Үмбетей жырау поэзиясын оқыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
2. Үмбетей жырау поэзиясын оқыту
2.1 Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығы
Қазіргі Ақмола төңірегінде дүниеге келген. Ақтамберді мен Бұхар, Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVIII ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей да болды. Жырау мұрасынан біз Абылайхан дәуірін, ел ісін атқарған үлкен тұлғалардың сұлбасын көреміз. Үмбетей Абылай хан және XVIII ғасыр батырлары жайында жырларды туғызушылардың бірі. Қазақ әдебиетінде Қанжығалы Бөгембай батыр туралы жыр дастандар аз емес. Соның ішінде Үмбетейдің батыр тұлғасын сомдауы алабөтен. Оның есімі қазақ әдебиеті тарихының, әсіресе, Қанжығалы Бөгембайға арнаған жоқтау, естірту толғаулары үшін айрықша орын алады.
Өмірдің ұзын ырғасынан тәлім алып, мәнді ғұмыр кешуге шақырар үгіт - өнеге. Әділетсіздік, білімсіздік, қараулық пен аяулыққа мін. Бас бұзар оспасыздыққа тоқтам. Опасыздыққа үкім , кесім. "Бәкеге", "Жауқашарға", "Бұқарға", "Ей, Ақтамберді Қабанбай", "Бекболат биге" арнауларынан біз осы сарынды табамыз.
Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Небары жеті-сегіз толғау. Бар қазынасына байыппен қарағанда батырдың жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады. XV - XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, жалпы қарағанда, күрделі құбылыс санатына жатады. Қазақстан Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қоры осы ойымызды растайды. Әсіресе, XV - XVIII ғасырлардың арасында тірлік кешкен көшпенділер поэзиясы шын мәнінде қазақтың азаматтық поэзиясының төлбасы болса керек. Сол уақыттың поэзиясы сол қым - қиғаш дәуірдің, қоғамдық қарым - қатынастардың хал күйінің көрінісі секілді.
Қайсыбір тарихи құжат болмасын, ол сол құбылыстың бір жағын ғана көрсетеді. Ал, поэзия мезгілдің барометріндей халық мұңын, күйзелісін, нені армандағанын аңғартатыны аян. Поэзияның сол бір қадірін қастерлеп, халық ұрпақтан ұрпаққа жалықпай жеткізіп келеді. Өйткені, нағыз көркемөнердің қызметін атқарған поэзияда қоштасуы да, жоқтауы да, толғау, тойбастары да, шешендігі де, батасы да, нақылы да біте қайнасып келген.
Сайып келгенде, халқымыздың поэтикалық шежіренамасы өлең сөзбен жасалғанына ешкім дау келтіре алмайды. Аңыз-дастандары соны айтады, соны растайды. Көп жанрлы қазақ фольклоры ескі түркі ескерткіштері: Махмұт Қашқаридың "Диуанынан" (XІ ғ.), "Кітаби дәдем Қорқыттан"(XIV ғ.), "Махаббат-намеден" (XIII ғ.) аз тағылым, өнеге алған жоқ. Атышулы Аталық (XIII ғ.), Сыпыра жырау (XIV ғ.), Асан қайғы (XV ғ.) толғауларынан да қадым замандағы әдеби ескерткіштердің әсерін байқауға болады. Дәстүр жалғастығы деген мәселе осыдан келіп туады. XVIII ғасырдың материалдарына қарағанда, әрбір қазақ жырауларының суырып салма қасиетінен ауыз әдебиетінің әсері аңғарылады.
XVIII ғасыр перзенті Тәтіқара, Үмбетей, Бұхар жыраулар да фольклордың кең қолтығынан шыққан. Хан мен қараны ауыздарына қаратқан жортуыл жыршыларында ерекше қасиет бар еді. Ол сергелдеңге түсемін-ау деп сескенбей, шындықтың жүзіне тура қарау еді. Сен хансың, сен қарасың деген жоқ, қара қылды қақ жарғандай әділетін айтты. Қалың бұқара намысын қорғай отырып айтты. Сол кезеңнің жыршыларында даралық сезімнен жалпылық сезім басымдау еді. Уақыты солай болатын. Әсте елдің тілі болу оңай қызмет емес-ті.
Ол ғасырдың жыраулары хандық институтты уағыздау арқылы халықты елдікке, бірлікке, ерлікке үндеді. Хан берік болса, халықтың іргесінен суық соқпайды деп ойлайды. Бұның өзі сол дәуірдегі қоғамдық ойдың дәрежесін көрсетеді. Жорық жыры мен дидактикаға сондай ойдың сәулесі түскені анық. Бұл қалам мен қарудың қызметі анықталып, әлі ажырай қоймаған түс еді. Халықтың тарихи тағдырына әлі қоян-қолтық араласа алмаған алмағайып кезеңнің поэзиясы көбіне мазмұн, түр, стиль жағынан өзара ұқсап, үндесіп келеді. Содан барып тақырып қайталанады, поэтикалық қайталануға түседі, ауыз әдебиеті әсерінің басымдылығы байқалады. Жыраулық шығармалардың ден ауызша тарап, біраз өзгерістерге, қосымшаларға, жаңғыртуларға ұшырап жеткен. Бұл Үмбетейге де ортақ.
Ақын-жыраулардың бәрі - бәрі өз айтқандарын жатқа біле бермесе керек. Тыңдаушылары ғана іліп әкетіп басқаларға жеткізеді. Мысалы, Асан қайғы, Үмбетей, Ақтамберді, т. б. Ақын-жыраулардың айтқандарын жеткізушілердің жонып, алып тастап, қосып, кейінгі ғасырларға өзгерістермен қалдыруында шек жоқ.

2.3 Үмбетей поэзиясын түрлерін оқыту
Поэтикалық өнер шығармаларын оқу - ол да өнер: оның бойында еркіндік, педагогикалық есеп, ой мен сезім, интонация, дауыс реңкі, ым - бәрі өмір сүреді. Сол сенімсіздік, салғырттық, жасандылық немесе орынсыз қойылған сұрақтың өзі сабақтың мақсатына, оқушының эстетикалық қабылдауына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Поэзияны оқытуда оқушының мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздің құдыретін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сонда сабақты қалай өткізуге болады?
Әрине, мұнда барлық мұғалімдерге былай өткізіңдер деген рецепт берілмейді. Өйткені, әр мұғалім - өз алдына тұлға. Әдебиеттегі әр шығарманың өзі бір-біріне ұқсамайды, себебі оның әрқайсысы жеке адам сезімінің, әсерінің, жан дүниесінің шығармашылық көрінісі ғой.
Жұмыстың ең маңызды бөлігі - өлеңмен таныстыру. Өлеңнің бірінші оқылуы, әсіресеғ жарқын, ашық, эмоционалды болуы керек. Тәжірибеден белгілі, бірінші рет өлеңді мұғалімнің оқығаны жақсы. Өлеңді оқып бола салып, оқушыларға сұрақ қоюға асықпау керек. Себебі өлеңді тыңдағанды тұтас қабылдауды, өлең туғызған әсер мен сезімді мезгілсіз үзіп алмас үшін, дәл осы сәтте мұғалім баланың қасына барып, басынан сипап, сүп-сүйкімді мұрнынан ұстап еркелетуге болады.
Тағы бір кеңес: өлеңді оқығанда, оқушыларға кітапты жапқызып қою жөн, себебі олар еш нәрсеге алаңдамай, өлеңді ғана тыңдап, дыбыстарды, бояуларды аңдап естіп, көруі керек. Өлеңді оқу кезінде ол оқушылардың кейбіреуіне түсініксіз болса да, бала жанына хабар беріп, қозғау салады. Енді өлеңді талдауға асықпаймыз. Актерлер рөлдерді ойнағанда, кідірістің маңызының зор екенін біледі, өйткені көрермен актердің алдыңғы сөзін ой елегінен өткізіп үлгереді.
Сол сияқты өлең мен талдаудың арасында кішкене болса да кідіріс болғаны жөн. Сіз сол кезде өлеңнің балаға қаншалықты әсер еткенін байқап үлгересіз. Осыдан кейінгі маңызды нәрсе - мұғалімнің бірінші сөйлемі не сұрағы. Өлеңнің үндестілігінен шығып кеткен дөрекі сөз оқушы басынан өткізіп отырған эмоционалдық көңіл күйге кері әсер етеді. Мысалы, Балалар өлең сендерге ұнады ма? - деген сұрақтың өзі дұрыс емес. Балалар бір-ақ ауыз сөзбен жеткізеді де, бағанағы үлкен әсер, сезім толқыны бәсеңдейді. Керісінше, сұрақтың не тапсырманың оқушы сезімін, әсерін одан әрі тереңдету мақсатында қойылғаны жөн. Мәселен, Өлеңді тыңдап отырып, нені елестеттіңдер, не көрдіңдер? Осы өлеңге сурет салу керек болса, сендер қандай бояуларыңды пайдаланар едіңдер? Өлеңді талдау кезінде Өлең қалай, қандай жағдайда туды? деген жауапты Абай өлеңдерінен таба аламыз. Ақын рухани таз-таза болғанда, дүние кірінен жуынып, айнала сылдырап, келісімге келген уақытта ғана нағыз өлең дүниеге келеді екен. Сөз өрнегімен жасалған жыр кестені оқушыға көрсете білу керек. Рас, ол әр оқыған сайын, әр түрлі әсер алады, сырына үңіледі, тереңіне бойлайды. Бірақ, әсер жоғалып, із-түзсіз кетпейді. Балаға рухани азық болып, ізгілік, сұлулық нұрына бөлейді.
Өлең құдіретімен шәкірттер бойьшда ізгі мүраТтар қалыптастыру ісі, ең алдымен, үстаз алдыпа балаларды өлсңді дурыс қабылдай білуге үйрету міндетін қояды. Өлеңді қабылдау деңгейі оқутнының өлең қүрастыру жолдары, өлең шығару техникасы туралы біліміне де байланысты, япіи өлеңнің қүрылысы жайында айқын ұғьтмдары болуы шарт. Өлеңнің шумағын, ұйқасын, буыи, бупақ өлшемін білгенде ғана адам өлеңді дүрыс қабылдап, жете тани алады. Сөйтіп, өлеңнің қүрылысы -- оның мазмұн-мәпін тануға жол ашатын қақпа, кілт. Бүл қақпа ашылмайышиа, бүл кілтті пайдаланбайынша, өлең сөз әлемінен нәр алу қиынға соқпақ. Мүның өзі әрі психологиялық, әрі дидактикалық қажеттіліктен туындайды.
Өлеңді қабылдау нроцесі екі сагыда жүреді: әуелі оның сыртқы тысы, яғии. шумақтар, ұйқастар, оқылу ырғағы және өлеңнің айтар әңгімесінің жалпы нобайы ғана қабылдапады. Оқушы өленді жай ғана өлең ретінде гүсінеді. Қабылдаудың бұл сатысы айтарлықтай ойлау жүмысын талап етпей, түйсіну, алғашқы сезіну деңгейінде өтеді. Өлеңиің техникасы, яғни қүрылысы туралы жақсы тіүсінікке ие болған бала үшін процесс тез, жылдам жүріп, ол енді өлеңнің ішкі сыр-сипатын қабылдауға дайын болады, одан орі оймен іздеп, жүрек- иен сезе бастайды.
Сондықтан өлеңнің ішкі мазмүн, сипатын жүрекпен сезіну, сезімге дарыту оның қүрылысын меңгертуден басталады. Содан соң барып қапа біриеше рет қангаланған өлең ес процесіңе, яғни білім мен тағылымға үласады. Ең құдыретті сөз - ақылды байытып, жүреккке жеткен сөз. Ол шәкіртті ізгілікке жетелейді.
Өлеңнің сыртқы қүрылысымен алдын ала жеке таныстырмай, оны ішқі мәнімен бірлікте қарастыру жалпыдан жалқыта қараи оқыту болмақ. Бұл - бала үшін ауыр жол. Ал егер өлеңнің турі, қүрылысы сияқты компоненттерді меңгертіп алсақ, оқушылар өлеңді дайындықпен барады. Жалқыдан жалпыға қарай оқыту жолы дидактикалық жағынан неғұрлым тиімді, нәтижелі екені тәжірибеден белгілі.
Өнер - тілмен жеткізуге болмайтынды елестетуші, - деп, Гете айтқандай, өлеңді қарасөзбен түсіндіріп жатпай, тікелей қабылдауға машық тандырамыз, сондықтан да өлеңнің сыртқы құрылысын меңгеру рухани қажеттілік болып табылады. Өлеңнің құрылысын үйрету - қазақ халқының ұлттық, дәстүрлі өлең шығару өнерінің әліппесін меңгерту деген сөз.
Енді оқушыларға Үмбетей өлеңдерінің құрылсы негізінде өлең құрастыру әліппесін меңгертуге арналған бір сабақ үлгісін келтірейік.
Сабақтың тақырыбы: Үмбетей өлеңдерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Үмбетей өлеңдерінің үлгісінде қазақ өлеңінің құрылысын танып-білу. Поэзияға қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баулу. Өз беттерінше өлең құрастыру дағдыларына үйрету, өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтандыру. Әлемдік поэзияның өлең құрылымының көртеген үлгілері Үмбетей өлеңіне де тән екенін аңғарту. Үмбетей әлем поэзиясының биігінде тұрғанын сезіндіру.
Сабақтың жағдығы: Мұғалімнің мүмкіндігіне қарай Үмбетей өлең құрылысы түсірілген кестелер, буклеттер, үлестірме қағаздар, кодоскоп, абай әндері, өлеңдерінің мәнерлі оқылуы жазылған күйтабақтар мен таспажазулар, т.б.
Сабақтың тегі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Әңгіме түріндегі дәріс.
Сабақтың барысы. Мұғалім сабақтың мақсатын айқындап, оқушылар бұл сабақта нені біліп шығатыны, оның мәні айтылады, зейінін шоғырландырады, назарын бақылауға алады. Өлең құрылысы бұрынғы сыныптардан белгілі екендігі, ендігі жерде сол білімдерін жаңғыртып, терең меңгере түсудің не үшін керектігі айтылады.
Тақтаға ұйқасы жағынан бір-біріне ұқсамайтын өлең шумағы жазылған төрт плакат кезек ілініп, ұйқас түрлерін оқушыларға анықтатамыз: бұл ұйқастар оларға бесінші сыныптан белгілі.
1)мәнерлі оқылады;
2)шумақ ішінде қандай тармақтар өзара ұйқасып тұрғанын анықтайды.
3)бір-бірімен ұйқасып тұрған тармақтар бірыңғай әріппен шартты түрде белгіленеді, ұйқаспен бос тұрған тармақ басқа әріппен белгіленеді: а,а,ә,а;
4)а,а,ә,а - қара өлең ұйқасы деп аталатынын еске түсіреді.
Бұл - сабақтың бірінші тұжырымы. Сабақтағы пайымдама Үмбетейдің жаңадан тапқан ұйқастары жайында болады. Ол жаңа материал ретінде түсіндіріледі.
Қазақ өлеңінің буын өлшемін, сунақ санын, шумақ көлемін, ұйқас түрлерін жағһңарту арқылы Үмбетеймен қатар тек қазақ поэзиясын ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі әдебиетін де байытқанына көңіл бөлеміз. Сөйтіп, өркениетті мәдениетімен ұштастыра оқыту принципін жүзеге асырамыз.
Үмбетей - беріде өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қарай аламыз. Бөгембай батырдың атымен қатар Үмбетей есіміде аталады.
Қазақ әдебиет жанрларын еске алғанда, алдымен ауызға түсетін жанр толғау екендігін, оның жеке-дара ақындар, жыраулар мұрасында көріне бастағанын айтакету керек. Жырау мақалдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Жыраулар шығармашылығы
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жырау және тарих
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Пәндер