Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сана мен сенім бір - бірін жоққа шығармайды, бірін - бірі толықтырады

Сана - дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр. Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм - яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді. Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Сана - өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл - оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады. Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі - сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы - психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Қазақ тілінде сенім ұғымының мынадай төрт мағынасы бар:[2] Бірінші мағынасы, сенім - адамдық қасиет, мінездеме ретінде бір адамның адамдар арасындағы жауапкершілігі мен тұрақтылығын, сөзінде тұруын, сертіне адалдығы мен беріктігін, өз ұстанымына тас-түйін табандылығын көрсетеді. Сенім мұнда ізгілік, сұлулық, ақиқат, игілік жөніндегі жалпыласқан дәстүрлі және заманауи құндылық өлшемдерінің өзекті алғышарты ретінде жеке адамның ой-пиғылы мен сөз-әрекетінің сапасында бейнеленіп шығады.

Екінші мағынасы: сенім - қандай да бір күдік-шүбә екіұдайылығынан арылып, рухани қатаңдықпен мәлім бір айтылым-қағидаға, мәлім ілімдік, “измдік”, ғылыми, діни, не мифтік нанымға біржолата берілу-сену, санада шегеленген сол түрдегі таным-баға үлгісімен баршаны өлшеу, соны адам болудың, өмір сүрудің бірден-бір бұлжымас ішкі ұстанымы ету. Мұндай сенім әлденеге беріле нану күйі болып, ол қоғамдық идеологияның жеке адамдағы көрінісін білдіретіндіктен, оны идеологиялық сенім, немесе наным деген сөзге жинақтауға болады.

Үшінші мағынасы: сенім - адам болмысының ерік-зерде, сезім-қиял тұрғысынан өз-өзімен тас-түйін ішкі бірлікке ие болуы; діттеген нысанаға талпынысында ашық, әрі ырықты рухани еркін, тұнық күйге жетуі; өздік жолмен жүрудің Мендік өлшемге адалдығын болуда орындауға қабылдық; Мен өз мұратына талпынуда қатаң дәйектілік, қайсар ұстамдылық пен ұрымталдық әйгілеуі. Сенім мұнда жан және тән қуатының толыққанды, тегеуірінді тектілігінен туған жаратымпаздық қайсарлығы, табандылығы, дестілігі, салиқалығы, салуалығы болып, оның адамдық қасиет тұрғысынан біртұтастануы болады.

Төртінші мағынасы, сенім - ішкі жарқындықтың ділдік тұнық оянысы; өздіктің түпнұсқа өзілігі; сезім, ерік, зерде және қарекет өзара күрделі, дөп тоғысып, рухани жоғары үндестікке жетуі; Меннің күндіз жұлдыз көргендей таңғажайып көреген жарқындығы; түпнұсқаға адалдықтың сәби баладай кіршіксіз пәктігі, сарқылмас-саймас, иілмес-сынбас, айнымас-азбас, шетсіз-шексіз құштарлық құдіретінің мәңгілік мәнді тебіреніске бөлеуі; жан жарқындығы мен діл шаттығының болу мен бағалауды кесімді, айшықты, дөп өрнектеуі.

Сенім, наным деп адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.

діни илану, діншілдік наным;

сену, нану.

Сенім адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу - әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім - адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т. б. ) . Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.

Сана мен сенімге жат қарсы санасыз деген ұғым бар. Санасыз - санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) . Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) : ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Ал санасыз әрекет - адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т. б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік - белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері.

Сананың бүлінуі сенімнің дұрыс болмауы және улануы деп ойлаймын. Ал бүлінуі - орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы - дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т. б. ) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т. б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері - ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т. б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік - ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана
Психика және сана негіздері
Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы
Адамгершілік және азаматтық тәрбие
Адам санасының табиғаты. Адам іс-әрекетінің құрылымы
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық
Таным мен сананың өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz