Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері

Адамның өз ана тілін қанық білуімен қатар өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен өзара түсінісе алатыны үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін білетін адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, барлық мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Қазіргі таңда әлемнің барлық мемлекеттері халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың өркениеттен кенже қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Үштілділік туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз» десе, 2007 жылы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қазіргі уақытта ғылымның дамуы адамдардың көп тілді білу қажеттігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда, біздің, яғни болашақ мектеп мұғалімдерінің рөлі зор.

Бүгінде шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру - педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі, ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу - ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде информатика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр.

Биология пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Қазіргі кезде оқушыларға пәнді қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту -болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көптілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу өте маңызды. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Мен қыркүйек айынан қазан айына дейінгі аралықта, яғни 1 ай көлемінде №34 мектеп гимназиясында педагогикалық іс тәжірибеден өттім. Іс тәжірибе кезінде маған 8 және 9-сыныптар берілді. Тәжірибеден өткен уақытымда өзімді сынамақ мақсатта өзіме белгіленген 9-сыныпқа «Жасушалық биология» тақырыбына ағылшын тілін кірістіріп сабақ өткіздім. Әуелгіде жұмыс жүргізу барысында өзімде бірқатар қиындықтар туындады. Бастапқыда сабақты өзге тілде өту өте қиын болып көрінді. Оқушылардың біразы тілді біліп, өз ойын еркін жеткізе алып, сөздердің айтылуын дұрыс айтса, енді біразы тілді жақсы білмейтін, дұрыс оқи алмайтын оқушылар болды. Сабақта жаңа ақпаратты меңгерту үшін қолданған әдістеріме тоқталсам, жаңа сабақты бастамас бұрын сергіту сәтін өткіздім. Оқушыларға шаттық шеңберін құрып, оқушылармен әртүрлі ұлттың тілінде сәлемдесіп , жағымды ахуал туғыздым. Жаңа сабақты фотосуреттер, бейнебаяндар, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы ашып алдым. Жаңа сабақтың тақырыбымен танысқан соң, мәтінмен жұмыс жасадым. Мәтінде кездесетін термин сөздердің ағылшын тіліндегі нұсқасымен таныстырдым және аудиожазбаны тыңдаттым, аудармасымен бірге дәптерге жазғызып отырдым.

Kazakh
English
Russian
Kazakh: Цитоплазма
English: Cytoplasm
Russian: Цитоплазма
Kazakh: Ядро
English: Nucleus
Russian: Ядро
Kazakh: Мембрана
English: Membrane
Russian: Мембрана
Kazakh: Митохондрия
English: Mitochondria
Russian: Митохондрия
Kazakh: Вакуоль
English: Vacuole
Russian: Вакуоль
Kazakh: Хлоропласттар
English: Chloroplasts
Russian: Хлоропласты
Kazakh: Ядрышық
English: Nucleolus
Russian: Ядрышко
Kazakh: Жасуша қабықшасы
English: Cell wall
Russian: Клеточная стенка
Kazakh: Гольджи жиынтығы
English: Golgi apparatus
Russian: Аппарат Гольджи
Kazakh: ДНК
English: DNA
Russian: ДНК
Kazakh: Рибосома
English: Ribosomes
Russian: Рибосомы

Сол терминдерді есте сақтау үшін түрлі активити қолдандым, атап айтсам, кесте, сызба, сәйкестендіру және т. б.

Топтық жұмыс кезінде поқушыларды топқа бөліп «Полиглот» ойынын ойнаттым. Жалпы «Полиглот» ойыны баланың білімдерін сарапқа салу, ойлау қабілетін дамыту, шапшандық, тез жауап беру дағдысын қалыптастырады. Ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттырып, лексикалық байлығын дамытады. Жұппен, топпен ұйымшылықпен жұмыс істей білуге үйретеді. Бұл кезде оқушылар тек үш тілде жауап беріп қана қоймай, жасуша құрылымдарының атқаратын қызметі мен ашқан ғалымдары туралы да айта білді. Мысалы:

Денем тарақ пішінді

Екі қабат ірімін

Цитоплпзма ішінде

Органоидтың бірімін

Жауабы ; Митохондрия

Ашқан ғалым ; 1850жылы Р А Келликер жәндіктердің бұлшықет ұлпасы жасушасынан тапқан

Атқаратын қызметі ; Жасушаның тыныс алуын қамтамасыз етеді. Энергия көзі АТФ-ті синтездейді

Рефлексия ға «Фишбоун» (құс қаңқасы) қолдандым. Құстың әрбір қаңқасына оқушылар дәптерден қарамай бүгінгі сабақтан үйренген ағылшынша 5 - 10 cөз жазды. Сол арқылы бүгінгі сабақтан қандай сөзді үйренгенін қорытынды жасай алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді цифрландыру
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Пәнаралық байланыстар
Шет тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелілік қағидасы
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz