Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдіс - тәсілдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

«Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер»

Ғылыми зерттеу - білімді кеңейтіп, жаңа білім алып, теорияны тексеріп, тұжырымдап және ғылыми тұрғыда жинақталған ғылыми жұмыс. Кез-келген ғылыми зерттеулер жаңа құбылыстарды зерттеу кезінде пайда болған белгілі бір проблемаларды шешу үшін және пайда болған жаңа құбылыстар немесе фактілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Осы проблемалардың шешімі басқа бір ғылыми зерттеу жүргізгенде зор көмек.

Әр ғылыми зерттеудің, тақырыбынан бастап ғылыми жұмыстың титул бетіне дейін өзіндік ерекшелігі бар. Әркім қалай ұнатады солай жасайды, біреуі минимализмді, ал кейбіреуі жоспар бойынша қатаң түрде өз ғылыми жұмысын жазуды таңдайды. Сондықтанда ғылыми жұмыс жазу барысында жалпы әдістемелік тәсілдерді байқауға болады. Ғылыми жұмыстың тиімді болуына автордың ғылыми жұмысты жазуда қолданылған әдістерді таңдау зор әсер етеді, себебі әдіс тәсілді жағдайға немесе тақырыпқа байланысты таңдау ғылыми жұмыстың жақсы жазылуына мүмкіндік береді. Ғылыми жұмыс жазу әдіс тәсілдерін жалпы және арнайы деп бөледі. Нақты ғылымның арнайы мәселелері мен оны зерттеудегі бөлек кезеңдері осы арнайы әдіс-тәсілдермен шешуді талап етеді. Осындай арнайы әдіс тәсілдер негізіненде басқа тәсілден ерекше. Ғылыми жұмыс жазудағы арнайы тәсіл нақты және арнайы ғылымда шығарылып сонда қолданылады. Арнайыланған тәсіл өзінің шығарылған ғылымының ережелерінен шыға алмайды.

Ғылыми зерттеуде арнайы тәсілден басқа, зерттеу барысында басынан соңына дейін қолданылатын жалпы әдіс тәсілдер бар. Жалпы әдіс тәсіл - арнайы әдіс тәсіл сияқты емес, оны басқа да ғылымдарда қолдануға болады.

Ғылыми зерттеудің жалпы әдіс тәсілдерін үшке бөлеміз.

Біріншісі, көптеген жағдайда қолданылатын - Эмпирикалық зерттеу тәсілі, оған бақылау, салыстыру, өлшеу, эксперимент және сипаттау жатады. Және анализ, синтез, индукция, дедукция, модельдеу, аналогия және жалпылау, ал осылар зерттеу теориялық және логикалық жағы. Ал үшіншісі теориялық зерттеуде қолданылатын, абстракциялау жатады.

Бірінші тәсілдің бірі бақылау, бақылау адамның көру, есту, сезу және де басқа адамның сезу мүшелерін талап ететін, эмпирикалық тәсілдің бір бөлігі. Ғылыми зерттеуде бақылау алғашқы ақпаратты береді. Тағы эмпирикалық тәсіл - салыстыру. Салыстыру - зерттеуде кең таралған. Ол зарттар мен құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын табуға мүмкіндік береді. Салыстыру барысында екі немесе көптеген нәрселерге ортақ белгілері көрінеді, және осы арқылы ортақ заңдылықты орнатылады. Салыстырылатын нәрселердің арасында ортақ белгі болу, онсыз салыстыру өнімді болмайды деп ойлаймын. Ал өлшеу басқа тәсілдерге қарағанда дәлірек келеді, себебі ол ортақ өлшем бірлікті және арнайы құралдарды талап етеді. Ол өзінің сандық және нақты ақпарат беруімен маңызды. Эмпирикалық тәсілде өлшеу салыстыру мен бақылау сияқты орын алады. Бірақ эксперимент ең соңғы орын алды деген сөз емес. Эксперимент - бақылау мен салыстыру барысында шыққан теория мен гипотезаны жоққа шығару немесе растау үшін және нәрсенің басқа да қасиеттерін белгілі қылу үшін керек. Эксперименттің бақылау немесе салыстырудан артықшылығы оның эксперименттік жаңдайда көп еркіндік болуы. Және эмпирикалық тәсілде ең соңғы орындалатын ол сипаттау. Сипаттауда автор алдыңғы орындалған тәсілдегі жасалынған жұмыс және шыққан нәтиже ғылыми жүйелік түрде сипатталады.

Ал теориялық және логикалық жағына келсек, оған анализ, синтез, индукция, дедукция және абстракциялау жатады. Абстракциялау тәсілі дегеніміз

зерттеліп отырған құбылыс немесе нәрсенің зерттеуге керек және қажеті жоқ қасиеттерін бөліп алу. Абстракциялау анализ және синтезбен тығыз байланыс.

Анализ дегеніміз зерттеу барысында бүтін затты құрамдап және бөліп зерттеу, сондықтан ол абстракциялық тәсілмен тығыз байланыс. Синтез дегеніміз осы құрамдасқан бөліктерден жаңа нәрсе шығару. Анализ бен синтез негізінен өзара тығыз байланыс, ол зерттеу барысына қарай өзгере алады.

Эмпирикалық тәсіл, абстракциялау, анализ және синтез зерттеу барысында жалпылай ақпарат бере алады. Бірақ солар арқылы керекті немесе керек емес қасиеттерін, өлшемдерін және құбылыс туралы жалпы ақпартты біліп, құбылысты түсініп алуға болады. Осы тәсілдер көптеген ғылыми зерттеулерде қолданылады, менің ойымша осы тәсілдер зерттеуді оңайырақ қылып жүйеге келтіре алады.

Қолданылған дереккөздер мен әдебиет

1. Научное исследование - википедия:

https://ru. wikipedia. org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%83%D1%87%D0%BD%D0%BE%D0%B5_%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5

2. Ғылыми әдістер - википедия:

https://kk. wikipedia. org/wiki/%D2%92%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B8_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81

3. Завьялова М. П. Методы научного исследования: учеб. пособие / М. П. Завьялова; Томск. политехн. ун-т. - Томск, 2007. - 160 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық теория
Социологияның зерттеу методологиясы мен әдіс-тәсілдері
Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі
Әлеуметтік - педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды жаңа сөздерді меңгертуде қолданылатын әдіс - тәсілдер
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz