Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары


5-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстары
Дәріс жоспары:
1 Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарын топтастыру және ұғымы
2 ҚР шикізат базасы мен оны дамыту бағыттары. ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайының отын-энергетикалық кешенін дамыту. Энергетикалық ресурстарды пайдалану. Ауылшаруашылық салаларды дамыту
3 Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты байыту және бастапқы өңдеудің экономикалық тиімділігі, шикізатты кешенді пайдалану мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
4 Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері
1 Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарын топтастыру және ұғымы
Халық шаруашылық комплексінде барлық материалдық ресурстардың еңбек сапасы мысалында шикізаттық және жанар-май энергетикасы болып бөлінеді.
Шикізат ресурстары елде кездесетін өнеркәсіптік, өнімдік ретінде өндіріске тілекелей қажетті өндірістің әр түрлі болуы үшін қолданылатын өзіндік құнын білдіретін заттар болып табылады.
Шикізат (шикізат материалдары) еңбектің барлық түсінігінде келтіріледі, яғни өндіру мен өндірісте өзінің табиғи түрінің біренше еңбектік үрдістер арқылы басқа жаңа сапалы өнім алу жағдайын айтамыз.
Шикізаттық ресурастардың бірнеше топтары кездеседі.
Өнімді дайындауда қатысуда сипатталатын, яғни өнімді құруда орындалатын барлық функцияларының негізіне байланысты негізгі және көмекші болып шикізаттар екіге бөлінеді. Шикізаттың негізгі түріне өндіретін өнімнің негіздерін құрайтын, дайын өнімді дайындауға шикізат көмегінің қатысуы, олардың материалдық негізі болып табылатындығы, сондай-ақ сапасы, құрылымы, мысалы тұтынушылардың қажет еткен сапасының болуын, тауарлық түрінің және т. б. жақсы деңгейде болуымен қарастырылады.
Еңбек шығындарының сипаттамасы мен өлшемі бойынша шикізаттар бірінші және екінші реттегілер болып бөлінеді. Соңғы түріне өндірісте қата пайдалануда және шикізат сапасының жақсаруында қолданылатын тұтынушы мен өндіріс қалдықтары жатады.
- Пайда болу критерийі бойынша шикізаттар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық болып екіге бөлінеді. Өнеркәсіптік шикізаттар өз кезегінде өңдеуші және өндіруші болып қарастырылады. Ауылшаруашылық шикізаттары - ауыл шаруашылық саласында және ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу нәтижиесінде өнімді қайта өңдейтін басқа өнеркәсіптік салаларда қолданылатын өнімдерді айтамыз.
Пайда болуының сипаттамасы бойынша шикізаттар минералдық, органикалық және химиялық болып бөлінеді.
Шығу тегінің деңгейіне қатысты шикізаттар ресурстары қайта өңделмейтін және қайта өңделетін болуы мүмкін. (бұл көбінесе табиғи ресурстарға қатысты) .
Барлық шикізат ресрстары сапалық белгілеріне қатысты мынадай түрлерге жіктеледі:
- негізгі қажетті компаненттердің мазмұны;
- құлау тереңдігі;
- сорттары бойынша;
- ұзындықтары мен басқа өлшемдері бойынша;
- құрамы мен т. б. бойынша.
Шикізаттың сапалық сипаттамасы қолданылатын техниканы, жабдықты, технологияны, өндіріс көлемін, өнімнің бәсекеқабілеттілігін, өндірістің барлық технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтай отырып, өндірістің тиімділік деңгейіне әсер етеді.
Материалдық түсінігінде еңбек өнімінің бір немесе бірнеше өңдеу кезеңдерінен өткен және әрі қарай дайын өнім өнімді дайындаудағы өңдеу үрдісіне қатысады. Материалдық ресурстар элементтері құрамдарының материалдылығына еңбек түрлері, яғни өңдеу және қайта өңдеу салаларында жұмсалатын еңбектің түрлері жатады.
Материалдардың жіктелуі шикізат ресурстарының жіктелуімен тікелей байланысты екендігін аңғаруға болады.
Шикізаттарға әдетте өнеркәсіп өңдейтін өнімдер (кен, мұнай, көмір, құм, щебень) және ауылшаруашылық өнімдері (бидай, картоп өнімдері, қызылша) қарастырылатын болса, ал материалдық түрлерінде - өнеркісптің өңдеуі қажет ететін өнімде(қара және түсті металдар, цемент, ұн) қарастырылады.
Материалдар негізгі және көмекші деп екіге бөлінеді.
Материалдардың негізгі түрлері дегеніміз - нөнімнің материалдық негізін құрай отырып, дайын өнімнің құрамында табиғи түрде кездесетін материалдар түрлерін айтамыз.
Көмекші материалдар дайын өнім құрамында кездеспейді, тек қана олардың түрленуіне көмек береді.
Жанармай мен электорэнергия материлдық ресурстардың ерекше түрлері болып табылады.
Өндірістік үрдіске қатысу жағдайларына байланысты жанармай көмекші шикізат түріне жатады, бірақ экономикалық мағынасына қатысты өзіндік топтарға бөлінеді. Жанармай өндірістік үрдісте жылу энергиясы түрінде дайын өнім ретінде, технологиялық шикіза ретінде қолданылады.
Электроэнергияның бөлу ретіне қатысты өзіндік элементтік технологиялық жағдайларында қозғалыс еңбек қаруы ретінде де пайдалануы бойынша іске асырылады (электродәнекерлеу, электроискралық өңдеуде, лазерлік сәулелер ретінде) . Потенциалды және шынайы жанармай-энергетикалық ресурстары ретінде бірнеше топтарға бөлінеді (ЖЭР) .
Потенциалды ЖЭР( жанармай-энергетикалық ресурстары ) - бұл елдің біртұтас экономикалық аймақтары бойынша барлық жанармай мен энергия түрлерініңі қор көлемдері қарасатырылады.
Шынайы ЖЭР( жанармай-энергетикалық ресурстары ) - кең мағынада - экономикалық елдерде энергияның барлық түрлерін қолданудың жиынтығы болып табылады.
ЖЭР толықтай мағлұматтарын мынадай түрде келтіруге болады:
- табиғи ЖЭР( жанармай-энергетикалық ресурстары ) (табиғи жанармай) - көмір, қалайы, торф, табиғи және қажетті газ, газификациялық жерасты газы, ағаш, табиғи механикалық су энергиясы, жел, атомдық энергия, жанармайдың табиғи көздері - күн, жерастының сулануы және термалдық су;
- жанармайды қайта өңдеу өнімдері - кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, көмір байыту, оның қалдықтары және т. б. ;
- қайталанатын энергетикалық ресурстар, технологиялық үрдістің негізінде алынатын - жанармай қалдықтары, отын және газ түрлері, өңделген газ, өндірістік өнімнің жылуы және т. б.
Халық шаруашылығында қолданылатын барлық шикізат түрлері, экономикалық тұрғыда екі топқа бөлінеді:
- негізгі ауыр индустрия өнеркәсібінің негізінде өндірілетін және өңделетін өнеркәсіптік шикізаттар ;
- ауыл шаруашылығында қолданып, жеңіл және азықтық өнеркәсіптік негізінде өңделетін ауылшаруашылық шикізаттар .
Өнеркәсіптік шикізаттар өз кезегінде екі топтарға бөлінеді:
- минералдық шығу шикізаттары (минералдық шикізаттар), яғни жер астынан алынан шикіза түрлері;
- жасанды шикізаттар, яғни жасанды жолмен алынатын шикізат түрлері.
Табиғи шикізаттың көптеген топтары минералдық шығу тегіне байланысты болады. Ол өнеркәсіптік минералды-шикізат базасын құрай отырып, оның дамуында қара және түсті металлургия, жанармай, электроэнергетика және т. б. салаларының даму түрлерін анықтайды.
2 ҚР шикізат базасы мен оны дамыту бағыттары. ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайының отын-энергетикалық кешенін дамыту. Энергетикалық ресурстарды пайдалану. Ауылшаруашылық салаларды дамыту
Ресурстарды сақтау мәселелерінің негізгі көңіл бөлетін жағадайы ретінде ресурстардың бірден төмендеп кетулеріне қатысты, экономика тиімділігін жоғарылату бағытының негізінің бірі ретінде ресурстарды сақтау жүргізіледі.
Жалпы мемлекеттің бұл тұрғыда атұаратын ролі қажетті мәселелердің аспектілердің келесідей түрлерін қарастырады:
1) энерго-материалдық сақтаудың комплекстік жолдары. Бұл жолда материалдарды үнемдеумен (т, м 2 , м 3 және т. б. ) қатар, осы экономияда жұмсалатын энергиялар есебін, материалдық түрлерін де анықтайды. Комплекстік жол толықтай біркелкі ретінде, аз қалдық технологиясының енгізу барысында ресурстардың және экологиялық сұрақтардың қолданылуы болып табылады. Өндірісті кооперациялауды кеңінен ғана қолданып қоймай, комбинациялау кезінде де қолданылады. Комбинация кезінде шикізатты тереңірек өңдеу жетістіктері қарастырылады, яғни ағаш өңдеу комплексінен мебель өнімдері, электрикалық және жылу энергиясы өндірісі үшін ағаш қалдықтарын газификациялау жүзеге асады;
2) ғылыми концентрация, жобалық және өндірістік потенциалдарды өңдеуде және ресурстарды сақтау технологиялары мен өнімдерін енгізуде;
3) мемлекеттің тәуелсіз экономикалық деңгейді жоғарлатуда шикізаттар мен материалдар түрлерін импорттау немесе иморттық заттармен алмастырудағы жүйелік ізденіс;
4) ресурстарды сақтау технологияларын іздеу мен оларды активеу, енгізудің жүйелік түрі және т. б.
3 Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты байыту және бастапқы өңдеудің экономикалық тиімділігі, шикізатты кешенді пайдалану мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторларының бірі болып табылады. Олар шығаратын өнімнің заттай құрамын түрлендіре отырып, өзіне дейінгі немесе өзінен кейінгі өндірістік үрдіспен қамтамасыз етуге көмектеседі. Өз кезегінде өнім қоғам қажеттіліктері мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады. Сондықтан, қоғамның жағдайы материалдық ресурстардың қолданылуына, материалдар қажеттіліктерінің өндірістік үрдістердің қаншалықты тиімді екендігін көрсету жағдайына тікелей байланысты болады. Шаруашылық типтерінің экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшу барысында кез-келген мемлекеттің мемлекеттің экономика мәселесінде материалдық ресурстар қажеттіліктерінің рационалды немесе экономды қарастыру мәселесі алда тұрады.
Шикізат және жанар май энергетикалық ресурстарының рационалды қолданудың негізгі бағыттары ретінде мыналар қарастырылады:
- жанар май және отын-энергетикалық баланстар құрылымдарын жақсарту;
- шикізат дайындаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолдануда сапалық дайындығын тереңірек қарастырады;
- шикізаттарды және жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдауларды ұйымдастыруды дұрыс жүзеге асыру - жоғалымдар мен сапа төмендеуін жіберіп алмау;
- шикізаттарды комплекстік қолдану;
- өндіріс химикаттары;
- өндіріс қалдықтарын қолдану;
- шикізаттарды қайта қолдану.
Өнеркәсіпте шикізаттар түрлеріне қатысты органикалық немесе минералдық түрінде қолдану, яғни ол сәйкесінше дайындықтарды қажет етеді. Осындай мақсатта өнеркәсіптің әрбір салаларында өз ерекшеліктеріне бірінші рет өңдеуден өткізу жүргізіледі.
Шикізаттарды бірінші өңдеуден өткізу түрлеріне мыналар жатады:
- шикізаттардан байыту (кендердің қара және түсті металлургиялары, көмірлердің коксхимиялық өндірісінде алу) ;
- шикізаттарды алдан-ала тазалау мен стандарттау (мақта, маталарды өндіру өнеркәсібі) ;
- консервілеу (ет, балық, азық-түлік өнеркәсібіндегі жемістер) ;
- кептірілген өнімдер (ағаш өнеркәсбінің өнімдері) .
Байыту - бұл әрі қарай техникалық мүмкіндігі бар және экономикалық қайта өңдеулер мен қолдану нәтижиесіндегі шикізаттарды алғашқы өңдеулері болып табылады. Байыту мына жағдайларды қарастырады:
- табиғи қазбалар компоненттерінен пайдалы қоспаларын жоғарылату;
- олардан зиянды бөліктерінен тазарту;
- минералдарды бір-бірінен айыра білу.
Шикізаттарды байыту нәтижиесінде негізгі екі өнімді алуға болады: концентрат және қалдықтар. Қазіргі кезде қара және сирек металдардың 95% өңдеу арқылы басым бөлігінің темір кендері екендігін, яғни фосфориттерден, асбестілік және граниттік кендерден, көмірдің 40 % байытуға жіберілетіндігін аңғаруға болады.
Байытудың экономикалық мағынасы келесідей жағдайлармен байланысты болады:
- шикізаттың өнеркәсіптік базасын кеңейту;
- шикізаттардан дайын өнім алуда өңдеудің арзандатылуы;
- дайын өнім сапасын жоғарлатуды қамтамасыз ету;
- шикізаттарды тасымалдау немесе өңдеу орындарына апару кезіндегі тасымалдау жұмыстарының қысқартылуы;
- көлік қажеттіліктерін төмендетіп, олардың қолдану тиімділігін жоғарылату.
4 Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері
Өнімнің материалдық қажеттілік және материл сыйымдылық деңгейінің тиімділік динамикасы көптеген факторлар әсерінен түрлене отырып, оның қозғалыс үрдісін анықтауын сипаттайды.
Жіктелу негіздеріне қатысты факторлар ішкі (ішкіөндірістік) және сыртқы топтарға бөлінеді, сондай-ақ техникалық, технологиялық, ұйымдастыпру және экономикалық сипаттаушы факторлар болып бірнеше топтарға бөлнеді.
Сыртқы факторлар мыналарды қарастырады:
1 Ресурстарды сақтаудың мемлекеттік басқару - мемлекеттік бағдарламалар; салықтық жүйе; баға белгілеу жүйесі; амортизациялық саясат; қаржы-несиелік саясаты; стандартизация. Ресурстарды сақтаудың мемлекеттік өткізу саясатының атқаратын ролі өндіріс пен салаларды дамытудың техникалық бағдарламасы, аз немесе қалдықсыз технологияларды құру немесе енгізу және т. б. Айтылған мәселелерді материалдық ресурстарды мемлекеттік рационалды қолдануды жүзеге асыру немесе ынталандыру үшін кәсіпорынның қаржылық рычагі анықталады. Сондай-ақ, маңызды мәселе ретінде өнімнің материалдық сыйымдылығының мағынасын шектеуді бекіту жатады.
2 Нарық конънктурасы - материалдық ресурстарға деген ұсыныс пен бағасы (кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын түрлендіруде басты роль атқарады) ; кәсіпорын өніміне сұраныс пен оның бағасы (шығаратын өнімнің ассортименттерін анықтайды) ; көліктік-тасымалдау шығындарының деңгейі (тапсырушылардың таңдауына әсер етеді) ; конкуренция (ассортимент, сапа, баға саясаты және т. б. аймақтарда қабылданған шешімдерге әсер етеді) .
3 Ғылыми-техникалық даму - жаңа материалдар (берілген сапа бойынша, жаңа конструкциондық материалдар және т. б. ) ; жаңа технологияларды (қалдықсыз, өндірістік циклдің аймағында және т. б. ) ; жаңа техникаларды (материалдарды қолдану коэффициенттерінің жоғарлауы) ; энергияның жаңа көздері; жаңа білімдер дамуы болып табылады.
4 Жалпы экономикалық факторлар - материалдық ресурстар қолданылу үрдісі тәрізді әсер ететін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің стратегиясы. Бұл елдегі экономикалық жағдай; экономиканы толықтай дерлік мемлекеттің басқаруы; халық шаруащылығының инфрақұрылымының жағдайы және т. б. қарастырады.
5 Басқадай факторлар - экологиялық (қоршаған ортаның ластануы, пайдалы қазбалар қорының таусылуы) ; табиғи-климаттық (температуралық режимнің әсері, ғимараттар мен үймереттердің құрылысы кезінде материалдық ресурстар шығындарының ылғалдылығыы, жанар май - энергетикалық ресурстар шығындары; қоршаған ортаны зиянды әсер етуші факторлардан қорғау) ; саясаттық және т. б. факторлар жатады.
Ішкі факторлар - сыртқы факторлар әсерлеріне қатысты пайда болатын факторлар. Бірақ, кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қолдану деңгейін анықтаушы фактор нақты осы фактор болып табылады.
Техникалық факторлар - материалдық ресурстар түрлерінің бірлігіне сәйкес өнім шығындарының төмендетуге, өнімнің техникалық сипаттары бойынша сапаның жоғарлату мүмкіншіліктеріне әсер ететін факторлар. Осындай факторлар топтарына кәсіпорын өнімдерінің ассортименттері конструкциясн жетілдірумен байланысты факторларды атап айтуға болады, оның ішінде:
- өнімнің абсолюттік және меншіктік салмағының төмендеуі;
- қолданатын материалдар сапасының жоғарлауы;
- бағалы және дефицит тұратын материалдарды ауыстыру.
Технологиялық факторлар өнімді дайындау кезеңдеріне, материалдар қалдықтары мен жоғалымдарының төмендетуіне әсер етуші факторлар қарастырылады. Бұл факторларға мыналар жатады:
- қалдықтарды қысқарту, материалдарды қолдану коэффициенттерін жоғарлатуға бағытталған, жабдықтардың техникалық сипаттарын жақсарту мақсаттарында, модернизация мен реконструкция енгізу және т. б. ;
- материалдарды сақтау технологияларын прогрессивтік енгізу - тура құю әдісін қолдана отырып (жалға беруге дайындау орынына), штамтар (темір соғу орынына), суық және ыстық түсіру (жоңып орындау жұмыстарының орынына), ұнтақ металлургия әдістеріін дайындау мен олардың бөлшектері және т. б. түрлерін анықтайды;
- технологиялар әдісін енгізу - жабу әдістерінің прогрессивтік түрлері (лак жағу, металдық, пластмассалық және т. б. ) ;
- бөлшектерді дайындау мен өңдеуді жетілдіру әдістері - материалдарды рационалды ашу (фотооптикалқ құрылғыларды қолдану, қысқа және өлшеуіш материалдарын қолдану мен оларды дайындау) ; дайын бөлшектердің түрлері мен өлшемдерін дайындау; өңдеу кезінде қателіктер түрлерін қысқарту;
- өндірістегі механизация мен автоматизация деңгейін жоғарылату.
Көптеген ұйымдық және экономикалық факторлары материалдық ресурстар қажеттілік деңгейіне тікелей емес факторлар болып табылады, яғни конструктивтік, технологиялық және инновациялық факторлар арқылы, конструктивтік үрдіс кездерінде сияқты өнім өндірісі кезінде де қолдана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz