледi. Астанада өткiзiлген Әлемдiк және дәстүрлi дiндер жетекшiлерiнiң съезi елiмiздiң бiтiмгершiлiк әлеуетiнің өсiп келе жатқанының айқын айғағына айналды;

- Қазақстанда өлiм жазасына мораторий енгiзілген;

- бiз Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстың буындау тамырын құрттық;

- Қазақстан ТМД-да бiрiншi болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде заң қабылдады әрi бұл бағытта алдағы уақытта да жалғаса беретiн дәйектi жұмыс жүргiзiлiп келедi.

Осыдан 30жыл бұрын мұның бiрi де болып көрмеген едi, ал бүгін өмiр бойы осылай болып келе жатқан сияқты .

Осының бәрi де қуатты президенттік билiк институтының сақталуымен ұштасып, елiмізге өткен дәуiрдiң сарқыншақтарын еңсеріп, Достастық мемлекеттерiнің көпшiлігіне қарағанда, неғұрлым жоғары қарқынмен даму үшін мүмкiндіктер туғызған шығар деп санаймын.

Сөйтiп, бiз бүгін саяси жүйенi жаңартудың белгiлi бiр белесiне көтерiлдiк . Өткен жылы бiзге келіп қайтқан ЕҚЫҰ төрағасы Соломон Пассимен кездесуіміз кезінде ол: "Соңғы жылдары Қазақстанда демократиялық реформалардың айрықша iлгерi басқаны байқалып отыр", - деп атап көрсеткен едi.

Экономикалық және әлеуметтiк жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк дамудағы өзiнiң көшбасшылығын одан әрi сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен бiлiмдi, бiлiктi кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкiндік туғызуға тиiс.

Кәсiпкерлер бiздiң оларға қалыпты жағдай туғызып, артықшылықтар беретiнiмiздi, бiзде бизнестiң қауiпсiз әрi келешегi мол екенiн бiлгендерi жөн. Ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар өз еңбектерiне бiзде тиiсiнше сый-сияпат көрсетiлетiнiне сенiмдi болу керек. Өнер адамдары өз қызметi лайықты бағаланатындықтарын сезiнуi тиiс. Бiз бұл үшiн бәрiн де жасаймыз.

Бұл бiздiң жетiстiктерiмiздiң бағасы болмақ.

2. Этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық бірліктің нығаюы.

Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды.

Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66, 4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0, 8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2, 3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 18 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ) .

Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.

Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6, 2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184- орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Қазақстандағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Н. Назарбаевтің саяси портреті
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарттың ұғымы мен оның маңызы туралы
Информатика пәнінің оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz