Антидәрумендерге сипаттама келтіріңіз
Биохимия 31,32,33,34,35
31. Антидәрумендерге сипаттама келтіріңіз
Жауап: Адам ағзасындағы витаминдердің жұмысын тежейтін ұқсас заттар болады. Оларды антидәрумендер деп атайды. Олар бұдан 40 жыл бұрын ашылған. Мысалы, В9 дәрумені (фолий қышқылы) синтезі бойынша тәжірибе барысында синтезделген қышқыл жәрумендер белсенділігін жоғалтып, қарама-қарсы қасиеттерге ие болатындығы байқалды. Антидәрумендерді коэнзимге жатқызады, олар ағзада витаминдер жұмысын аздап атқарғанымен, оларды алмастыра алмайды.
32. Көмірсулардың құрылысы мен қасиетін сипаттаңыз. Тамақтанудағы рөлін түсіндіріңіз
Жауап: Көмірсулар көміртек, сутек және оттек атомдарының байланысынан құралатын органикалық заттар. Оның химиялық құрамы Cn(H2O)n. Көмірсулар сұйық, кейде қатты(кристалды), иіссіз, түссіз, тәтті дәмі бар, гидролизге бейім заттар. Олар гидролиздену арқылы жоғары молекулалы көмірсулар өкілдеріне айналады. Адам үшін көмірсулардың ролі өте үлкен: олар жылу және энергия алмасуға, қор жинауға қатысады; ағзадағы глюкоза мөлшерін толықтырады. 1 г көмірсу ыдырағанда 17,2 кДж энергия бөледі. Дені сау адамға егер артық салмақ қосқысы келмесе, күніне 300-350 г көмірсу қабылдау керек. Негізінен көмірсудың тәуліктік мөлшері адамның жас мөлшеріне, салмағына, организмне қарай әрқалай реттеледі.
33. Көмірсулардың тамақтанудағы маңызы, олардың ағзадығы рөлін атап көрсетіңіз
Жауап: Адам ағзасында олар бұлшықет пен бауырда қор ретінде жиналады. Көмірсуларды барлық дерлік тағамдардан аламыз. Олардың әрқайсысын белгілі бір мөлшерде жеу керек, ал тәтті тағамдарды сирек жеген жөн. Себебі, көмірсу мөлшері артып кетсе олар бос энергияға айналып, адам артық салмақ жинай бастайды.
34. Көмірсулардың маңызды көзін атап көрсетіңіз. Моносахаридтер, олардың қасиеттерін түсіндіріңіз
Жауап: Көмірсулардың маңызды көзі деп біз көмірсуға бай тағамдар айтамыз. Олар: бидай, қара бидай, жүгері, арпа, тары, күріш дақылдары, ет, бауыр. Күнделікті жеп жүрген нанымыздың өзі көмірсуға бай. Тәтті тағамдарда көмірсу мөлшері жоғары болғанымен, олардың ағзада қорытылуы мен сіңуі қиын.
Моносахаридтер дегеніміз құрылысы біртекті болып келетін көмірсулардың алғашқы өкілдері. Олардың негізгі өкілдері глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза. Физикалық қасиеттері: құрылымы кристалды немесе қою тұтқыр, түссіз, дәмі тәттілеу, балқу температурасы 143-146 С шамасында. Химиялық қасиеттері: полисахаридтер гидролизі арқылы түзіледі, химиялық қасиетіне байланысты альдозалар және кетозалар деп бөлінеді. Альдозаларға сапалық реакция жүргізгенде альдегидтік радикалымен, ал кетозаларда кетондық құрылымымен ерекшеленеді.
35. Пентозалар және гексозаларға сипаттама берініз. Глюкоза, құрылысы, қасиеттерін түсіндіріңіз
Жауап: Пентоза дегеніміз құрамында 5 көміртек атомынан және 5 гидроксил радикалынан тұратын моносахарид. Химиялық формуласы C5(H2O)5. Пентозаның өкілдері - рибоза, дезоксирибоза, ксилоза. Рибоза РНҚ-ның құрамына, ал дезоксирибоза ДНҚ-ның құрамына кіреді.
Глюкоза моносахаридтердің ең көп таралғаны әрі ең маңыздысы. Жүзімде көп кездесетіндіктен оны жүзім қанты деп те атайды. Химиялық формуласы С6H12O6. Дәмі тәтті, түссіз. Глюкозаның адам өмірінде маңызы зор. Ол ағазаға түскенде энергия бөледі, қандағы глюкоза қорын толықтырады, дәрілік препараттар дайындауға қолданылады.
46. Тағам өнімдеріндегі майлардың құрамы мен құрылысын түсіндіріңіз
Жауап: Әрбір тағамда әртүрлі майлар болады. Өсімдіктерде қанықпаған, сұйық күйдегі, ағзаға жақсы сіңетін майлар болады, ал жануарлар майы қаныққан, қатты күйде, энергиялық құндылығы жоғары, баяу қорытылатын болады. Бірақ балықтың майы қанықпаған олеин қышқылдарынан тұрады. Өсімдік майларын тамаққа кеңінен пайдаланады, өйткені олар жеңіл әрі тез сіңімді және витаминдерге бай. Ал жануар майын көбіне қышқыл нәрселермен және сілтілігі жоғары тағамдармен жеу керек. Себебі олардың ағзада қорытылуы қиын.
47. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдарына сипаттама беріңіз
Жауап: Қаныққан май қышқылдары қатты, байланысы берік болып келеді. Оған біз маргарин, стеарин, пальмитин қышқылдарын жатқызамыз. Қаныққан май қышқылдары көбіне жануарлардың майында, холестерин құрамында кездеседі.
Қанықпаған май қышқылдары сұйық, байланысы нашар, ағзада оңай ыдырайтын майларда кездеседі. Оған біз өсімдік майларын және балық майын жатқызамыз. Қанықпаған май қышқылдарының негізгі өкілдері олеин, линол, линолен қышқылдары.
48. Тағамдағы майлардың биологиялық бағалылығын түсіндіріңіз
Жауап: Тағамдарда болатын майлардың энергиялық құндылығы жоғары болады, витаминнің кейбір түрлері кездеседі. Адам үшін майдың маңыздылығы ақуыздан кем емес. Майлар адам ағзасында энергия бөліп қана қоймай, қор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz