Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
Экономикалық өсудің модельдері:
-- неокейнсиандық моделі;
-- неоклассикалық моделі;
-- В. Леонтьевтің шығын-өндіру моделі;
-- нөлдік экономикалық өсу концепциясы. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі инвестиция
және мультипликатор категорияларына негізделеді. Экономикалық өсу салынған бастапқы инвестицияның мультипликациялық тиімділік нәтижесі болады.
Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді, ең алдымен, сұраныс факторларымен байланыстырады және мемлекеттің қазыналық және несие - ақша саясаты көмегімен оны, ең алдымен, қысқамерзімді кезеңде реттей алатындығын көрсетті. Сұраныстың басты бөлігі - капитал салымдар мультипликатор көмегімен пайда ұлғаяды. Сонымен қатар, олар пайданың өсуінен туындайды, яғни капитал салымдары пайданың ұлғаюымен анықталынады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі өндірістік қызмет категориясына негізделеді. Тек микро- емес, макро деңгейде барлық өндірістік факторларды (жер, еңбек, капитал, ҒТП) жақсы пайдалану жолдарымен ғана экономикалық өсуге жетуге болады.
Өндірістік функцияның негізінде келесідей қорытынды жасалынады: капитал және еңбек өндіріс факторларының сәйкес шекті өндірушілік негізінде марапатталынады; өндірістік функциялар бір фактор бірлігінің басқаның белгілі бір мөлшерімен технологиялық айырбастауы қоғамға қаншалықты тұратындығын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық өнім өсімінің сол бір көлемі не капитал салымдарының кеңеюімен, не еңбекті пайдаланудың кеңеюімен алынуы мүмкін; өндірісте және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми - техникалық прогрестің сапалық факторларының үлесін айқындау міндеті шешіледі.
В. Леонтьев - ұдайы өндірістің -- өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну - барлық фазасында құрылымдық өзара тәуекелділікке негізделген жалпы нарықтық тепе-теңділіктің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі шығын-өнім деп аталады және ол шахмат кестесі түрінде құрастырылған.
Біріншіден, жиынтық сұраныс және басқа салалармен (шығындар) ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтердің көрінісі ретінде - бұл, баланстық столбасы (тігінен)?. Екіншіден, жиынтық ұсыныстың және өздері шығарып ұсынатын сатушылардың материалдық игіліктері мен қызметі
бұл, баланстың жолы (қатары). Осы кестені талдау негізінде экономикалық өсудің болжауын жасауға болады.
Нөлдік экономикалық өсу концепциясы. Бұл концепцияға сәйкес, шикізат, энергия және басқа да ресурстардың шектелуі адамзатқа жақын арада жойылуына әкеледі. Оған жібермес үшін, нөлдік өсуге яғни халық пен материалдық игіліктердің жәй өндіріске көшуіміз қажет. Ескі өнеркәсіптік мемлекеттер ұзақ соғыс кезеңдерінен кейін жылдам экономикалық өсудің шегіне қол жеткізген жағдайда нөлдік экономикалық өсу концепциясының пайда болуы ХХ ғасырдың 60 жылдардың соңындағы өткен екі онжылдықтың барысында болған экономикалық динамикасының негізгі қарқындарының өзгеруімен байланысты. Ұлттық және әлемдік масштабта тұрақсыздық және белгісіздіктер арта бастады. Әлемдік шаруашылықтың интерұлттандыру үрдістері етек ала бастады.
Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы қажет:
-- экономика облысында - бұл, үзілмейтін сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету;
-- даму әлеуетті мүмкіндіктерді кеңейтуді немесе іске асыруды, толығырақ, қарқындырақ немесе өзінің жағдайын жақсартуды, сапалық тұрғыдан үздік болуын білдіреді;
-- адам өмірінің сапасын жоғарылату облысынан. Бұл белгілі шекке дейін өсіру, содан адамдардың жанұясының игілікті тұрмысының тұрақтылығы; жеке қауіпсіздігіне кепіл, сапалы білім, сапалы медициналық қызмет, комфортты қоршаған орта;
ҚР экономикалық өсудің жағдайы болады:
-- экономикалық кеңістік жері. Әлемдегі мемлекет территориясы бойынша ҚР - 9 орында;
-- пайдалы қазбалардың запасы: энергетикалық ресурс (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудасы, жез рудасы, ұран және т.б.;
-- мұнай шығару көлемі - бас стратегиялық шикізат;
-- квалификациялық жұмыс күшінің болуы.
-- ҚР экономикалық өсудің факторлары болады:
-- халықаралық нарықтағы мұнай, газ, түсті және қара металдағы ыңғайлы конъюнктура және әлемдік экономиканың өсуі;
кәсіпорындар және халықтағы төлемқабілетті сұраныстың

импорттыалмастыру саясатын жүргізу және ұлттық

өндірушілерді қаскүнемдік бәсекеден сақтау;
жақсы инвестициялық климат жасау тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты.
Кейнсиандық модельдер. Доммар мен Харродтың модельдері. Кейнстің бас ғылыми еңбегі "Жалпы жұмысбастылық теориясы, процент және ақша" (1936) кітабы болды. Алдымен
Кейнс неоклассиктердің сендіруіне қарай кризис кезінде автоматты түрде неге толық жұмысбастылық орнамайтынын түсінгісі келді.
Бірақ, кітаптың мазмұны, бастапқы ойлағанынан өте бай болып шықты. Онда, капитализмге толық терең интерпретация берілді, экономикалық ғылымдардың методологиялық аппараты жаңартылды, мемлекеттің кризиске қарсы саясаты жасалды және оның іске асыруға нақты ұсыныстар жасалды. Осының бәрі жаңа теорияны кейнсиан революциясы деп, ал авторына бүкіл әлемдік айқындық әкелді.
Кейнс өз талдауының бас инструменті ретінде
макроэкономикалық (яғни жиынтық, агрегаттық, іріленген) деп аталатын көрсеткіштерді қолданды -- ұлттық табыс, жинақ және инвестиция тасқыны, жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Сондықтан, Кейнсті макроэкономикалық талдаудың негізін қалаушылардың бірі деп атау алды.
Кейнстің кітабының орталық ойы, кризис жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру және жандандыру туралы шараларды жасаумен ұсыну қажеттілігінде болды. Бұның бәрі Кейнс бойынша өндірісті кеңейтуге және тауар ұсынысына дұрыс әсер етеді, сондықтан да, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты Кейнстің теориясын кейде сұраныстың тиімділік теориясы деп атайды.
Тиімді сұраныс - жұмысбастылық көлемін анықтайтын жиынтық сұраныс. Тиімді сұраныс екі бөліктен тұрады -- тұтыну және инвестиция (күрделі қаржы). Осы құрастырушылар белгілі арақатынаста болғанда ғана, толық жұмысбастылық мүмкін деп Кейнс санады. Инвестицияның мөлшерін Кейнс тиімді сұраныстың бас факторы деп санады. Себебі инвестицияның өсуі ұлттық табыстың көбеюіне әкеледі және өндіріске қосымша жұмыскерлерді әкелуге, яғни жұмыссыздықты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан инвестицияның нормалды мөлшері - бұл барлық сақталудағы ақшаны күрделі қаржыға айналдыру. Осыдан кең белгілі экономикалық теорияның формуласы мынадай:
І = S
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан -- нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан -- нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар - сұраным", бірақ "табыстар - жинақтау" емес.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным -- тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің жаңа моделі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІ
Мальтустың теориясы
Экономикалық өсудің негізгі модельдері
Қазақстан Республикасының экономикалық өсу моделі
Экономикалық өсудің тікелей факторлары
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Пәндер