Голограмма жайлы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар, №9 орта мектеп КММ - нің 7 Г сынып оқушысы Жаскайрат Назерке Тимурқызының Голограмма тақырыбында орындалған жұмысына
П І К І Р
Бүгінгі заман талабына сай, болашақ ұрпақтары рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілікті етіп, тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп - білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Сол бұлақтан нәр алған 7 Г сынып оқушысы: Жаскайрат Назерке Тимурқызы Голограмма тақырыбындағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Жұмысты жүргізу барысында шәкірт жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдалана білген. Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Көлемді суретті алу құнды дүниелерін зерттеуде оқушы жан - жақты ізденіп, болашақта тәуелсіз елінің парасатты да, білімді азаматы ретінде танылуына, елінің еңбек сүйер ерені боларына жұмыстың ықпалы зор.
Зерттеу жұмысында зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, дерекетерге ақиқат тұрғыдан талдау жасалынған.
Ғылыми жобаның нәтижесі нақты жазылған. Назеркенің ғылыми жобасы зертеуінің нәтижелері ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген. Ғылыми жобаның материалдары нақты деректерге сүйеніп жазылған.
Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген және ғылыми зерттеу еңбегі өз деңгейінде орындалған.

Ғылыми жетекші Кожахметова А.Н

АННОТАЦИЯ
Тақырыбы: Голограмма
Өзектілігі: Қазіргі заман - жоғары технологиялар дәуірі. 3D - голографиялық проекторлар үлкен танымалдылыққа ие, оларды атап өту керек, олар қымбат тұрады.
Мұндай проекторларды көрмелерден көруге болады. Сондай голограмманы өз қолымызбен үй жағдайында жасай аламыз

Жұмыстың мақсаты:
Голографиялық пирамида арқылы 3D - кескіндерді алу

Міндеттері:
Үш өлшемді кескіндерді алудың негізгі технологияларын, голографиялық пирамидаларды жасау технологиясын оқып үйрену.
Компьютерлік графиканы қолдана отырып, голографиялық пирамидаға жоспар құру
Смартфон мен импровизацияланған материалдарды пайдалану, эксперименттік қондырғыны құрастыру
Голографиялық кескіндерді пайда болу себептерін түсіндіру.
Жасалған жұмыстың қортындысына сүйене отырып, жобаны одан әрі дамыту.

Ұсыныстар: Бұл құрылғылар көрнекі материал ретінде әр түрлі іс - шараларды ұйымдастыруда, безендіру материалы ретінде биология, физика, химия сабақтарында қолданылады.

АННОТАЦИЯ
Тема работы: Голограмма - Устройство для получения объемных изображений
Актуальность. Настоящее время - время высоких технологий. Большую популярность имеют, так называемые, 3d-голографические проекторы, которые надо отметить продаются за немаленькие деньги.
Такие проекторы можно встретить, к примеру, на выставках. В сети интернет предлагают подобный проектор смастерить своими руками и создавать собственные голограммы дома.
Я на кружковых занятиях воспользовались таким предложением, однако у меня возник вопрос, а то, что я увидел, действительно ли голограмма? Таким образом, была поставлена проблема: является ли изображение, которое создает такой проектор голограммой?
Цель работы: получение 3D-изображений через самодельную голографическую пирамиду.
Задачи:
Из различных источников изучить основные технологии получения трехмерных изображений, технологию создания голографических пирамид;
Создать собственный контент для голографической пирамиды с помощью по компьютерной графике;
Используя смартфон и подручные материалы спроектировать и собрать экспериментальный образец установки;
Используя знания из курса физики объяснить причину получения псевдоголографических изображений;
Исходя из выводов по проделанной работе определить перспективы дальнейшего развития проекта.
Основные выводы
Полученное в ходе эксперимента изображение голограммой не является, это изображение с иллюзией объемности;
название 3D голографический проектор к таким устройствам применяется ошибочно.
Рекомендации: Данные устройства можно применять при организации различных мероприятий, как декорационный материал, на уроках биологии, физики, химии как наглядный материал.

ANNOTATION
The importance of research: today the price of gasoline is rising, and therefore the value of inexhaustible energy is a serious problem for all mankind, including environmental care, money saving and infrastructure development, as we invented the use of wind energy and solar energy.

Purpose of the study: Use of natural energy without damage to the environment. Damage to nature, causing damage to cars in the world.

Hypothesis: this project is a guarantee of a clean and safe future, since the energy of the sun and wind does not harm the nature or the human body. Currently, 1.6 million people die each year from air pollution in China, about 4,440 deaths per day, and the number is increasing every day.

If it does not interfere, you do not need to worry about the future.
Stages of research:
Step I. Collecting information, studying them, analyzing the research topic
Stage II. Determining the relevance of the study
Stage III. Getting information about the nature of energy
IV stage. Carry out concrete works on the project after their collection.

Жұмыс мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
Бөлім I. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Жарық жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Лазер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3 Голограмма жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.4 Голографиялық проекторлар қалай жұмыс істейді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.5 3D голограммасы және оны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

Бөлім II. Практикалық бөлім
Тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Кiрiспе
Жалпы бізді қызықтыратын өмірде көптеген құбылыстар бар. Сол құбылыстардың ішінен мені қызықтырғаны көптеген киноларда ауадағы кескіндердің пайда болуы. Осы кескіндердің шығарылу жолдарын қарастырып, қызығушылық танытып жүріп, голограмма деген сөзді тауып алдым. Сол голограмма жайлы мәліметтерді интернет желісінен іздеп, жинап, сондықтан зерттеуге осы тақырыпты таңдап алдық.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Голограмма, яғни көлемді суретті алу құрылғысы
Зерттеу барысында жұмыстың өзекті мәселесіне тоқталып өттік: Қазіргі заман - жоғары технологиялар дәуірі. 3D - голографиялық проекторлар үлкен танымалдылыққа ие, оларды атап өту керек, олар қымбат тұрады.
Мұндай проекторларды көрмелерден көруге болады. Сондай голограмманы өз қолымызбен үй жағдайында жасай аламыз
Жинақталған жан-жақты мәліметтер аясында, теоремалар мен гипотезаларды дәлелдеу мүмкін болды. Сонымен қатар, Бұл құрылғылар көрнекі материал ретінде әр түрлі іс - шараларды ұйымдастыруда, безендіру материалы ретінде биология, физика, химия сабақтарында қолдануға болады. Ноутбуктан көрсете аламын, үлкен телевизордан жасап көруге де болады. Экран үлкен болған сайын голограммадан шыққан сурет үлкейе береді.

1.1 Жарық жайлы түсінік
Жарықсыз өмір жоқ. Тіршілік атаулының барлығы жарық пен жылу арқылы өнеді, піседі, дамиды. Адам баласының алғашқы кездегі іс-әрекеттері тамақ табу, аң аулау, жауларынан қорғану т.б. тек қана осы жарықтың арқасында жүзеге асқан.
Ертедегі адамдар әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысқан. Археологтар жүздеген жылдар бойы жанып тұрған от орнын тапқан.
Адам бірте - бірте отты өзі жағуды үйренді. Тасты - тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір-біріне үйкеп, қыздырғанда , ұсақ жаңқалар бықси бастаған. Оған жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені жақындатқанда, ол тұтанып, от жалынға айналған. Отқа ет қақтап жеген, жаурағанда жылынған, жарық ретінде қолданған. Түнде қаранғыда жарық арқылы көлеңкеден өз бейнелерін үлкен көлемде көрген, кіші көлемде көрген, қызықтап, бірақ оны зерттеп, сиапаттап айта алмаған, тек таңырқап, қызықтаған. Зерттеулер жүргізе алмаған.
Келе - келе жарықты қараңғыда емін-еркін жүру үшін адамдар фонарьлар қолдана бастады. Машиналарға, зәулім үйлерге, көшелерге электр шамдарын орнатып жарықтандырды.
Ертеректе қолданған жарық көздері.
Ғаламдағы негізгі жарық көздері - жұлдыздар. Бізге ең жақын жұлдыз - Күн. Күн өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күннің толық сәуле шығару қуаты шамамен 4::1023кВт. Күннің тиімді температурасы шамамен 6000К-ге тең. Жарық құбылыстарының зерттелуі, көптеген физикалық, астрономиялық, химиялық, биологиялық құбылыстарды зерттеп ашуға септігін тигізген әр түрлі оптикалық аспаптарды жасауға мүмкіндік берді. Жарық тұрмыста, медицинада, қозғалыс қауіпсіздігі үшін әскери техникада қолданылады.
Жарық көздері - жарық шығаратын денелер. Олардың барлығын екі топқа бөлуге болады: дербес жарық көздері және шағылған жарық көздері. Дербес жарық көздері өз кезегінде: жылулық, люминесциялық және плазмалық болып үш түрге бөленеді. Жылулық жарық көздеріне Күн мен жұлдыздар жатады.
Жарықтың люминесценциялық көздерінің мысалдарына: люминесценциялық шамдар, теледидар экраны, тамырдың шірінділері, жарық қоңыздары, судың терең қабатында жүзетін балықтар, металдардың әр түрлі тұздары, радиоактивті заттар жатады.
Люминесценция көзіне механикалық соққыны да жатқызуға болады, мысалы, қараңғыда қантты ұнтақтағанда, күкіртті мырыш ұнтағын екі шыны пластинаның арасына салып үйкегенде сәуле шығатынын көруге болады.
Плазмалық жарық көздеріне өздері арқылы электр тогын өткізетін газдар жатады мәселен, жарнамалық түтікшелер, кварц шамдары, лазерлер, поляр шұғыласы.
Көптеген денелер басқа жарық көздерінен өздеріне түсетін жарықты шағылдырып, шағылған жарық көздері қызметін атқарады: аспан күмбезі, мұхит, теңіз, көл, өзен суларының беті, өсімдік, қар, бұлт жамылғыларының беті.
Планеталар, олардың серіктері, Жердің жасанды серіктері, Ай және кометалар, метеориттер де күннің шағылған жарық көздері болып табылады.
Иссак Ньютон - жарықты бөлшек ретінде қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі болды. Ол: Егер жарық толқын болса, түзу сызық бойымен жүрмеген болар еді және көлеңке тудырмас еді, ол заттарға жартастарды шайып жатқан мұхит толқындарды секілді келер еді, - деген тұжырымға келді. Ньютон сондай - ақ қабырғаға соғылған доптың кері қалай серпілетіні секілді, жарықтың да айнаға соғылып, кері шағылғанын байқайды. Бұл құбылыс оны жарық ұсақ бөлшектерден тұрады деген ойға жетеледі. Жарық - заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылады. Жарық бөлшектері фотондар деп аталады. Олардың массасы мен энергиясы, толқындық қасиеттері бар және қозғалыста ғана өмір сүре алады. Фотондар ағыны энергияны жарық көзінен жарықталынған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Жарық әсерінен денелер қызады, металдардан электрондар ұшып шығады, осының нәтижесінде металдар электрленеді. Жарық әр түрлі химиялық реакциялар тудырады, мысалы, маталарда бояудың оңуы, фотопластинкалар мен фотопленкалардың қараюы. Өсімдік жапырақтарында жарық әсерінен хлорофилл түзіледі. Жарық - әрбір жекеленген түстің мұқият араласқан қоспасы, олар сендерге жеке көрінбейді. 1665 жылдың 22 жастағы Иссак Ньютон Англияда анасының фермасында қараңғы бөлмеде отырып, перде саңылауынан түскен жіңішке жарық сәулесін призма арқылы өткізеді.
Призмадан шыққан сәуле бірнеше сәулеге бөлінеді. Олар қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түс болып, кемпірқосақта болатын түстерге боялады. Кемпірқосақты біз жаңбыр жауарда немесе жаңбырдан кейін көреміз. Күн сәулесі жаңбырдың әрбір тамшысына енеді. Тамшылар күн сәулесін сындырған кезде спектрдің барлық түстері көзге көрінеді. Кемпірқосақ - жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күн жарығының үздіксіз спектрі. Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін болады да, ортасында қалған түстен орналасады.
Кемпірқосақ доғал болып келеді, өйткені сендер жарық белгілі бір бұрышта сынатын жердегі түстерді ғана көресіңдер. Кемпірқосақ жолында жер болмағанда, оның пішіні домалақ болар еді. Яғни жарық түрлі түске жіктеледі, сонымен қатар жұтылады, сынады, шағылады. Басқа түстерге қарағанда қара түс жарықты көбірек жұтып, өзінен энергияны шығарады. Жаздың ыстық кезінде адамдар қара түске қарағанда ақ түсті киімді киеді. Қатты ыстықтамау үшін, себебі ақ түстен ақ жарық нашар жұтылады. Қысым түсіріліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Голографиялық пирамида құру
Голография
Жарық интерфернциясы туралы түсінік
Голография - толқындардың интерференция құбылысы негізінде нысандардың көлемдік кескіндерін алу тәсілі
Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Физикалық құбылысты жаңғырту
Қазақстан Республикасындағы өлкетанудың мәні мен мақсаттары
Ақпараттық қауіпсіздіктің әдістері мен әрекеттері
Оқытудың несиелік жүйесі талаптарына сәйкес оптика курсы бойынша теориялық материалдар
ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген іс - тәжірибе
Пәндер