Анықталмаған анемия


Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНЕРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
6В01601-Тарих
ЭССЕ
Тақырыбы: Анықталмаған анемия
Орындаған: Ақмұратова Гүлнұр
Тобы: ИСТ 21-1
Пәні: Дене шынықтыру
Тексерген: Ахметов Н. А
Актау 2021 ж
Менің диагнозым - бұл анемия, яғни қан аздық. Анемия қандағы эритроциттердің саны аз болуынан туындайтын ағзаға оттегі жетіспеушілігі ауруы болып табылады. Қалыпты жағдайда гемоглобин мөлшері әйелдерде 115 г/л болуы керек, ал менде бұл көрсеткіш өте төмен, яғни 48 г/л . Жалпы қандағы гемоглобиннің мөлшеріне байланысты анемия үш түрде ажыратылады:
- жеңіл -110 - 90 г/л арасы;
- орташа - 90-нан 70 г/л-ге дейін;
- ауыр - 70 г/л-нен аз.
Анемия өздігінен пайда болатын, бөлек ауру емес. Оны басқа аурулар тудыруы мүмкін. Олар жұқпалы ауру, асқазан ойық жаралары, қабыну, онкологиялық немесе тағы да басқа аурулар болуы мүмкін. Алдымен анемияның өзін емес, оның пайда болуына әсер еткен ауруды емдеу қажет. Оған сыртқы факторлар да әсер етеді. Уақытылы тамақтанбау,
жарақаттан қан жоғалту, операция және т. б анемияны тудыру қаупі бар.
Қаназдық ағзада кей заттардың жетіспеуінен де болады. Мысалы, В12 дәрумені мен фолий қышқылының, балаларда С дәруменінің тапшылығы және пиридоксиннің (В6 дәрумені) аз болуынан анемия болады. Бұл заттардың барлығы гемоглобин мен эритроциттің төмендеуіне әсер етеді.
Анемиямен ауру менде асқазанның ойық жарасынан басталды. Ойық жара жазылды, бірақ, соның салдарынан 2013 жылы басталған анемия дерті қалды. Аурудың симптомдары: тері құрғау, ерін кебуі, тілдегі ауырсыну, бұлшықет әлсіздігі, ұйқышылдық, жиі бас айналу және көз қарауытуы болды. Осы симптомдардан кейін жедел дәрігерге көрініп, емделе бастадым.
Ата-анам маған ылғи да дұрыс тамақтан деп кеңес береді. Шын мәнінде дұрыс тамақтану және рационға, дәрумендерге бай өнімдерді жеу анемиямен ауыратындар үшін өте маңызды. Бұл дертті дәрі қолданбай, диетамен де емдеуге болады. Әсіресе балық, ет, жұмыртқа сарысында темір мол болып келеді.
Қаназдық бірден жазыла салатын дерт емес, сондықтан мен күнделікті дәрігерімнің нұсқаулығымен таза ауада көп жүремін және тағамдардан: қызыл етті, теңіз өнімдерін, шпинатты және қара күркетауық етін жиі жеймін. Сауығып кету және дискомфорт туындамас үшін, дәрігердің кеңесімен осы айтылғандарды орындаймын.
Сырт көзге анемия қатты білінбейді. Кейде түрім тым бозарып, терімнің түсі өзгергенде ғана адамдар «саған не болды?» деп сұрап жатады. Себебі, жылу денеге қан арқылы таралады, ал менде қаназдық болғандықтан, қолдарым мен аяқтарымның ұшына жылу дұрыс таралмайды. Анемия салдарынан болар, тырнақтарым сынғыш келеді. Сонымен қатар бор, тіс ұнтағы және ұнға тәбетім жиі ашылады.
Жаттығулар : бұл ауру басталғалы менде жиі ентігу мен жүрек шаншуы басталды. Осыған байланысты дәрігерім көп жаттығуларға тиым салды.
Сондықтан таңымды ерте тұрып, таза ауада жүгіруден бастаймын. Көбінесе тыныс алу жаттығуларын жасаймын, яғни тыныс алу гимнастикаларын. Және шарды үру арқылы ішке және сыртқа шығарумен тынысты дұрыстаймын.
Анемиядан жазылу үшін күнделікті жаттығу жасау өте пайдалы деп білемін. Мен жаттығу жасағанда тез шаршап қаламын және бұлшықеттердің әлсіздігі осындай жаттығулар кезінде және ентігу арқылы білінеді.
Тым уайымдап, күйзеліске түскенде немесе стресс болған кезде қан қысымым төмендеп, жүрек соғысы жиілейді. Мен мұны жүрегім ауырып, көзім қарауытуы түрінде сеземін. Көп жүру, тұру мен үшін қиынға соғады.
Бірақ анемияның ең қатты әсер ететін кезі емханада - қан алу кезінде. Мен үшін қарапайым қан алу үдерісінің өзі жағымсыз өтеді. Қан тамшысын көрсем болды, басым айналып кетеді. Бір-екі рет есімнен танып, құлап қалған кездерім де болды. Бұрын мен дәрігер болуды армандағанмын, бірақ, қаннан қорыққандықтан бұл арманымнан бас тартуды ұйғардым.
Қорытындылай келе, анемия дерті-дұрыс емдеуді және қадағалауды талап ететін болғандықтан, біз бұл дертке бейқам қарамауымыз қажет. Сонымен қоса уақытылы анализ тапсырып, дәрігерге жиі қаралуға кеңес беремін. Анемияның асқыну қаупі бар екенін түсінемін, сол себептен өзімді күтіп ұстауға тырысамын. Әрине, әлемде түрлі ауруларға шалдыққан адамдар бар, олармен салыстырғанда анемия дерті жеңіл көрінуі мүмкін. Алайда дерттің жақсысы жоқ. Денің сау болу маңызды, сондықтан да мен барлығына денсаулықты сақтау шараларын қатаң сақтауды ұсынамын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz