Мен қазақстандықпын


Мен қазақстандықпын.
Әрбір адам туылған кезде өзінің сыртқы бейнесін таңдай алмайды, өзі туылатын отбасын таңдай алмайды. Сондай сияқты туылатын жері мен ұлтын таңдамайды. Мен 2001 жылы Қазақстанда, қазақ отбасында туған едім. Менің елім тарихи мәселелерге байланысты көп ұлтты мемлекет болып келеді. 130-дан астам ұлт өкілдері 30 жылдай бір мемелекетте тату-тәтті тұрып, өздерін өз еліндегідей сезіп, "Мен қазақстандықпын" - деп мақтанышпен айта алады.
Осы сөздердің мәні тереңде жатыр, өйткені «мен қазақпын» деп айту ұлттық сипатқа жатса, «мен қазақстандықпын» деп айту өмірлік таңдаудың сипатына жатады. Оны бізге мектепте ұстаздар үйретіп, сездіреді. Бәріміз ортақ бір ұлт болсамақ та, бір халық екенімізді ұмытпауымыз керек.
Қазіргі таңда еліміздегі әр ұлт-өкілдері тарихымызға үңіле отыра, елдің салт-дәстүрін тереңірек тани білсе, әрбіреуінің төл мейрамдары арқылы өз әдет-ғұрыптарымен бізді таныстыра отырады. Ел бірлігі - әр ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынасына тікелей байланысты. Оның бастамасы - бір-біріміздің әдет-ғұрып, дін және жеке өмірімізге деген сыйластық. Еліміз тектен-текке зайырлы мемлекет болып аталмағанына осыдан көз жеткізуге болады.
Менің ойымша, әрбір мемлекеттің негізі ол - халық. Мемлекет сияқты
үлкен механизмде әр бөлшектің орны бөлек. Сондықтан, дәл қазіргі болып жатқан іс-ірекет шешулі әрі маңызды.
Мен өз елімді жақсы көремін және ең дамыған елдердің қатарында
көргім келеді. Бірақ, алдымен қарапайым мәселелерді шешпей, шынайы түрде
дамығын ел деп басқалары мойындамас түгіл өзіміз де санай алмаймыз.
Өз үлесім туралы айтатын болсам, мен адамгершілігі мол, әділ әрі өз
ісімнің маманы боламын деп әуде бере аламын. Келесі ұрпаққа жақсы тәрбие
беріп, елге еңбек сіңірген азаматша болуға барынша тырысамын.
Егер әрбір азамат кем дегенде өзінен ғана сұрайтын міндетін орындаса,
еліміз айтарлықтай жақсарады деген сенімдемін. Менің айтқым келгені,
керемет үлкен рольді күтпей-ақ дәл қазір әрбіреуіміз өзіміздің негізгі ролімізді
әдемі, адал ниетпен орындасақ, осы да үлесіміз зор болады. Егер
біз білім алып, өзіміз дамып, бір орында тұрмасақ, бізбен бірге ел де
дамиды. Осыны еліміздің әрбір азаматы түсініп, ұқса өзін мақтанышпен "мен қазақстандықпын"- деп айта алады.
Мен тәуелсіз Қазақстанда туып, білім алып жатқаныма ризамын. Осы жолға жеткізген ата-бабаларыма алғысым шексіз. Ендігі кезекте, менің міндетім бүгінгі күнде елімді тағы бірнеше саты жоғары көтеріп, болашақтағы ұрпаққа аманат етіп тапсыру. Ол үшін салт-дәстүріміз бен рухымызды жаңа ғасырдың талаптарымен қатар алып жүру керек деп білемін. Жаңаша инновацияларды елімнің әр саласына енгізіп, әлемдік дәрежемен теңестіруге аз уақыт кетпес, бірақ ақыранда сол дәрежеге жетуге тырысуымыз керек. Болашақ - сәби қазақстандық азаматтан басталады. Оған берілетін тәрбие мен білім әр тарапты қамти алса, жас баланың ойы жан-жақты болып, мақсаты жоғары болады. Еліміз сондай жоғары мақсатты азаматтардан құралса, туымыз көкте жиірек желбірей алады.
Әлемдік аренада қай салада болсын отанымызды әр түрлі ұлт өкілдері таныстырып, жеңімпаз атанғанда әнұранымызды кеудесіне қолын қойып мақтанышпен тыңдайды. «Мен - қазақстандықпын, менің елім, жерім Қазақстан» деп таныстыру отандастарымызды ерекше мәртебеге алып келетіні сөзсіз.
Қазақ, орыс, ұйғыр, татар, украин тілдерінде сөйлейтінімізге қарамастан, іс жүзінде әрбір қазақстандық меңгерген тіл бар - бұл достық тілі. Біз басқалардан бұрын түсіндік-жаман ұлттар немесе діндер жоқ, жаман және жақсы адамдар бар. Кез-келген қаланың көшелерімен жүріп, біз әртүрлі ұлттық белгілері, діни нанымдары бар тұлғаларды көреміз, кейде түсініксіз сөздерді естиміз, мерекелерде біз үшін оғаш әдет-ғұрыптарды байқаймыз. Бірақ егер сіз " сен кімсің?"әрбір осындай" ұқсамайтын "адамға әрбір қазақ, орыс, татар және өзбек жауап береді:"Мен - қазақстандықпын". Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін бір нәрсе біріктіреді: Біз Қазақстан халқымыз. Бізде бұл қол сұғылмайтын бірлік рухы болған кезде, біз ортақ еліміздің, ортақ үйіміздің өркендеуінің жалғасатынына сенімді бола аламыз.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикалық тұрғыдан ғана емес - IT, ойын-сауық, әлеуметтік желілер, музыка, режиссура және басқа да салаларда дамып келеді. Көптеген жас қазақстандықтар біздің елімізге даңқ пен марапат әкеледі.
Бұл жас таланттар өз Отаны туралы басқа елдердің сұхбаттары мен бағдарламаларында мақтанышпен және жылулықпен бөліседі. Бұл әр түрлі елдердегі адамдарға біздің елге және мәдениетке жақындауға және Википедиядан гөрі көбірек білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл мен үшін үлкен мотивация береді және көптеген отандастарыма үміт артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz