Рухани жаңғыру: екінші және үшінші толқындардың жаңа талаптары мен мақсаттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті

БӨЖ №4

Тақырыбы :Жаңғырудың екінші және үшінші толқынының жаңа талаптары

Орындаған :Жубайшаева Дилназ

Тексерген :Арашова Набат

«Жаңғырудың екінші және үшінші толқынының жаңа талаптары»

Рухани жаңғыру - болашаққа батыл қадам.

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың - дара жолы!

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) .

Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Ендеше, осы уақытқа дейін елімізде орындалған Рухани жаңғырудың екінші толқындарының нәтижесі қандай? Және жүзеге асып жатырған үшініші жаңғырудың маңызы мен мақсаты қандай? «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде осы күнге дейін көптеген өзгерістер мен алға басулар орын алды. Жаңғырудың бірінші және екінші толқындарының жүзеге асқаны бәрімізге мәлім. Республикамыздың егемендік алып, тәуелсіз атануымызбен бірінші жаңғыру жүзеге асты. Екінші жаңғыру "Қазақстан-2030" стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Нәтижесінде еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды жүзеге асырудамыз.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз - ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу - Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

Ал рухани жаңғырудың басты шарты - ұлттық кодты сақтау. Бағдарламада келтірілген әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыттары: бәсекеге қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы. Аталған бағыттарды ұстанып, жүзеге асыру арқылы әлемдік деңгейде танылған, рухани жаңғырған ел бола аламыз. Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді.

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы мемлекетіміздің міндеттері мен алға қойған мақсаттарын нақты көрсетіп берді. Біздің міндетіміз мінсіз бағдарламада айтылған міндеттерді кезек-кезегімен орындау ғана.

Қорытындысында: «Әлем күн өткен сайын өзгеру үстінде. Егер біз санамыздағы пайдасыз қағидалар мен қажетсіз ақпараттардан дер кезінде арылмасақ, әлемдегі алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде өмір сүре алмауымыз әбден мүмкін. Сол себептен де бізге, қазақ ұлтына өзгеру керек. Өзгеру үшін өзімізді қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жеке қабілеттерімізді дамытсақ, мемлекетіміздің мерейінің үстем болатыны анық», - деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пікірі орынды болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы рухани жаңғыру: сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Қазақстандағы рухани жаңғыру: сана мен ойлаудың жаңа моделі мен стратегиясы
Мәңгілік Ел мен Рухани жаңғыру: жаңа Қазақстанның еуразиялық философиясы мен ұлттық-рухани стратегиясы
Рухани жаңғыру және Қазақстанның ұлттық дамуы
Жаһандану мен рухани жаңғыру контекстінде философияның рөлі
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының теориясы мен тәжірибесі
Рухани жаңғыру мен ұлттық код: Қазақстанның стратегиялық модернизациясы
Рухани жаңғыру контекстіндегі Алаш зиялыларының ұстанымдары
Рухани жаңғыру: ұлттық сананы жаңғырту және даму бағыттары
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және білім беру саласындағы ұлттық-рухани құндылықтардың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz