Құйрық майдың біз білмейтін пайдасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Құйрық майдың біз білмейтін пайдасы . Қой - қазақтың қазынасы. Бұрынғы ата-бабаларымыз қой бағып күн көрген. Ол кезде қазіргідей медицина дамымағаны бәрімізге мәлім. Ауырған шағында табиғаттағы әр өнімді дәрілік тұрғыдан пайдаланып жүрген. Ал осы тұста әлі күнге дейін сақталып келе жатқан дәрілік табиғи өнім - қойдың құйрық майы. Сіз бұл жайлы не білесіз?

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www. oinet. kz/e/action/ShowInfo. php?classid=46&id=21024
© Oinet. kz

Жалпы, қойдың майы 3 түрге бөлінеді. Олар: құйрық май, шарбы май және бүйрек май. Алайда дәрілік мақсатында көбіне құйрық май қолданады. Құйрық майдың емдік қасиеттері: Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін, суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді. Денеге қатты суық өткен кезде ұйықтар алдында табанға жағып жатса, таңға дейін денедегі суықты алады. Ұйқыңыз тынышталады.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www. oinet. kz/e/action/ShowInfo. php?classid=46&id=21024
Алдымен ол қазақтың көшпелі өмірін көргенін әрі халық емшілері құйрық майды қалай пайдаланғанын айтып берді.

"Балалық және жігіттік шағым Қытайға қарасты Алтай тауының теріскей бетінде өтті. Қой баққан малшыларды, түйенің бұйдасын жетелеген көшті көрдім. Далада киіз үй тігіп, көктеу, күзеу, жайлаудың не екенін біліп өстік. Соның арқасында құйрық майдың қалай пайдаланылатынын білемін. Мысалы, 1983 жылы мен 16 жаста болдым. Осы уақытта әкем мен шешем қазақ емшілеріне баратын. Сонда оларға құйрық май қосып дәрі жасап беретін", - дейді Қазақстан және Еуразия жазушылар одағының мүшесі.

Сондай-ақ Жәди Шәкенұлы дәрінің қалай жасалатынын, оның қандай ауруларды емдейтінін түсіндірді.

"Дәрінің қалай жасалатынына тоқталайын. Сынаптың жарты бидайға тең келетін тамшысын екі үлкен қасық құйрық майда араластырып, әбден ерітеді. Мұны қазақтар "өлтіру" дейді. Бұл дәрі арқылы теміреткі, ешкі қотыр, күйдіргі, күбірткі және тағы басқа қотырлардың түрін емдеу үшін пайдаланған", - дейді жазушы.

Сәби сымбатты болып өседі

Құйрық май - баланың жұмсақ балғын терісін жұмсартып, қан айналымын реттейді. Жазушы нәресте қол-аяғын керіп созғанда, сәбидің буындары жазылып, денесі сымбатты болып өсетінін айтты.

"Бұл майдың біз білетін және білмейтін емдік қасиеттері көп. Атап айтсақ, құйрық маймен бөбектің денесін сылағанда, бұл олардың дені сау, қуатты болып өсуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, тұмау тимейді. Сондықтан бұрындары нәрестенің аузына құйрық май салған", - дейді Жәди Шәкенұлы.

Тұмауға қарсы таптырмайтын ем

Сонымен қатар, жазушы балалар мен ересектер салқын тигенде құйрық майды ыстық күйінде қасықтап ішсе, бұл адам азғасына шипасын тигізетінін атап өтті.

"Құдайға шүкір, 8 балам бар. Олардың тамағы ауырғанда, дәрі ішіп, жөтелі басылмай қойған кезде балаларыма құйрық майды ерітіп бере қоямын. Бұл майды ерітудің екі жолы бар. Біріншіден, құйрық майды еріткеннен кейін оны бірден пайдалануға болады. Екінші жолы да бар. Еріткеннен соң, оның үстіне су құйып, біраз қайнату керек. Сонда"піскен" құйрық май болады. Оған сарымсақ қосып, біраз суыған соң, 4-5 шай қасығын балаға беру керек. Келесі күні балаңыздың тамағының ауырғаны басылып, сырылдағаны кетеді", - дейді ол.

"Құйрық май таңып қойған . . . "

Сұқбат барысында Жәди Шәкенұлы бұл май туберкулез ауруын емдеу үшін де қолданылатынын айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойдың майы
Қой майының түрлері және олардың пайдасы
Ұлттық тағам
Малды сою әдістері
Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы
Шоколадтың адам өміріне пайдасы мен зияны
Шоколадтың пайдасы мен зияны
Сүтті шоколад
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Қазақ халқы және төрт түлік мал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz