Қазақстандағы жастар эмиграция


«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАТ»
ПӘНІ БОЙЫНША ЭССЕ
Тақырыбы: «Қазақстандағы жастар эмиграция»
Орындаған:
«Логистика» мамандығының
1 курс студенті
Назаров Әлішер
Тексерген:
Сеньор-лектор
Сарсенова Карлыгаш Байтурсынова
Алматы 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Гипотеза
Әдебиетке шолу
Зерттеу мақсаты және сұрағы
Зерттеу әдісі
Зерттеу нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Дәйексөздер
Отаншылық - ең ізгі сезім.
Л. Н. Толстой
Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды.
К. Г. Паустовский
Өз Отанын жан тәнімен сүю - адамшылықтың асқар шыңы.
В. Г. Белинский
Түйіндеме
Қазіргі таңда еліміздегі эмиграция мәселесі күннен күнге өршіп келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 4595 келген, ал елден 14192 адам кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы минус 9597 адамды құрады. Сонымен қатар Қырғызстан - теріс сальдосы бар ЕАЭО-ның тағы бір елі болып есептеледі, онда 1318 адам (2870 адам келген, 4188 адам кеткен) [1] .
Елімізде соңғы бес жылда жастар саны 470 мың адамға азайған. Жыл сайын 100 мыңнан астам мектеп бітіруші түлектің 20 пайыздан көбі шетелдік ЖОО-ға тапсырады екен. Сыртқы істер министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, қазақстандық азаматтардың 91 мыңы өзге елде білім алып жатқанын айтады. Алаңдататын жағдай - шетелде білім алып жүрген жастардың біразы елімізге қайтып оралмайды екен. Оған басты себеп - елдегі жұмыс көзінің тапшылығы болып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда 20-28 жас аралығындағы экономикалық белсенді топтың саны 2, 1 миллион. Олардың арасындағы жұмыссыз ретінде 22 мың жас тіркелген. Ал, жұмыспен қамтылғандардың 76, 1 пайызы жалдамалы қызметкер ретінде табыс тапса, 23, 9 пайызы өз-өздерін жұмыспен қамтыған. Жұмыс таппай сенделгендердің жалғыз шешімі жайлы жерден «жұмақ» іздеу болса керек-ті. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 7, 3 мың адам шетелге қоныс аударған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12 пайызға аз. Бұл ретте көрсеткіштің төмендеуіне COVID-19 пандемиясына байланысты карантиндік шектеу шараларының әсері себеп болып отыр. Ал 2016 жылы - 34 мың, 2018 жылы - 74 мың, 2019 жылы - 45 мың, ал биыл шетел асқандардың саны 100 мыңды шамалаған. Статистикаға зер салсақ, шетелге көшу үдерісі артып отырғанын байқаймыз. Оның ішінде 18-24 жас аралығындағы жастардаың көшу көрсеткіші 32 пайызды көрсетеді. Оның 23, 7 пайызы жақын шетелге, әсіресе Ресейге орын тепсе, қалған пайызы алыс шетелге, оның ішінде Канада, АҚШ, Германия сынды мемлекеттерге тұрақтаған [2] .
Әрине, бұл сандар эмиграцияның «өте жоғары деңгейі» туралы айтпайды, бірақ егер оларды басқа жағдайлар болған 90 - шы жылдарды есептемегенде, басқа кезеңдермен салыстырсақ, онда оның өсу тенденциясы туралы айтуға болады. Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда оның өсімі 1, 8 есе болды [3] .
Қазіргі эмиграцияның тағы бір ерекшелігі - кетушілердің үштен бірі - этникалық қазақтар, әдетте, білімді және сөздің жақсы мағынасында өршіл, өз мүмкіндіктері мен өмірлік мақсаттарын жүзеге асырғысы келеді. Шамасы, бұған біздің Солтүстік көршімізде танымалдыққа, тануға және табысқа қол жеткізген белгілі жас қазақстардың мысалы әсер етеді. Сонымен қатар, Ресейде батыс елдерімен салыстырғанда бейімделу біздің елдеріміздің жақындығына, менталитеттің ұқсастығына және тілді жетік білуге байланысты оңай [4] .
«Неге осы тақырып?» Себебі, еліміздегі жастардың көпшілігі болашағын ойлап, шетел асып кетуде. Бұның бәрі Қазақстандағы жастар еңбегінің жетіспеушілігіне алып келеді. Мен бұл мәселеге көз жұмып қарай алмаймын. Эсседе осы мәселені әр түрлі көзқарастардан қарастырамын. Ол үшін ақпараттарды Yandex Browser, Safari, YouTube, әртүрлі мақалалардан алатын боламын.
Гипотеза
Қазақстан жастарға, жастар еңбегіне жеткілікті мән беріп, оларға ыңғайлы жағдай жасаса, елімізден жастар жаппай кетпес еді. Мысалы, Қазақстандағы көптеген жоғары оқу орындарының білім беру сапасы, заманауи техникалармен қамтылмаған. Тек жетекші ЖОО жатақханары ғана заманауи нормаларға сай, ал қалғандарының жағдайы өте төмен. Бұл мәселенің алдын алу үшін білім беру саласына көп қаржы бөлінуі керек, жоғары квалификациялық мамандар мен заманауи, сапалы ЖОО керек. Кейбір жастардың кететін себебі шетелдегі оқу ақысының арзандығы. Чехия, Польша, Түркия, Германия, Австрия деген елдерде оқу ақысы Қазақстанға қарақанда әлдеқайда арзан. Оқу ақысын төмендетсек, жастар шетелге мұндай қарқынмен кетпейді.
Әдеби шолу
Эфраим Баухтың өз кітабында эмиграциядағы армандарды атап өтті. Оларға өз үйің, мекенің, бақытың жатады екен.
Владимир Мирзоевтің айтуынша, эмиграция - адреналиннің көзі. Шет елде бес - алты жылдай тұру, ой - санаңды кеңейтуге, отаныңа байсалды карауға көмектеседі екен.
Пушкиннің айтуы бойынша, ол өз елін жек көрген. Бірақ басқа елдің азаматы Пушкинмен бұл оймен бөліссе, ол ашуланады екен. Хан оған еркіндік берсе, ол өз елінде бір ай да тұрмас еді, себебі, Пушкиннің отаны Лондонға, Парижге жетпейді екен.
Зерттеу мақсаты
Қазақстанда жастардың жаппай эмиграция себебін анықтап, оны шешу жолдарын табу.
Зерттеу сұрақтары
- Жастардың жаппай көші-қон себебі неде?
- Қазақстандағы жастар эмиграциясына еліміздің ұстанған политиканың қатысы бар ма?
Зерттеу әдісі
Бұл мәселені шешу мақсатында, мен әртүрлі адамдардан сауалнама алдым. Сауалнама 8 сұрақтан және 40 адамнан сұралды. Олардың өмірге деген көзқарастары, жастары, қызығушылықтары әртүрлі. Сауалнама Ақтөбе, Алматы қалалары бойынша жастары >15, 15 - 30, 31 - 50, 51< әйел, ерлерден еліміздегі жастар эмиграциясы мәселесі туралы алынды. Себебі, бұл мәселе әрбір жас буынды алаңдатуы керек деп ойлаймын. Сауалнама сұрақтары тақырыпқа сай, салмақты болды.
Әрине, зерттеу жұмысымның негізгі көзі ғаламтор болды. Жастар эмиграциясы - қазіргі қоғамның өзекті мәселесі, сондықтан ғаламтор желіліерінен бұл мәселе туралы көптеген ақпарат алдым. Сонымен қатар, алып отырған ақпаратымның өзектілігін, шын - жалған екендігін де тексеріп отырдым.
Зерттеу нәтижесі
Сауалнама анонимді түрде алынды. Барлық қатысқан адамдардың құқықтары қорғанған. Төмендегі сауалнама жауаптары бойынша өз жұмысымның нәтижесін шығардым.
Төменде сауалнама нәтижесі диаграмма түрінде берілген.
1-сұрақ. «Сіздің жасыңыз?» бойынша басым көпшілігі, яғни, 75% 15 - 30 жас аралығындағы адамдар болды. Бұл жалпы 40 адамның 30-ы. Одан кейін 5 адам 31 - 50 жас, 3 адам 50 жастан жоғары, қалған 2 адам 15 жастан аспаған.
2-сұрақ. Мен сауалнама берушілердің білімін анықтадым. Диаграммадан көріп отырғаныңыздай, 37, 5%, яғни, 15 адамда орта білім бар екен. Ал, 13 адамда жоғары, 10 - орта жоғары білім бар. 2 адам білімім жоқ деп жауап берді.
3-сұрақ. Менің мәселем бойынша маған сауалнама берушінің ұлтын білу маңызды болатын. Сонымен 95%, яғни, 38 адам қазақ, ал 2 адам басқа ұлттың азаматы болып шықты.
1-сурет. «Сіз мигрантсыз ба?» деген сұраққа жауап
Ескерту: Автормен құрастырылған
Мәселені ашу үшін сауалнама берушінің мигрант не мигрант емес екенін білу өте маңызды болды. Байқап тұрғаныңыздай, жауап берушілердің басым көпшілігі, яғни, 87, 5% (35) мигрант емес. Ал қалған 5 адам мигрант екен.
2-сурет. Еліміздегі жастар эмиграциясына көзқарастарыңыз? Деген сұраққа жауап
Ескерту: Автормен құрастырылған
Бұл жерде жауап берушілердің бұл сұраққа деген көзқарастары үшке бөлінді. Басым көпшілігі жауап берген нұсқа жоқ, бірақ ең көп жауап берген, яғни, 40% (16) нейтралды позицияны ұстанады. Одан кейін 35% (14) - оң, 25% (10) - теріс позицияны ұстанады екен. Бұл жерде жауап берушілердің еліміздегі жастар эмиграциясына «оң позициядағы» саны «теріс позициядағы» адам санынан жоғары екендігі мені қорқытады.
3-сурет. «Егер сізге эмиграция мүмкіндігі берілсе, сіздің әрекетіңіз?» деген сұраққа жауап
Ескерту: Автормен құрастырылған
Бұл сұрақтың нәтижесінен, біз сауалнама берушілердің жартысынан көбі, яғни, 57, 5% (23) мүмкіндік берілсе, елімізден кетуге дайын екенін байқаймыз. 32, 5% (13) еліміздегі жағдай қанағаттандырады, ал 10% (4) жауап беруге қиналады екен.
4-сурет. «Сіздің ойымша, қай елде білім сапасы, өмір сүру деңгейі жақсы?» деген сұраққа жауап
Ескерту: Автормен құрастырылған
Бұл сұрақта мен сауалнама берушілер үшін қай елде білім сапасы, өмір сүру деңгейі жақсы екенін анықтағым келді. Сонымен, басым көпшілігі, яғни, 19 адам АҚШ және Канада елдерін тандапты. Батыс Еуропа (11), Шығыс Еуропа (8), Шығыс Азия елдері (8) де жауап берушілер үшін қолайлы екен. Сонымен қатар, Ұлыбритания, Түркия деген ерекше нұсқалар да кездесті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz