Өндірістегі электр қауіпсіздігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

УС-ИС-21-3 студенті Ибрагимов Өмірбек

Өндірістегі электр қауіпсіздігі

Адам организміне электр тоғының әсер етуі.

Электр қауіпсіздігі - ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.

Егер адаманың екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу - жанасу кернеуі деп аталады.

Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биалогиялық және электролиттік әсер етеді.

Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.

Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.

Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.

Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымданулар болуы мүмкін: күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, элетр соққысы, механикалық зақымданулар:

  • Элетр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000 - 6С аралығында болады;
  • Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде теріні элетр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.

Элетр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл - сары түсті дақтың қалуын айтамыз.

Электроофтамия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.

Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады, яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.

Механикалық зақымдалулар ( тканның бөлшектенуі, сынықта) адам бұлшық еттерінің тырысуы жәнеде электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.

Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады.

Көп жағдайларда тоқтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50Гц ) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процестерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. М: бірнеше жүздеген кГц жиілікте элетр соққысы сезілмейді.

Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.

Адам айнымалы тоқтың (50Гц) әсер етуін 0, 5 тең 1, 5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта - 5 тең 7 мА - ға дейін, Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.

Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін - 10 - 15 мА, ал тұрақты тоқ үшін - 50 - 80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қыйындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.

Фибрилляцияляқ тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажеті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5 - 8 минут өмір суреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері - 80 - нен 5000 мА аралығында болады.

Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы 4, 1 - кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тигізнді. Өте қауіпті жол - жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда « оң қол - аяқ », «қол - қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас - аяқ», «бас-қол», «аяқ-аяқ» жолдары сирек кездеседі. Адам организмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және денекдергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.

Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы

I, мА
50 Гц айнымалы тоқта
Тұрақты тоқта
I, мА: 0, 6-1, 5
50 Гц айнымалы тоқта: Сезіну пайда болу, қол саусақтарының дірілі
Тұрақты тоқта: Сезілмейді
I, мА: 5-7
50 Гц айнымалы тоқта: Қолдың қалтырауы
Тұрақты тоқта: Сезіну пайда болу, терінің қызуы
I, мА: 8-10
50 Гц айнымалы тоқта: Қолды элетродтан әрең алуға болады, бірақ сүйектер қатты ауырады
Тұрақты тоқта: Қызудың көтерілуі
I, мА: 20-25
50 Гц айнымалы тоқта: Қолды электродтан тартып алу мүмкін емес, тыныс алу қыиындайды
Тұрақты тоқта: Бұлшық еттің кішкене қысқаруы
I, мА: 50-80
50 Гц айнымалы тоқта: Тыныс алу тоқтайды, журек фибрилляциясы басталады
Тұрақты тоқта: Қатты қызу, қолдағы бұлшық еттің қысқаруы, тыныс алу қиындайды
I, мА: 90-100
50 Гц айнымалы тоқта: Журек соғуы (әсер ету уақыты 3 с. көп) және тыныс алу тоқтайды
Тұрақты тоқта: Тыныс алу тоқтайды

Адамның кедергісі тұрақты емес және ол әр түрлі факторларға байланысты болады. М: терінің жағдайы, жансу тығыздығы және шамасы, берілген кернеудің мәні және тоқтың әсер ету уақыты. Электр тоғының әсері астында тұрған адам денесінің кедергісін 4, 1 - суретіндегі эквивалентті сұлба түрінде көрсетуге болады. r R1 кедергісі тоқ кірген жердегі тері бетінің кедергісі мысалы, қолдың кедергісі.

r R1 кедергісі терінің жағдайына байланысты 10 - нан 100 кОм дейін өзгеріуі мүмкін. Зақымдалмаған құрғақ терінің кедергісі 100 кОм да көп болуы мүмкін. Тері зақымдалғанда, ластанғанда және ылғалдаңғанда оның кедергісі күрт төмендеп 10 кОм -ға дейін жетуі мүмкін. С 1 - адаммен сымның арасындағы сыйымдылық. Конденсатор диэлектригі тері қабаты және адам денесі мен сымның арасындағы ауа болып табылады. Егер жанасу кернеуі үлкен болса, онда диэлектрик тесіледі және тізбек тек ғана r кедергісі арқылы тұйықталады.

r кедергісі бұлшық ет және дене ішкі органдарының кедергісі. Ол үлкен емес 0, 4 және 1 кОм аралығында болады. Өйткені адамның бұлшық еттерінде органикалық заттар бар, олар электр тоғын жақсы өткізеді. Әдетте, электр тораптарындағы қауіпсіздікті талдауда және есептеуде адам денесінің кедергісі активті және 1 кОм деп қабылданады.

Электр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы уақытқа байланысты болады. Тоқтың көп уақыт әсер етуінде тері қызады және тері терлеп ылғалданады, соның нәтижесінде оның кедергісі төмендеп адам арқылы тоқ өтетін тоқтың шамасы күрт өседі.

Элетр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы адамның физиологиялық ерекшеліктерінеде байланысты. Егер адаманың денсаулығы жақсы болса, онда элетр зақымдалуы аз болады. Егер адамның жүрек қан тамырлары жүйесі, терісі, жүйке жүйесі ауыратын болса және мас күйінде болса, онда электр тоғынан алған зақымдалуы аз мәнді тоқтың өзінде күрделі болады.

Тоқтың жүріп өту уақытына байланысты жанасу кернеуі және тоқтың рұқсат етілетін мәндері 4, 2 - кестесінде келтірілген. Олар қорғаныстық құрылғысын есептеуде қолданылады.

Кесте Адам арқылы жүріп өтуге рұқсат етілетін жанасу кернеуі және тоқ

Қондырғы

Нормалық

шамасы

Тоқтың әсер ету уақыты, с
0, 1
0, 2
0, 5
0, 7
1, 0
3, 0
Қондырғы: Айнымалы тоқта 1000 В дейінгі кернеуде, жиілігі 50 Гц 400 Гц жиілікте
Нормалықшамасы:

U пр. , В

I h, мА

U пр. , В

I h, мА

Тоқтың әсер ету уақыты, с:

500

500

-

-

250

250

500

500

100

100

200

200

75

75

140

140

50

50

100

100

36

6

36

8

Қондырғы: Тұрақты тоқта
Нормалықшамасы:

U пр. , В

I h, мА

Тоқтың әсер ету уақыты, с:

500

500

400

400

250

250

200

200

150

150

100

50

Өндірістегі электр қауіпсізідігін болдырмау шаралары мыналар:

1) изоляция;

2) тоқ жүретін тетіктерді қоршау;

3) тоқты жерге енгізу;

4) токты нолге жалғау;

5) тізбекті ажырату;

Токты жерге енгізудің 2 түрі бар:

1) жабдықты контурлы жерге енгізу

2) жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру (выносное заземление) .

Қорғаныс бұйымдары

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

1. жалпы қорғаныс бұйымдары(коллективное вещество) ;

2. жеке қорғаныс бұйымдары (индивидуальное вещество) .

1) жалпы қорғаныс бұйымдарына жататындар: қорғаныс штанглері; электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер және қоршау бұйымдары;

2) жеке қорғаныс бұйымдарына жататындар: очки, каска, противогаз, белбеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар
Бөлмелердің электр қауіпсіздік деңгейі бойынша жіктеу
Еңбекті қорғаудың негіздері мен еңбек қорғауды ұйымдастыру
TrancoJezz ЖШС-де өткен тәжірибе есебі
Персоналдың электр қауіпсіздігі топтарына арналған біліктілік
Скважинаның газлифті жабдықтары
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz