ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ 94(574)

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ

Ордабекова Тұрсынкүл Байтемірқызы

Тараз қаласы білім бөлімінің №51 орта мектебі» КММ
Тараз қаласы, Қарасу алқабы, құрылыс №1,

тарих пәнінің мұғалімі

Биыл қазақтың көрнекті саясаткері және Алаш саяси қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толды. Бұл биылғы өзі аңсап кеткен тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан оның саяси және ғылыми істері қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи маңызы зор қозғалыс болатын.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әлиханның әкесі - Нұрмұхаммед пен анасы - Бегімханым оқу-білімге жақын адамдар болған. Тоғыз жасқа тоғанда Қарқаралыда молдадан әліпби үйреніп, кейіннен үш сыныптық бастауыш мектепті оқыған Әлихан 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте, 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқыды. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқып бітірген соң, 1894 жылы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне оқуға түседі.

ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазақ ішіне дендеп ене түсті, соның кесірінен хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес этнос ретінде өмір сүруіне қатер төнді. Осыған байланысты патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының

салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.

Әлихан Бөкейхановтың отаршылдыққа қарсы болуын «Дала уалаяты», «Қазақ», «Степной край», «Голос степей», сынды басылымдарда «Қыр баласы», «Қыр ұлы», «Киргиз-кайсак», «Мусулманин» сияқты бүркеншек атпен мақалалар, очерктер жазып бастауынан байқаймыз. Ол елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс-қазақ революциясынан кейінгі кезеңде қазақтың белді зиялы қауымы қазақ қоғамын дамытудың бірден-бір жолы буржуазиялық қатынастарға жол ашу деген тұжырымға келді.

Бірінші орыс революциясы жылдарында Ә. Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кезде патша өкіметіне қарсы болған кадеттер партиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты. [1, 35 б]

1910 жылы жарық көрген мақаласында Әлихан Бөкейханов ол туралы былай деп жазды: «Таяу болашақта далада, қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси партия құрылуы ықтимал. Оның бірі - ұлттық-діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екінші - батыстық бағытта алғашқысы үлгі ретінде мұсылман-татар партияларына алса, соңғысы - орыс оппозициялық, мәселен халық еркіндігі партиясын алуы мүмкін»

Әлихан Бөкейхан қазақтарды тұтас ел ретінде көргісі келді. Ол ұсынған Алаш атауы оларды біріктіру үшін өте сәтті идея болды. Әлихан Бөкейхан бұл идеяны бұрыннан көтеріп жүрген болатын. Сонау 1910 жылы «Қазақтар» атты тарихи очеркінде ол қазақтарда «аңыздық тұлға Алаш аты» ұран болғанын жазды бар.

1913 жылы «Қазақтың тарихы» мақаласында ол Алаш атауына түсінік берді, бұл оның ойынша «отан адамы» деген ұғым білдіреді. Көне заманнан бері «Алаш» ұғымы «Қазақ» сөзімен бір мәнде қолданылып келеді.

Ә. Бөкейхан ақпан төңкерісінен бастап Ә. Бөкейхан Уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ ол үміті ақталмайды. Өзі мүшесі болған кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. 1917 жылы 23 желтоқсанда кадет партиясынан шығу себептерін түсіндірген Ә. Бөкейхановтың «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» мақаласында Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс hәм өзге жұрттық тарихынан көрінеді молла үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. [2, 50-55беттер]

Ә. Бөкейханов рухани іс аяқ асты болады дей келе дін ісін мемлекеттен бөлуді ұсынады. Бірақ Ә. Бөкейхановтың бұл пікірімен мен кадеттер партиясы келіспейді. Осыдан кейін Ә. Бөкейханов қазаққа «Алаш» партиясын құруға тырыстым деп кадеттер партиясынан шығуының себебін анық та айқын етіп көрсетеді. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ съезі өтіп, «Алаш» партиясы құрылды. Партия құрамына ғылыми және шығармашылық зиялылардың белгілі өкілдері М. Тынышбаев, М. Дулатов, Х. Ғаббасов т. б кірді . «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жер-жерлерге жылдамдатып жіберілді. [3, 23-28 беттер]

Жаңадан құрылған «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер мәселесі. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханов: «Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді» жердің сатылуына түбегейлі түрде қарсылығын білдірді.

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші ұсыным: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, Х. Досмүхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.
Бесінші, түпкі мақсат: Ә. Бөкейханов Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде 21 жылда артта қалған аграрлы елден әлемнің ең дамыған мемлекетіне айналған Жапонияның тәжірбиесін үлгі етіп, Алаш-қазақ елін 20-25 жылда әлемнің төріне жеткізуді жоспарлады. Алаш көсемі жапондардың тәжірбиесін қазақ еліне сол қалпында орнатпай халқының өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрінің негізін сақтап жетілдіруді көздеді. [4, 9 бет]

Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай. Менің ойымша, бұл идея - мәңгілік және қазақ ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен түспейді деп ойлаймын.

ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзі ерекше маңызға ие болды. Ә. Бөкейханов ХХ ғасырдың басында дәлірек айтсақ 1906-1907 жылдары «Иртыш», «Голос степи», «Омичь» гезеттерін шығарып, редакциялаған. Бұл баспасөздердің өмірі қысқа болды. Ал, Қазақ газеті 1913-1918 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов және М. Дулатовтың ерен еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілді. Газет сондай-ақ қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.

Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда ұлт зиялыларының арасында бұрын болмаған өрлеу байқалды. 1917 жылғы ақпан револциясынан кейін құрылған түрлі саяси партиялардың Құрылтай жиналыстары өтіп, онда ұлт зиялыларын қай партияның құрамына қосылып, кімнің соңынан еру керектігі туралы мәселелер толғандырды.

Алаш партиясы жалпы халықтың мәдени деңгейін көтеруге бар күш-жігерін салды. 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік иденың негізін қалаған біртұтас Алаш идеясы еді. Онда алаш қайраткерлерінің барлығының ортақ мақсаты бір еді, ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі - Әлихан Бөкейханов болатын.

Партия жер мәселесіне баса назар аударды. Жерге байырғы қалық орналастырылуы қажеттігі және орналастырылып болмайынша сырттан қоныстандырушыларды әкелуді тоқтату керектігі және жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасына және ауылшаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер комитеттері белгілейтіндігі сондай-ақ жер алқаптарының сатылымына тиым салынғандығы айтылды.

Ә. Бөкейханов елдің тұтастығын ойлап, ел ертеңі үшін қам жеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін ел ішінің бүлінуден қорғағысы келді. 1918 жылғы «Қазақ» газетінің №260 санында: «Алаштың баласы аман қалар ма екен, жоқ па? Болжап болмайды. Қорқамын жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы боламын деп тонын айналдырып киіп, жұрт тілегінен өзінің соқыр тиынын айырбастағаннан» - деп өз ойын білдірген.

Алаш қозғалысының негізгі идеясы: Демократиялық қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті соның жемісі.

«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан», - деп жазды.
1917 жылы 2 желтоқсанда жарық көрген Қазақ газетінің №253 нөмірінде жарияланған «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы мен құрылтай жиналысына депутат сайлау туралы редакциялық «Алаш партиясы» атты мақалада Алаш партиясының Семейде уақытша облыстық комитеті ашылғандығы айтылған. Бұл комитетке Ә. Ермеков, Р. Мәрсеков, А. Қозыбағаров, Т. Құнанбаев, Х. Ғаббасов, Ә. Бөкейханов, М. Малдыбаев, Ә. Молдабаев, Б. Сәрсенов, И. Әлібеков комитет құрамына кірген. Комитет басшысы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Ал осы жерде баса назар аударатыны комитет құрамына кірген әрбір мүшесі қойылған бұйрықты дәл орындап, Алаш партиясының ұстанымдарын негізге ала отырып, мәселелерді шешуде белсенділік таныту керектігі айтылған. Сонымен қатар, Алаш бағдарламасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шыннан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, адал, тура кісі кіреді деп баса айтылған. Сыртын берсе, іші басқа, тілін берсе, жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, Алаш жолынан ауып, айтысып, тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі Алаш партиясына кірмейді. Алаш партиясына кіремін деген кісі осы шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын ғана кіруге жөн деп көрсетілген. Міне, осыдан-ақ Алаш ардақтыларының бойындағы қадір-қасиетті бағамдауға болады. Әсіресе, Әлихан Бөкейханов өз замандастарынан адамгершілігі, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді.

1917 жылы 31 желтоқсанда Қазақ газетінің №257 санында жарық көрген Жалпы қазақ съезі бекіткен Алаш автономиясының жұмыстары туралы «Тығыз жұмыстар» мақаласында « . . . Россияның ісі күннен күнге былығып, тез түзелерлік түрі жоқ. Әрі барған сайын ауруы күшейіп арасын аралаған әрекет зорайып барады. Жол-құқық, жөн-жосық деген жоғалып, адам аң қалыбына түсіп барады. Осындай бүліншілік заманда басымызды қорғауға пайдасы болар деп іргемізді бөлек салу үшін иғлан етіліп отырған автономия. Біздің Алаш ұлы сияқты оқыған зиялылары аз, жиын тұрған қазынасы жоқ халыққа автономияны алып жүру қиын екенін көріп-біле істеп отырған жұмыс. Автономия жүгінің білім жағын зиялылар, пұл жағын жұрт көтермек болған соң, екі жағы да міндеттерін атқаруға кешікпей кірісу керек» - деп қиын-қыстау заманда ұлт мәселесін жүк етіп көтере білген ұлт көсемі Ә. Бөкейханов болатын. Мұнда кезек күттірмес, тығыз істер деп бірнеше істер аталды. Олар:

Алашордасының жергілікті комитеттерін тез ашу; Орда комитеттері жасалысымен ақша жию жұмысын қолға алу; Милиция үйрететін офицер туралы атты қазақтармен сөйлесу; Тезірек юнкерлік мектептерге офицер болып, ұлтына қызмет етуге талабы бар жастарды оқыту;

Өте асығыс жұмыстар осылар. Бұлар автономия жолына аяқ басуымыздың біссіміласы деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханов – публицист
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция
Қазақ газеті - Алаш партиясының жаршысы
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
«Қызыл қырғын» құрбандары
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz