Бүркіт салу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану математика факультеті
Дене шынықтыру және спорт теориясымен әдістемесі кафедрасы
5В010800 Денешынықтыру және спорт мамандығы
СРО
Тақырыбы: Бүркіт салу.
Орындаған:Тілеубердіев Ержан
Тексерген: Акжигитов Б. А
2021 жыл
Көшпенді бабаларымыздың таным-түсінігінде бүркіт - батылдықтың, батырлықтың, еркіндіктің, рух биіктігінің символы. Еліміздің туындағы бүркіттің бейнесі азаттықттың, тәуелсіздіктің, тектіліктің, қайраттылықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және бүркіттің бір қауырсынын үзіп алып қасиетті зат санап биікке іліп қояды.
Тарихи деректерге қарағанда бүркітті қолға үйретіп, аңшылыққа пайдаланғанына 3 мың жыл болыпты. Италиян жихангері Марко Полоның естелігінде, Құбылай ханның саятшылыққа пайдаланған 500 бүркіті және басқа да құстарының болғандығы жазлылады. Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітшісі болғандығы туралы деректер бар. Орта Азия хандарының да бүркіт ұстап, құсбегілердің қызметін пайдаланғанды белгілі. Қазақ халқы құсбегілікке: бүркіт, қаршыға, лашын, сұңқар, тұйғын, тұрымтайды пайдаланған. Қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шора туралы «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады» деген сөз тараған. Қазір Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында «Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі» мен Республикалық құсбегілер мұражайы жұмыс істейді. 2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әр түрлі турнирлер өтіп келеді. Бұл жарыстарға 30-дан 90-ға дейін бүркіттер мен қаршығаларын алып саятшылар келеді. Атақты бүркітшілердің арасында Бүркіт жарысының спорт шебері Әбдірзақова Мақпал да бар. Барлық жарыстар құзырлы органдар бекіткен ережеге сәйкес өткізілуде. Қазақстан бүркітшілері шетел қалалары: Лондон, Дубайға сапар шегіп жарыстарына қатысты. Елімізде бүркітшілер қатары жылдан-жылға өсіп келеді.
Жарыс өткізу орны мен тәртібі
«Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жарыс ұйымдастырушылардың байқауына қарай құс ұшыратын қырлы және аң жіберетін етегі арнайы таңдап алған жерде өткізіледі.
- алаңның кеңдігі 1000-1500 метрден кем болмауы тиіс;
- құстың ұшуына кедергі келтіретін электр сымдары, жасанды құрылыс заттары, тау, өзен, батпақ жерлер болмауы тиіс.
«Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар бүркітшілер мен қаршыға тектес кіші құстар болып екі түрінен де ересектер арасында, жастар арасында және жас өспірімдер арасында өтеді.
Жарыс алдында жеребе тасталып, спортшыларға нөмер беріледі. Әр спортшы өзіне және құсына берілген нөмірімен жарысқа қатыстырылады.
Бүркітшілер жарысы : қолға шақыру, қоянға салу, кептерге салу бойынша өткізіледі.
Жеңімпаздар алған ұпайларына қарай анықталады.
Спортшыларға ұпай беру тәтрібі.
- Құсбегі спортшылардың киім үлгісі:
- ұлттық нақшта өрнектелген шалбар
- ұлттық нақшта өрнектелген кеудеше шапан;
- ұлттық нақшта өрнектелген бас киім;
- биялай;
- жем қалта
- кездік
- түтік;
- тұғыр;
- томаға;
- балдақ;
- жемаяқ;
- балақбау;
Осы құрал жабдықтардың барлығы түгел болса 7 ұпай, ал әрбір кем болған құрал-жабдығы үшін 1 ұпайдан кемтіліп отырады.
2. Бүркіттің иесімен ара қатынасы, бүркіттің еркін ұшуы;
- Құс ұшпаса 0 ұпай;
- Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай;
- Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай;
- құс басқа жерге бір рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;
- Құс басқа жерге 2 рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі;
- Әр құсқа берілетін уақыт 3 минут.
3. Бүркітті қолға шақыру:
- 50 метрге дейінгі шеңберден 3 ұпай;
- 50 ден 75 метрге дейінгі шеңберден 5 ұпай;
- 75 тен 100 метрге дейінгі шеңберден 7 ұпай;
- 100 метрден жоғары 10 ұпай;
- Құс ұшпаса 0 ұпай;
- Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай;
- құс басқа жерге қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;
4. Бүркітті шыршаға, қоянға түлкі немесе қарсаққа салу;
- құс шырғаға, аңға түссе жоғары 7 ұпай;
- құс жерге бір қонып барып түссе 1 ұпай шегеріледі;
- құс жерге екі қонып барып түссе 2 ұпай шегеріледі;
- құс шырғаға, аңға түсуге әрекет жасап ұстай алмаса 1 ұпай;
- құс басқа жаққа ұшып кетсе 0 ұпай.
5 . Қаршығаның иесімен ара қатынасы, құстың еркін ұшуы;
- Құс ұшпаса 0 ұпай;
- Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай;
- Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай;
- құс басқа жерге бір рет қонып шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;
- Құс басқа жерге 2 рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі;
- Әр құсқа берілетін уақыт 10 минут.
Бүркіт пен бүркітші жабдықтарыАушы құстарды баулуды өнер еткен адам оған қажетті жабдықтары негізінен өзі дайындап алады. Олар: томаға, аящап, құндак, балдақ, тұғыр, ырғақ, жезтуяк, балак, бау, шолақбау, сузу жіп, шыжым (жіп, сайыс), жем сапты аяқ, биялай, жемқалта, тұзақ, кұс қақпан, түтік.
Томаға . Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық. Оны шымыр былғары немесе құстың басының үлкен-кішісіне қарай былғарыдан немесе икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Терінің майда келген, өң бетін ішіне, тігісін сыртына келтіріп тігеді. Көзге келетін түсын сыртына қарай томпитып, қуыстап, көзіне тимейтін, қажамайтындай етіп келтіреді, саңылаусыз болады. Құстың тұмсығы шығатын жері ойылып алынып, астына, тамақ жағынан тамшфау тағылады. Томағаның жоғарғы жағына - төбесіне артық шығып тұратын ілмек айдар кигізіп, шешкен кезде құсбегі саусағына оңай іле салуға ыңғайлы етеді. Төбе түсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады. Құс «жалаңбас» (томағасыз) үйде отырғанда, түзде қолға алып жүргенде қимылдап, мазасыз болады. Кез келген қыбыр-жыбырға, жәндікке, желге талпынып, қанат құйрығын тоздырады, жақын келген ит, бала, тіптен кейде иесін де шауып, шоқып алатындықтан, көзін жауып қояды. Томағалы бүркіт тыныш отырады, мінез-құлқы бірқалыпты, әрнеге мазасызданып, жүйке жүйесін «тоздырмайды», қанат-шалғысын, саусақтарын жараламайды. Тек қана қайыру кезінде, жем бергенде, аңға қосарда бүркіттің басынан томағасын алады. Томағасы қысса, қажаса құс «томажашаған, басасауга» айналып кетеді. құсбегі томаға тігу үшін қыран құстың басына лайықталған үлгі бойынша былғары дайындайды. Томағаның айдары (кейде оны қарқарасы деп те атай береді) мен тамақбауы бірге пішіледі. Оны тігер алдында өткір пышақтың ұшымен алдын-ала сәл-пәл сызат түсіре тіліп алса тіккен жіп немесе тарамыс сол тіліктің ішімен жымдасып, құстың денесіне батпайтын болады. Ал, күміс шытыралар, асыл тастар мен мәймеңкелер салғысы келсе, томаға тігілмей тұрып бекітіледі. Томаға құсқа салынбаса айдарындағы көзі арқылы жібек жіптен бау тағылып, керегенің басына ілінеді.
Кұстың аяғына тағылатын баулар
балақбау, шолақ аяқ бау, тобыршақ, шыжым - бұлар бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға арналған жабдықтар. Мұндағы құстың екі жіліншігіне (балағына) бірдей тағылатыны балшфау немесе білезік-бау құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Оны құстың балағын қыспай, еркін айналып тұратындай білезік формалы етіп жұмсақ қайыс, былғарыдан дайындайды. Жіліншікті орап, бунақтап тұратын сол түсын алақан дейді. Алақан қажамас үшін терінің ішкі жағына жұмсақ шұберек, киіз қабатталып астарланады. Дөңгелек шара тәрізді балақбаудың алақанының радиусы құс жіліншігінің жуан-жіңішкесіне қарай, ал жалпақтығы екі елі (4 см) шамасында. Теріні күміс құйма, тұрлі әшекеймен сәндейтіндер де бар. Балақбауды екі бұлдіргеге өткермелеп құстың балағына тағады. Осылайша білезік формасындағы екі балақбаудың бұлдіргесіне немесе шығыршығына шолацбау (кейде желібау) аталатын ұзындығы 1-1, 5 қарыс (20-30 см), жуандығы 3 мм мөлшеріндегі қайысбау жалғанады. Оған жіңішке таспа немесе өріп ширатқан жүмыр қайыс таңдалады. Қолдағы бүркіт талпынғанда сусып шығып кетпес үшін екі баудың ортасына бір-бір түйін, бөгет кедергі салынады. Аттың тұсамысы тәрізді балақ және шолақ баулар құсты тұғырға қондырғанда, алып жүргенде, жемдеген кезде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Аңға да осы баумен үшады, қашып кеткен жағдайда да аяғынан тұспейтіндіктен түз бүркітінен оңай ажыратады да, оны айламен қайта ұстап алады. Ал ұсақ құстардың балақбауының білезік түсының диаметрі 2-3 см-ден аспайды, желі бауының ұзындығы бүркіт желі бауының жартысындай ғана болады. Шолақбаудың екінші ұшына жезден жасалған шығырық өткізеді де (қайыс берік болса тесіп қояды), оған жалғас ірге бау деп аталатын ұзындығы бір құлаштай, жүмыр етіп өрілген (4-6 таспадан) жіңішке қайыс тағады. Олай аталу себебі үйде отырғанда іргеге байлайтындықтан. Саятқа шыққан кезде іргебауды шешіп алады да, беліне тағады, суық кездері тақымын, етегін буып алады. Аңға жібергенде міндетті тұрде шешіп алу себебі, аңға шүйліккен кезде, жер бауырлай ұшқанда жартастың жақпарына, ағаштың айырына ілініп қалса, ұзын Томаға үлгісі. (Д. Шоқиарұлы) Аяқбау, шолақбау тұрлері бау оралса мерт етеді, әйтпесе шарт қимылына кедергі жасайды. Өйткені ірге баудың ұшындағы бір жарым елідей, ортасы қыналып ірге баудың ұшына орнатылған тиек «тобыршақ» кедергі келтіреді. Оны қарақұйрық, еліктің мүйізінің ұшынан жасайды. Тобыршықтың ұшына ұзындығы бір-екі құлаш, таспадан ширатқан, немесе жіңішкелеп тілген шылбыр немесе жіңішке есілген байланады. құсты аңға саларда іргебауды тобыршығынан тартып, шығыршықтан оп-оңай суырып алуға болады. Бау қатты кеуіп, жарылып кетпеуі үшін оқтын-оқтын майлап қойған жөн. Балақбау құс тұғырдан үшып кетпес үшін, ал іргебау қыран ұшарда ұзап кетпес үшін аяғына тұсау болады деп түсінеміз. құсты аң аулауға үйретерде, баулу кезінде, шырғаға салғанда ол қайта көтеріліп үшып кетпес үшін жіп байланады. құсты арқандағандай етіп ұстауға мүмкіндік беретін бұл қысқа арқан-жіпті «шыжым» деп атайды. Оны көбіне жаз маусымында үй маңында ұстағанда, асау бүркітті шырғаға салып үйреткенде қашып кетпес үшін тағады.
Аңшылыққа, саятшылыққа байланысты спорттық ойын атауларының шығу тегіҚазақ халқының өз өмiрiне лайықты көптеген спорттық ойын-серуені болған. Аң аулау дəстүрі сонау көне заманда адамдардың күнкөріс кəсібімен бірге туғаны белгілі. С. Мұқановтың пікірінше, «көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға ұқсайды. Əйтсе де ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері алғашында тағы хайуандар болғаны мəлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған» [1; 86] . Ит жүгiртiп, құс салуды халқымыз өнердің ең негiзгiлердiң бiрi деп ұққан. Өйткені бұл өнерді үйрену үшін амал-айла, төзiмдiлiк пен тапқырлық сияқты қасиеттер қажет болған. Аңшылықтың мақсаты құс-жануарларды жойып жiберу емес, əркiм өз керектiсiн ұстап не атып алып, iске жаратып отырған. Мəселен, қазiргi кезде аң мен құс белгiлi жүйеге келтiрiлген заңдылықтың негiзiнде ғана ауланады. Ал халқымыздың өткен дəуiрлерінде осы заңдылықтың көптеген ережелерін сақтаған. Мысалы, олар айдын көлдегi балапан ерткен үйрек-қаздарды, жапан даладағы лағы бар киiктi, ақбөкенді, тағы бақаны атпаған. Спорттық немесе əуесқой аңшылық табиғат аясында спорттық мақсатта аң-құс аулап тынығудың бiр түрi болып саналады. Спортшы-аңшылар үшiн олжа түсiру басты мақсат емес. Аң аулау табиғатпен етене жақын болуға, оның дарқандығы мен ғаламат сұлулығын танып-бiлуге мүмкiндiк бередi. Аңшы батыл да төзiмдi, əр нəрсенi аңғарғыш жергiлiктi жердi жақсы бағдарлай бiлетiн жəне ұзақ жолға шаршамайтын, жақсы жүзетiн жəне қайық есе бiлетiн, сондай-ақ мерген болуы керек.
Аңшылық адамның денсаулығына да игi əсер етедi. Дене қимылына, ағзаға физикалық күш түсiруге негiзделген спорттық жəне тыныс алу ағзалар қызметiн жақсартады. Мылтықсыз мерген болу, яғни мылтық атпай құс ұстау, ат қинап, ит жүгiртпей аңшылық құрудың өзiндiк ерекшелiктерi тағы бар. Бұл қарусыз аңшылық - құстарға тұзақ пен тор, аңдарға қақпан құру. Орман-тоғай, сай- шатқалдарды кезiп, тiршiлiктiң тыныштығын бұзбай құрған мұндай сайранның, табиғаттың тынысын тыңдап өткiзген саятшылдықтың адам өмiрiнде қалдырар iзi мол. Iстерiн қысы-жазы үнемі таза ауада, орман-тоғайлы, құз-шатқалды тауларда, өзен мен көлдерде, ғажайып көрiнiстi сұлу табиғатты көбінесе жаяу, айлап-апталап, мол байлығына кенелсе, көлікпен, қостап жүріп салбурын жасайды. Оны сейіл деп атайды.
Қысқы, жазғы аңшылық серуенi жер тану, ел тану, биікке шығу, өрден түсе білу, суда жүзу, бой жасыру (жасырынбақ ойыны), мерген болу сияқты өнерге жаттықтырумен қатар, ыстыққа шыдамды болып шығу, адам өз денесiн еркiн игеру, көреген, естiгiш, сақ, əрқашан жинақы да ширақ болуға жаттықтырады. Халықтың мұндай спорт түрлерi өзiне лайық, өлкетану, əр түрлi хабарлау əдiстерiн, алыстан белгiмен түсiнiсу, түнде, тұманда төңiректi дұрыс бағдарлау сияқты тұрмыстық мəнi бар iстерге əдеттендiредi.
Аң аулау тақырыбына қазақтың ауыз əдебиетінде, музыка өнерінде көп мəн берілген. Мысалы, «Ақсақ құлан» күйінің шығуы аңшылықпен байланысты. «Дауылпаз» биі сұңқар, қаршыға, лашын сияқты қыран жыртқыш құстарды айдын көлдегі үйрек, қазға салу сияқты саятшылықты бейнелейді.
Қыран құспен аң аулаудың үлкен спорттық мəні бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, оның ең басты мəні - оның сауықтық қасиетінде. Таза ауада аң қуу, қашқан аңның соңынан атпен құстай ұшу, не қыран құстың ұшысы, іздеген аңына түсуі - бəрі аңшыға ешқандай спорттың басқа түрі бермейтін қуаныш, шаттық, лəззат əкеледі. Бұл дəстүр соңғы жылдары қайта жанданып келеді. Осыған байланысты спорттық əуесқойлық аңшылық - Кеңес дəуірінде қалыптасқан термин. Оның мəні аң, құсты белгілі бір тəртіппен аулап, табиғат аясында демалу, мергендікке, ептілікке жаттығу дегенді білдіреді. Қазақ тілінде аң аулаудың түрлеріне қатысты атаулардан басқа жалпы атаулары, терминдері қалыптасқан.
Аңшылық аң аулауды кəсіп етушілік мағынасын білдіреді, аң сөзіне- шылық күрделі қосымша қосылудан пайда болған. Балалық, жастық, аңшылық, желбастық, аштық, тоқтық, ойын- күлкі - екеуінің бір тартқан тауқыметі (Ж. Аймауытов) . Бұл сөзден «аңшылық фаунаны қорғау жəне тиімді пайдалану, аңшылық шаруашылығының жүргізу əдістері мен негізі туралы ғылыми пəн» мағынасында жаңа термин сөз «аңшылықтану» сөзі пайда болды [2; 549] . Ертедегі адамдардың аулау əдістері де алуан түрлі болған. Олар əу баста тым қарапайым жолмен ғана тамақ табуды көздесе, кейіннен аң аулауды кəсіптің көзі, қызықтаудың негізі еткен. Бірақ əр заманның əдіс-айласы басқа-басқа болғанымен, қазақ халқының ұғымында солардың бəрі де аңшы аталады.
Аңшы аңшылықпен айналысатын, аңшылықты кəсіп ететін адамды білдіреді [3; 1-т., 549-б. ] . Бақанас, Байқошқардың көп сабазы, Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы. Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы (Ш. Құдайбердиев) . Аңшы сөзінің түбірі аң, М. Қашқарида «майы ем ретінде қолданылатын құс» деп берілген, аңчы - «түздің аң-құсын аулаушы»: тоңүзчы, балықчы, кейікчі, аңчы, тұзақчы, болтумуз - «егер біз қабан, киік аулаушы, балықшы жəне тұзақпен тағы аң-құс аулайтын болсақ» («Турфан-Техте») [4, 46] . Аң қазақ тілінде омоним сөз: 1) түз жануарлары, бұл мағынада аң сөзінен аңшы, аңшылық, аңкөс, аңкөстік, аңшыл, аңқұмар, аңшылау т. б. сөздер туған; 2) ақыл, ес, жад сөздерінің синонимі, одан аңғал, аңғалдық, аңғар, аңғарымпаз, аңғарлы, аңғарт, аңқау, аңсау, аңдағыш, аңдамай т. б. сөздер туған; 3) жерг. аққан сумен ойылған жыралы жер, шұңқыр - Кейбір аңның ұзындығы бір километрге дейін жетеді (Диал. сөздік) .
Аңшы қолданатын құралына, істеген амалына қарай төрт топқа бөлінеді: саятшы, мерген, қақпаншы, моршы.
Мерген - атқан оғы мүлт кетпейтін, дəл тигізетін, атқыш адамның атауы. Құралайды көзге атқан мерген Əбілəкім осы шаруашылықты 1932 жылы қолымен құрған (Д. Жанботаев) [3; 7-т., 196-б. ] . Қазақ ауыз əдебиетінен белгілі сұрмерген , қарамергендер жайындағы аңыздар ел есінде күні бүгінге дейін сақталған. Мерген сөзінен мергендік, мергеншіл, мергенсіну сияқты сөздер пайда болған. Мерген сөзі түркі, монғол тілдеріне ортақ өте көне сөз. Монғол тілінде мэргэн - мерген, көреген, болжағыш мағынасында [5], қазіргі кезде садақ ату чемпионы, атқыш мəнінде қолданылады, алтай, тува тілдерінде мерген осы мағынада, туваша мерге - «городки» ойынының таяғы [6] .
Моршы - түлкі, күзен сияқты аңдардың ініне түтін салып, тұншықтырып ұстайтын аңшы атауы. Мор сөзіне кəсіпті білдіретін - шы жұрнағының қосылуынан жасалған. Мор - қиды тұтатып, бықсытып от жаққан шұңқыр. Оны киіз үй ағаштарын жасауда жиі пайдаланады.
Аңкөс - сөйыл, аңқұмар, аңсақ адам [2; 539] . Қазақ халқы бұл сөздің тым ертедегі ұғымын еске ала отырып, аңкөс адам дегенді өте үлкен мамандық иесі деп білген. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, ат, ит, садақ, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулау білетін, осы қару- жарақтың бəрін немесе бірнеше түрін пайдаланып, аң аулаған адамдарды аңкөс адам деп таныған. Аңкөстік қару-жарақты пайдалануға ғана айтылмайды, ол адам қай аңды, қай қарудың түрімен қалай аулауды да білуі шарт.
Қазақ халқының аңшылық мамандығындағы аңкөс жан-жақты мəн-мағыналы ұғымда айтылады. Аңкөс адам əрбір аңның тіршілік ету əдісін, өсу-өрбу жолдарын білуі керек. Қай аң қандай жерде, қай жерде болады, олардың аулану маусымындағы мекендері қай жер, аңдардың күндізгі жəне түнгі өpicтepі, жыртқыштардың жортуы, қоңыр аңның жайылу, жусау, ұйықтау, өру кездерін, олар нені жейтінін, нені жемейтінін білуі керек. Ол адам өзі жасаған жердегі аңның өзін де, сырын да білуі керек. Ол аңдар нені тез сезеді, нені сезбейді, олардың иіс айыруы, бақылау, қарауылдау, күзету, қарау, көру, ceзіну, секем алу сергектігі, мінез-құлқы, тағысын-тағылар қай аңда, қалай болатынын білетін адамдар аңкөс адам болып саналады. Аңкөстер аңның бұғу, көру, қорғалау, қашу, тосқауылдау, бұлтару, із тастау əдістерін де білуі шарт. Аңкөс сөзінен «аңға құмарлық» мəнінде аңкөстік сөзі пайда болған.
Саятшылық - құс салып, аң аулауды кəсіп етушілікті білдіреді. Бұл екеуі байлығымен, батырлығымен емес, аңқұмар саятшылығымен жұртқа ұнаған жандар (Ə. Көшімов) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz