Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі


Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?!- демекші ел басына күн туған қиын шақтарда қолына қалам мен қаруды қатар алып, жауға қарсы тұрған ер-азаматтар аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі - Махамбет Өтемісұлы.
Нарынның топырағында өскен Махамбет өлеңдеріндегі басты идея, негізгі ұстаным - азаттық сарын, ұлттық рух. Өз заманындағы халықтың басынан кешкен қиындығына шыдамаған өр рухты батырдың өлеңдерінде өрілген дүние де намыс пен рухтан тұрады. Махамбет өлеңдерін бүгінгі әдебиеттің теориясымен талдайтын болсақ, азаматтық лириканың сарынын бірден аңғарамыз. Сонымен қатар, жыраулар поэзиясынан қалған сарқыттың ұшқынын да Махамбет өлеңдерінен көре аламыз. Ел мұңы мен жер дауы мәселелерінің шешімін де отты өлеңдердің бойынан байқаймыз. Махамбет өлеңдері Қазтуған мен Шалкиіз сарынының жалғасы іспеттес, Асан мен Бұқардың да мотивтерін де кездестіре аламыз. Алайда, ақын ретінде Махамбеттің де өлең құрылымына немесе поэзияға, соның ішінде қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы жетерлік. "Арғымаққа айдай таға тақтырса", "Күмісті мылтық қолға алып", "Арғымақтан туған қазанат", "Еңіреу ұлы емшек боз", "Мен тауда ойнаған қарт марал" жыр жолдарынан бұрын-соңды кездестірмеген теңеу, алмастыру, ауыстыру, мегзеу сынды әдеби тәсілдерді кеңінен қолданғанын көре аламыз.
"Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толы сай кез оқ
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?"
Бұл өлең жолдарынан Ақтамберді сарынына үндескен жолдарды көреміз. "Күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз" немесе "Қоғалы көлдер қом сулар, кімдерге қоныс болмаған" жолдары өз заманындағы өзекті проблеманы ашып көрсетуге лайықты бірден-бір жыр жолдары болса керек-ті. Себебі, Асаннан бастау алатын жыраулық үлгіде қайталанатын мұндай тіркестер өте көп. Кейіннен Мұхтар Мағауиннің "Алдаспанында" авторлары белгіленіп, жыр жолдары кімге тиесілі екендігі ажыратылған.
Өлең жолдарында кездесетін қазақы иірімдер немесе пайдаланылған теңеулер үлгісі бүгінгі қазақы қорда көнерген сөздердің қаншалықты көп екенін дәлелдеп берді. Махамбет өлеңдері ешкімде жоқ теңеулердің көрінісімен ғана емес, оқиғаның көрінісін шебер суреттеуімен де құнды. Соғыстың бейнесін кейінгі ұрпаққа болғандай етіп, ерекше көңіл-күймен сезіндіре білу де - ақынның басты ерекшелігі. Оның өлеңдері азаматтық лирикадан бұрын саяси үгіттік лирикаға келеді. Қазақ ауыз әдебиетінде Махамбет өлеңдерінің басты ерекшелігі ретінде лириканың ерекшелігін әр өлеңінде сан түрлі жолмен беруін айта аламыз. Бір өлеңінде арнау арқылы берсе, келесі өлеңі зарлай арнау ретінде жүзеге асқан. "Жалғыздық" немесе "Қайда бар" өлеңдерін оқитын болсақ риторикалық сұрау немесе "Тарланым", "Мұңайма" өлеңдерін оқу арқылы философиялық байламдарды оңай аңғара аламыз.
Жаугершілік заманда көп жүргендіктен болар, Махамбет өлеңдеріндеге басты сарын - азаттықты аңсау. Оның уайым-қайғысының өзін элегиялық өлеңдерінен көреміз. Жеке басына ғана тән жалғыздық мұңы немесе жақынынан айрылудың қиындығын өз басының жалғыздық қайғысымен емес, күллі қазақтың басынан өткен қайғымен астарластыра суреттеген.
Өзінің "Соғыс" атты өлеңінде өрілген желіге зер салар болсақ, соғыстың басталуынан қалай өрбігені, адамдардың мұңы, сағынышы, қайғысы рет-ретімен тізбектеле баяндалады. Ол жерде суреттелетін дүниенің негізге арқауы - шындық. Тарихи деректердің барлығы дерлік ақиқат. Қай халықтың болмасын өзіне тән фольклоры, яғни, халық ауыз әдебиеті бар. Біздің фольклорда Махамбет өлеңдерінің айтарлықтай орны бар. Өйткені, ақын мотиві өзгеге ұқсамайды. Поэзияның тәсілдерін өз заманында-ақ ұтымды пайдалана білген ақын шеберлігі кім-кімді болса да таң қалдырары сөзсіз. Аллитерация, ассонанс, синекдоха, эпостық баяндау сарыны үлгілерін Махамбет өлеңдерінен оңай табамыз. Ақын өлеңдерінің жанрлық ерекшелігі осында.
Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі
Махамбет мұраларына қалам тартпаған ақын, жазушы, тарихшы, әдебиетші жоқ десек артық айтпаймыз. Оның ақындық пен батырлықты, қайсарлық пен ерлікті бірге көтере жүріп халықтың бостандығы мен теңдігі үшін күрескені туралы еңбектер молынан табылады.
Белгілі ойшыл М. Әуезов Х. Досмұхамедовтан кейін ірі зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі. Ол Махамбет өміріне тарихи шежірелік сипаттама бере отырып, Исатай мен Махамбет достығын, олардың қазақ тарихынан алатын орнын дерек көздерін негізге ала отырып анықтап, алғашқылардың бірі болып Махамбет бейнесін сомдаған [1, 12] .
Жас ұрпақ тәрбиесіне әр ғасыр өзінің қайталанбас тұлғасын беріп отырғанын тарихи деректер толығымен дәлелдейді. Академик З. Қабдолов: «Махамбет өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат» - деп атап көрсеткендей, Махамбеттей баһадүр ақынның ұлы тұлғасы қазақ халқының жауынгерлік қасиетінің, ерлік дәстүрі мен ұлттық классикалық мұрасының өзіндік қайталанбас ерекшелігін айғақтайды [2, 49] .
Ақын өз шығармаларын халыққа ұсына отырып, өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбас образдар тобын да әдеби ғылымға әкеп қосты. Аталған тың образдар тек Махамбет жырларынан ғана кездеседі. Сол образдардың бейнесіне ішкерілей еніп, өзімізше, түсіндіріп өткенді жөн көрдік.
Махамбет өз өлеңдерінде Исатайдың бейнесін - батыр бейнесін жасады. Исатайға тікелей арнап шығарылған «Тарланым», «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс», «Исатай деген ағам бар» т. б. сияқты өлеңдер. Мысалы:
Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлына дос болып . . . Төрт-бес жылдай алысып, Мына отырған Иса-кем,
Ханның бір тауын қайтарған! [3, 107] .
деп шабыттана жырлайды.
Исатай құр ғана әдеби қаһарман емес, тарихи адам. Мәселен:
Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы. Ақ жүректі тебірентіп,
Ер көңілін желдентіп Ақ сүйектің баласын Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім, -
деп келетін жолдарынан халқының азаттығы үшін көтеріліс туын ұстап хан-сұлтандарға қарсы шыққан Исатайдың бейнесін көреміз.
Ең бір керемет теңеудің бәрін Махамбет Исатай бейнесін суреттеуге жұмсаған. Өлең жолдарынан Исатайдың сыртқы портретіне мінезі мен ақылы сай, басқалардан анағұрлым ілгері адам етіліп суреттелумен қатар, осы үзіндінің өзінде ақынның Исатайға деген терең сүйіспендікпен, жүрегін жарып шыққан жылылықтың лебі де бетке үргендей сезіледі.
Махамбетте Исатайдың алдында тұрақты эпитет «ер» сөзін қолданатын тұстары да бар. Мәселен:
Біздің ер Исатай өлген күн . . . Он сан байтақ бүлген күн!. . Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн . . .
Өзіне дейінгі батырлар жырларында жиі ұшырайтын әсірелеулер де Махамбетте аз кездеспейді. Мысалы:
Арыстан туған Исатай . . . Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған . . . Мына отырған Иса-кем, Дулығалы бас кесіп, Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суарды-ай! [3, 107] .
Бұл жолдардан Махамбеттің Исатайды суреттеуде өзіне ақындық дәстүрді де пайдаланғанын көреміз.
Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздерімен суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалға, ақынның кез-келген Исатайға арналған өлеңін алсақ, бұл өлеңдерде Исатай өз бойының барлық көрінісімен көз алдында елестейді. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішікі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары, жарқын жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген
айбары, ашуы, ел ішіндегі беделі - барлық жағынан өте сүйкімді сипатта бейнеледі [4, 25] . Мысалы:
Мінкен де мінкен, мінкен ер, Бұл сықылды неткен ер?
Көлденең жатқан Жайықтан Құралайдың күнінде
Еркек қойдай бөлініп, Қырқарланып өткен ер. Күншығыстың астында, Күнбатыстың тұсында Қарындасым бар-ды деп, Қабырғасын сөксе де, Қанын судай төксе де, Қайыспас нар-ды деп, Маңдайынан күн өтіп, Жауырынынан жел өтіп, Күн астымен жеткен ер . . .
(«Мінкен ер»)
Өлеңді оқи отырып, Исатайдың батыр тұлғалы, төзімді, қайсар мінезді екенін біле аламыз.
Махамбет қай кезде, қандай жағдайда болсын, Исатай жөнінде өз пікірін үлкен ізетпен айтады. Ол әрдайым Исатайға зор құрмет көрсеткен адам. Махамбет өлеңдерінде өзі туралы сөйлегенде: «Исатай деген ағам бар, ақ кіреуке жағам бар», - деп өзін мейлінше кішіпейілді, көп қосынның бірі есебінде санайды. Яғни, көтерілісті басқаруда да Исатаймен бірдей бола тұра, Махамбет Исатайдың қасында өзін кіші санайды. Исатайды ардақтап, төбесіне көтереді, Исатайдың өліміне қайғырып, оны жоқтағанда, Махамбеттің аузындағы отты сөздері арқылы оның қатты қайғырғанын көреміз. Мысалы, жырда:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Саған ұсынсым қолым жетер ме, Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным көп болды-ау Саған да менің арманым! Кермиығым кербезім!
Керіскідей шандозым. Құландай ащы дауыстым! Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым» Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған. Тереңнен көзін ойдырған, Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған. Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан. Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған, Атына тұрман болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен; Атқан оғы Еділ -Жайық тең өткен, Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан, Арыстан еді-ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен! [5, 284] .
Өлең тұтастай жоқтау сарынында жазылған. Сондықтан да оны тұтастай бергенді жөн көрдік. Бұл жоқтау - өлеңде Исатай бойындағы бар жақсы қасиеттер ашылады. Жоғарыда айтылған өлең жолдарында Исатайдың бейнесі қандай тамаша сипатталған. Исатайдың халықшылдығы, батырлығы, қайраты, ақылы, жігері, қысқасы, батыр бейнесі толық әр қырынан ашылған.
Осы тектес Исатай өліміне байланысты жырларында ақын өзін азапқа салған жан жарасын табиғатпен қанаттастырады:
Жібектен бауы көнеріп, Ақсұңқар ұшқан күн болған . . . Телегей теңіз шалқыған Қоғалы көлдер суалып.
Тізеге жетер-жетпес күн болған . . . Исатайдан айрылып,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz