ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ

Айман Советовна, филология ғылымдарының кандидаты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ, Қазақстан,
Семей қ.
Абылай Мақсұтбек

Түйіндеме
Мақалада диаспоралық әдебиеттің қазақ әдебиетінде алатын орны және оның зерттелу жайына тоқталған. Мақала авторы тарихи роман табиғатына, образдар жүйесінің көркем шындықты жеткізудің басты құралы екендігін жан-жақты дәлелдеген. Осы күнге дейін қордаланып келген диаспоралық әдебиетті жарыққа шығарып, қазақ әдебиетінің қорын ұлғайтумен қатар, оны ғылыми айналымға енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, Соңғы көш романындағы образдарға талдау жасай отырып, автордың негізгі концепциясын ашып көрсеткен. Тарихи дереккөздерге жүгіне отырып, салыстырмалы тұрғыда саяси оқиғалардың халық тағдырына тигізетін ықпалын көрсеткен. ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістандағы қазақтардың басынан өткерген азаптарын, ұлт үшін күрескен тұлғалардың есімін жаңғыртудағы Қ. Жұмаділовтің тарихи романдарының алатын орны, тарихи жадымызды қалыптастырудағы өткеннің тағылымын танып-білудің рөлі баяндалған. Сондай-ақ, автор кез келген шындықтың өмір сүруге міндетті екенін баса назарда ұстау арқылы, халық санасын алдамау - әдебиеттің биік парызы екендігі жайында ой қозғайды.
Кілт сөздер: диаспоралық әдебиет, Шығыс Түркістан, тарихи роман, автор концепциясы, тарихи жады, образдар жүйесі.
THE NATIONAL AND IDEOLOGICAL CHARACTER OF KABDESH ZHUMADILOV'S NOVEL "THE LAST NOMAD"
Abylai Maksutbek
Shakarim University of Semey, Semey, Kazakhstan
Abstract
The article tells about the place of Diaspora literature in Kazakh literature and its study. The author of the article comprehensively proved the nature of the historical novel, that the system of images is the main means of transmitting artistic reality. Along with the expansion of the fund of Kazakh literature, having published Diasporic literature, which has been accumulating up to now, he proposes to introduce it into scientific circulation. In addition, analyzing the images in the novel "Last caravan", he revealed the basic concept of the author. Referring to historical sources, he showed the influence of political events on the fate of the people. The place of K. Zhumadilov's historical novels in the revival of the suffering of the Kazakhs of East Turkestan in the middle of the twentieth century, the memory of people fighting for the people, the role of cognition of the past in the formation of historical memory is outlined. The author also emphasizes that any reality must exist, and not deceive the popular consciousness -this is a high duty of literature.
Keywords: Diaspora literature, East Turkestan, historical novel, author's concept, historical memory, image system.
НАЦИОНАЛЬНЫЙ И ИДЕЙНЫЙ ХАРАКТЕР РОМАНА КАБДЕША ЖУМАДИЛОВА ПОСЛЕДНИЙ КАРАВАН"
Абылай Максутбек
Университет имени Шакарима г. Семей, Казахстан, г. Семей
Аннотация
В статье рассказывается о месте диаспорской литературы в казахской литературе и ее изучении. Автор статьи всесторонне доказал природу исторического романа, что система образов является главным средством передачи художественной реальности. Наряду с расширением фонда казахской литературы, издав диаспорскую литературу, которая накапливалась до сих пор, он предлагает ввести ее в научный оборот. Кроме того, анализируя образы в романе "Последний караван", он раскрыл основную концепцию автора. Обращаясь к историческим источникам, он показал влияние политических событий на судьбы народа. Изложено место исторических романов К. Жумадилова в возрождении страданий казахов Восточного Туркестана в середине ХХ века, памяти людей, борющихся за народ, роль познания пережитого прошлого в формировании исторической памяти. Также автор размышляет о том6 что не обманывать народное сознание - главный долг литературы, подчеркивая, что обязательно нужно держать во внимание любую реальность.
Ключевые слова: диаспорская литература, Восточный Туркестан, исторический роман, авторская концепция, историческая память, система образов.
Кіріспе. Әлемдік жаһандану үрдісі жағдайында ұлттық әдебиет пен өнерге баса назар аудару күн тәртібіндегі мәселе. Тарихтың талқысына түсіп, атажұртынан қолы үзілсе де, кіндігі үзілмеген көптеген қандастарымыз шекараның ар жағында өмір сүріп жатқаны белгілі. Соңғы деректерге сүйенсек алыс және жақын шетелдерде шамамен 7-8 млн. этникалық қазақ тұратын көрінеді. Шет елдердегі аз этникалық топ болып табылатындығына қарамастан, олар әрдайым өздерінің тарихи Отаны - Қазақстанмен әрдайым рухани-мәдени байланыста болды. Олардың Қазақстанмен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етуде 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастықтың шетел қазақтарымен тікелей байланыс орнатуда және оларды тарихи Отандарына қайтаруда үлкен маңызға ие болды. 2011 жылдың 25 мамырында елордада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІҮ құрылтайында Қауымдастық төрағасы Н.Назарбаев Қазақстан - дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы атты баяндамасында: Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де тұтас халқының бір бөлшегі екенін еш уақытта ұмытпауымыз керек деп қадап айтып, ...қандастар тұрып жатқан елдерде ұлттық өнердің кеңінен таралуына жағдай жасауымыз керек. Біз қазақтың қаймағы бұзылмаған көрші елдерде ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз. Білім мен ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспедициялар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын [1] деп маңызды міндеттер жүктеді.
Қазақ диаспорасын зерттеуші ғалым Зардыхан Қинаятұлы: Қазақ қайда жүрсе де ежелгі қазақ салты, қазақ тамырымен жалғасқан рухани өмірінен еш қол үзген емес. Ұлттықтың негізгі белгісі оның нағыз ауыз омыртқасы ұлттың рухани өмірі. Айналаға қарап отырсаңыз бүгінде бөлде елдерде, бөгде ұлт арасында өмір сүріп отырған этно топтар үшін аш жалаңаштықтан тозғындап отырғаны көрінбейді. Тозғындаған тобы тек қана рухани өмірінде азып-тозып отыр. Ұлттың рухани өмірінің негізгі тірегі оның тілі мен діні, өнер, мәдениеті мен салт-дәстүрі [2] деп рухани әлемнің тасада қалып қойғанына алаңдаушылық білдірген болатын.
Қазақ әдебиетін алып бәйтерек дейтін болсақ, шетелдегі қазақ әдебиеті оның бір бұтағы ғана болмақ. Десек те, диаспоралық әдебиет ұғымы бүгін қалыптасқан жоқ. Диаспора ұғымын әдебиеттану зерттеулерінде бұл ұғым отарлық кезеңнен кейінгі әдебиет синонимі ретінде қолданылады. Гуманитарлық ғылымда диаспора деп өз Отанынан алыста, өзінің тарихи Отаны емес жерде өмір сүрген белгілі бір ұлт өкілдерінің шоғырын айтамыз. Қазақ диаспорасы Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан, Түркия және посткеңестік елдерде көп шоғырланған. Әдеби даму үдерісі тұрғысынан қарасақ, қазақ этносы қай мемлекеттерде көп қоныстанған болса, сәйкесінше рухани-мәдени процесс те прогрессивті түрде жүзеге асқан. Оған мысал, Қытай мен Моңғолиядағы, Өзбекстан мен Түркиядағы қазақ әдебиеті. Басқа елдерге қарағанда, осы мемлекеттердегі қазақ әдебиетінің даму тенденциясы айтарлықтай жоғары. Бұл туралы жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: Қазақ халқы ХХ ғасырда әлемнің қырық шақты еліне тарыдай шашылды. Осылардың ішіндегі мәдени-рухани өнім беріп, өнер туындата алғандары - төрт-ақ елдегі қазақ диаспоралары. Олар: Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы және Түркиядағы қазақтар. Ресейдегі миллионға жуық қазақ соңғы бір ғасыр аясында мәдени-рухани бедеулікке ұшырағанын көз көріп отыр. Бұл - қазақ диаспораларының тағдыр-талайына болатын мысал [3] деуі дер кезінде қойылған диагноз.
Талқылау. Біз Қазақстаннан сырт мекендейтін қазақтардың тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеп-зерделеп, оны сөзсіз ғылыми айналымға енгізуіміз керек. Шетелдегі қазақ әдебиеті біздің түп-тарихымыздың мызғымас бөлігі. Бұл ретте диаспора тарихы, диаспора мәдениеті, диаспора әдебиеті... деп жіктемек болғанымызбен, оның өзі тек тақырып аясын көрсететін ұғым. Ал түптеп келгенде, біздің бүтін, бір халық екеніміз ақиқат. Сондықтан мейлі диаспораның тарихын зерттейік немесе әдебиеті мен мәдениет зерделейік, бәрі айналып келгенде, қазақ деген халықтың тарихын толықтыру үшін, әдебиеті мен мәдениетін өркендету үшін жасалатын жұмыс. Демек жер бетіндегі қазақ баласының тарихы әрқилы болғанымен, оның тарихы мен мәдениеті біреу ғана. [4] Шет елдерде тұратын қазақтар ұлттық әдебиеттің іргесі сөгілмес құрамдас бөлігі болған диаспоралық әдебиетті қалыптастырып дамытуға тарихи-әлеуметтік жағдайлардың салдарынан өрісі кең, көркемдігі қуатты Қытайдағы қазақ әдебиеті және Моңғолиядағы қазақ әдебиеті қалыптасты. Оған 1918 жылы Алашорда басшылары Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы бастаған топтың Шәуешек пен Үрімжі қалаларына барып, ұлт зиялыларымен, қалың жұртшылықпен кездесулер өткізуі ерекше ықпал еткен тәрізді. Сол сапарында ұлт көсемдері Шығыс Түркістан топырағына Алаш рухын орнықтырып, хылықтық қозғалыстың мәйегін ұйытты. Алаш басшыларының Қытайдағы ағайындарға арнайы кел құрметіне орай ақын Әсет Найманбайұлының:
Көргенде алашорда көсемдерін,
Танылған алты алашқа шешендерін.
Алдында меймандардың төгейін бір,
Тасыған өлең сөздің нөсерлерін-
деп шабыттана жыр төгуі Қытайдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуының ізгі бастаулары еді. Қазақ әдебиетіне сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі - Қытайдағы қазақтардың әдебиетінің[5] пайда болуы мен дамуын зерттеу негізгі мәселелердің бірі. Әлемдік жаһандану жағдайында қазақ диаспоралық әдебиеті ешқашан тоқырауға ұшыраған емес, керісінше тағдыр тісі қатты батқан сайын дами түсіп, заман өте келе шындық су бетіне қалқып шықты.
Қытайдағы қазақ әдебиеті идеялық-көркемдік қуаты мықты, тақырып аясы кең шығармалармен толықты. Әрине, қытай қазақтарының тарихы мен тағдыр талайы Қабдеш Жұмаділовтің Тағдыр, Соңғы көш романдары, Құрманбай Толыбаевтың Әсет романы, Т.Мәмесейіттің Таңжарық дилогиясы, Жанат Ахмадиевтің Дүрбелең және Шырғалаң дилогиясы, Жанат Ахмадиевтің Дүрбелең эәне Шырғалаң дилогиясы, С.Әбілқасымұлының Оспан батыр, Қажығұмар Шабданұлының Қылмыс романы, Хасан Оралтайдың Елім-айлап өткен өмір, Ш.Құмарұлының Бөке батыр, Б.Құсбегиннің Зуқа батыр романдары т.б. ақын-жазушылардың көркем заман шындығын, тағдыр тынысын тап басып бейнелеген дүниелер.
Қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі Қабдеш Жұмаділов деген есіммен тікелей байланысты. Себебі, Қабдеш Жұмаділовтің Соңғы көші ортамызға қайта оралған қазақтың рухы десек, оған тіл де, діл де, бәрі кіреді. Автордың айтуынша: Бұл диаспора тақырбына жол ашқан кітап болды. Менің ғана емес, осы тақырыпты жазғысы келген адамдардың жолын ашты. Жариялануы қиын болғанмен, түбі қайырлы болды. Қабдеш Жұмаділовтің Соңғы көш романында ежелден қазақтың ата қонысы болған Шығыс Түркістанды жайлаған халықтың тарихындағы ең бір аласапыран, алмағайып кезеңнің шындығы суреттелген. Материалдың қомақтылығы, дүниеде жүректі сыздатқан, айтпауға болмайтын ерліктер мен қасіреттер бар ғой деген арман авторды терең мазмұнды шығарма жазуға жетелегендей.
Кейіпкерлерге тілдік мінездеме, даралық сиапт беруге шебер екенін автор шығарманың бастапқы тұсында-ақ байқатады. Кең ойлайтын Қанағат би, көрші ауылдан зәбір көріп көшкен, тапқыр тілді Төлеубай, күлдіргі күйеу Ұзақ бейнелері олардың сөз саптауларынан-ақ байқалады. Мысалы, Төлеубай Қанағат биге өзінің көрші ауылдан неліктен қоныс аударғанын былайша түсіндіреді: Көрінген жерге күл төге берген жақсылық емес. Бірақ мен де қайбір жетіскеннен көшіп жүр дейсің. Басқа түскен пәледен қоян құсап қашып құтылатын халықпыз ғой ежелден...Тіршіліктің түбіне жетем деп жүргенде, өзімнің зауал шағыма жетіппін. Өлсем де орнықты жерге барып өлейін деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz