Тәуелсіздік тірегі - тіл



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Филология
Кафедрасы Қазақ тілі мен әдебиеті

Мөж

Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегі - тіл жазбаша жұмыс

Орындаған: Мұса А.Ж
Тексерген: Қасымова Р.С

Алматы, 2021ж

Тәуелсіздік тірегі - тіл
Адамзaт тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс - тіл мәселесi. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметтi талап етедi.
Тіл тағдыры - ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры - ел тағдыры деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елi мен жерін, дінi мен тілiн сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі - сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
Ата-бaбамыз мұраға қалдырған ана тілiміздің мемлекеттiк тіл мәртебесiне көтерілу жолын сөз еткенде, тaрихты айналып өтуге болмайды. Қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгiлі. Бұл қауіптен қазақ тілі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ұлт тілдеріне мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән беріліп, ұлт тілі мен мәдениетіне азды-көпті түсінушілікпен қарағандық байқалады. Себебі, жұмысшылар мен шаруалардың көсемі В.И. Ленин ұлт тілдері мәселелеріне жете көңіл бөліп, бірнеше ұлттардан тұратын мемлекетте ұлт тілдерін дамыту мәселесіне қатысты пікірлер қалдырды.
Бұл нұсқаулық қағидалар Қазақ автономиялы республикасы алғаш құрылған уақыттан бастап жүзеге аса бастады. Мәселен, Қырғыз (Қазақ) АССР-інің 1920 жылы қазанда өткен І Құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жете мән беру мәселесі талқыланып, нәтижесінде ҚАССР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы декреті [1] қабылданды.
Қазaқ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреті қaзақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды.
Ғалым Н. Жанақованың тарихи зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, Кеңестік кезеңде қазақ тілінің өркендеуіне кері ықпал еткен мынaдай ішкі және сыртқы әлеуметтік-демографиялық процестерді атап көрсетуге болады:
- ұжымдастыру немесе қолдан жасалған ашаршылық зардаптары;
- Кеңес Одағы бойынша, әсіресе Қазақстандағы жаппай индустрияландыру;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресей мен Украинадан ірі өнеркәсіп орындарының Қазақстанға көшірілуі;
- Кеңес Одағын басқарған Н.С. Хрущевтің тың игеру саясаты.
Ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер мен ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді.
Қазақ тілінің индустриясы дамыған республикада жетекші тіл бола алмауына кедергі жасаған объективті және субъективті факторлар болды. Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қынжыла жазғандай: қазақтар ірі кәсіпорындарына бармағандықтан тіліміз өндіріс тілі бола алмады [2]. Сондықтaн, Қазақстанның өнеркәсіп саласында орыс тілділердің үстемдігі орнықты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында да қазақ тілі мен басқа аз ұлттар тілдерінің қолданылу аясы тарылып, орыс тілінің ықпалы күшейе түсті. Бұлай болуы елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси, этнодемографиялық жағдайларға байланысты заңды құбылыс еді (әкімшіл-әміршіл билік жүйесі соғыс өрті шарпыған өңірлердегі көптеген ірі кәсіпорындарды жері байтақ, елі жомарт Қазақстанға көшірді).
Тың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілін білмеген- ана сүтін ембеген
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Өзге тілдін барын біл, өз тілінді қурметте
«Ана тілі» - тіл жанашыры
Тілдің негізгі қызметі
Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
Тәуелсіздік - мәңгілік еліміздің тұғыры
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Ақ ниетпен хат жаздым, ата, сiзге… (бауыржан ата рухымен сырласу)
Ұлттық тілдің қуаты – ұлттық намыста
Пәндер